Аяпбергенова гульсум сагындыковна


Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың моделі



бет21/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

1.3 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың моделі
Қазіргі заманауи оқу жүйесінде қалыптасып келе жатқан күрделі педагогикалық үдерісті зерделеу модельдеу әдісін қолдануды қажет етеді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделін қарастырудан бұрын «модель» ұғымының мазмұнын нақтылау қажет.
«Педагогикалық модельдеу» ұғымының мәнін ашу үшін ең алдымен «модель» терминіне анықтама беру қажет. Сондықтан да, біз зерттеуіміздің барысында «модель (лат. modelus - «шара, үлгі») – табиғаттағы, қоғамдағы қандай да бір құбылыстың, процестің сызбасы, бейнесі, сипаттамасы; табиғи немесе әлеуметтік шындықтың белгілі бір бөлшегінің аналогы»; «объектінің, жүйенің, идеяның тұтастықтың өзінен ерекшеленетін кейбір нысанда көрсетілуі модельдің басты сипаттамасы ретінде ол қолданылатын нақты өмірлік жағдайдың оңайлатылуын есептеуге болады, модель нысаны күрделі емес, іске қатысы жоқ, мәселені ойлайтын деректер жойылады...», «...немес сол арқылы ішкі қатынастарды көру мүмкіндігін жеңілдетеді». «Үлгі» сөзі конструкцияның белгілі бір түрін белгілеу үшін қолданылса, «модель-оқиғалардың ықтимал сценарийі» білдіреді [173].
«Моделдеу-болашақ нұсқаларын көріп, балама шешімдердің әлеуетті салдарын анықтаудың бірден-бір жүйелендірілген тәсілі, бұл оларды объективті салыстыруға мүмкіндік береді». Демек, модельдеу әдісі педагогикалық зерттеулерде кеңінен таралған, себебі педагогикалық зерттеуде эмпирикалық және теориялық біріктіруге, сонымен қатар педагогикалық объектіні зерттеу барысында экспериментті, логикалық құрылымдар мен ғылыми абстракцияларды құруға мүмкіндік береді. Осылайша, модельдеу - қандай да бір жобалау объектісінің бейнесін (мінсіз үлгісін) жасау процесі және жобалау тәсілі немесе баламалы шешімдерді салыстыру, бағалау тәсілі болып таблады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде немесе жобалар әдісі арқылы қалыптастыру теориясын зерттеу үшін тікелей әдіснамалық негіз ретінде келесі тұғырларды негізге алынады.
Педагогикалық модельдеу В.А. Штоффтың [174], С.И. Архангельскийдің [175], В.Г. Афанасьеваның [176] және т.б. ғылыми еңбектерінде негіздемелер беріледі. Отандық ғалымдар өздерінің еңбектерінде модель ұғымын Н.Д. Хмель, К.Ж. Қожахметова [177], Г.Қ. Нұрғалиева [178] өздерінің ғылыми тұрғыда тұжырымдамаларын берген. Нақты объектінің немесе үдерістің қарапайымдандырылған үлгісін құрған Н.Д. Хмель. Болашақ мамандардың кәсіби бағдарын ұйымдастыруды мотивациялық, мазмұндық, әрекеттік, процессуалдық аспектілерінен тұратын модельдерді ұсынады.
Г.М. Коджаспирова мен А.Ю. Коджаспированың педагогикалық сөздігінде модельді «схема, кесте, сызба және т.б. түрінде жасанды жасалған нысан ретінде қарастыруды ұсынады, ол зерттелетін объектіге ұқсас, құрылымды, қасиеттерді, өзара байланысты және зерттелетін объектінің элементтері арасындағы қарым-қатынасты қарапайым, азайтылған түрде бейнелейді және жаңғыртады, оны тікелей зерттеу қандай да бір қиындықтармен, қаражат пен энергияның үлкен шығындарымен немесе жай қол жетімсіз және сол арқылы қызықты зат туралы ақпарат алу процесін жеңілдетеді» [179].
Сонымен біз «модель», «модельдеу» ұғымдарына байланысты жасаған талдауда, жоғарыда аталған авторлардың өздерінің зерттеу объектісіне қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын көреміз және олардың зерттеу нәтижелері тәжірибеде кеңінен қолданылып жүр деп айтуға болады.
Осылайша, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды зерттеуде келесі тұрғылар негізге алынады.
Жүйелік тұғыр – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде жобалар әдісі арқылы қалыптастыру процесін көптеген жүйелік құрылымдық негіздерді бірлікте, иерархиялық бағыныштылықта және реттеушілікте дамитын біртұтас құбылыс. Жүйелілік тұғыр – кез келген жүйе өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде қаралатын тәсіл. Тапсырманы әр жағынан көре білу, көптеген шешімдерді талдай білу, біртұтас құрамдастарды бөліп алу немесе керісінше, бытыраңқы фактілерден тұтас көріністі жинау – тек сабақтарда ғана емес, қарапайым өмірде де көмектеседі. Жүйелік тұғыр болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру процесінің теориялық моделін әзірлеуде оны құрылымдауда, жүйе құраушы факторларында және даму кезеңдерін анықтау үшін қолданылды [180].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет