Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)


(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 
 
 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
Қазақ ұлттық университеті 1934 жылдың 15 қаңтарында ашыл-
ған. Үстіміздегі жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни-
верситетіне 80 жыл толғалы отыр. 
Университетте 1940 жылдары 3 жаратылыстану (биология, 
физика-математика, химия) және 2 гуманитарлық: филология 
мен журналистика факультеті жұмыс істеді.
ҚазҰУ-да Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекма-
ханов, Әлкей Марғұлан тәрізді қазақтың аса көрнекті ғылым 
мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
1934 жылы ашылған Қазақ ұлттық университеті С.М. Киров 
атында болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып аталды. 
Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша мамандар 
даярлайды. Университет жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу 
орталығына айналды. Университетте 14 факультет, колледж,
7 ғылыми-зерттеу институты бар. Бұл жерде 2000-нан астам жо-
ғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 
1000-нан ас-


40 
там ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен 50 фило-
софия докторы 
жұмыс істейді. 
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес 
жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі енгізілген және 
«бака-
лавр
– магистр – PhD»
түрінде үш сатылы мамандар дайындау 
қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда университетіміз көптеген ғылыми бағыттар 
бойынша дамып, халықаралық деңгейге көтерілді. 2010 жылы 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті республика 
бойынша «Ең үздік жоғары оқу орны» атағына ие болды.
World University Rankings QS (Ұлыбритания) беделді рей-
тингілік агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша, қазіргі 
таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 236-
орыннан көрініп, әлемнің 250 үздік университеті қатарына енді. 
Бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО: Ломоносов атындағы ММУ 
мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді].
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет