Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті


Министрліктің оң имиджін қалыптастыру бойынша жұмыс



бет3/3
Дата25.02.2016
өлшемі387.26 Kb.
#23604
1   2   3

Министрліктің оң имиджін қалыптастыру бойынша жұмыс

Департаменттің баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастыру ШҚО әкімдігінің, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің 2013 жылға арналаған жұмыс жоспарымен, Министрліктің нұсқауларына сәйкес БАҚ-тағы тақырыптық сөз сөйлеулер мен жарияланымдардың Медиа - жоспарына негізделеді.

ТЖ алдын алу және жою бойынша жұмыс, зардап шеккендерге көмек көрсету үнемі Республикалық, облыстық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шықты.

Барлығы ағымдағы кезеңде 626 сөз сөйленді, оның ішінде: радио бойынша-334 материал, теледидар бойынша-106 бейнематериал, баспасөзде 186 мақала жарық көрді. Құтқару жұмыстарын өткізу бойынша телеарналардан көрсетілген материалдардың барлығы ШҚО ТЖД баспасөз қызметкерлері ТЖ орындарынан түсірілген.

Қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында «Құтқару телефоны 112», «АҚ дабылдары», «Құтқарушы кәсібі», «Тіршілік ету қауіпсіздігі» тақырыптары бойынша 4 бейне ролик жасалды.

Тұрғындарды ТЖ кезінде әрекет етуге үйрету мақсатында ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің қызметкерлері пластилиннен «Қарлы борасын. Өзіңді қалай ұстау қажет» атты 1 мультипликациялық фильм және «Қан кету кезіндегі көмек», «Аяқ-қол сынғандағы көмек», «Термиялық күю кезіндегі көмек», «Реанимация». Атты 4 бейне ролик жасады.

ТЖ министрлігінің қолдауымен 2013 жылы облыстың кәбілді теледидар жүйесінде (КТВ-6, 31-арна, Алма ТВ, Зыряновск ТВ) Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларында маусымдық ТЖ алдын алу бойынша бейне роликтер көрсетілді. Бүгінгі күнге дейін арналардан 26 материал шықты.

ТЖ кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша 103456 дана жаднама, А2 форматындағы толық түсті плакаттардан 2333 дана дайындалды.

«Қазақстан - Өскемен» облыстық телеарнасында ТЖ және құқық қорғау органдары қызметтері туралы «Ой саптау», «Анализ. Оценка. Комментарий», «Ант» тақырыптық бағдарламаларының көрсетілімі жалғасуда. Бүгінгі күні эфирге ТЖ департаменті қызметкерлерінің қатысуымен 22 бағдарлама шықты.

ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД, ақпараттық агенттіктер сайттарына, сондай-ақ қала және аудан әкімдіктері сайттарының «ТЖ» айдарына қаладағы, аудандардағы шұғыл жағдайлар туралы, бөлімшелерде өткізілген іс-шаралар туралы материалдар күнделікті мемлекеттік және орыс тілдерінде жолданады. 2013 жылдың 1 тоқсанына ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД, ақпараттық агенттіктер сайттарына 137 мақала жіберілді.

ҚР ТЖМ «Пожарный и спасатель» журналына орналастыру үшін жүйелі түрде материалдар дайындалады. Жыл басынан бері «Пожарный и спасатель» журналына 7 мақала жіберіліп, оның 2 –еуі жарияланды.

Сондай-ақ «Взрывное дело», «Безопасность в промышленности», «Еңбекті қорғау, Қазақстан» журналдарына да ғылыми-көпшілік мақалалары жолданады. 4 мақала жіберілді.

Өскемен және Семей қалаларының ӨТО белсенді жұмыс жүргізілді. Өткен кезеңде 544 адам қамтылған 26 экскурсия өткізілді.

Су басу, қалың қар және Шығыс Қазақстан облысы аумағында орын алған жағымсыз ауа райының салдарынан ақпан-наурыз айларында баспасөз қызметкерлері Өскемен - Семей қалалары бойынша дауыс зорайтқыш құралдарының көмегімен хабарлау үшін рейдтер жүргізілді. Бір бағытта елді мекендердің бір ауданы қамтылды.

Интерактивті сабақтар өткізу жоспарына сәйкес жыл басынан 4 интерактивті сабақ өтті. Бұл сабақтарда облыстың 41 мектебінің 2702 оқушысы бір уақытта қамтылды. ТЖ департаментінің бастамасымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін, ТЖ кезінде әрекет ету шараларын үйрету үшін жергілікті бюджеттен 2 400 000 теңге бөлінді.

Жоспарлау және есеп беру жүйесін жетілдіру

ҚР ТЖМ 2013 жылға арналған Операциялық жоспарының негізінде Департаменттің 2013 жылға арналған жоспары жасалып, ТЖ министрімен бекітілді. ШҚО ТЖ департаментінің жоспары негізінде ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің жоспарлары әзірленіп, ШҚО ТЖД бастығымен бекітілді. Жоспарлардың орындалу мониторингі бекітілген мерзімде жүзеге асырылады.

Бөлімшелердің жұмыс жоспарларының орындалуына мониторинг жүйесі ұйымдастырылған. Тоқсан сайын құрылымдық және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бекітілген нысанда есептерін тапсырады, соның негізінде ШҚО ТЖД жұмыс туралы есебі дайындалады.

2013 жылдың 1 ақпанында ШҚО ТЖД № 24 «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесін енгізу туралы» бұйрығы шығып, қағаз түріндегі көшірмесіз тек электрондық форматта ведомствоаралық құжат айналымға сақталу мерзімі 10 жылдық құжаттар есепке алынған құжаттар тізбесі және істер номенклатурасы бекітілді. Жоғарыда аталған бұйрықтарға сәйкес ШҚО ТЖД барлық құрылымдық бөлімшелерінде ЭҚАБЖ жұмыс істей бастады. Құжаттамалау қағидаларының сақталуымен ШҚО ТЖД істер номенклатурасына сәйкес ҚР ТЖМ орталық аппаратына хат-хабар қағаз түріндегі нұсқасыз жіберіледі.

2013 жылдың 20 наурызы жағдайына ҚҚ ж МТДБ 829 қызметтік құжат тіркелді, оның 798-і орындалды, 31 құжат орындалуда, заңды тұлғалардың өтініштері - 795, оның ішінде 685-і орындалды, орындауда – 110 өтініш, жеке тұлғалардан – 57 өтініш, оның 42-сі орындалды, 15 өтініш орындалуда, «ҚПҮ» белгісі бар құжаттар – 40, оның 43-і орындалды, 7 құжат әлі орындалуда. 1 618 шығыс құжаты тіркелді, «ҚПҮ» белгісі бар 35 құжат орындалды. Құжаттың орындалуын бақылау күнделікті жүзеге асырылады. Есеп беру кезеңіне құжаттардың орындалу мерзімі бұзылған жоқ.

ҚР ТЖМ 2009 жылғы 8 қазандағы № 233 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, 2011 жылғы 27 наурыздағы № 98 «ҚР ТЖМ құжаттардың орындалуына бақылауды күшейту шаралары туралы» бұйрықтарын орындау мақсатында орындаушылық тәртіп жағдайы туралы мәселелер аппараттық мәжілістерде, құжаттардың орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру бойынша жұмыс тобының отырыстарында тоқсан сайын қаралып, хаттамалары дайындалып, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге таратылады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша кәртішкелерін ай сайынғы түсіру және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» 1-ОЛ нысанындағы тоқсан сайынғы статистикалық есеп ШҚО ТЖД бойынша ЭҚАБЖ арқылы қалыптастырылады, ал ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері жоғарыда аталған есепті «Тұлғалардың өтініштерін есепке алу» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастырып, ШҚО ТЖД-ға ұсынады. Жинақтық түсіру және есеп ҚР БП ШҚО бойынша ҚС ж АЕКБ-ға бекітілген мерзімде ұсынылады.

2013 жылдың 22 қаңтарында ШҚО ТЖД Орталық сараптамалық комиссиясының (бұдан әрі ОСК) 2013 жылға арналған жұмыс жоспары дайындалып, бекітілді. 2013 жылдың 26 ақпанында ОСК отырысы өткізіліп, хаттамасы дайындалып, орындау және жұмыста басшылыққа алу үшін ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жіберілді. ШҚО ТЖД бастығының 2013 жылғы 01 ақпандағы бұйрығымен ШҚО ТЖД ведомстволық мұрағатына 2010-2011 жылдардағы істерді тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының құрамы және істерді тапсыру кестесі бекітілді, соған сәйкес 2013 жылдың 11 наурызынан бастап ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерінен құжаттар қабылданады.

ШҚО ТЖД номенклатурасы «ШҚО мемлекеттік мұрағат» КМК келісілді, 2013 жылғы 22 қаңтарда ШҚО ТЖД бастығымен бекітілді. 2013 жылға арналған істер номенклатурасының көшірмелері дайындалып, ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелеріне жіберілді. Сонымен қатар ШҚО ТЖД қалалар мен аудандардың ТЖ басқармалары мен бөлімдерінің Үлгілік және Тұрпатты істер номенклатурасы дайындалып, қазіргі уақытта ШҚО Мемлекеттік мұрағатына келісуге табысталды.

2013 жылғы 28 наурызы жағдайына ШҚО ТЖД ведомстволық мұрағатымен құрылымдық бөлімшелерге жұмыс үшін 34 іс берілген, құрылымдық бөлімшелердің ауызша өтінімі бойынша құжаттардан 96 үзінді мен көшірме берілді.

2013 жылдың бірінші тоқсанында ай сайын құжат айналымда мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейіне бақылау жасалды, бұл мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыстың басты бағытының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты орындау бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне кеңестер берілді. Мемлекеттік тілде орындалған 348 парақтағы құжаттарға редакциялық - лингвистикалық сараптама жүргізілді. Құрылымдық бөлімшелердің бастықтарымен және қызметкерлерімен тікелей орындарда іс жүргізу барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша құрылымдық бөлімшелерде түсіндіру жұмысы жүргізілді, мемлекеттік тілде іс жүргізетін қызметкерлер тізімі жасалды, атқарылған жұмыс қорытындылары басшылыққа жеткізілді.

2013 жылдың 22 қаңтарында ШҚО ТЖД «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын жүзеге асыруды бақылау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі ТЖК) жұмыс жоспары бекітілді. 2013 жылдың 20 ақпанында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын жүзеге асыруды бақылау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының бірінші отырысы өткізіліп, онда мемлекеттік тілді оқыту бойынша курсты ұйымдастыру және қызметкерлердің сабаққа баруын бақылау мәселелері қарастырылды. Отырыс хаттамасы орындау және жұмыста пайдалану үшін ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне таратылды.

Бөлімшелердің ұсынған мәліметтеріне сәйкес мемлекеттік тілді оқытуға жататын қызметкерлердің саны анықталды. Қызметкерлердің білімдерін анықтау және оларды деңгейлері бойынша топтарға бөлу бойынша оқыту ұйымдарымен алдын ала жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша қызметтерге арналған 2013 жылғы 26 ақпандағы № 24, 2013 жылғы 28 ақпандағы № 27, №28, № 29, №30, № 31 келісімшарттардың және «Қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту туралы» ШҚО ТЖД 2013 жылғы 07 наурыздағы № 50 бұйрығының негізінде мемлекеттік тілге оқыту басталды, облыс бойынша барлығы 2013 жылы мемлекеттік тілді 49 адам оқуда.

2013 жылдың 4 ақпаны мен 9 ақпаны аралығында ҚҚ ж МТДБ қызметкері Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Ілеспе аударма теориясы мен тәжірибесі» атты біліктілік арттыру курсынан өтті.

2013 жылдың 14 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы гарнизонының әскери соты ұйымдастырған, мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданылу мәселелері қарастырылған дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Осылайша 2013 жылдың 1 тоқсанында Департамент жоспарланған барлық іс-шаралардың кешені атқарылды, олардың дер кезінде және сапалы орындалуы ТЖ және оқиғалардың жағымсыз салдары бойынша көрсеткіштің төмендеуіне ықпалын тигізді.

Алайда, объективті талдау көрсеткендей, облыс аумағында әлі де адамдар құрбан болуда, оның ішінде өрттегі балалар өлімінің 3 фактісі (Семей-1, Бородулиха -1, Зырян -1) тіркелді.

Су тасқынына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдары құралымдарының (Глубокое, Ұлан, Катонқарағай аудандарында) авариялар салдарын жоюға дайын еместігі анықталды.

Атқарылған жұмысты, анықталған кемшіліктерді, ТЖ маусымдылығын назарға ала және қорытындылай келе 2013 жылдың 2 тоқсанында орындауы басымды негізгі іс-шаралар:


  1. ҚР ТЖМ Операциялық жоспарын, ҚР ТЖМ Алқа қаулыларын, Министрлік

басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын, Департаментің жұмыс жоспарын толық және бұлжытпай орындау.

  1. Жергілікті атқарушы органдардың, мекемелер мен ұйымдардың тарапынан ТЖ бойынша облыстық, қалалық, аудандық комиссиялардың шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру жұмысын жалғастыру.

  2. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық

бірлестіктермен тығыз әрекеттесе отырып, өртте адамдардың құрбан болуының алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. Авариялық-құтқару құралымдары, объектілердің өртке қарсы мемлекеттік

емес құралымдары және мемлекеттік мекемелермен нақты әрекеттестікті ұйымдастырып, олардың дайындығына бақылау жасау.

5. Жаз маусымының басталуына байланысты табиғи аймақтарда, елді мекендерде өрттердің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру.

6. Суға шомылу маусымында облыстағы су айдындарында адамдардың

өлімінің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру.



ШҚО ТЖД

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет