Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қалалық ЖӘне ауылдық елдімекендерді жоспарлау және салу сн рк 01-01-2019



бет6/31
Дата07.10.2023
өлшемі125.48 Kb.
#480109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
72 ! 3.01-01-2013 07 @04 AB@ 8B5;LAB2 463-503

Өрт қауіпсіздігі талаптары



16. Қалалық және ауылдық елдімекендерде құрылыс салуды жоспарлау мен құрылыс жұмыстарын жүргізуде өрт қауіпсіздігі саласындағы Техникалық регламентке сәйкес талаптар мен міндеттер қатаң сақталуы қажет, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен оларды болдырмау әрекеттері жасалуы тиіс.
17. Ғимараттар мен құрылыстар өрт болу мүмкіндігі ескеріліп, сондай жағдай болған кезде өрттің көршілес ғимараттарға қолайсыз табиғат жағдайлары кезінде жайылмау жолдары ескеріліп салынуы керек.
18. Қалалық және ауылдық елдімекендерде құрылыс салуды жоспарлау мен құрылыс жұмыстарын жүргізуде жан-жақтан өрт сөндіру машиналары, техникалары құтқару құралдары, медициналық көмек кедергісіз өтетіндей кіреберіс және жолдар болуы қажет.


Күтпеген жағдайлардан қорғау талаптары және пайдалануға қолжетімділік



19. Қалалық және ауылдық елдімекендерде құрылыс салуды жоспарлау мен құрылыс жұмыстарын жүргізуде болуы мүмкін күтпеген жағдайларды минимумға жеткізу, адамдарға жарақат салмау, жаяу жүргіншілердің қозғалысы кезінде, әсіресе, жас балалар мен қарт кісілердің өміріне қауіп төндірмеу шаралары қатаң сақталып, транспорт құралдарының еркін қозғалысына кедергі келтірмейтін жағдай жасалуы тиіс.
20. Қала құрылысын жүргізу құжаттарын жасауда аз жұмылдырылған тұрғындар тобына әлеуметтік және басқа да мақсаттағы нысандарға кедергісіз жету жағдайлары ескерілуі қажет.


5-тарау. Қалалық және ауылдық елдімекен территорияларын жылпы ұйымдастыру мен дамытуға қойылатын талаптар


1-параграф. Жалпы талаптар



21. Қалалық және ауылдық елдімекендерді жобалау Қазақстан Республикасының сәулет, құрылыс, қала салуға арналған заңнамасы негізінде жасалынуы қажет.


Қалалық және ауылдық елдімекендерді жоспарлауда Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері мен нормативті-техникалық құжаттары негізге алынады.

22. Халықты орналастыру жүйесінің бір бөлігі ретіндегі қалалық және ауылдық елдімекендер жобасында нақтылы территорияны пайдалануда адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайтын әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және тағы да басқа факторлар ескерілуі тиіс.

23. Қалалық және ауылдық елдімекендердің жобасын жоспарлауда бекітілген мерзімге сәйкес қала құрылысын дамытуда перспективалы әрі рационалды талаптарды ескеру қажет. Бұл үшін төмендегідей принципиалды шешімдер керек:


аймақтық даму;
қала құрылысын салу аймағын анықтау;
жоспарлау құрылымы;
инженерлі-транспорттық инфрақұрылым;
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау.

24. Барлық типтегі елдімекен тұрғындарының перспективадағы санын олардың демографиялық, табиғи және механикалық өсімдеріне (не азаюы) қарай көші-қон мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық, территориялық және ресурстық даму перспективаларын ескеріп анықтау керек.

Ауылдық елдімекендердің даму перспективасы қала құрылысын салуды жобалаудың комплексті сызбасы негізінде сол аудандар территориясында агроөндірістік кешеннің, ауыл шаруашылығы өндірісі мен ұйымдардың, мекемелердің қалыптасуын ескере отырып жасалады. Егер қала құрылысын салуды жоспарлаудың кешенді сызбасы болмаса- жобалаудың тапсырмалары негізге алынады.

25. Қалалық және ауылдық елдімекендерді дамытуға арналған территорияны қала құрылысын салуда оның сәулет-жобалық шешімдерін, технико-экономикалық, санитарлы-эпидемиологиялық көрсеткіштерін, жылу-энергетикалық, су, территориялық ресурстарын, қоршаған ортаның жағдайын және тағы да басқа табиғат құбылыстарының өзгеруін тиімді пайдалануды есепке ала отырып таңдау қажет. Сонымен қатар қоршаған ортаға әсер етудің ең шекетулі жүктемелерін, территориялық және табиғи ресурстарды тұрғындардың өміріне қалыпты жағдай жасау мақсатында тиімді пайдалану, қоршаған ортаның табиғатына өзгеріс алып келетін табиғи экологиялық жүйені бұзбау ескерілуі тиіс.

26. Қалалық және ауылдық елдімекендердің бас жоспарын жасауда олардың экономика-географиялық, әлеуметтік, өндірістік, тарихи-архитектуралық және табиғи потенциалын ескеру қажет.


Бұл үшін:
елдімекендердің әкімшілік статусын, тұрғындардың болжалды санын, экономикалық базасын, агломерция жүйесіндегі орналасуы мен әлеуметтік маңызын, табиғат-климаттық, әлеуметтік-демографиялық, ұлттық-тұрмыстық және тағы да басқа жергілікті ерекшеліктерін ескеру;
қала мен қала маңы аумағының кешенді бағалануы, ондағы ресурстардың (табиғи, су-энергетикалық, еңбек, рекреациялық) тиімді пайдаланылуы, экономикалық базасының, қоршаған орта жағдайының өзгеру мүмкіндігін және оның тұрғындар өмірі мен денсаулығына әсерін, әлеуметтік-демографиялық жағдайды, тұрғындардың мемлекетаралық, аймақаралық көші-қон мәселесін ескеру;
елдімекендер мен оларға жақын территориялардың экологиялық, санитарлық-эпидемеологиялық жағдайларының жақсаруын болжау, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, өрт қауіпсіздігін және басқа да арнайы талаптарды ескеру;
елдімекендердің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелерін алға қоя отырып, оларды дамытудың тиімді жолдарын анықтау;
жылжымайтын мүлік нарығы дамуының перспективасын, территориялардың мемлекеттік емес нивестицияларды игеру мүмкіндігін ескере отырып, сол қалалық және ауылдық елдімекендердегі жер телімдерін жеке немесе заңды тұлғаларға сату, не жалға беру құқығын ескеру.

27. Елдімекендердің жоспарлық құрылымында тұрғын үй, қоғамдық немесе аралас, өндірістік-іскерлік құрылыстарды салудың төмендегідей құрылымдық-жоспарлық элементтерін көрсету керек:


квартал (кварталдар тобы);
мөлтек аудан (мөлтек аудандар тобы);
аудан (ірі және үлкен қалаларда болады);
сәулет ансамбльдері мен қала құрылысы кешендері.
Ландшафты-рекреациялық территориялар құрамында 8 бөлімде көрсетілген талаптарға сәйкес жоспарлау элементтерін көрсету қажет.
Тиімді пайдалану сипатын, құрылымдық-жоспарлық элементтер санын, олардың шекаралары мен өлшемдері жобалау тапсырмаларында анықталуы тиіс.

28. Қалақұрылысын және басқа да елдімекендерді жоспарлау мен салуда олардың функционалдық мақсаттағы басымдықтарын, жопарлы өлшемдерін және басқа да жоспарлы тыйымдарды көрсете отырып территорияны қоршау қажет.Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңға сәйкес қала құрылысын жүргізудің функционалдық аймақтары белгіленеді:


тұрғын үй аймақтары;
қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақтар;
рекреациялық аймақтар;
инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдық аймақтар;
өндірістік (өнеркәсіптік) аймақтар;
ауылшаруашылығы мақсатындағы аймақтар;
арнаулы мақсаттағы аймақтар;
режимді территориялар аймағы;
қала маңы аймағы;
санитарлық-қорғау аймақтары;
резервтегі территориялар (қала құрылысы ресурстары);
арнайы қала құрылысын реттеу аймақтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет