Қарағанды селолық округі



Дата22.02.2016
өлшемі35.48 Kb.
#915
Қарағанды селолық округі

Біз үшін 2010 жыл еліміздің тарихында тағы бір беті болды. XXI ғасырдың кетіп бара жатқан онжылдығында Астанадағы Саммит халықаралық тарихтың бірі болып отыр. ҰБҚТ қатысушы мемлекеттерінің келісімдеріне сәйкес, біздің еліміз Ұйымда төрағалық етуді ғана емес, сонымен қатар Самитті 11 жылдан бері өткізілмеген өз астанасында өткізуге құқылы болды. 20 жылға толмаған мемлекетке бұл үлкен жетістік, себебі әлемдік қоғам біздің мемлекетіміздің берілген бағыттын әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын растады. 29.01.2010 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында, 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көрсетілген стратегиялық бағыттарға бірігіп жету барысында, біз өз миссиямызды іске асырудамыз – тәуелсіз, көркейтілген саяси тұрақты Қазақстан,ды құрамыз.

Қарағанды селолық округінің аймағы 29857 га, егістік алқаптар 20182 га құрайды. Селолық округте 1 елді мекен Қарағанды селосы, 302 аула, 1013 адам құрайды. Округте еңбекке жарамды мекен 671 адам, жұмыс істейтіндер 196 адам. 29 жұмыс орны ашылды. “Жол картасы” бағдарламасын іске асыру негізінде селолық округте 7 адам жұмысқа орналастырылды, олар мектеп шатырын жөндеуге ат салысты.

Округ аумағында ауыл шаруашылық сала таныстырылды: 4 – ЖШС, 29 – ШШ, олар жер өндеумен айналысады. Егістік алқаптары жалпы аумағы 18503 га құрайды. Өткен жылы округ бойынша егін 14,5 центнер га құрады. Біздің округтің әр тұрғыны белгіленген 11,8 га, егістік 9,9 га жер үлескісіне ие.”Жетісу Жер” ЖШС 524 үлескер, “Луч” ШШ – 160 үлескер, “Луч” ШШ дивиденттер толық төленді, “Жетісу Жер” ЖШС дивидент натуралды түрде төледі.

Бүгінгі күнде жеке секторда 517 ІҚМ, соның ішінде сиырлар 269 бас, қойлар 728 бас, жылқылар 232 бас, шошқалар 396, құстар 4026. Мал өндіру көмегін қолдан көбейту пункті көрсетеді. Селол тұрғындары мал азығымен қамтамасыз етілген.

Білім жүйесіндегі орта мектепте 140 оқушы оқиды. Шағын орталық ашылды және 23 бала білім алады. 2010 жылы 5 млн. 936 мың теңгеге мектеп шатырының толық жөндеуі жүргізілді. Мектеп телефондандырылған, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, Интернет желісіне қосылған, Мектеп үлескісінде картоп және көкеністер отырғызылып асқа қолданылады. Мектеп оқушылары ыстық аспен қамтамасыз етілген 1-ден 4-ші сыныптар оқушылары тегін аспен қамтамасыз етілген. Мектепті 12 түлек аяқтады, грант бойынша 5 түлек оқиды.

Жалғыз тұратын қарттарға көмек көрсету үшін ”тимурлық қозғалыс” жұмыс істейді. Жаз мезгілінде балалар “Березка” лагерінде демалды.

Мектеп ішінде оқушылар және ересек жастар үшін спорт залдары берілген. Біздің спортшыларымыз аудандық және облыстық жарыстарда бірнеше рет қатысып, бірнеше рет жүлделерге ие болды.

Дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, дәрігер жалғыз тұратын зейнекерлерді және жалғыз тұратын азаматтарды тексеріп отырады, ай сайын қабылдау үшін орталық аудандық емхана Возвышен бөлімінен дәрігерлер келіп отырады. Жыл сайын флюографиялық қозғалмалы қондырғысы келіп тұрады. Алдын ала тексеру жоспары 100 пайызға, мамографтық тексеру 100 пайызды құрайды. Дәрігерлік амбулатория толығымен қазіргі кезгі құралдармен қамтамасыз етілген. Дәрігерлік амбулаторияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп отырады.

Мәдениет нысандарының ішінен орта мектепте селолық кітапхана орналасқан, кітап қоры көркем және басқа да әдебиеттер 7357 дананы құрайды.

Округте 4 жеке дүкен қызмет етеді, олар күнделікті қажет тауарлармен қамтамасыз етілген.

Салықтар 100 пайыз жиналды: жер бойынша – 67,8 мың теңге, мүлік бойынша – 30,4 мың теңге, көлік бойынша – 449,3 мың теңге.

Су жіберу мұнарасы арқылы жіберіледі. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету сұрақтарымен ЖК Жүсіпов Қ.Қ. айналысады, 1 фляга су құны 10 теңге. Селолық округ аумағында санитарлық талапқа сай 2 қоғамдық құдық бар.

Жаз мезгілінде Қарағанды с. – Надежка с. жолын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қыс мезгілінде шаруашылық аралық жолдарды ұстауын қамтамасыз етумен ауыл шаруашылық ұйымдар айналысады.

Пошта тасымалдау, зейнетақы беру, азаматтардан нотариалдық істерге және салықтар жинау бойынша пошта байланыс бөлімі қызмет етеді, пошта әр апта сайын келіп тұрады.

Өмірдің ең басты көрсеткіштер сапасының бірі, елді мекеннің басым бөлігінің әлеуметтік қарғанысы болып табылыды.

Өткен жылы 38 отбасына 18 жасқа дейінгі балалары барларға 866,0 мың теңге соммасында мемлекеттік жәрдемақы төленді. Округте 2 отбасы мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдемақы алады, 8 жалғыз тұратын зейнеткерлерді әлеуметтік қызметші қамтамасыз етеді.

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы кезінде 214,8 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Округ аумағында құқық сақтаушылықты участкелік инспектор қамтамасыз етеді, тұрғындар арасында қылмысты ескерту және алдын алу шараларын өткізед, спирт сусындарын қажет ететін азаматтарға көп көңіл бөледі. Мектеп мұғалімдері және әкімшілік қызметшілері бірігіп, аз қамсыздандырылған отбасыларымен, құқық бұзуға бағытталған жасөспірімдермен жұмыс істейді. Қазан айында жас өспірімдер істері бойынша комиссия жұмыс атқарды.

2010 жылы тұрғындар алдында есеп кездесулерінде бірнеше ескертулер мен ұсыныстар қарастырылып, жыл бойы олардың орындалуы бойынша жұмыстар жүргізілді. Ұялы байланыс орнатылды. Мәдениет үйін жөндеу жұмыстарының сұрағы бақылауда тұр.



Келесі жылда істейтін жұмыстар көп, бірақ бірігіп, біздің мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевпен қойылған сұрақтарды біз тек бірігіп шеше аламыз және іске асыра аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет