Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным


Геодезиялық тораптардың сипаттамасы



бет8/24
Дата29.06.2016
өлшемі6.93 Mb.
#166629
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Геодезиялық тораптардың сипаттамасы

Мемлекеттік геодезиялық торап триангуляция, полигонометрия және трилатерация әдістерімен құрылады және 1-, 2-, 3- және 4-кластық тораптарға бөлінеді.

Ірі масштабта топографиялық түсіруді қамтамасыз ету және өзге де инженерлік-техникалық жұмыстарды шешу үшін геодезиялық топтастыру тораптары құрылады. Олар 1- және 2-кластық триангуляция және полигонометрия тораптарына бөлінеді.

1- және 2-кестелерде 4-кластық мемлекеттік геодезиялық тораптар мен 1- және 2-разрядтық топтастыру тораптарының сипаттамалары келтірілген.




1. Тегістеу тораптары

Мемлекеттік тегістеу торабы I, II, III және IV кластық тегістеу тораптарына бөлінеді. I және II кластық тегістеу тораптары бас биік негіз болып табылады, осы арқылы Қазақстан Республикасы барлық аумағында бірыңғай биіктіктер жүйесі құрылады. III және IV кластық тегістеу тораптары топографиялық түсірмелерді қамтамасыз ету және инженерлік жұмыстарды шешу үшін қолданылады.

І кластық тегістеу біршама жетілген аспаптар мен бақылау әдістерін пайдалана отырып, қол жеткізген барынша жоғары дәлдікпен және жүйелі қателіктерді толықтай болдырмау мүмкіндігімен орындалады.

ІІ кластық тегістеу полигондарындағы дәлсіздіктер 5 аспауына жол беріледі, мұндағы L – полигон периметрі немесе желінің км ұзындығы.

1-кесте
4 кластық, 1- және 2-разрядтық триангуляция тораптарының сипаттамасы


Көрсеткіштер

4 кластық

1 разряд

2 разряд

Үшбұрыштық

жақтарының ұзындығы, км, аспайтын



5

5

3

Бұрыштың ең төменгі шекті шамасы










Тұтас торапта

20

20

20

Тізбектегі байланыстырушы

-

30

30

Үстемедегі үшбұрыштар

-

30

30

Негізгі жақтардың арасындағы немесе негізгі бекет пен негізгі жақтың арасындағы үшбұрыштардың саны, аспайтын

-

10

10

Негізгі жақтың ең қысқа ұзындығы , км

-

1

1

Үшбұрыштардың дәлсіздіктері

бойынша анықталған бұрыштар өлшемінің орташа шаршы қателігі



2

5

10

Үшбұрыштағы

шекті дәлсіздік



8

20

40

Негізгі (базистік) жақтың салыстырмалы қателігі, аспайтын

1:200000*

1:50000

1:20000

Біршама әлсіз орындағы жақтың ұзындығын анықтаудың орташа салыстырмалы шаршы қателігі, аспайтын

-

1:20000

1:10000

Ескерту. *Дербес тораптарды арттыру кезінде


2-кесте
4 класстық, 1 және 2 разрядтық полигонометрия тораптарының сипаттамасы


Көрсеткіштер

4 класс

1 разряд

2 разряд

Жүрістің шекті ұзындығы, км:

10

5

3

негізгі және түйінді нүктелер арасындағы

7

3

2

түйінді нүктелер арасындағы

5

2

1,5

Полигонның шекті периметрі, км

30

15

9

Жүріс жақтарының ұзындығы, км:










ең үлкен

2

0,8

0,35

ең кіші

0,25

0,12

0,08

орташа есептік

0,50

0,30

0,20

Жүрістегі жақтардың саны, аспайтын

15

15

15

Жүрістің шекті салыстырмалы дәлсіздігі

1:25000

1:10000

1:5000

Бұрыш өлшемінің орташа шаршы қателігі (жүрістер мен полигондардағы дәлсіздіктер бойынша)





10»

Жүрістің немесе полигонның бұрыштық дәлсіздігі, аспайтын, мұндағы n- жүрістегі бұрыштардың саны

5√n"

10√n"

20√n"

Ескертулер. Кейбір жағдайларда полигонометрия жүрістерін GPS-қабылдағыштары мен жарықпен қашықтық өлшегіштерді пайдалана отырып, мемлекеттік геодезиялық тораптарға байлау кезінде жүрістің қабысу жақтарының ұзындығы 30 % артады.

Ұзындығы 1 км дейінгі 1 разрядтық полигонометрия жүрістері мен ұзындығы 0,5 км дейінгі 2 разрядтық полигонометриялық жүрістерде 10 см абсолюттік сызықтық дәлсіздікке рұқсат етіледі.

Шекті дәлсіздіктерге жақын бұрыштық және сызықтық дәлсіздіктердің саны 10 % аспайды.

1 және 2 разрядтық полигонометриялық жүрістердің ұзындығын жүріс жақтарының дирекциялық бұрыштарын 15 жақ сайын және 3 км сайын 5 - 7" жиі болмайтындай дәлдікпен анықтаған жағдайда 30 % арттырылады.

Шекті дәлсіздіктерге жақын орналасқан ұзындықтар бойынша 1 разрядтық параллель полигонометриялық жүрістердің бекеттері арасындағы ара қашықтық 1,5 км кем болмайды. Ара қашықтықтар аз болғанда жақын орналасқан бекеттер дәл сол разрядтағы жүрістермен байланыстырылады.

Егер 1 разрядтағы полигонометрия жүрістерінің бекеттері 4 кластық полигонометриялық параллель жүрістердің бекеттерінен 1,5 км кем қашықтықта қалған болса, онда бұр жүрістер арасында 1 разрядтық жүрістерді төсеу арқылы байланыс жүзеге асырылады.

III және IV кластық тегістеу тораптары жеке желілермен немесе түйінді бекеттермен желілік жүйе түрінде жоғары классты полигондардың ішінде төселеді.

III кластық тегістеу полигондарының периметрлері, әдеттегідей, 150 км аспайды. III кластық тегістеу тура және кері бағыттарда орындалады; полигондар мен желілер бойынша дәлсіздіктер 10, мм аспайды.

IV кластық тегістеу бір бағытта орындалады; полигондар мен желілер бойынша дәлсіздіктер 20, мм аспайды. IV кластық тегістеу желілерінің ұзындығы 50 км аспайды.

______________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

5-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет