Ќанипа Бітібаева



бет24/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   141
адеб окыт адис техн

Е с к е р т у: Ғалымдар пікірін мұғалім өзі оқып береді немесе жазып, алдарына тастайды. Қалған екі бағанды окушы өзі толтырады (не ауызша, не жазбаша, мұғалім қалауы бойынша).
Осындай тәсілдер оқушылардың көркем туындыны қабылдау, түсіну, талдау қабілеттерін дамытады. Әсіресе, өзіндік ойы, пікірін жетілдіруде де өте тиімді. Көркем шығарманы талдау жолдары, ең алдымен сол шығарманың өзіндік ерекшелігіне, мұғалімнің алдына қойған оқу, тәрбие мақсатына, оқушылардың ой өрісі, талғамы, білік-дағдысы, біліміне байланысты. Оқушылардың өзіндік қабылдауы, пікірлерін бір арнаға бұрады, оны ғылыми негізге икемдеуге талдаудың, әрі сол талдаудың тиімді жолдарын ізденудің маңызы ерекше. Әдеби талдау суреткердің сол көркем шығарма негізіндегі идеяның проблематикасынан, көтерген мәселесінен туындауы керек. Мысалы, Абайдың табиғат лирикаларына жазған өлеңдері кеп. Барлығында да бір мәселе - табиғат, адам тіршілігі, немесе ұлы жазушы М.О.Әуезовтың «Еңлік - Кебек», «Қарагөз» трагедияларындағы басты мәселе - махаббат, жастар бостандығы, ескі әдет-салт құрсауы. Талдауды осы мәселелерді ашу айналасында жүргізе отырып, шығарманың басқа да компоненттеріне назар аударған жөн. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясындагы Айғыз ұнамсыз бейне деп талданады. Ал шындығында Айғыз көп тоқалдың - «жас иістің» бірі емес пе? Кей-кейде бауырындағы Кәмшатын қарсыласқанына карамай, Бөжей аулына жөнелтіп жатқанда, «сұлу» да «айбынды», кей-кейде Құнанбайды арқа тұта, тіпті Ұлжанды да місе тұтпай кететін сол Айғыз жер бауырлап жатып қалмады ма?! Сондықтан Айғыздың ұнамсыз іс-әрекеттерін ғана теріп талдап, осы эпизодтан аттап өтуге бола ма? Бұдан шығатын корытынды көркем шығарманы талдаудың аса маңызды, әрі күрделі процесс екендігінде.
Талдау әрі жүйелі, әрі тұтас, көркем шығарманың барлық нәрі, дәнін аша алатындай, нанымды да ғылыми мазмұнда жүргізілуі керек. Әр нәрсенің басын шолу, тіл көркемдігін талдаймын деп, ұзақ туындылар (әсіресе, романдар) ішінен эпитет, теңеу іздестіру пайдалы ма, жоқ па, мұғалім соны ойластырғаны жөн Талдау жұмысы ұзын-сонар ежіктеу, шығарманың әр бетінен, немесе әр жерінен үзіп-жұлып мысалдар келтіру емес, тұжырымды түрде, нақты сұрақтар арқылы, негізгі мәселелер айналасында тұтастай, әрі нақты мысалдармен дәлелдене отырып, жүргізілуі керек Мектепте әдеби талдаудың үш жолы бұрыннан-ақ тәжірибеде кеңінен пайдаланып келеді. Олар:
а) автор ізімен талдау, бұны тұтастай, толық талдау дейді;
ә) кейіпкерлерге талдау жасау және тақырыпты проблемалық талдау.
Көшпілік мұғалімдер аралас талдауды (осы үш талдау элементі түйіскен) тиімді деп табады. Дегенмен, осы талдаулардың қайсысына сүйенеді, қайсысын тиімді деп табады, оны мұғалім шешеді Мұғалім өзі талдағалы отырған көркем шығарма ерекшелігіне, көлеміне, жанрына, оқушыларына байланысты талдау түрлерін таңдап алады. Бір шығарманы автор ізімен талдаса, екінші шығарманы образды талдау түрімен жүргізеді. Немесе көлемді шығармаларға аралас талдауды қолдануы мүмкін.Талдаудың кай түрі болсын, ол ең алдымен балаға қонымды, қиындық келтірмейтіндей дәрежеде жүргізілуі керек. Бұл жерде мұғалім даралап оқыту талаптарын ұмытпағаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет