Апта Дәріс тақырыптары Балл


Мемлекеттің белгілері мен қызметтері



бет18/32
Дата12.02.2024
өлшемі109.09 Kb.
#491634
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Дәрістер тезистері

2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
Мемлекет қоғамның саяси институты ретінде мынадай белгілер арқылы сипатталады, осы белгілері арқылы оны басқа қоғамдық ұйымдардан ажыратуға болады:
1. Территориялық бөлінуі-бұл мемлекеттің материалдық негізі. Мемлекет территориясына жер ғана емес, оның қойнауы, ауа кеңістігі, территориялық сулары жатады.
2. Ерекше өкімет аппараты. Құлдық дәуірде құл иеленушілер мен құлдар арасында тапкүресі күшейді. Азғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындыру үшін ерекше өкімет аппараты керек болды. Оған қазіргі кезде қарулы әскер, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. жатады.
3. Мемлекеттің егемендігі, яғни ішкі және сыртқы істерін атқаруға толық тәуелсіздігі мен дербестігі .
4. Күш қолдану , зорлықпен еріксіз көндіру. Ол қылмыс жасағандарды еркінен айрудан бастап, оны өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Орасан зор мемлекеттік аппаратты ұстап тұру үшін халықтан салық жинау.
6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы тиіс.
Мемлекет қоғамның саяси ұйымдары ішіндегі ең тұрақтысы және оны басқа саяси жүйе элементтерінен ажырататын қызметтері бар. Мемлекет қызметтері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметі саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім берушілік, мәдени -тәрбиелік болып бөлінеді.
Мемлекеттің сыртқы қызметі елдің шекарасын, территориясын қорғау, басқа елдердің ісіне араласу, мемлекет аралық қатынасты сақтаумен байланысты. Мұнда сыртқы сауда, халықаралық ұйымдар, блоктар, одықтар жұмысына да қатысады.
3. Мемлекеттің тұрпаттары мен түрлері.
Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның екі жағы бар: 1) басқару түрі, 2) мемлекеттік құрылысы.
Басқару түріне қарай мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын басқару түрін айтады. Оны хан, патша император король деп атауы мүмкін. Монархия абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтамыз. Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.
Мемлекет құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: унитарлы, федерация, конфедерация .
Унитарлы (латынның “unuz”- біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Унитарлы құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, оның бір конституциясы, бірыңғай құқықтық және сот жүйесі болады. Біртұтас мемлекет түрі ресурстарды орталыққа жинақтауға мүмкіндік береді, ол жалпы алғанда елді жеделдетіп дамытуға жәрдем жасайды. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Франция, т.б. жатады.
Федерация (латынның “foedus” –одақ, бірлестік деген сөзінен шыққан) деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа мемлекетті құруы. Федерациямен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малазия, Мексика, Нигерия, Рессей , т.б.
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет