Қазақстан Республикасың Білім және Ғылым министрлігі


Протолепидодендрондар (Protolepidodendrales) қатары



бет5/5
Дата19.12.2023
өлшемі33.23 Kb.
#487150
түріТопик
1   2   3   4   5
консорция

Протолепидодендрондар (Protolepidodendrales) қатары
Әр түрлі споралы сүректі протолепидодендрондардың негізгі ерекшеліктеріне, жапырақтарының түп жақтарының кеңейіп, жапырақ іздерін түзуі жатады. Өсімдік бұтақтарында орналасқан жапырақтар түскен кезде, олардың ромб тәрізді түп жағы сақталып, жапырақ ізшелерін түзеді. Протолепидодендрондар қатарына палеозой эрасында тіршілік еткен, қазіргі кезде жер бетінен жойылған 11 туысқа жататын 50-ден астам түр біріктірілген. Олар тең споралы сүректі және шөптесін өсімдіктер болған. Ең көне девон, дәуірінде тіршілік еткен протолепидодендрон өсімдігінің ұзындығы 25 см-ден аспаған. Кейбір сүректі түрлерінің жапырақтарының түп жағы жалпайып, ұштары аша тәрізді тармақталған. Сонымен коса биіктігі 2 м сүректі түрлері де кездескен. Олардың түп жақтары жалпақтау келген, жапырақтары спиральді орналаскан, бірақ формасы айқын емес. Лепидодендропсис (Lepidodendropsis) туысында анық көрінетін споралық зоналары болған. Бұл катарға дұрыс алты қырлы жапырақ жастықшалары бар, биіктігі 5 м-дей ағаш археосигиллярияны (Archaeosigillaria) жатқызуға болады. Жоғарыда көрсетілген көптеген қасиеттері бұл катардың лепидодендрондык қатармен байланыстылығын көрсетеді.


Лепидодендрондар (Lepidodendrales) қатары

Лепидодендрондар қатарына жер бетінен мүлдем құрып кеткен өсімдіктер жатады. Lepidodendron және Sigillaria туыстарының өкілдері девон дәуірінде пайда болып, палеозой эрасының аяғына таман мүлдем жойылған. Әсіресе бұл өсімдіктер карбон дәуіріндегі сүректі каламиттер, сүректі папоротниктер және кордаиттермен бірге қалың ормандар түзіп, кейіннен тас көмір шөгінділеріне айналған. Негізгі лепидодендрондықтар (Lepidodendron) туысының аудармасы - қабыршақ ағаш. Бұл атау оның қазбалардан табылған қабыршақ немесе ромб тәрізді жапырақ жастықшаларымен көмкерілген қабықтарына байланысты берілген. Лепидодендрондар мен сигилляриялардың биіктігі 30 м, диаметрі 2 м-ге дейін жеткен. Бұлар дүниежүзінің барлық материктерінде таралған өсімдіктер қатарына жатады. Тік өсетін діңінің жоғарғы жағында бірнеше рет дихотомды бұтақтанған жіңішке келген бұтақтары тәж түзіп орналасқан, олар таспа немесе тебен тәріздес, ұзындығы 1-ден 50 см-ге дейін жететін жапырақтармен көмкерілген. Бір жүйкелі жапырақтарының түп жағы ромб тәрізді жалпайған. Жапырақтарын тастаған бұтақтарында және діңдерінде ромб тәрізді жапырақ жастықшалары сақталған. Жапырақтары қалың кутикуламен қапталып, төменгі бөліктерінде устьицалар орналасқан, бұл қасиеттер осы қатардағы өсімдіктер жапырактарының ксероморфты болғандығы көрсетеді. Үлкен діңінің төменгі бөлігінде тамыр түзуші ризофоралар, немесе стигмариялар орналасады. Олардан тармақталған қысқа тамырлар тарайды. Бұл үлкен өсімдікті су және қоректік заттармен қамтамасыз ететін нағыз жетілген тамырлар қатарында жатпайды.


Стигмария өсімдікте тірек қызметін атқарады. Сабақтың анатомиялық құрылысы нашар жетілген өткізгіш шоқтармен қамтамасыз етілген. Жас бұтақтарының ортасында сифеностель және сирек жағдайда протостель орналасқан. Өсімдіктегі газ алмасу процестері кабықтан жапырактарға өткен аэренхимды клеткалар арқылы жүзеге аскан. Лепидодендрон тәрізділерде перидерма мен қабық жаксы жетілген. Сабақта түзілген екі камбий шеңберінің біреуі қабықта, екіншісі стельдегі ксилема мен флоэманың ортасында түзілген. Стельдегі камбий клеткаларының сирек бөлінуі себебінен түзілген екінші реттік ксилема бөлімі сабақтың жуандауына да аз мөлшерде әсер еткен. Керісінше, қабықта орналасқан камбий қарқынды түрде бөлініп, тірек қызметін атқаратын арқаулық ұлпа қабатын түзіп, сабақтың жуандауын қамтамасыз еткен. Осыған байланысты лепидодендрондарды «қабықты ағаш» деп те атаған. Өсімдіктерді ксилема қабаты сумен толық қамтамасыз ете алмаған. Өсімдікті белгілі бір мөлшерде ылғалмен қамтамасыз ету, сабақта орналасқан жапырақ жастықшалары арқылы жүзеге асқан. Жапырақ жастықшаларының беткі бөлігінде түзілген таяз қуыстардың түп жақтарында тілше-лигула орналасқан. Жапырақ жастықшаларының беткі қабаттарына түскен атмосфералық ылғал, жастықша араларындағы сайлар бойымен таяз қуыстарға ағады. Қуыстарда жинақталған ылғал лигулаға тақау орналасқан трахеидтер арқылы өсімдік сабақтарына және бүкіл органдарына берілген. Лепидодендрон діңдері бүтіндей жапырақ жастықшаларымен көмкерілуіне байланысты, өсімдік ылғалмен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген.Қабықтың қалың болып, сүректің және тамырдың нашар жетілуі ақыр аяғында лепидодендрон тәрізділердің жер бетінен құрып кетуіне әсер еткен.Лепидодендрондардың стробилалары бір үйлі, ал сигилляриялардың стробилалары екі үйлі болып келген. Бұлар әр түрлі споралы өсімдіктерге жатады. Түзілген микроспорангийлерінде көп мөлшерде микроспоралар түзілген. Мегаспораларында 16-дан 4-ке дейін, кейбіреулерінде тек 1 ғана мегаспора түзілген. Лепидодендрон сабағының ұшы дихотомиялы түрде тармақталады, ал сигилляриялардың сабақтары бұтақтанбайды және олардың жапырақтары үлкенірек болады. Лепидодендрон туысының спорангийінде бір ғана мегаспора түзілген. Мегаспорангийдің өзі мегаспорофилдердің қойнауында орналасқан. Карбон дәуірінде тіршілік еткен сигиллярия (Sigillariaceae) ағашының биіктігі 20- 30 м-ге жетіп, жапырақтарының ксероморфтық қасиеті арта түскен.Жапырақ жастықшаларының формалары алты бұрышты және бірдей қатарлар түзіп орналасқан. Олардың жарық сүйгіш діңдері жуан, стигмарийлері аздап бұтақтанған. Анатомиялық құрылысы зерттелмеген. Девон дәуірінде тіршілік еткен археосигиллярия(Archaeosigillaria) биіктігі небәрі 4-5 м-дей болған. Сигилляриялар пермь кезеңінің аяғында жер бетінен жойылған. Сигиллярия тұқымдасына жататын өсімдіктердің жер беті және жер асты органдары біртіндеп редукцияға ұшыраған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет