Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар


«Толық адам» тәрбиелеу қағидалары



Pdf көрінісі
бет4/55
Дата10.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#454511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
«Толық адам» тәрбиелеу қағидалары 

 







Ақ

ы

лд



ы

, а


рлы

, н


ам

ы

сқ



ой

 

болуы



н 

қа

ра



ст

ы

ру



 

Е

ңб



ек

 с

үй



гіш

, е


лг

ез

ек



 е

тіп


 

тә

рб



ие

ле

у 



Т

ән

 с



ұлулы

ғы

н 



қа

ра

ст



ы

ру,


 

әс

ем



дік

ке

 б



аулу

 

Ад



ам

ге

рш



ілі

к 

қа



си

ет

те



рг

е 

(із



гілі

кк

е,



 и

м

ан



ды

лы

ққ



а,

 

қа



йы

ры

м



ды

лы

ққ



а,

 а

да



лд

ы

ққ



а,

 

т.



б.

тә



рб

ие

ле



у 

Отансүй


гіш

тік


ке

ұлт



ж

ан

ды



лы

ққ

а,



 б

үк

іл 



ад

ам

 



ба

ла

сы



н 

сүю


ге

 т

әрб



ие

ле

у 



«Ж

іг

іт



ке

 ж

ет



піс 

ӛн

ер



 а

з»,


 

«Ӛн


ер 

ӛрг


е 

сүй


ре

йд

і»



 д

еп

 қ



ара

п,

 



ӛн

ер 


м

ен

 б



ілі

м

ді 



на

си

ха



тт

ау

 



Т

аб

иғ



ат

ты

, қ



орш

ағ

ан



 

орт


ан

ы

 а



ялауғ

а 

тә



рб

ие

ле



у 

Де

не



ні 

ш

ы



ны

қт

ы



ру

ға

 



тә

рб

ие



ле

у 

 



Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сӛз етсек, олар 

мыналар демекпіз: 

1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, ӛміршең азамат болуын 

тілеу. 


Жас  нәрестенің  дүниеге  келуі  ата-ана,  ағайын-туыс,  қауым-

кӛпшілікке  зор  қуаныш  әкелумен  бірге,  борыш  та  жүктей  келеді.  Дәлірек 

айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге 



 

 



келген  күнінен  бастап  айқара  ашылады.  Ол  белгілі  мақсат-тілекпен 

байланысты туындайды. 

Отбасы  үлкеңдерінің  бәрі  жаңа  туған  жас  баланы  отанның,  елдің 

асыл азаматы болуын аңсап армандайды, Ӛнегелі үлкендерге ұқсасын деп, 

дарынды,  ӛнерлі,  ақылды  ақсақалдарға  баланың  аузына  түкіртіп,  азан 

шақыртып,  атын  қойғызады.  «Ақылын,  жасын  берсін»  деп,  жаңа  туған 

нәрестені  қарияның  шапанының  етегіне  орайды.  Ұрпағы  ӛскен  қадірлі 

анаға  кіндігін  кестіреді,  бесікке  салдырады,  қырқынан  шығарту 

ырымдарын  жасатады,  тұсауын  кескізеді.  Үлкендерден  бата  алғызады. 

Халықтың  балаға  арналған  ырым,  бата-тілектерінде  келешектен  күткен 

үлкен  үміт,  аңсау  арман  бар.  Тәрбиенің  алғашқы  қағидасы  ата-ананың 

аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр. 

2.  Баланы  жастайынан  еңбексүйгіш,  елгезек  азамат  етіп  тәрбиелеу. 

Ол  бесік  жырлары  мен  тұсау  кесер  жырларынан,  бата,  тілек,  терме 

ӛлеңдерден  ӛзекті  орын  алған.  Еңбек  қағидаларын  жастардың  бойына 

сіңіру  отбасындағы  еңбектің  қарапайым  түрлерінен  басталып,  қоғамдық 

маңызды  істермен  ұштасқан.  Ұл  баланы  қозы,  лақ  қайтаруға,  отын-су 

әзірлеуге,  мал  ӛнімдерінен  тұрмысқа  қажетті  құрал-жабдық  (қамшы, 

шідер,  жүген  ӛру,  тері  илеу,  қару-жарақ  т.б.)  жасауға  әзірлеу,  қора  салу, 

киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық, зергерлік ӛнерге үйрету т.б. кӛзделсе, ал 

қыз  балаларды  ыдыс-аяқ  жуу,  үй  сыпыру,  шай  қою,  тӛсек  жинау,  кесте, 

ӛрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен. 

3. Халық педагогикасында «бірінші байлық – денсаулық» деген ұғым 

ӛзекті орын алған. «Дені саудың жаны сау», «Ас адамның арқауы», «Ауру 

астан»  деп  рухани,  материалдық  байлықтың  негізін  жеке  бастың,  яғни 

тәннің  саулығына  байланысты  қарастырған.  Баланы  туған  күннен  бастап 

тұзды  сумен  шомылдыру,  маймен  сылау,  дене  күтіміне  ерекше  мән  беріп 

шынықтыру,  мерзімінде  жақсы  ас  беріп  тамақтандыру  мен  ұйықтатудың 

бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер. 

4.  Халық  педагогикасында  адамгершілік  қасиеттерді  баланың 

бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды 

қастерлеу басты  қағида болып есептелген. «Жаным  – арымның садағасы» 

деп, арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санаған. 

5.  Гуманизм  мен  патриотизм  –  халықтық  тәрбиенің  басты 

қағидаларының бірі. «Отан от басынан басталады» деп ұққан ата-бабамыз 

от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, 

кемтарларға  кӛмектесуді,  басқа  ұлт  ӛкілдерін  сыйлауды  отбасы 

тәрбиесінің  ӛзекті  принципі  деп  бағалаған.  «Атаның  баласы  болма, 

адамның баласы бол», «Жақсы – кӛпке ортақ», «Ел үшін еңбек ет, халқын 

сүйген қор болмайды» деген ӛсиет тәрбиеден ӛзекті орын алған. 

6.  Елді,  жерді  қорғайтын,  еңбек  ететін  азамат  болу  үшін  денені 

шынықтыру қажет. Халық педагогикасында «шынықсаң шымыр боласың» 

деп  ой  қорытқан  ата-бабамыз  ұлттық  ойынға  жаттықтырып  үйрету 

(аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесіне баса кӛңіл 

бӛлген.  



 

 



7.  Тіршіліктің  тұтқасы,  ӛмірдің  шамшырағы  ӛнер  мен  ғылым  деп 

түсінген халқымыз жастарға «Ӛнерлі ӛлмейді», «Білегі жуан бірді жығады, 

білімі  жуан  мыңды  жығады»,  «Білім  таусылмас  кен,  ӛнер  ӛлмес  мұра» 

дегенді  насихаттап,  ертегі,  ӛлең-жыр,  мақал-мәтел,  аңыз  әңгімелер 

ұсынған. 

8.  Адам  ӛмірі  мәңгі  табиғат  құшағында  ӛтетін  болғандықтан,  ата-

бабамыз  ӛз  ұрпағын  ағаш  бесіктен  жер  бесікке  жеткенше  табиғи  ортаны 

аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше  жұмбақ, ӛлең-жыр, ертегі, 

аңыздар  шығарған.  Ал  бұл  қағидалар,  сайып  келгенде,  «сегіз  қырлы,  бір 

сырлы»,  мінезі  майда,  ары  таза,  тені  сау,  ӛнегелі-ӛнерлі,  жан-жақты 

жетілген  «толық  адам»  тәрбиелеуді  кӛздеуден  туған  (1  кесте).  «Сегіз 

қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, 

ортақ  талап.  Мысалы,  орыстар  ондай  адамды  «кішкене  болса  да  ӛнегелі, 

ақылды»,  «Ақылды  да  сүйкімді»,  «Қайырымды  жігіт»  деп  санаса, 

таулықтар  «Нағыз  жігіт»  деп  атайды.  Ал  чукчылар  «Адал  ӛмір  сүретін 

азамат»  дейді.  Ол  теңізде  жүзгіш,  соғыста  батыр,  ғылымда  терең  ойлы, 

билікте  әділ,  еңбекте  шебер,  ӛмірде  бірлікшіл,  сӛзде  шешен,  атыста 

мерген,  шет  жерде  отаншыл,  бауырмал  деген  қасиеттер  бойында  бар 

азаматтар. 

Ӛзбектер  қайырымды,  ізгі  жүректі  адамды  «иманжүзді,  құдайы  бар 

азамат» дейді. 

Ал  қазақта  сегіз  қырлы  азамат  дегендер:  еңбек  сүйгіш,  бауырмал, 

батыр, ӛнерлі, ӛнегелі, шыншыл, әділ, адал болу дегенді білдіреді. 

Нағыз  шынайы  азамат  тәрбиелеудегі  бар  халықтың  талап,  тілегінің 

ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр. 

Енді  халықтық  тәрбиенің  осы  басты  қағидаларының  ғылыми 

педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік. 

1.  Халық  педагогикасында  тәрбие  ісін  баланың  жас  ерекшелігін 

ескере  отырып  жүргізуді  талап  еткен.  Мәселен,  «Ұлыңа  бес  жасқа  дейін 

патшадай  қара,  он  бес  жасқа  дейін  қосшыңдай  сана,  он  бес  жастан  асқан 

соң  ақылшы  досыңдай  бағала»  деген  мәтел  баланы  еркін  тәрбиелеудің, 

кӛмекшім  деп  үмітпен  қараудың,  ақылшым  деп  тең  санаудың  қажеттігін 

мегзейді.  Ал  бұл  ғылыми  педагогиканың  ынтымақтастық  принципімен 

қабысып жатыр. 

2.  Халық  педагогикасында  тәрбие  ісін  әр  баланың  жеке  бас 

ерекшеліктерін  (психологиясын)  ескере  отырып  жүргізуді  де  ескертеді. 

«Баланы  туады  екенсің,  мінезді  тумайды  екенсің»,  «Бір  биеден  ала  да 

туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту – әкенің парызы, ақтау – баланың 

қарызы» деп ой түйіндеген. 

3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, ӛскен ортасына, ата-

ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. 

Ӛскен  ортаның  тәрбиедегі  әсері  жӛнінде  А.С.Макаренко,  Н.К.Крупская, 

А.В.Сухомлинский,  А.Құнанбаев,  Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев  сынды 

ұлағатты 

ұстаздардың 

ой-пікірлері 

де 

халық 


педагогикасының 

қағидаларымен үндесіп жатыр. 




 

 



4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя 

білуге,  оның  жеке  басын  қадірлеуге  негізделген.  Баланың  жіберген 

қателіктерін  үлкендер  дер  кезінде  бақылап,  дұрыс  жолға  салуды 

мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығына әкенің даналығы 

бар»,  «Ақырып  айтқаннан  ақылмен  айтқан  артық»  деген  мәтелдер  осы 

ойды  құптаудан  туған.  Яғни,  тәрбиешінің  жылы  жүректі  болуын, 

тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуін орынды санаған. 

5.  Шәкіртті  тәрбиелеу,  оқыту  барысында  ақыл-ойын дамыту  бүгінгі 

педагогиканың  ең  кӛкейкесті  мәселелерінің  бірі.  Дамыта  оқытып 

тәрбиелеу  ісі  асқақ  арманмен  байланысты.  Осыны  құптаған  ата-бабамыз 

«Армансыз  ұлан  –  қанатсыз  қыран»,  «Арманы  жоқтың  пәрмені  жоқ»  деп, 

келешекті  қиялдай  білетін  арманға,  ой  дербестігіне  тәрбиелеуді  мақсат 

еткен. 

6.  Халық  педагогикасының  негізгі  принциптерінің  бірі  –  тәрбиенің 

біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты ӛмірге Дайындап, «сегіз қырлы, бір 

сырлы»,  жан-жақты  жетілген  азамат  етіп  тәрбиелеу  үшін  бар  мүмкіндікті 

сарқа пайдаланған. Кез келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің 

түрлері  (еңбек,  ақыл-ой,  адамгершілік,  әсемдік  т.б.)  іштей  сабақтасып 

жатады.  Оны  бесік  жырынан,  бата-тілектер  мен  терме  толғаулардан 

байқауға  болады.  Тәрбие  ісін  кешенді  жүргізуді  ғылыми  педагогикалық 

еңбектер де қуаттайды. 

7.  Тәрбие  ісінің  туғаннан  ӛмір  бойы  үздіксіз  жүргізілуін  халық 

педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды. 

8.  Халық  педагогикасы  отбасы  үлкендерінен  бастап,  ауыл 

ақсақалдары,  ӛнер  иелері  түгел  қатынасатын  ұжымдық  тәрбие  ісіне 

негізделген. (2 кесте). Халықтық педагогикада «Кӛп талқысы  – тез», «Кӛп 

қорқытады, терең батырады»,  «Кӛпке қарсылық  – құдайға қарсылық» деп 

ұжымдық тәрбиені құптаған. Ал ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да 

ерекше мән берген. 

 

2 кесте   Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидалар 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет