Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Сыртқы зерттеу үш /диагностикалық/ әдістен тұрады



бет49/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115
акушерство китап

2. Сыртқы зерттеу үш /диагностикалық/ әдістен тұрады: сырттан /қарау/, пальпация /қолмен қарау/ аускультация.
Малды байқағанда буаздылықтың келесі белгілерін анықтайды: 1/ буаздылыққа тән белгілерін: а/ іш пішінінің өзгеруі, б/ сүт бездерінің ұлғаюы, в/ құрсақ қабырғасының және сүт бездерінің, аяқтарының ісінуі. 2/ ұрық қимылының нақтылы белгісі.
Құрсақ қабырғасын зерттегенде тек қана бір нақтылы буаздылықтың белгісін - ұрықты анықтайды.
Аускультация арқылы ұрықтың жүрек соғуын анықтайды. Соңғы кезде ұрықтың жүрек соғуын тыңдау үшін ультрадыбысты аспаптарды қолданады. Бұл әдіс мегежінді және саулықты зерттеуге ыңғайлы.
Аускультация мен пальпация әдістерін малдың оң жағынан тізе буынан қабырға астына баратын сызық бойымен жүргізеді. Осы әдіспен сиырдың 5-6 айлық буаздылық мерзімін анықтауға болады. сыртқы әдістің көмегімен буаздықтың болуын жоққа шығаруға болмайды.
Ультрадыбыс арқылы зерттеу. Бұны қозғалмалы аппарат арқылы орындауға болады. Стационарлы аспаптар арқылы экранда ұрық қабығын немесе ұрықты көруге болады. Әдіс мегежіндерге немесе саулықтарға көбірек келеді. Мегежін мен саулықты ұрықтандырғаннан кейін 11,5 ай-дан соң анықтауы 95% құрайды.


3. Ішкі зерттеулер.
а/ Сиырдың буаздығын анықтайтын қынаптық тәсіл - буаздықтың келесі белгілерін анықтайды: 1/ шырышты қабығының құрғақтығын, оның ақшылдануын және кілегейдің жабысқақтығын. 2/ жатыр мойынын тығыз жабылуын және оның сағағында кілегей тығынның болуын. 3/ қынап арқылы ұрықтың жақын жатқан мүшелерін сипап сезу. Іш жүзінде әдістің тәжірибелік маңызы аз.
б/ Тік ішек арқылы буаздықты анықтау. Буаздық пен бедеулікті анықтайтын нақтылы тәсіл болып табылады. Сиырларды бұл әдіспен нақтылы буаз немесе қысыр екенін анықтауға болады. Әдістің мағынасы, ол жыныс сферасының келесі мүшелерінің жағдайын анықтаудан тұрады: аналық жыныс бездерін, жатыр мүйізінің, денесінің және мойынының ортаңғы жатыр артериясы дірілін және ұрықтың жағдайын анықтау.
Әдісті қолданғанда мамандардың негізгі мақсаты, буаз емес аналық малды анықтау кейіннен оны емдеу.
Тік ішек арқылы зерттеу жүргізгенде екі жағдайды ескеру керек: 1/ зерттейтін мал организміне аурудың қоздырғышын кіргізбеу, 2/ зерттейтін малдан мамандарға ауру жұқтырмау.
Амбулаторлық қабылдау кезінде, әр малды зерттеген сайын, қолды сабынмен дұрыстап жуып отыру қажет. Ал қолдағы жараларды йод тұнбасымен сүртіп өңдеу керек. Ең дұрысы зерттеу кезінде акушерлік-гинекологиялық қолғап кию. Бұл жағдайда қолға киілген қолғапты сабындау немесе вазелинмен өңдеу қажет. Зерттеуге кедергі болмау үшін малдарды алдын ала жарты күн «аштық диетада» ұстаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет