Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»



бет12/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Бақылау сұрақтары

  1. WINDOWS жүйесінің қандай стандартты бағдарламалары бар?

  2. Стандартты бағдарламаларды қалай іске қосуға болады?

  3. Блокнот, WordPad бағдарламаларында құрылған файлдар қалай сақталады және кеңейтілуі қандай?

  4. Блокнот бағдарламасында қаріп түрін, сызылымын және олшемін қалай өзгертуге болады?

  5. Блокнотта күн-ай мерзімі мен уақытты қалай ендіруге болады?

  6. WordPad-та саймандар, форматтау тақталарын, сызғышты, қалып күй қатарын терезеге қою және алып тастау қалай орындалады?

  7. Блокнотта сақталған файлды WordPad-та қалай ашуға болады?

  8. WordPad-та терілген мәтіннің сызылымын, түсін, өлшемін қалай өзгертуге болады?

  9. WordPad-та құрылған файлдары қалай біріктіруге болады?

  10. Менің құжаттарым бумасында және Жұмыс үстелінде жаңа бума құру қалай орындалады?

  11. Алмастыру буфері дегеніміз не?

  12. Файлды бумаға көшіру қалай орындалады?

  13. Ашық тұрған терезеге бұған дейін алмастыру буферіне алынған объектіні қалай орналастырады?

  14. Жарлық дегеніміз не, ол қалай құрылады және өзгертіледі?

  15. Объектіні көшірудің, өшірудің, кірістірудің қанша тәсілін білесіз?


2сабақ

Сыртқы құрылғылармен жұмыс жасау

Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:


  • Жүйелік (аналық) тақша;

  • Процессор;

  • Оперативті жады;

  • Тұрғылықты диск;

  • Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналғандиск жетегі;

  • CDжәне DVD диск жетектері;

  • Бейнесызбалық бейімдеуіш;

  • Дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);

  • Желілік тақша;

  • Енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар);

  • Қоректендіру блогы.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша рақылы өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың типі мен жиілігі, оперативті жады сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады.

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

Процессордың жылдамдығы мегагерцпен немесе гигагерцпен өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.

Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған жетдеткіш (кулер) орнатылады.

Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.

Бұл тұрғылықты дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, соғұрлым үлкен оперативті жады талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді өшіргенде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді.

Оперативті жадының көлемі мегабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін 64 Мб оперативті жады көлемі қажет және іске қосылған бағдарламаның әрбірі жады талап етіледі. Пәрмендерді пайдаланатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар одан да көбірек жады көлемін қажет етеді. Қазір компьютерлерде ең аз дегенде 256 Мб оперативті жады оратылады.

Егер компьютерде орнатылған жадыдан үлкен талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жады орнатылса, соғұрлым жақсы.

Оперативті жады ішкі жады болып саналады да, сыртқы жадыға мысал бола алатын тұрғылықты диск немесе ықшам дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер өшірілгеннен кейін де ақпарат жадыда сақталады.

Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі немесе сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады.

Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына кабель жалғанады: мәліметтер кабелі және қоректену кабелі. Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық тақшаға, қоректену кабелі – қоректену қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер кабелі компьютер порттарының біріне, қоректену кабелі – қорек көзіне қосылады.

Тұрғылықты диск – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады.

Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 3,5 дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді.

CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискіге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7Гб ақпарат сыяды.

Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болады.

Кез келген диск жетектері мәліметтерді оқи алады, көбісі – жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар – сыртқы құрылғылар, оларға компьютердің USB-портына тікелей қосылатын USB-диск немесе флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 4 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды.

Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін, сондай-ақ оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік беретін бірнеше құрылғылар түрі бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады, қосымша болған жағдайда олар кеңею слоттарына орнатылады.

Дыбыстық тақша компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

Бейнебейімдеуіш кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар, ең танымалдары – Ethernet және сымсыз желілер.

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет