Винчестер- Қатты магниттік дискідегі жинақтағышты қараңыз.
Вирус «елес»- ішіндегі кодының бірде бір тұрақты бөлігі жоқ вирус.
Вирус желідегі- компьютерлік желі бойымен тарайтын вирус.
Вирус өздігінен түрленетін- өз көлемін түрлендіріп өзгертіп отыратын вирус.
Вирус компьютерлік- өздігінен басқа программаларға жабысып, соларға зақым келтіретін программа.
Вирус резиденттік- компьютер жедел жадына орналасып, өзгелерге екпінді әсер ететін вирус. Ол өздігінен өрбитін, өзін өзі түрлендіретін вирустарға жатады.
Вирус резиденттік емес- компьютер жедел жадына жазылмайтын вирус. Алғашқы іске қосылу кезінде алдымен вирусты прграмма, ал одан кейін барып қана керекті программаның өзі орындалады.
Вирустар «көрінбейтін»- DOS-тың зақымдалған файлдарға және диск аймағына арналған командасын өзіне қарататын вирус.
Вирустар жүктелетін- DOS-тың жүктеуіш бөлігін және қатты дискінің негізгі жүктеу жазбасын зақымдайтын вирус.
Волапюк коды- әрбір орыс алфавитінің әріпін бір немесе екі латын әріпімен ауыстыратын код.
Глобальды желі- географиялық орналасқан нүктесіне қарамастан, дербес компьютерлерді байланыстыратын желілер жиыны.
Достарыңызбен бөлісу: |