Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет36/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

5. Топырақтүзілуіндегі ерекше фактор бұл уақыт немесе 
геологиялық дәуір. Топырақта өтіп жатқан барлық үдерістер 
осы уақытқа байланысты. Қоршаған ортаның топыраққа әсері 
және топырақтүзуші фактрорлардың жаңа топырақ түрін түзуі 
белгілі бір уақыт аралығын талап етеді. Мысалы, географиялық 
жағдай бірқалыпты болмай өзгеретіндіктен, уақытқа байланыс-
ты топырақ эволюциясы жүреді. Сондықтан, геологиялық дәуір 
топырақтың жаратылуы мен эволюциялық даму кезеңін көрсе-
теді. Топырақтың абсолюттік және салыстырмалы жастарын 
бөледі. Уақыт факторына В.В.Докучаев көп көңіл бөліп, то-
пырақ шағы немесе жасы деген түсінікті ілімге енгізіп, оны жер 
бетінің мұз немесе су астынан шыққан мезгілінен бастап есеп-
теген. 
Бұл ілімді академик В.Р. Вильямс дамытып, жоғарыда 
аталған топырақ шағының түрлерін бөлген. Абсолюттік топырақ
шағын жер беті қаптаған мұздан босаған мезгілден есептейді. 
Орыс жазығын, үлкен Днепрді мұздық кезеңде басқан мұздар 
оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжығандықтан ең алдымен 
мұздан оңтүстік аймақтар, содан кейін тундра босаған. 
Сондықтан, В.Р.Вильямстың айтуы бойынша, оңтүстік пен 
солтүстік топырақтарының жаралу жасының (шақтарының) 
айырмашылығы бірнеше мың жылдарға тең. 
Ал салыстырмалы жас белгілі абсолюттік шағы бар ай-
мақтың ішінде, рельеф және аналық жыныстардың айырма-
шылығынан пайда болған топырақ түрлерінің шағына сәйкес. 
Рельеф элементтері және түрлері салыстырмалы жас немесе егде 
келеді де, топырақтары соған сәйкес болады. Мысалы, өзен 
жайылмаларының топырағы мен жайылмадан жоғары жерлердің 
топырақтарын салыстырсақ, біріншілерінің топырағы жаңа 
құрылған жас шақты, екіншісінің топырағы салыстырмалы егде 
жасты болады. 
Сондай-ақ солтүстік Каспий ойпатының топырағы теңіз 
суынан жуырда босаған. Сондықтан оның салыстырмалы жасы 
бар деуге болады. 


6. Қоғамның өндіргіш күші немесе агроценоз. Топыраққа 
әсер етуі жағынан барлық факторлардан күрт айырмашылығы 
бар фактор адам немесе адамзат қоғамы. Топырақтүзілу үде-
рісінің бағытын және топырақ сапасын өзгертуде адамдардың
өндірістік қызметі маңызды орын алып келеді. Мысалы, табиғи 
факторлар арқылы топыраққа сансыз түрде әсер етілетін болса, 
онда адам шаруашылық әрекетінің барысында белгілі бағдар-
ламаға сүйеніп әрекет жасайды, яғни топырақты өзінің алдына 
қойған талабына байланысты өзгертеді. Ғылым мен техниканың 
дамуына және қоғамның қарым-қатынастарына сай топырақты 
пайдалану мен оны қайта жөндеу үдерістері үдетілуде. 
Адамзаттың өндіргіш күшіне В.В.Вильямс көп көңіл 
бөлген. Адамның топыраққа тигізетін әсері көп және жан-
жақты. Механикалық өңдеу, шөп егу, орман алқаптарын жасау, 
тыңайту, ауыспалы егіс енгізу, суару, құрғату – осылардың бәрі 
топыраққұралу үдерісінің бағытын тез өзгертеді. Игерілген 
топыраққа, әсіресе мәдени өсімдіктің әсері өте зор. Ол 
топырақпен қосылып агроценоз құрайды. 
Агроценоз, агрономиялық ценоз (егіс) – белгілі территория 
егістігін құрайтын ауылшаруашылық дақылдарының жиын-
тығы; мағынасы тұрғысынан алғанда өсімдік өніп-өсу жағдайын 
(фотосинтез) және егістік жердің өнімділігін (немесе топырақ-
тың органикалық затты түзуін, құнарлылығын) талдау деген сөз. 
Оған жақын термин – агрожүйе деп егістік жерді жүйемен 
(табиғи және жасанды жағдайларды есептей) талдап, өндіріп 
(органикалық зат) алу және іске асыру әдістерін айтады. 
Агроэкожүйеге агроценоз және оған байланысты, оны 
анықтайтын табиғи-әлеуметтік жағдайлар жатады. Табиғи био-
ценоздарға қарағанда агроценозда немесе жасанды экологиялық 
жүйелерде адам топырақ құрамын, жағдайы мен қасиеттерін
сондай - ақ тірі организмдер (өсімдік пен микроорганизмдер)
түрлерінің санын, бағыттай (талдай) алады. Адамның агрожүйе-
лер (агроценоздар) құрудағы мақсаты – егістік өнімділігін 
көтеру, ауылшаруашылық продукциясын өндіру және табиғат 
(соның ішінде топырақты) қорғау болып саналады. Табиғи 
экожүйелер сияқты агроценоз да күн энергиясын пайдаланады, 
бірақ одан мынадай айырмашылығы бар: 1/ өнімті арттыру үшін 


қосымша күш (отын, адам еңбегі мен машиналар, мал) қол-
данады; 2/ өнім алу үшін адам агроценоздық жүйелер жан-жақ-
тылығын (оның ішінде ауылшаруашылық өсімдіктер түрлері 
мен топырақ типтерін) азайтады, мыс, бір табиғи алаңда өсім-
діктердің бірнеше түрлері болса, егіс танабында бірақ өсімдік 
түрі болады; 3/ Агроценоз құрайтын басты өсімдіктер мен 
организм түрлерін қолдан іріктеп алады – бұл ауылшаруашы-
лығының жоғары өнікті өсімдік сорттары мен мал тұқымдары; 
4/ агроценоздағы барлық басқару (өзін-өзі реттейтін биогео-
ценоздарға қарағанда) сырттан болады және ол сыртқы мақсатқа 
бағынады; оған мысал: әлемде табиғатты қорғайтын агро-
техника және қазір кеңінен қолданылып отырған топырақ-
қорғау егіншілік жүйесіне деген қызығушылық АҚШ-та ХХ 
ғасырдың 30-шы, КСРО-да 60-шы жылдары топырақ эрозиясы 
(шаңды борандар) салдарынан туған агроценоздағы су мен 
қоректік заттар құбылысы туралы білімді тереңдететін және 
ауылшаруашылығын жүргізудің жаңа әдістерін игеретін уақыт 
енді келді. Соның нәтижесінде: біз жылу сәулесін тиімді пай-
далана аламыз – қазір өсімдіктер күн энергиясының тек 2 % пай-
даланса, келешекте 3-4 %-ға жеткізе алсақ, соншама мөлшерге 
өнік артар еді; суармалы егістікте су шығынын азайту керек; 
тыңайтқыштардағы қоректік заттар тиімділігін арттырып, оның 
шығынын төмендетуге, аңыздық органикалық заттарды топырақ 
жамылғысына, сүрлемге немесе энергия қорына айналдыруға 
болады; жан-жақты дақылдар мен ауыспалы егісті көбейте 
отырып, орынсыз көп химикаттар (минералдық тыңайтқыш, 
гербицид пен пестицид) пайдалануды азайта аламыз; топырақты 
нөлдік немесе минималдық өңдеуге көшіру керек. 
Топырақты керексіз өңдеуді, қопара беруді және оны хи-
миялық заттармен ластауды азайту арқылы, симбиозды агро-
ценоз жүйесін, топырақ құнарлылығын ұзағымен арттырып, 
тұрақты агроэкожүйе құра аламыз. Американ ғалымы Джексон 
(1984) бойынша тұрақты ауылшаруашылығын жасау жолдары 
мынадай: 
1. Энергия шығынын азайту (мыс, АҚШ -та 1 гектардан
7 т., жүгері дәнін алуға 8,4 млн. ккал энергия жұмсалады); 
2. Химиялық заттар қолдануды қысқарту; 


3. Әр гектардың өнімділігін арттыру үшін әр адам өз 
мекенін, жерін сүйетін болсын; 
4. Топырақ құнарлылығының төмендеуін тоқтату; 
5. Топырақтың су-қорек режимін (құбылымын) оптимал-
дау және өсімдіктердің аурулар мен зиянкестерге төзімділігін 
арттыру. 
Аталған қағидалар – еліміздің ауылшаруашылығына да 
лайықты болғандықтан, алдағы уақытта іске асыратын осы 
жұмыс, келешекте азық-түлік мәселесін шешудің кепілі. 
7. Топырақ-ыза суының топырақтүзілуіне әсері. Топырақ-
тағы көптеген химиялық және биологиялық үдерістер өтетін 
негізгі орта – су. Көптеген өзендердің аралық кеңістіктерінде 
орналасқан топырақ жамылғыларына негізгі судың көзі ретінде 
қызмет ететін атмосфералық жауын-шашын. Бірақ жер асты ыза 
суы жақын орналасқан жерде, олар топырақ түзілуіне өте 
қарқынды түрде әсер етеді. Олардың әсерінен топырақтағы су 
және ауа режимі өзгереді. Жер асты ыза суы, оның құрамында 
болатын химиялық қосылыстармен топырақ қабаттарын байы-
тып, кейбір кезде сортаңдану құбылысын тудырады. Ылғалы өте 
мол топырақтарда оттегінің мөлшері едәуір төмендеу себебінен 
кейбір микроағзалардың әрекеті азайып кетеді. Нәтижесінде жер 
асты ыза суының әсерінен ерекше топырақ жамылғысы қа-
лыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет