Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Желін қабынуының түрлері, соңы



бет95/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115
акушерство китап

Желін қабынуының түрлері, соңы.
Сірі желінсау (Mastitis serosa) гиперемиямен, сірі экссудаттың көп мөлшерде шығуымен және лейкоциттердің ткань аралықтарына ауысуымен сипатталады.
Себебтері. Сірі желінсаулар төлдеуден кейін желін тканьдерінде патогендік микрофлора және токсикалық тағамдар әсерінен пайда болады. Бұндай желінсаулар жатырдың кешеуілдеуінде, шу түспеуінде, эндометриттерде және басқа патологиялық жағдайларда да пайда болады.
Клиникалық белгілері. Ауру малда жалпы тәбетінің нашарларлауын, дене қызуы көтерлуын анықтайды. Шалдыққан бөлігі көлемі жағынан үлкейген, гиперемириеленген, ауырсынады жергілікті температурасы жоғарылаған. Желін үсті безі үлкейген. Қабынудың бастапқы сатысында сырттай сүт бұрынғы қалпында қалады, сүт өнімділігі төмендейді. Кейіннен қабыну процессі альвеоларға тарағанда, сүтте казеин ұйындылары және қойыртпақтар пайда болады. Сүт су консистенциялы болады.
Катаральды желінсау (Mastitis catarrhalis) деп желіннің көбіне, сүт цистернасы кілегейлі қабығы эпителиі, сүт жолдары және альвеолардың безді клеткаларының қабынуын атайды. Қабыну үрдісіне байланысты келесі түрлерін ажыратады: а/ сүт жолдарының және цистернаның катары; б/ альвеолардың катары.
Себептері цистернаның клегейлі қабығының қолмен сауу кезіндегі дөрекі қимылдар жасалуы әсерінен қабынуы. Катаральды желінсау емшек арқылы, сыртқы ортадан енген патогенді микрофлора әсерінен де дамиды.
Клиникалық белгілері. Сүттің бірінші тамшылары суық, казеин қойыртпақтарынсыз немесе ұйындысыз, сауу барысында қалыпты сүт бөлінеді.
Сүт жолдарының және цистернаның катары әдетте желіннің бір бөлігі зақымдануымен шектеледі. Ол гиперемиямен және сүт жолдары мен цистернаның кілегейлі қабығының қабынып ісінуінен басталады. Казеин қойыртпақтары цистерна қуысында жиналып, сүт жолдарын бітейді, осының әсерінен үрпі негізін уқалағанда байқалатын бұршақ көлемінен грек жаңғағына дейінгі көлемде іркілдек немесе тығыз түйіндер анықталады. Сүт безі ауырсынады. Малдың жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Альвеолалардың катары альвеолдарда экссудаттың көп мөлшерде жиналуымен сипатталады. Альвеолалардың және шығару тармақтарының эпителииі ісінеді, қайта құрылады, содан кейін оның бүрісуі байқалады. Экссудат жиналуынан альвеолалардың қабырғалары үзіледі. Зақымдалған желін бөлігінің көлемі үлкейеді. Пальпациялау кезінде жергілікті температура көтерілгенін және сәл ауырсыну белгілері анықталады. Зақымдалған желін бөлігінен сауынның басынан аяғына дейін су тәрізді және көп мөлшерде казеин қойыртпақтары бар сүт бөлінеді.
Фибринозды желінсау (Mastitis filinosa) бұл қабыну көп мөлшерде фибриннің желін тармақтарына және альвеоларды, аралық дәнекер тканьде жиналуымен өтеді.
Клиникалық белгілері. Дене қызуының жоғарлауы (410 С–ға дейін), жағдайының нашарлауы, тәбетінің төмендеуі, алдыңғы қарыңдардың атониясын, асқорыту органдардының бұзылуын анықтайды. Зақымдалған желін бөлігінің көлемі үлкейген, тығыздалған, ауырсынады және ыстық. Пальпация кезінде крепитация сезіледі. Желін үстіндегі түйіндер ұлғайған. Зақымдалған желін бөліктерінен сауу кезінде аз мөлшерде, лайлы фибрин пленкасы бар сары түсті сұйықтық ағады.
Ірінді желінсаулар. Желіннің ірінді қабынуының келесі түрлерін ажыратады:
а/ ірінді катаральды желінсау
б/ желін абсцессі
в/ желін флегмонасы
а/ іріңді катаральды желінсау (Mastitis catarhalis purulenta) сүт жолдарының, сүт цистернасының немесе альвеолалардың емшек жолы арқылы инфекция енуінің әсерінен катаральді қабынудан дамиды.
Клиникалық белгілері. Агалактия мен немесе сүттің күрт төмендеуімен сипатталады. Зақымданған желін бөлігі үлкейген, ісінген, ауырсынады. Жалпы жағдайынің нашарлаған белгілері (тәбетінің жоқтығы, дене қызуының жоғарылауы -410С-қа дейін, тыныс алуының жиеленуі) байқалады. Сүт мүлдем шықпайды немесе сүт сулы, ұйындылы, қойыртпақтарты болады.
Жіті ағымы созылмалы қабыну түріне өтеді, ауру мал әлсірейді жергілікті дене қызуы төмендейді. Желіннің зақымдалған бөлігі көлемі жағынан біртіндеп кішерейеді, оның атрофиясы байқалады.
Желін абсцессі (Abscessus uberus)
Себептері. Желін абсцесстері тканьдердің патогенді, гематогенді және лимфогенді жолдармен енген стафилококктар немесе стрептококктар немесе ішек таяқшаларымен инфицирленуінен пайда болады. Көбіне желінсаулар асқынуында да байқалады.
Клиникалық белгілері және ағымы. Зақымданған желін бөлігі қатты үлкейген, тканьдері ісінген, гиперемияланған, температурасы жоғарылаған, малдың жағдайы нашарлаған. Зақымданған желін бөлігі жағында орналасқан артқы аяғы ақсайды. Секреттер сары су, іріп кеткен, сүті ұйындылардан және іріңді денелерден тұрады.
Желіннің флегмонасы деп тері және дәнекер ткань аралығының жайылған іріңді қабынуын атайды.
Этиологиясы. Сірі желінсау, желін абсцессінің асқынуында немесе ткань және оның терісінің жаралану нәтижесінде пайда болады.
Клиникалық белгілері. Зақымдалған желін бөлігі үлкейген, ісінген. Тканьдері ауырсынады, жергілікті температурасы жоғарылаған. Желін үстіндегі бездер үлкейген, ауырсынады. Бірнеше күннен кейін желіннің кейбір жерлерінде іркілдеген ірің ошақтары анықталады. Қолмен басқанда зақымданған желін бөлігі ішінде қойыртпақтар және ұйындылар бар, оның ішінен 50-100 мл лайлы сұр түсті сұйық алады. Желін флегмонасы ауру малдың жоғары температурасымен, жалпы жағдайының нашарлауымен, жүрек жүйесінің бұзылуымен, ақыр соңында ақсауымен өтеді.
Геморрагиялық желінсау (Mastitis hemorrhagiea) дәнекер ткань арасына, альвеолаларға және сүт тармақтарына қан құйылуымен сипатталады.
Этиологиясы. Төлдеуден кейінгі бірінші күндерінде сірі және катаралды желінсау әсерінен, ретикулоперитониттен кейін дамиды.
Клиникалық белгілері. Сүт су консистенциялы, қызыл түсті, ішінде ұсақ ұйындылар болады. Жалпы дене қызуының жоғарылауын (410-қа дейін), тәбетінің төмендеуін анықтайды. Желін терісі қызыл немесе қара дақтармен жабылған, жергілікті температурасы жоғарылаған, желін ауырсынады, түйіндері ұлғайған.
Өзіндік желінсаулар
Желін аусылы (Mastitis aphthosa) – патологиялық емес аусыл түрлерінде кілегейлі қабықтар мен аяқтардың зақымдануымен бірге афталар желін терісінде де дамиды. 2-3 күннен кейін афталар жарылады да олардың орнында ойық жара қалады.
Желін актиномикозы. Тері астында немесе желін бөлігі қатпарында жазылмайтын ірін ошақтары пайда болуымен сипатталады. Актиномикозды фокус ақ түсті сұйық іріңнен тұрады.
Ауру қоздырғышы лимфа жолдарымен таралмайды және желін үстіндегі лимфа түйіндері үлкеймейді.
Желін туберкулезі генерализирленген туберкулез белгілерімен өтеді. Диагноз қойғанда туберкулинизация нәтижесі шешуші фактор болып саналады.
Желінсаулардың асқынуы.
Желін индурациясы сүт бездерінің интерстициалды дәнекер тканьімен өсуі және бір мезгілде паренхима атрофиясының байқалуы.
Желін гангренасы - желінсаудың асқынуы. Кейде ауру іріңді инфекцияның қан жүйесі, галактогенді жол арқылы сүт безіне енуінен дамиды.
Клиникалық белгілері. Желін терісі бетінде тығыз аурсынатын көк қызыл түсті ошақтар пайда болады. Уақыт өткеннен кейін зақымданған жерлердің тканьдері ыдырайды да, олардың орнына ихорозды экссудатты ганренозды ойық жаралар пайда болады.
Желінсаулардың соңы.
А.П.Студенцов бойынша желінсау ағымы мен соңы ауру қоздырғышының патогендік қасиетінен ғана емес, организмнің барлық жағдайына байланысты.
Желінсаулардың түрлеріне байланысты ауру соңы да, әртүрлі болады. Ауру сірі желінсау түрінде өтсе, онда процесс 7-10 күн ішінде шешілуі мүмкін. Сірі желінсау асқынуында, ол сірі катаралды немесе сірі фибринозды желінсауға ауысады.
Катаралды желінсау әдетте қолайлы өтеді, уақытында емдесе 5-7 күн аралығында мал жазылады. Қолайсыз ағымында және желінсауға шалдыққан малды емдегенде бұл ауру созылмалы түріне, кейіннен желін атрофиясына айналады және дәнекер ткань өсуі орын алады.
Фибринозды желінсау кезінде болжау күмәнді, өйткені патологиялық үрдіс ішкі органдардың метастаздарымен желін гангренасына немесе ошақтың дамуымен асқынады. Мал жазылғаннан кейін сүт безінде бірнеше немесе көп мөлшерде түйіршіктер қалып қояды. Сүт өнімділігі бұрынғы қалпына толық келмейді.
Іріңді желінсау - ауру малды дер кезінде анықтап, емдеген жағдайда болжау колайлы. Созылмалы ағымында желін тканьдерінде қайтпайтын өзгерістер пайда болады.
Желін абсцессінде сүт безі бұрынғы қалпына келмейді, болжау күмәнді, өйткені мұндай іріңді қабыну түрінде сүт жолдары облитерацияға және желін паренхимасы атрофиясына ұшырайды, септикопиемия, бүйрек, бауыр метастаздары дамуы мүмкін.
Желін флегмонасында аурудың соңы күмәнді, кейде желін флегмонасы сепсис түрінде өтеді.
Геморрагиялық желінсау – егер де патологиялық үрдіс жергілікті қабынумен шектелсе, ауырған мал 7-10 күнде жазылады.
Желін аусылы – үрдіс желін терісімен шектелсе, онда ауру қолайлы деп саналады: егер де сүт жолдары мен желін паренхимасы қабынса, онда бұл жағдайда сүт өнімділігі бұрынғы қалпына келмейді.
Желін туберкулезі мен актиномикозы. Ауру көп жағдайда малдың өлуімен аяқталады.
Желінсау асқынулары (желін индурациясы, гангренасы) - ауру қолайсыз аяқталады. Ауырған мал септицимиядан өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет