Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы өзге сөз таптарынан жасалған



Pdf көрінісі
бет137/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы өзге сөз таптарынан жасалған 
сын есімдерді т у ы н д ы с ы н е с і м дейді. 
§ 63. Сын есімдердің жасалу жолдары 
(Сын есімнің сөзжасамы) 
 
Сын есімдер қазақ тілінде негізінен морфологиялық ( синтетикалық), 
синтаксистік ( аналитикалық ) тәсілдер арқылы жасалады. 
Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін м о р ф о л о г и 
я л ы қ (синтетикалық) т ә с і л дейді. Мысалы, ақылды, келбетті, әлсіз
ұйқышыл, сөзшең, қоғамдық, тарихи, сәнқой
Жалаң сын есімдердің (ақ сары, қара көк, қара торы), зат есімдер мен 
туынды сын есімдердің ( ақ сақалды, ала тақиялы, жібек көйлекті) тіркесіп 
келуі , негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы ( үлкен-үлкен,биік-
биік, ойлы-қырлы, балалы-шағалы) қосарлануы арқылы жасалған сын есімдер
с и н т а к с и с т і к (аналитикалық) тәсіл арқылы жасалған сын есімдер 
болып табылады.
Туынды сын есім сөздері түбір сөздерге мынау сияқты жұрнақтар 
жалғану арқылы жасалады. Ол жұрнақтар есімдерден сын есім тудыратын 
жұрнақтар және етістіктерден сын есім тудыратын жұрнақтар болып екіге 
бөлінеді. 
а) Е с і м д е р д е н с ы н е с і м т у д ы р а т ы н
ж ұ р н а қ т а р 
 
1. - лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті. Бұл жұрнақтар зат есім сөзіне 
жалғанып, сол белгінің екінші бір затта бар екенін білдіретін қатыстық сын 
есім сөзін тудырады. Мысалы: Таулы жер, балалы үй, желді күн, малды 
ауыл, тасты жер, етті мал. 
2. –сыз, -сіз. Бұл жұрнақтардың беретін мағыналары -лы, -лі, -ды, -
ді, -ты, -ті жұрнақтарына қарама-қарсы, зат есім сөзіне жалғанып, сол 
белгінің екінші бір затта жоқ екендігін, бола қалғанның өзінде болмашы, аз 


159 
екендігін білдіретін қатыстық сын есім сөздерін тудырады. Мысалы: желсіз 
түн, құнарсыз жер, иесіз мал, жұмыссыз адам, көзсіз ер, кірсіз киім.
3. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары зат есім сөзіне жалғанып, мезгілдік, 
мекендік ұғымы бар қатыстық сын есім сөздерін тудырады. Бұлар сөздің 
түбіріне де, кейбір септік жалғауларының үстіне де жалғана береді. Мысалы: 
түнгі аспан, кешкі ауа, жазғы жел, күзгі тұман, қысқы аяз, таңғы самал, 
қаладағы үйлер, өрістегі жылқы, отардағы мал, алдыңғы жылы. 
4. –шыл, -шіл жұрнақтары зат есім сөзіне жалғанып, әуестікті, бейім-
дікті білдіретін қатыстық сын есім сөздерін тудырады. Мысалы: аяңшыл ат, 
жершіл адам, ұйқышыл бала, қарашыл түйе. 
5. –шаң, -шең жұрнақтары зат есім сөзіне жалғанып, бейімдік ұғым 
беретін қатыстық сын есім сөздерін тудырады. Мысалы: ашушаң адам, 
кіршең киім, сөзшең жігіт, тершең кісі, бойшаң бала. 
6.-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары зат есім сөздеріне 
жалғанып, заттың идеалық, мекендік белгісін білдіретін қатыстық сын есім 
сөздерін тудырады. Мысалы: қоғамдық меншік, аудандық газет, қыстық 
киім, педагогикалық колледж, студенттік өмір, жастық шақ . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет