Қазақстан республикасы оқу ағарту министрлігі №51 гимназия Секциясы: Тарих Орындаған



бет5/6
Дата07.12.2022
өлшемі2.07 Mb.
#466752
1   2   3   4   5   6
Ғылыми жоба

Көшім жылқысы.Бұл қол тұқымы Батыс Қазақстан облысының жерінде,сонымен Жамбыл облысынағы «Құлан» жылқы зауыттары аймақарында шоғарыланған.Көшім жылқысы негізінен жергілікті биелерді таза қанды орыс,орлов жылқыларының айғырларымен шағылыстыру арқылы алынған қолтұқым.Бұл жылқы қазақы жылқы сияқты төзімді,қыста жайылымда жаюға бейім,әрі ірі және салмақты келеді.Көшім жылқысы биелерінің салмағы 460-480кг тартады.Жайылымда жақсы семіреді.Бордақылаған жылқыларды сойса 53-55% ет пен май түседі. Ал биелерінен таулігіне 14-22л сүт шығады.
Олардың шоқтығы шығыңқы,кеудесі кең,төсі алщақ,арқасы тегіс әрі жазық,сауыры сом етті,аяқтары сүйекті келеді.Бұл жылқының негізгі топтары Батыс Қазақстанда «Красногор», Ақтөбе облысындағы «Құлан»(бұрыңғы аты «Луговой») жылқы зауыттары аумақтарында орналасқан елді мекендерінде көп таралған.
Қостанай жылқысы.Бұлқолтұқым Қостанай облысының «Қостанай» және «Майкөл» жылқы зауыттарында қазақы жылқыларының биелерін қалмақ, дон, стрелецк, орлов және таза қанды салт мінетін жылқаларының айғырларымен шағылыстыру арқылы шығарылған.
Бұл тұқымның басы орташа, мойны түзу, ұзындығы орташа,шоқтығы етті,аоқасы жалпақ,жұмырлау,жауырыны ұзын,алқымы және тынысы кең,аяқтарының сіңірлері шығыңқы, шамасы шағын, байқалары орташа,тұяқтары дөңгелек, әсем келеді. Бұлар өте жүрдек, күшті және төзімді, салт мінуге де, жегуге де қолайлы.
Қарабайыр жылқысы.Қарабайыр (арап тілінен корб –жылқы багир-түйе,яғн жүк артатын белді ат деген мағынада) жылқысының шыққан тегі Өзбекстан Республикасының аумағында жергілікті далалық моңғол, қазақ жылқысының биелерін түркмендік ахалтеке,текежәуміт және арабы тұқымы айғырларымен шағылыстыру нәтижесінде шығарылған болып сесптелінеді.Арабтардың ислам дінін тарату жорықтарында әскерлерге азық -түлік артуы үшін қажетті мықты,әрі таулы-қыратты жерлерде жүруге шыдамды аттарқажет болған соң арнаулы түрде шығарылған деп есепелінеді.Республикамызда бұл жылқының тұқымы Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстан мен шекаралас орналасқан Мақтарал, Жетісай, Сарыағаш және Қазықұрт аудандарында кездеседі.
Бұлардың бастары үлкен емес, түзу және жеңіл көрінеді.Ахалтеке жылқыларымен салыстырғанда қарабайыр жылқысның мойны қысқалау әрі жалпақ болып келеді.Шоқтығы биік,арқасы түзу және сауырт тұсы жалпақ құйымшақ тұсынан сәл еңкістеу болып келіп қалың және көтеріңкі орналаатын құйрықпен ұштасады.Кеудесі терең әрі бұлшық еттерә жақсы дамығаны білініп тұрады.Санының бұлшық еттері де жақсы дамыған және жалпақ болып келетін тізесі, бұл жылқының таулы және құмды жерлермен шапшаң әрі қиналмай жүруін қамтамасыз етеді.Қарабайыр жылқысы дене бітімі бойынша көркем, жылдам қозғалатын иесінінің айтқанына жақсы түсінетін күмбіс және аяңшыл жылқы болып келеді.Бұл жылқы тұқымы ішінде торы, сұрғыл және сары жылқылар басым болғанымен, іштерінде қоңыр, сүлік қара, шұбар және жирендері де кездеседі.
Буденный жылқысы.Ресейдеөсіріліп шығарылған жаңа жылқы тұқымдарының ең таңдаулысы.Буденный тұқымын таза қанды, салт мінетін жылқының айғыры мен дон тұқымының биелерін шағылыстырып шығарған.Аталмыш жылқыны шығаруға Кеңес Одағының Маршалы С.М Буденный басқарған бір топ тәжірибелі мамандар қатысты.
Орловтың желісті жылқысы. Осыдан 150 жыл бұрын Воронеж облысының (Хренов) жылқы зауытында араб, дат, голланд тұқымдарын өзара будандастыру арқылы шығарылған.Орлов жылқысы ірі келеді.Бас үлкен, түгі тықыр, мойны ұзын, көбінесе аққу мойынды әдемі болады, шоқтығы биік, етті келеді, арқасы тегіс әрі жалпақ, сауыры құйылған шойындай түп-тұтас, аяқ сүйектері жуан келеді.Денесінің кемшіліктері мен буындарының солқылдақтығы мен алдыңғы аяқтарының алшақтау келетіндіктері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет