Алимбаев ержан нурланович



бет2/3
Дата09.06.2016
өлшемі388.25 Kb.
#124408
1   2   3

Үшінші бөлім бойынша ауылшаруашылық дақылдарының суару режимі, суарудың қазіргі жағдайы, егістікті суару кезінде үнемделетін су мөлшерін анықтау қарастырылған.

Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі өсімдік тіршілігінің көрсеткішінің интегралды оптимальды жағдайы болып табылады. Дақылдардың су режиміне деген талабы вегетациялық кезеңінің даму фазасына байланысты ауысып өзгеріп тұрады. Өсімдіктердің қалыпты өсу және жетілу үшін оптимальды режимді ұстап тұру маңызды. Әрине нәтижесінде дақылдың өнімділігіне әсер етеді.

Күріштің суландыру мөлшерін В.Б.Зайцев негізгі үш бөлікке бөледі:


Күріштің суару нормасы нетто

І. Климаттық

Булану – (Е)

Транспирация – (Т)

Жауын-шашын – (-Р)


ІІ. Гидрогеологиялық

Топырақтың қанығуы (W)

Тік сүзілу (Fв)

Көлденең сүзілу (Fо)


I I I. Шаруашылық

Ағын және жоспарлы тастау (Su)

Ағын және ұйымдас-тырылмаған тастау (Sнер)

Құрғатуға тастау (Sо)


Салыстырмалы түрде судың минералдануы гидрогеологиялық жағдайларға байланысты жоңышқаның бірінші жылғы өнімі 15,0-28,0 ц/га, екінші жылы 30,5-38,0 ц/га құрайды, бұл оның биологиялық өнімділігінен әлдеқайда төмен. Күріш егісі жүйесінде жоңышқа өндірудің жоғары тиімділігін тек қана агротехникалық шаралар мен вегетациялық суаруды дұрыс ұштастырған жағдайда ғана алуға болады. Вегетациялық суару топырақтың тамыр жаятын қабатында жоғары ылғалдылықты қамтамасыз етеді, қоректену режимін жақсартады және берілген тыңайтқыштың тиімділігін арттырады.

Соңғы жылдары Сырдария бассейніндегі су тапшылығы суаруға қажетті судың жетіспеушілігін туғызып отыр, ал осыған байланысты суландыру үшін кәрізді қашыртқы сулар пайдаланылуда. Қазақстанның күрішті зерттеу институтының тәжірибесінде күрішті құрамында 3,5-4 г/л тұзы бар кәрізді-қашыртқы сумен суару өскіндерінің сирек шығуына және топырақтың сортаңдануына әкеліп соқтырады. Күріштің гүлденген кейін 2,7-3,0 г/л минералды сумен суару тұщы сумен суарғанға қарағанда өнімді 18,0 ц кемітті.

Биоклиматтық әдіспен есептеу алдымен су жетіспеушілікті әр онкүндіктегі мәнінің үдемелі бойынша топырақтың ылғалдылық баланысы жетіспеушілігінің интегралдық сызбасын сызып, топырақтың өсімдікті өскен күнгі ылғалдылық жетіспеушілігін көрсетіп отырады. Осының алдында алдыңғы жылдың температура, жауын, ылғалдылық және т.б. мәліметтер өңдеу арқылы жүреді.

Суармалауға пайдаланылатын суларды зерттеуде негізі топырақтың минерализациялануына және су-физикалық процессіне көңіл бөлінді. Зерттеулер растағандай, бұл мәселені шешуде тек судың сапасын ғана емес, сонымен қатар суға әртүрлі реакция беретін топырақтыңда құрамын ескеру қажет. Қазіргі кезде топырақтың минералдануына, қарашіріктің құрамына, микробиологиялық құрамына және т.б. жағдайларға әртүрлі құрамды судың әсері анықталып отыр.

Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы суаруға пайдаланылатын судың сапасы жоғарғы сағадағы интенсивті пайдалану келесі мәліметті көрсетеді. Бақылаулар көрсеткендей, Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында таза судың үлесі 80-82%, ал төменгі сағасында 38-40% құрайды, ал қалған сулар – қайта қайтарылған сулар. Сонымен бірге бұл тек қана ол емес, төменгі сағадағы судың сапасына ауылшаруашылығына пайдаланылған химикаттарда әсер етеді. Айта кететін жайт Сырдария өзенінің суының сапасының нашарлауы 1980-1990 жылдары орын алып отыр.

Сырадырия өзенінің төменгі сағасында әлеуметтік-экономикалық дамуды тежеуші мәселе, мелиоративтік, су шаруашылығы және экологиялық жағдайдың нашарлауы. Территорияда 600 мыңдай тұрғыны бар Қызылорда облысы орналасқан. Облыста негізінен егін шаруашылығымен айналысады. Экологиялық кризис екі бағытта өрбиді. Біріншіден, жерлердің экологиялық-мелиоративтік жағдайына өзен суының сапасының төмендігі әсер етуде. Екіншіден, Арал теңізінің тартылуы және оның тұз-шандары өзеннің төменгі сағасындағы жерлерге әсері.

Соның салдарынан Сырдария өзенінің төменгі сағасында суармалайтын жерлерде екінші қайта минерализациялануы, сонымен бірге ландшафттардың өзгеруі және ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен өнімнің сапасы төмендеді. Өзен суының сапасының нашарлауы тұрғындардың ауруға шалдығуына және инфекциялық аурулардың көбеюіне себеп болды.

Экологиялық кризистің тағы бір себебі, суару учаскелерінде жобалаған кезде ландшафттың жұмыс істеуін, факторларды есепке алмауы. Үлкен өзендердің сағасы негізінен гидрохимиялық ағыстардың жүктемесінің болуы, сондықтан ауыр топырақтық-мелиоративік және гидрохимиялық жағдайымен сипатталады. Сондықтан күрделі мелиоративтік іс-шаралар пайдаланған жөн. Сырадрия өзенінің төменгі сағасында тұз шаңының жоғары дәрежеде және суда тұздың көп болуы (1,5-2,0 г/л), зиян химиялық заттардың және улы химиякаттардың қалдықтарының өзен суында болуынан көрінеді.

Барлық мәселе қоса алғанда Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы экологиылық-мелиоративтік жағдайға жақсартуда кедергі жасауда. Сондықтан мәселені аймақтың көлемінде шешуге болады. Сонымен бірге Сырдария өзенінің бассейнінде барлық суруға пайдаланылатын сулардың сапасының жақсару және Арал теңізінің жағдайының мәселесіде шешілу қажет. Сырдария өзенінің төменгі сағасында жерлердің күрделі экологиялық-мелиоративтік мәселесін шешуде, аймақтың барлық ландшафттық-географиялық, гидрогеологиялық параметрлерін ескере отырып зерттеу жүргізу қажет.

Аталған жайттардың барлығы негізінде ландшафттардың экологиялық жағдайын бағалай және жақсарту шараларын ұйымдастыру. Ландшафттардың экологиялық жағдайды бағалау кезінде антропогендік әсердің жағымсыз реакция коэффициенті пайдаланылды. Келесі формула арқылы анықталады:



мұнда: ; СПК – суды пайдалану коэффициенті;  – ландшафттқа берілетін су;  – топырақ суының тереңдігі;  - топырақ суына байланысты коэффициент, 0,5-0 аралығында;  – коэффициент, өзен суының минерализациясы 1,7-1,9 г/л болған кезде 1,0 тең;

Дақылдарды суару кезінде үнемделген 438,614 млн.м3 су үнемделіп отыр. Үнемделген суға 40 мың га жерге дақыл егуге болады. Я болмаса, үнемделген суды Кіші Арал теңізін су жіберуге немесе құрғап қалған көлдерге үнемделген су береліп, балық шаруашылығын өркендетуге болады (кесте – 5 және 6).


5 – кесте. Күріш дақылының жаңадан ұсынылып отырған суару мөлшері


Алқаптар

Күріш ауданы, мың га

Күріштің маусымдық суару мөлшері

Ұсынылып отырған суару мөлшері

Үнемделген суару мөлшері, млн,м3

Түгіскен суармалы алқабы

9,540

30,0

24,0

57,2

Қызылорда суармалы алқабы

51,470

28,0

23,0

257,35

Қазалы суармалы алқабы

7,620

26,0

22,0

30,48

Σ345,03

6 – кесте. Жоңышқа дақылының жаңадан ұсынылып отырған суару мөлшері




Алқаптар

Жоңышқа ауданы, мың га

Жоңышқаның маусымдық суару мөлшері

Ұсынылып отырған суару мөлшері

Үнемделген суару мөлшері млн,м3

Түгіскен суармалы алқабы

7,508

8,0

5,0

22,524

Қызылорда суармалы алқабы

19,860

7,0

4,0

59,58

Қазалы суармалы алқабы

5,740

5,0

3,0

11,48

Σ93,584
Қазіргі жағдайда Қызылорда және Қазалы суаралы алқаптарында экологиялық өте қауіпті жағдайдан азғана қауіпті жағдайға жетіп отыр. Алайда бұл көрсеткіш 2005 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама азайған. Соның өзінде әлі күнге дейін қауіпті жағдайда (кесте – 7).
7 – кесте. Қызылорда облысы суармалы алқаптарында экологиялық коэффициентінің есебі


Суармалы алқаптар

Есепті жыл

Өзен суының минерализациясы, г/л

Егістіктегі топырақ асты су тереңдігі, м

Егістікте су пайдалану коэффициенті

Өзен суының ластану дәрежесі

Экологиялық коэффициент (Эк)

Түгіскен суармалы алқабы

2005

1,2

3,00

0,6

1,0

0,55

2015

1,0

3,50

0,73

0,5

0,48

Қызылорда суармалы алқабы

2005

1,4

2,50

0,6

1,0

0,62

2015

1,2

3,00

0,75

0,6

0,42

Қазалы суармалы алқабы

2005

1,8

2,25

0,6

1,0

0,73

2015

1,5

2,75

0,74

0,7

0,40

Осы күріш пен жоңышқаның суару режимдерін біз ұсынып отқан суару режимдерін өндіріске енгізгеннен кейін, 438 млн.м3 су үнемделеді. Демек, 438 млн.м3 су Қызылорда облысында орналасқан суармалы аймақтарға берілмейді. Осы су көлемімен бірге осы уақытқа дейін 65700 т тұздың келмеуін қамтамасыз етеміз. Топырақтың қабаты үшін келетін тұз көлемі 0,03 % кемиді.

Төртінші бөлім бойынша 2011 жылы Арал ауданына ғылыми зерттеу экспедициясы өткен болатын. Ғылыми экспедицияда жүрілген жолдың сызбасы, сонымен бірге Арал ауданына жүргізілген экспедиция жайлы мәліметтер қарастырылған.

Аралдың жайын өз көзіммен көру үшін 30.08-15.09.2011 аралығына жүргізілген экспедицияға мүше болдым. Бұл экспедиция құрамында Philip Micklin (география профессоры, Батыс Мичиган Университетінен, АҚШ), доктор Николай Аладин және Игорь Плотников (су зоологтары, РАН Зоологиялық институтынан, Мәскеу), И.Аладин (видеооператор), доктор Kristopher White (географ, Институт Менеджмента, Экономики и Прогнозирования (КИМЭП) мұғалім), доктор Gunilla Bjorklund (шведтық географ, GEWA Consulting), Christopher Pala (американдық тілші), Wilfrid Humdert (француздық пионист, Арал теңізіне көңіл бөлуші), Peter Durtschi (швейцариялық тілші), Mihael Toman (лимнолог, Словения), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінен профессор Төрехан Қарлыханов және магистрант Ержан Алимбаев және Алматыдағы МФСА-дан өкілдері болды.



Арал ауданына жасалған ғылыми экспедиция 2 бөлімнен тұрды (сурет 1).


30.08 – 12.09. 2011 жыл



100 km

0

6a

Кіші Арал теңізі

2a

1a

1

50



N

6

5

3

4

2

4

3

2

1

Арал

Сурет 2 – Арал өңіріне жүргізілген экспедицияның жүргізілген жол сызбасы

1 бөлім 01.09-03.09 2011 жыл аралығында (сурет 2 - қызыл сызықпен көрсетілген); Көрсетілген сандық көрсеткіштер – ретімен жүргізілген экспедицияның жол сызбасы.


  1. Қаратерең ауылы

  2. КөкАрал бөгеті мен дамбасы

  3. Барсакелмес қорығы

  4. Сырдария өзенінің жаңа атырауы

2 бөлім 05.09-10.09 2011 жылы (сурет 2 - сары сызықпен көрсетілген); Көрсетілген сандық көрсеткіштер – ретімен жүргізілген экспедицияның жол сызбасы.

  1. Тастүбек ауылы

1а. Бутаков шығанағы

  1. Ақеспе ауылы

2а. Шевченко шығанағы

  1. Ақбас ауылы

  2. Құланды ауылы

  3. Арал теңізінің Батыс Үлкен бассейнінен Арал теңізінің Шығыс бассейніне бағытталған канал

  4. Бөген ауылы

6а. Қамбаш көлі
Бесінші бөлім бойынша жүргізілетін іс-шаралардың экономикалық тиімділігі қарастырылған.

Суармалы жерлердің экономикалық тиімділігін қабылданған шешімдер мен іске асырылатын жоспарға байланысты жалпы жағдайда келесі көрсеткіштерді қолданып негіздеуге болады:



  • таза пайда (дисконтты, яғни уақытқа келтірілген);

  • пайда индиксі (табыстылық);

  • ішкі пайда мөлшері;

  • құнын өтеу уақыты

Сонымен барлық шығынымыз 2739,169 млн теңге болды, жыл сайын алынатын пайдамыз 22 млн теңге болды. Демек, ұсыныстарды еңгізуге кеткен шығындар 7 жылда қайтарылады. (Кесте 8 ).


2739,169 :433,2194 = 7 жыл

Шыққан шығындар 7 жыл көлемінде өтеледі.

8 – кесте. Суармалы жердің экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсарту барысынды кететін шығындар



Жұмыстар

Өлшем бірлік

Ауданы, га

Бірлік құны, теңге

Шығын мың. теңге

1

Күріштің тиімді суару режимін өндіріске енгізу

га

77030

7500

577725,0

2

Жоңышқаның тиімді суару режимін өндіріске енгізу

га

39810

4400

175164,0

3

Атыз беттерін тегістеу жұмыстары

га

116840

17000

1986280,0




Барлығы










2739169,0

Біз әрбір аймақ үшін дақыл орналасқан жер көлеміне сәйкес және оның бүгінгі әрі жоспарлы өніміне сәйкес шаруашылыққа біздің ұсынысымызды еңгізгеннен кейінгі қосымша өнім және оның бағасын есептеп шығардық. Мысалы, шаруашылық бойынша қосымша өнім бағасы - 433,2194 млн.теңге (кесте 9).

9 – Кесте. Қосымша өнім құны



Р/с

Дақыл

Суармалы аудан, га

1 гектарданан алынатынн өнім, ц/га

Қолданған шаралардан кейінгі қосымша өнім, ц/га

Қосымша өнім, ц

Бірлік құны, теңге

Қосымша өнім құны, мың теңге

1

Күріш

77030

35

5

385150

1100

423665,0

2

Жоңышқа

39810

27

8

318480

300

95544,0




Барлығы

116840







1033395




433219,4


ҚОРЫТЫНДЫ
1. Қазіргі кездегі экологиялық және мелиоративтік қиыншылық суару жүйесін салудағы және пайдалану жұмыстарын жүргізген кездегі кемшіліктермен тығыз байланысты. Теориялық тұрғыда жерлерді суаруға игеру кезінде ылғал және тұздық режимдердің негізінде жүргізіледі. Аймақта орын алған экологиялық күрделіліктің негізгі себебі – ірі массивтерді жобалаған кезде ландшафттардың өзара байланысын, гидрогеохимиялық ағынды құрайтын факторлар толыққанды ескерілмеуі және дақылды суару кезінде болатын өзгерістерді елемеудің арқасында орын алып отыр.

2. Өңірдегі басты дақыл – күріштің өнімділігі 1983-1996 жылдар аралы-ғында жоғары деңгейде болды. Әрбір гектар егістіктен 48 – 51 центнер күріш алынған. 1997 жылдан кейін күріш өнімділігі төмендеді. Бұған себеп агротех-никалық шаралардың талапқа сай орындалмауы, күріш атыздарының бет те-гістігінің нашарлауы, минералды тыңайтқыштардың толыққанды қолданыл-мауы, және екінші дақыл – жоңышқа өнімінің төмен болуында.

3. Жүргізілген зерттеулер, талдаулар және есептеулер негізінде күріш дақылы үшін маусымдық суару мөлшері гектарына 24 мың м3 шамасында болуы тиіс. Жоңышқа дақылы үшін 4,5 – 5 мың м3 көлемінде болды. Осыны қамтамасыз ету үшін судың шығынын барынша азайту керек.

4. Дақылдардың суару режимін ұсыныстарға сәйкес азайтатын болсақ облыс көлемінде 438 млн м3 су үнемделеді екен. Сонда өңірдегі суармалы алқаптарға 65,7 мың т зиянды тұздар келуі тиылады. Бұл өңір егіс алқаптарының мелиоративтік жағдайларын елеулі түрде тұрақтандырады.

5. Бүгінгі күні өңірдің негізгі суармалы алқаптарында экологиялық көрсеткіш 0,55 – 0,73 аралығында болып отыр. Біздің есептеулерімізде алдағы уақытта, дақылдардың суару режимдері ұсыныстарға сәйкес ұсталатын болса, суармалы жүйенің әрбір бөлігін ережеге сай пайдаланатын болсақ, экологиялық коэффициент 0,40 – 0,48 дейін төмендейді.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі

1. С.И. Қошқаров, Е.Н. Әлімбаев, Ж.М. Абуов. Қызылорда облысында Сырдария өзенінің суын егіске пайдалану мәселелер і. Ғ 96. Ғылым, білім және иновация: жастардың ғылыми шығармашылығы // Жас ғалымдар еңбектерінің жинағы / Қызылорда; Тұмар, 2010.

2. С.И. Қошқаров, Е.Н. Әлімбаев, Ж.М. Абуов. Қызылорда облысы суармалы егістікте суды тиімді пайдалану Хабаршы №1(31) 2011.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет