Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


ЗЕРТТЕУ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР МЕН ОЙЫНДАРДЫҢ



бет61/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

ЗЕРТТЕУ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР МЕН ОЙЫНДАРДЫҢ
ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ


Қармен және мұзбен ойындар
Қардан мүсіндер жасап, қар лақтырысып ойнау. Қардың суға айналуы және суды қатыру. Түрлі-түсті мұздар (суды бояп, қатыру).
Сабын сумен және көбікпен ойындар
Сабын көбікті жіберу, түтік арқылы сабын суға үрлеу.
Айнамен ойындар
«Шағылысқан күн сәулелерін жіберу», «Күнді ұстап ал», «Айнада не бейнеленген?».
Сумен ойындар
«Батады – батпайды», «Жүзеді – жүзбейді», Бояуларды араластыру (керемет тамшылар).
Жарықпен және көлеңкемен ойындар
«Көлеңкелі театр», «Кімнің көлеңкесі қызықты», «Бұл кімнің көлеңкесі, тап», «Жасырынбақ» (фонардың көмегімен қараңғыда затты іздеу).
Шынымен ойындар
«Әлем, түсін өзгертеді» (түрлі-түсті шыны арқылы қарау). «Құпиялы суреттер» (түрлі-түсті шыны арқылы суреттер қарау: қандай бейнелер көрінбей қалады). «Бәрін көреміз, бәрін білеміз» (үлкейткіш шыны арқылы қарау).
Дыбыстармен ойындар
«Сылдырмақтар», «Дыбыс шығаратын бөтелкелер» (ішін суға, құмға толтырған немесе бос бөтелкені балғамен ұрса, қандай дыбыс шығарады?), «Не сықырлайды, не даңғырлайды?»
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ


Жануарлар әлемі
С. Боранбаев, «Лақ»;
Т. Рахимов «Ақ лақ»;
С. Сауытбеков «Лақтың кеңесі»;
Ә. Дүйсенбиев «Ақ тайлақ»;
Т. Жексенбай «Лақ пен бұлақ» «Бақа мен балық»;
С. Михалков «Сүзеген Серкеш»;
С. Қасиманов «Төрт түлік»;
«Ат пен есек» қазақ ертегісі;
«Бұлан» түркімен халық ертегісі;
«Адасқан құмырсқа» қазақ халық ертегісі;
«Тауық пен қоян» африка халық ертегісі;
«Мақтаншақ қоян» өзбек ертегісі;
М. Жаманбалинов «Кім не жейді?»;
С. Көбеев «Құстың ұясы»;
О. Асқар «Мысықпен тілдесу»;


Өсімдіктер әлемі
Т. Молдағалиев «Жапырақтар»;
М. Әлімбаев «Қоңыраугүл»;
К. Ахметова «Алтын дән»;
К. Баянбаев «Қойбүлдірген»;
Ю. Тувим «Көкөністер»;
М. Төрежанов «Шие тергенде»;
Б. Әдетов «Ағаштың беті»;
Т. Молдағалиев «Өрік гүлдеп»;
Қ. Елемес «Бір тал шөп» (ертегі);
Ж. Әбдікерейұлы «Жауқазын»;
Н. Құмар «Тәтті алма».


Өлі табиғат
М. Әлімбаев «Кемпірқосақ», «Мұз сүңгісі»;
К. Көпішев «Мұз айдыны»;
И. Суриков «Қыс» (жатқа айту);
Б. Жақып «Сырғанақ»;
«Жаңбыр, жаңбыр», «Кел көктем» орыс халықтарының тақпақтары (жатқа айту).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет