«Ана тілінің білгірі» сайысы Мақсаты


"Бүгінгі бала - ертеңгі орынбасар " тақырыбына баяндама



бет3/4
Дата11.03.2023
өлшемі198.19 Kb.
#470640
1   2   3   4
Қызықты қазақ тілі сайыс сабақ

"Бүгінгі бала - ертеңгі орынбасар " тақырыбына баяндама


Бала – біздің болашағымыз!!!
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді. А. С Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», - дейді. Жақсы перзент ата - ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата - ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алады.
Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата - анасын қуантып отырады. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек мұғалімдер ғана емес әрбір ата - ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Құрметті ата - аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді жолдастарын, қоғамды кіналаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен.
Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті « беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата – ана қадағалайды. «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек.
Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеу. Бүгінгі күні біз – әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Ана - тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан осы түсініктерді ана - тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына бағалаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деп асыл сөзін арнаған.
Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата – аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата – аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс - әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн ырғақ – бұл өмір тәртібі. Ал бала өз міндетін қашан да орындауға тырысады. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін - өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез – құлықтарды байқайды. Сондықтан ата – ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс - әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.
Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.


Үйде оқитын 5 «Б» сынып оқущысы Нұрмаш Қасымжомартқа арнап, қазақ тілі пәнінен 2- тоқсанда алынған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары


  1. Заттың , ұғымның атын білдіретін сөз табын не дейді?

А.Зат есім В. Сын есім
С. Сан есім Д.Есімдік
(2)

  1. Зат есімді табыңыз?

А.Бүкпесіз В.Бұлыңғыр
С.Бүйрек Д.Бұзақы
(3)

  1. Негізгі түбір зат есімді табыңыз?



А.Бәйтерек В.Кемпірқосақ
С.Дұшпан Д.Ақ ниет
(3)

  1. Заттың түсін білдіретін сын есімді табыңыз?



А.Ақ В.Биік
С.Дәмді Д.зерек
(3)

  1. Туынды сын есімді табыңыз?


А. Жылтыр В.Биік
С. Момын Д.Кенді
(3)

  1. Заттың көлемін білдіретін сын есімді табыңыз?



А. Қызыл В.Ащы
С.Жылы Д.Кең
(3)

  1. Заттың сандық мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын табыңыз?



А. Зат есім В. Сын есім
С. Сан есім Д. Есімдік
(3)

  1. Күрделі сан есімді табыңыз?



А. Алтыларда В. Жиырма
С. Он екі Д. Алпыс
. (3)

  1. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?



А.5 В.4
С. 6 Д.2


(3)



  1. Берілген сөздердің қайсысы заттың сыр - сипатын білдірмейді ?



А.Жақсылық В.Тап-таза
С.Аппақ Д. Тым қиын
(3)



Үйде оқитын 5 «Б» сынып оқущысы Нұрмаш Қасымжомартқа арнап, оқу және сөйлеуді дамыту пәнінен 2- тоқсанда алынған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.




  1. «Қарабатыр» шығармасының авторын көрсетіңіз?

А. Ы.Алтынсарин В. М.Әуезов
С. М.Жұмабаев Д. А.Сейдімбек
(2)
2. Ақселеу Сейдімбектің шығармасын табыңыз?
А.Әйел-Ана В.Қарабатыр
С.Шарада Д.Жетім
(3)
3. «Аққу, Шортан һәм Шортан» шығармасын кім аударған?
А. О.Әубәкіров В. А.Байтұрсынұлы
С. С.Торайғыров Д. М.Әуезов
(3)
4. «Түркістан» өлеңінің авторын табыңыз ?
А. М.Жұмабаев В. С.Көбеев
С. С.Торайғыров Д. Ж.Әлмешұлы
(3)
5. М.Жұмабаевтың өлеңін табыңыз ?
А. «Түркістан» В. «Еріншек»
С. «Жыл мезгілдері» Д. «Орындалған арман»
(3)
6. «Орындалған арман» қай жазушының шығармасы.


А. М.Жұмабаев В. С.Көбеев
С. М.Әуезов Д. А.Сейдімбек
(3)
7. «Жолда» әңгімесі қай шығарадан алынған үзінді?

А. «Абай жолы » В. «Орындалған арман»
С. «Еріншек» Д. «Түркістан»
(3)

7 «Б» сынып оқушыларының тізімі




  1. Абдулла Нұрхан




  1. Алимхан Еңлік




  1. Ахметұлы Даниал




  1. Барыс Айбол




  1. Куланова Аружан




  1. Мелдебек Нурсұлтан




  1. Мустафа Рухия

























































  1. Мырзахметова Ұлпан




  1. Пернебекова Жасмин




  1. Семей Иманжүсіп




  1. Тагай Ерлан




  1. Төлеген Әмір



  1. Төлеген Әмір



  1. Тұрғанбек Мадина



  1. Турсинбаев Алдияр



  1. Жумамурад Диас





4 «Б» сынып оқушыларының тізімі

  1. Ахметова Асылайым




  1. Баратбаева Ақерке




  1. Бахидин Әділет




  1. Бадеш Нұрлыбек




  1. Ерік Азамат



6. Ербол Диас



  1. Жолшыбек Бақдәулет




  1. Жазықбаев Чингиз



9. Исабева Гулсезім


10. Исабаева Зульфия


11. Мустафа Илияс


12. Нарбек Ұлдарай


13. Рахматулла Ақназар


14. Рахымжан Балауса


15. Сүйерқұл Санжар


16. Утебасов Нұрдәулет

17 .Үсен Мейрамбек


Қазақша сценарий: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!)
Жарияланды 9-11-2014, 09:53 Категориясы: Сценарий 
Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.


Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2 - жүргізуші:


Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,


Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 - жүргізуші:


Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...


Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,


Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін - ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,


Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып....
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар


Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі»

1 - жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,


Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,


Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,


Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,


Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 - жүргізуші:


Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,


Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сынып оқушысы

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 - жүргізуші:


Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 - сынып оқушылары

2 - жүргізуші:


Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма


Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап


Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 - сынып оқушысы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)



2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

  • Әдістемелік көмек

  • Психология

  • Аттестаттау материалдары

  • Оқушыларға

  • Дизайн

  • Сұрақ жауап

  • Жаңалықтар

  • Өлең - жыр байқауы 2018 жыл

  • Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі

  • Күзгі ағаш (күнделікті сабақ жоспарлары)

  • Құрдымға кеткен елдер

  • Есірткіге жол жоқ











































  • Алғыс - жүректің естелігі


  • Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту 
    Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; 
    - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; 
    - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу 
    Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу. 
    Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша 
    Барысы: 
    І. Ұйымдастыру 
    Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады. 
    Ризашылық өлеңін оқу 
    Ризамын бүгінге, 
    Ризамын бүгінге, 
    Ризамын бүгінге, 
    Ризамын қазірге! 
    Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге, 
    Ризамын, ризамын, ризамын қазірге. 
    ІІ. Кіріспе. 
    «Орынын тап» ойыны 
    Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

Шаңырақ – күн, 


Уықтары - нұр, шашқан. 
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан. 
Жарқырайды темірқазық жұлдызы, 
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб) 
Ыстық дейді оны оттан, 
Патриот оны ұнатқан. 
Оңбайды бұл өмірде, 
Адам оны жоғалтқан. (Отан) 
Баспана көшпендіге өте ыңғайлы, 
Әдемі мекен екен, жанға жайлы. 
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең, 
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй) 

Егіз қайың, 


Бой - бастары тең өскен. 
Іске дайын, 
Бұтақтары бес - бестен. (Қол) 
Бір малға екі бала мінгеседі, 
Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе) 
Тұмсығымен ояды, 
Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ) 
Қиналмай тауларды, орманды, 
Теңізді, дария, жондарды, 
Ауылды, қаланы, халықты..., 

Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер) 


Тау, қыр, жазық, өзен, көл – 
Қабырғада биік тұр. 
Нансаң, кел, өзің көр – 
Бір қағазға сыйып тұр. (карта) 
Емес ол кітап та, дәптер де, 
Жүреді бірақ та портфельде. 
Көрсетіп ондағы бағаңды, 
Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік) 

Тақырыптың мақсатын түсіндіру.


Әңгімелесу 
Ризашылық дегеніміз не? 
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? 
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді? 
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты? 
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? 
Балалардың жауаптары тыңдалады.
ІІІ. Негізгі бөлім. 
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет