Апта Дәріс тақырыптары Балл


Саяси элитаның қалыптасуы мен дамуы.Саяси



бет13/32
Дата12.02.2024
өлшемі109.09 Kb.
#491634
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Дәрістер тезистері

2.Саяси элитаның қалыптасуы мен дамуы.Саяси элиталарды қалыптастырудың,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,көпшілік жұртқа ұнай білу қабілетібасты орын алады.Мұнда кандидаттың байлығына,кәсібіне,біліміне,мамандығына, т.с.с. Онша мән берілмейді.Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын,жасампаздығын,белсенділігін көрсете білу қажет.Мысалы,АҚШ -та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды.Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен,демократиялылығымен,үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тү кең тараған.
Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі-- саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ,принципсіз,ұрыншақ,авантюрист адамдардың билікбасына келуі.Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап,пішіп болмайды.Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар,саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяуболса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі ,адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі,партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың,топтың, тектің,партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек.Сондықтан билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады.
Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді,билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа тұр. Оның артықшылығы-- саясаткерлердің болашақ іс- әрекетін алдын-ала болжауға,соған орай шара қолдануға болады.Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдардың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.
Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз,кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды.Орыс филосовы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элитасанының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэфицентін” шығарды.Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі.Ал элитаның коэфиценті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.
Саяси элита әр түрлі келеді.Сондықтан ол жіктеледі,топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөлінеді. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие , маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап,олқылықтарын тауып,қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды..
Саяси элитаның жаңару,қайта жасақталу тәсәләне сай ашық және жабық элита деп бөлінеді. Ашық элиталарда барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық.Жабық элитада ол белгілі бір таптан тектен шыққандармен ғана толықтырылады.Мысалы,гильдия жүйесі.
Индия саясаттанушысы П.Шарин билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі.Дәстүрлі элитаға дін, салт,жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді.Оған жоғары дін басыларын,ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады.Қазіргі элитаға, заңға, формалды ережелерге сүйенушілерге жатқызып,оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғары элита;2) мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер,ведомствалар,комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар( жоғарықызметкерлер,менеджерлер,ғалымдар,зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы,кәсіби мәртебесі,білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргинарлық) жағдайдағы адамдар.
Қоғамның толыққанды өркендеп,қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп,күреспей,қудаламай, шектеулер қойып,шеңберін тарылтпай,зиялы зерделі қауымның,дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп,халыққа,еліне қызмет етуіне жағдай жасап,сапасын арттыра түскен абзал. Біздің Қазақстандағы элитаға келсек,еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ.Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағанна кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті.1993 жылғы конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп,атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек,оған Президент аппаратының құрамы (Президент,оның әкімшілігінің бастығы,орынбасарлары,дипломатиялық элита кіреді.Олардың арасында тиімді несиелер алып,бизнеспен айналысып,байығандар баршылық..Олар қаржа-қаражат,экономикалық қорлар,қажетті мағлұматтарға иелік етеді.
Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.
Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса,келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарына ол “ сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көппартиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы.Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп,жұмыссыздық белең алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай,тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында,зерделі,білімді,білікті,еліне,халқына шынайы жаны ашып,қызмет ететін азаматтардан таңдаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет