Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі1.07 Mb.
#4714
1   2   3   4

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

      Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының сауда саласын тұрақты дамыту үшiн жүйелiк және институттық негiз жасау мен оның бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады.


      Iшкi сауда бөлiмiне нысаналы индикаторлар:
      бөлшек тауар айналымының жыл сайынғы өсу қарқынын алдыңғы жылғы (ағымдағы бағада) %-ға шаққанда 2014 жылдан бастап кемiнде 106%, оның үстiне 2010 жылы - 100%-ға, 2011 жылы - 102%-ға, 2012 жылы - 103%-ға, 2013 - 104%-ға қол жеткiзу;
      сауданың физикалық көлемi индексiнiң жыл сайынғы өсу қарқынын алдыңғы жылғы %-ға шаққанда 2010 жылы 108%-ға, 2011 жылы - 104%-ға, 2012 жылы - 104,1%-ға, 2013 жылы - 104,5 %-ға, 2014 - 105,3%-ға қол жеткiзу;
      2014 жылға қарай бөлшек сауда алаңының жалпы көлемiндегi сауда кәсiпорындары алаңының үлесiн 30 %-ға ұлғайту;
      2014 жылға қарай 1000 адамға сауда алаңдарымен қамтамасыз етушiлiк үлесiн 30 %-ға ұлғайту;
      бөлшек тауар айналымының жалпы көлемiнiң қазiргi заманғы сауда пiшiмдерiнiң үлесiн 50% дейiн жеткiзу;
      сауда алаңының 1 шаршы метрге сату көлемдерiн 40%-ға ұлғайту;
      бөлшек нарықтың шоғырланушылық деңгейiн 7 %-ға дейiн ұлғайту;
      баға құрылымының ашықтығын ұлғайту мақсатында биржа арқылы сауда операциялары көлемi үлесiн жалпы тауар айналымы көлемiнде 2010 жылы - 0,8%-ға, 2011 жылы - 0,9%-ға, 2012 жылы - 1,0%-ға, 2013 жылы - 1,1 %-ға және 2014 - 1,2%-ға көтеру;
      Негiзгi мiндет:
      iшкi сауданың тиiмдiлiгiн арттыру, сауда инфрақұрылымын жетiлдiру арқылы сауда саласындағы еңбек өнiмдiлiгiн ұлғайту, атап айтқанда:
      iшкi сауданы мемлекеттiк қолдау жүйесiн қалыптастыру;
      биржалық және электрондық сауданы жедел дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      сауда қызметi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны сауда саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаттарына сәйкес келтiру;
      көтерме сауда жүйесiн халықаралық транзит желiсiмен ықпалдастыру;
      iшкi сауда қатысушыларына сервистiк қолдау (ақпараттық, талдамалық, және басқа) ұйымдастыру;
      Көрсеткiштер:

Көрсеткiш

2010 жылдың басында

Жоспар

Дереккөзi

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Алдыңғы жылға қарағанда бөлшек сауда тауар айналымының %-бен өсу қарқыны

100

102

103

104

106

Статистикалық мәлiметтер

Алдыңғы жылға қарағанда физикалық көлем индексiнiң %-бен өсу қарқыны

108

104

104,1

104,4

105,3

Статистикалық мәлiметтер

Сауда кәсiпорындарының жалпы алаңы, мың м2

3 075

3 260

3 488

3 767

4 068

Статистикалық мәлiметтер

1000 адамға шаққанда сауда алаңымен қамтамасыз етiлушiлiк

176*

187

200

216

233

Статистикалық мәлiметтер

1000 адамға шаққанда «А» санатты сауда алаңымен қамтамасыз ету етiлушiлiк

58

67

81

97

116

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есебi

Сауда алаңының 1 шаршы метрiне (мың теңге) сату көлемi (базалық жыл бағасымен)

830

913

1004

1105

1215

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есебi

Бөлшек сауда нарығының шоғырлану дәрежесi

5,0%

5,5%

6,0%

6,6%

7,3%

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есебi

Биржа арқылы тауар айналымының жалпы көлемiндегi сауда операцияларының көлемi, %

0,8

0,9

1,0

1,1

1,2

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есебi

*- 2009 жылдың басына

      Сыртқы сауда бөлiмiне нысаналы индикаторлар:


      сыртқы сауда айналымының жыл сайынғы өсу қарқынына қол жеткiзу алдыңғы жылға % -ға шаққанда 2010 жылы - 110 %-ға; 2011 жылы - 106,2 %-ға; 2012 жылы - 105,0 %; 2013 - 103,7 %-ға; 2014 жылы - 104,1 %-ға жеткiзу;
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiнде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау;
      Кеден одағына мүше елдерiнiң (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) импорттық кедендiк баж ставкаларын 2010 жылы - 96%; 2011 жылы - 96%; 2012 жылы - 97%; 2013 - 99%; 2014 жылы - 99% деңгейiнде бiрегейлендiру;
      Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бiрыңғай экономиканың кеңiстiгiн қалыптастыруды аяқтау;
      Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру;
      әлемдiк сауда жүйесiне тартылу бойынша ДЭФ рейтингiн 80 орынға дейiн көтеру;
      Негiзгi мiндет:
      Әлемдiк сауда жүйесiне кiрiгу жолымен республиканың экономикалық мүдделерiн iлгерi жылжыту және қорғаудың тиiмдi және оперативтi жүйесiн құру, атап айтқанда:
      Қазақстанның аумағында осы заманғы бәсекеге қабiлеттi өндiрiстi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау, жаңа экспортқа бағдарланған өндiрiстер құру және жоғары технологиялық секторға шетел капиталын тарту;
      қазақстандық өнiмдердi сыртқы нарықтарға жылжыту үшiн қолайлы жағдай жасау.
      Көрсеткiштер:

Көрсеткiш

2010 жылдың басында




Жоспар




Дереккөзi

2011 жылы

2012 жылы

2013 жылы

2014 жылы

Алдыңғы жылға пайызбен сыртқы сауда айналымының өсiм қарқыны

110

106,2

105

103,7

104,1

Статистикалық мәлiметтер

Әлемдiк сауда жүйесiне тартылу бойынша ДЭФ рейтингi

93

88*

87

84

80

ДЭФ рейтингi

      *-2011 жылдың басына

      Жауапты орындаушылар:


      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi, Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi.

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Ескерту. 5-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi -ҚР Үкiметiнiң 2012.01.18 N 100 Қаулысымен.



      Бағдарлама мына бағыттар бойынша 2010-2014 жылдары кезең кезеңмен орындалатын болады:
      сауда инфрақұрылымын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      биржалық және электрондық сауданың тартымдылығын арттыру;
      сауда қызметi субъектiлерiмен жүйелi жұмыс құру;
      отандық өндiрiстi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      көп жақты және екi жақты ынтымақтастықты дамыту;
      ақпараттық тұғырнама қалыптастыру.
      Сауда инфрақұрылымын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау
      Сауда инфрақұрылымын дамытуды мемлекеттiк ынталандыру.
      Сауда инфрақұрылымын дамыту саласындағы мемлекеттiк саясат сауда мен логистикалық ұйымдар құру және дамыту үшiн алаңның, жердiң, сауда жабдығын сатып алу мүмкiндiгiнiң қол жетiмдiлiгiн ұлғайтуға бағдарлануы тиiс.
      Осыған байланысты 2011 - 2012 жылдарда:
      1) iшкi сауданы бөлшек сауда компанияларының инвестицияларға қол жетiмдiлiгiн жеңiлдету үшiн инвестициялық қызметтердiң басым бағыттарының тiзiмiне енгiзу;
      2) кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау мәселесiн төмендегiлер бойынша «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасына қосуды пысықтау:
      жоғары технологиялық жылыжай кешендерiн және ауыл шаруашылығы өнiмдерi қоймаларын салу және қайта жаңарту;
      ауыл шаруашылығы өнiмiн сақтауға арналған жаңа базалар салу және жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңалау, тауарларды қоймалау технологияларын жетiлдiру (қоймалардың қазiргi заманғы жобаларын, жабдықтардың жаңа түрлерiн әзiрлеу, қоймаларды механикаландыру және автоматтандыру)
      3) мемлекеттiк-жеке әрiптестiктi дамыту, оның шеңберiнде мемлекет жер берiп, учаскеге барлық қажеттi коммуникацияны әкеледi, ал жеке компания тауар өндiрушiлердiң өнiмiн өткiзу үдерiсiн қамтамасыз ететiн қойма аймағы мен логистика инфрақұрылымын дамыту мақсатында сауда немесе логистикалық объект салуы қажет.
      шағын сауда iшiмдерiн бiрiктiрудi және ауылдық жерлер мен қала өндiрушiлерiнiң және тұтынушылардың арасындағы кооперацияны ынталандыру.
      Сауда кәсiпорындарының iрi пiшiмдi талаптарын қанағаттандыратын  және транзакциялық шығындардың қысқаруына ықпал ететiн жеткiзудiң қазiргi заманғы жүйесi екi тәсiлмен құрылуы мүмкiн (бiрақ, онымен шектелмейдi):
      сауда кәсiпорны өндiрушiлермен тiкелей жұмыс жасайды, бұл бiрнеше өңiрде жұмыс жасайтын iрi сауда желiлерiне тән;
      сауда кәсiпорыны тауарларды белгiлi бiр өнiмге маманданған және бөлшек саудаға жеткiзетiн тәуелсiз көтерме құрылымдар арқылы сатып алады.
      Осылайша дистрибьюторлық орталықтар мен көтерме құрылымдарды дамыту және шағын өндiрушiлердi бiрiктiру үшiн жағдайлар жасаған орынды.
      Бұл шаралар бiрiншi кезекте ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруға бағытталуы тиiс. Бұл жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiк өлшенiп, оралған немесе оралмаған күйде жас жемiстер мен көкенiстердiң iрi партияларын үздiксiз және тиiмдi жеткiзуден көрiнедi.
      Осыған байланысты саудадағы, оның iшiнде ауыл шаруашылығындағы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау үшiн:
      1) «Даму» КҚҚ құралдары арқылы кәсiпкерлерге маркетингтiк зерттеулер бойынша шығындар бөлiгiн өтеуге арналған субсидиялар ұсыну арқылы қаржылық қолдау көрсету;
      2) «Даму» КҚҚ құралдары арқылы шағын сауда пiшiмдерiн («үйдегi дүкен») бiрыңғай брендпен және бiрыңғай ассортиментпен әрi баға саясатымен бiрiктiру үшiн, оның iшiнде олардың сауда жабдығын сатып алуға кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, сондай-ақ жеңiлдiктi жағдайларда негiзгi құралдарды сатып алуға лизинг ұсыну бөлiгiнде қаржылық қолдау көрсету;
      3) тиiстi нормативтiк құқықтық актi әзiрлеу және кооперация кезiнде консультациялық көмек көрсету жолымен өткiзу және сатып алу кооперативтерiн құру арқылы шағын және орта кәсiпкерлiк кооперациясын қолдау қажет.
      Өндiрушiлердiң өткiзу кооперативтерi бiрнеше өндiрушiлердiң ұсыныстарын жинақтауға және қолайлы шығын үлесiмен дистрибуцияның бiрыңғай жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi, ол кооператив мүшелерiне: жаңа өңiрлер мен сату арналарына (оның iшiнде жеткiзу көлемдерi мен мерзiмдерi, сапасы, таңбалануы т.б. бойынша сауда желiлерiнiң талаптарына сәйкес келу) шығуға; сауда компанияларынан барынша тартымды жағдайлар алуға; қатерлердi төмендету және осыған орай бұл кәсiпорындар үшiн қаржы ресурстарының құнын төмендетуге мүмкiндiк жасайды. Сатып алу кооперативтерi бiрнеше шағын және орта бөлшек сауда компанияларының сұранысын бiрiктiре алады, бұл: шығын үлесiн азайтатын дистрибуцияның тиiмдi жүйесiн құруға, оның iшiнде қоймалар т.б. салуға; ауқым әсерi есебiнен жеткiзушiлерден жақсы жағдайлар алуға; жеткiзу тiзбегiндегi делдал буынын алып тастауға және өндiрушiлерге тiкелей шығуға; бiр шағын немесе орта кәсiпорындар үшiн тым қымбат қазiргi заманғы IТ жүйесiн енгiзуге; желiлiк ойыншылардың брендтерiмен бәсекелесе алатын бiрыңғай бренд құруға және iлгерiлетуге; қатерлердi төмендетуге және осының салдарынан қаржы ресурстарының құнын төмендетуге мүмкiндiк бередi. Биржалық және электрондық сауданың тартымдылығын арттыру
      Биржалық сауданы дамыту:
      1) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өндiрiстiң жылдық көлемiнен тауар биржалары арқылы өткiзуге жататын тауарлардың мiндеттi үлесiнiң көлемiн айқындау бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу;
      2) Биржалық тауарлар тiзбесiн әзiрлеу және бекiту;
      3) тауар биржалары арқылы сауданы жүргiзу кезiнде салық жеңiлдiктердi беру мәселесiн пысықтау;
      4) биржалық сауда арқылы мемлекеттiк сатып алуды дамыту бойынша ұсынымдар әзiрлеу.
      Электрондық сауданы дамыту.
      Электрондық сауданы дамыту және телекоммуникация мен электрондық төлемдер саласын дамытуға жағдай жасау үшiн 2011 - 2012 жылдарда мыналарды:
      1) бөлшек сауда кәсiпорындары үшiн аудару арқылы есептесу бойынша банктiк операциялар шығындарын төмендету мәселесiн пысықтау;
      2) барлық екiншi деңгейдегi банктердi бiрыңғай процессингтiк орталыққа (Webmoney, Paypal ұқсас) бiрiктiретiн Интернет-дүкендерге кiрiктiру үшiн ыңғайлы модульдерi бар Интернет желiсiнде аудару арқылы электрондық төлеу жүйесiн құру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      3) бiрыңғай республикалық электрондық сауда алаңын құру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.
      Сауда қызметiнiң субъектiлерiмен жүйелiк жұмысты құру
      Заңнаманы жетiлдiру
      Ұлттық заңнаманы жандандыру, оны сауда саласындағы қазiргi заманғы талаптармен сәйкес келтiру мақсатында 2010-2013 жылдарда мыналарды:
      1) сауда қызметiн реттейтiн барлық деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерiне түгендеу жүргiзу, бұл заңнамадағы бар олқылықтарды, қайшылықтарды және ескiрген нормаларды анықтауға мүмкiндiк бередi;
      2) қазiргi заманғы сауданың барлық пiшiмдерiн (гипермаркеттер, супермаркеттер, дискаунттер) нақты жiктеудi белгiлеу және әрбiр пiшiмдердiң негiзгi сипаттамасын айқындау қажет. Бұл жiктеу қазiргi халықаралық жiктеулер негiзiнде әзiрленетiн болады;
      Сауда кәсiпорындарын орналастыруды жоспарлау жүйесiн енгiзу.
      Қалалық даму ерекшелiктерiн ескеретiн және түрлi пiшiмдер мен сауда объектiлерi өлшемдерiнiң арасындағы қажеттi теңгерiмдi сақтап, жергiлiктi сұранысты қанағаттандыратын, халықты сауда объектiлерiмен ұтымды қамтамасыз ету мақсатында Ресей мен Еуропа елдерi (Ұлыбритания, Франция) үлгiсi бойынша бөлшек сауда кәсiпорындарын дамытуды (орналастыруды) жоспарлау жүйесi енгiзiлетiн болады.
      Осыған байланысты, 2011 жылы мыналар:
      1) сауда алаңдарымен тұрғындардың қамтамасыз етiлуi (шаршы метр немесе 1000 адамға бiрлiк) және сауда желiлерiнiң қашықтықтан қол жетiмдiлiгi бойынша нормативтердi әзiрлеу және бекiту қажет. Жоспарлау шағын және орта кәсiпкерлiктiң мүддесi мен дүкендер мен базарлардың әртүрлi пiшiнi арасындағы теңгерiмнiң сақталуын есепке ала отырып, қала құрылысы заңнамасының, аумақтарды дамыту жоспарлары негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
      2) бөлшек сауда кәсiпорындарын орналастыру бойынша әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу және бекiту қажет. Республикалық әдiстемелiк нұсқаулардың негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар шағын және орта кәсiпкерлiктiң мүддесiн ескере отырып, бөлшек сауда кәсiпорындарын орналастыру және олардың жұмыс iстеуi бойынша жергiлiктi жоспарлар/талаптар әзiрлейтiн болады. Кейiннен, құрылысты ынталандыру және сауданың жетiспейтiн пiшiмдерiн дамыту жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiлетiн болады. Жергiлiктi атқарушы органдар жер учаскелерiн жеңiлдiкпен бөлу, отандық инвесторларды тарту, әртүрлi инвестициялардағы құжаттаманы келiсуден инвесторлардан босату үшiн жоба алды құжаттамасын әзiрлеу, рұқсат беру рәсiмдерiн оңайлату және шығыс-рұқсат беру құжаттамасын (ресей тәжiрибесiнiң үлгiсi) әзiрлеудiң шектi мерзiмiн белгiлеу жолымен жаңа сауда объектiлерiн ашуға ықпал ете алады. Сондай-ақ құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алу үдерiсiн оңайлату үшiн «бiр терезе» қағидатын енгiзу мүмкiндiгi қарастырылатын болады.
      3) жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiнде сауда инфрақұрылымын жоспарлау және дамыту бойынша функциялар көзделуi қажет.
      Сауда нарықтарының инфрақұрылымына қойылатын талаптарды кезең-кезеңмен күшейту
      Әлемдiк сауда тәжiрибесi көрсеткенiндей, сауда қызметiн көрсетудiң жоғары ұйымдастырылған жүйелерiнде де нарықтар мен көше саудасының орны бар, алайда олардың сатудағы жалпы көлемi айтарлықтай емес.
      Қазақстанда халықтың өмiр сүру деңгейiнiң өсуiмен және артықшылықтардың өзгеруiмен тауарлар және сервистiң анағұрлым жоғары сапасының пайдасына нарықтардағы тауар айналымының үлесi төмендейдi.
      Дегенмен, нарықтардың белгiлi бiр үлесi қалды, өйткенi олар халықтың қорғалмаған жiктерiн басқа сауда пiшiндерiнде iске асырылмайтын қол жетiмдi тауарлар мен ерекше азық-түлiктерге қатысты қамтамасыз етедi және сондай-ақ ұсақ өндiрушiлерге өз өнiмдерiн өздiгiнен iске асыруға мүмкiндiк бередi. Осыған байланысты, бiр жағынан, тауарлар мен қызметтердiң басқа саласындағы нарықтарды қайта даярлау үдерiсiн жеделдету және реттеу, екiншi жағынан, олардың деңгейiн әлемдiк стандарттарға барынша жақындатып, жұмыс iстейтiн нарықтарды жаңғырту үшiн жағдай жасау қажет.
      Бұл үшiн қолданыстағы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес талдау жүргiзу, одан әрi бес жыл iшiнде оларды кезең-кезеңiмен жаңғыртуды есепке ала отырып, сауда нарықтарына қатысты жаңа республикалық талаптарды әзiрлеу және бекiту керек. Осы талаптарға сәйкес, әрбiр нарық орналасқан орнына сәйкес оған жазылғаннан төмен емес тип пен санатына сәйкес келуi тиiс. Ең жоғарғы талаптар республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан нарықтарға қойылатын болады. Облыс орталықтарындағы нарықтарға қойылатын талаптар басқа қалаларға, аудан орталықтарына және ауылдық жерлерге қарағанда барынша қатаң болуы тиiс.
      Нарықтарды 2014 жылға дейiн жаңғырту жоспарының жобасы*

     I санат


     2011-2012                       2014 жылдан бастап
_____________________            __________________
|* Жабық базар       |          |**                |
|(көтерме және       |          |Мыналарға бөлу:   |
| бөлшек сауда       |          |Iрi сауда         |
|нарықтарының        |--------->|орталығы және     |
|функцияларын қоса   |          |Сауда-логистикалық|
| атқару мүмкiн)     |          |терминал          |
|____________________|          |__________________|

     II санат


     2011-2012                         2014 жылдан бастап
________________________             ____________________
|* Аралас сауда базары  |           |** Мыналарға бөлу:  |
|                       |---------> |Жақсартылған жабық  |
|_______________________|           |және Көтерме база   |
                                    |____________________|

      III санат


      2011-2012                        2014 жылдан бастап
__________________            ____________________________
| * Ашық нарық    |          |** Жабық базар (көтерме    |
|                 |--------->|(және бөлшек сауда         |
|_________________|          |нарықтарының функцияларын  |
                             |қоса атқару мүмкiн)        |
                             |___________________________|

      Ескерту: 1 санат — Республикалық маңызы бар қалалар, 2 санат - Облыс орталықтары мен басқа қалалар, 3 санат — аудан орталықтары және ауылдың жерлер.


      «*» түсiндiрудi жеңiлдете отырып, санат iшiндегi градацияны көрсетедi.
      Санатты айқындау жергiлiктi органдардың жанынан мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнен, сондай-ақ iскер адамдардан, салалық қауымдастықтардан, қоғамдық бiрлестiктердiң мамандарынан тұратын арнайы құрылған сараптамалық кеңестердiң салалық қауымдастықтарының қорытындыларын қарау қорытындысы бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
      Бұл ретте барлық сауда базарлары ыңғайлы жерде орналасуы, елдi мекен өмiрiне кiрiгуi тиiс, өйткенi олар тек экономикалық қана емес, әлеуметтiк функцияларды да орындайды. Көптеген қалаларда базарларды қала сыртына көшiру үрдiсi бар, бұл олардың дәстүрлi функциялары мен олардың қызмет тиiмдiлiгiнiң жоғалуын бiлдiредi. Осыған байланысты, базарлардың орналасуы бойынша шешiмде тек қаланы дамыту жоспары ғана емес барлық салдарлар ескерiлуi тиiс.
      Осыған байланысты, 2011 - 2012 жылдарда мыналарды:
      1) республиканың барлық жұмыс iстейтiн сауда базарларына паспорттау жүргiзу;
      2) жаңғыртуға кедергi жасайтын себептер мен факторларды анықтау мақсатында қолданыстағы талаптарға сәйкес сауда базарларының жағдайын талдау жүргiзу;
      3) оларды кезең-кезеңмен жаңғыртуды ескере отырып базарлардың сыныптамасы талаптарын әзiрлеу.
      Коммуналдық базарлар мен жәрмеңкелердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу саясатын жетiлдiру.
      Халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiн қолдауға бағытталған мемлекеттiк саясат құралының бiрi коммуналдық базарлардың қызметiн дамыту, сондай-ақ жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыруға жәрдемдесу болып табылады. Коммуналдық базарларды, сондай-ақ алаңдарды жалға алудың ең аз құны бойынша ұсынып, отандық азық-түлiк емес тауарларды өндiрушiлердi қолдау ретiнде пайдалануға болатынын атап өткен жөн. Осы объектiлерде сатылатын өнiмдердiң көп бөлiгi азық-түлiк емес тауарларға жатады.
      Базарлар инфрақұрылымына қойылатын талаптарды күшейту мақсатында 2011 - 2012 жылдардан бастап:
      1) республиканың барлық жұмыс iстеп тұрған сауда базарларына паспорттандыру жүргiзу;
      2) жаңғыртуға кедергi жасайтын себептер мен факторларды анықтау мақсатында қолданыстағы талаптарға сәйкес сауда базарларының жағдайын талдау жүргiзу;
      3) оларды кезең-кезеңмен жаңғыртуды ескере отырып, базарларды жiктеу талаптарын әзiрлеу;
      Коммуналдық базарлар мен жәрмеңкелердiң қызметiн реттеудiң мемлекеттiк саясатын жетiлдiру қажет.
      Халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiн қолдауға бағытталған мемлекеттiк саясат құралдарының бiрi коммуналдық базарлардың қызметiн дамыту, сондай-ақ жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыруға жәрдемдесу болып табылады. Коммуналдық нарықтарды ең аз құны бойынша жал алаңдарын ұсыну, бүгiнде коммуналдық базарларда сатылатын өнiмнiң басым бөлiгi азық-түлiк емес тауарларына жататынын ескере отырып, азық-түлiк емес тауарларының отандық өндiрушiлерiн қолдау ретiнде пайдалану қажет.
      Осыған байланысты, 2010-2014 жылдарда мыналарды:
      1) коммуналдық базарлардың ағымдағы қызметiне, олардың өңiрлердегi баға саясатына ықпалын, шығындар құрылымына талдау жүргiзу;
      2) сауда орны үшiн жалға беру ақысын айқындау әдiстемесiн қоса алғанда коммуналдық базарлардың қызметi бойынша әдiстемелiк ұсынымдарды бекiту;
      3) коммуналдық базарлар әкiмшiлiгiн конкурстық iрiктеу, оның қызметiн жергiлiктi атқарушы органдардың тарапынан бағалау және реттеу өлшемдерiн әзiрлеу;
      4) жәрмеңкелер өткiзу арқылы халыққа әлеуметтiк маңызы бар тауарларды тiкелей сатуды ынталандыру тәжiрибесiн дамыту қажет.
      Отандық өндiрiстi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау.
      Кедендiк-тарифтiк саясат. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағы жұмыс iстейдi, ол әлеуеттi шетелдiк иивесторлар үшiн бiрқатар артықшылықтар ұсынады, өткiзу нарығын кеңейтуге, тауарлардың экспорты кезiнде көлiктiк және кедендiк шығыстарды азайтуға, Ресей мен Беларусия арқылы тауарларды тасымалдау кезiнде салық салу жүйесiн жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi.
      Осыған байланысты, 2011 - 2014 жылдарда Қазақстанды мемлекеттiк реттеудiң жекелей және Кеден одағы шеңберiнде мынадай жолдармен жетiлдiру қажет:
      1) құқықтық базаны жаңа талаптар арқылы бейiмдеу:
      «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында экспортты дамыту және жылжыту мен экспортты экономикалық ынталандыру құралдары жөнiндегi Ұлттық ұйымның құқықтық мәртебесiн бекiту, сондай-ақ оған мыналардың бөлiгiнде тарифтiк квотаны қолдану тетiгiн енгiзу;
      Кеден одағы шеңберiнде тараптардың ұстанымдарын тиiмдi келiсуге және оларды ұлттық ұйымдардың шешiмдерi шеңберiнде ескеруге мүмкiндiк беретiн ережелердi, рәсiмдердi және регламенттердi әзiрлеу және енгiзу, бұл кеден одағының ұлттық ұйымдардың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi және шұғыл тетiктерiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi;
      2) төмендегi әдiстер арқылы өндiрiстi жаңартуды ынталандыру  және қазақстандық өнiмнiң бәсекелестiгiн арттыру:
      отандық өндiрiстердiң технологиялық деңгейiн көтеруге ықпал ететiн және Кеден одағы елдерiнде ұқсастығы жоқ өндiрiстiк мақсаттағы жоғары технологиялық жабдықтарды, жинақтауыштар, дайын бұйымдарды әкелу үшiн жағдайлар жасау (Кеден одағының әкелу кедендiк баждары ставкаларын төмендету немесе нөлге түсiну жөнiндегi комиссиясының отырысына ұсыныс әзiрлеу);
      Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны және салалық бағдарламаларды iске асыруға нысаналы негiзде байланысты, сондай-ақ Кеден одағы бойынша әрiптес елдердегi ұқсас құжаттардың әкелу және әкету баждарын өзгерту кестесiн бекiту;
      кеден тарифiнiң эскалация деңгейiн көтеру және жиынтықтауыштарға арналған әкелу баждарын азайту/нөлге түсiру;
      3) бағаның тез, оның iшiнде маусымдық сипаттағы ауытқуын болдырмау, сондай-ақ аграрлық саладағы (маусымдық баждар, бағалық диапазондардың негiзiндегi баждары, тарифтiк квоталар) импортты реттеу үшiн арнайы құралдарды пайдалану бойынша Кеден одағы комиссиясының отырысына ұсыныстар әзiрлеу арқылы өндiрушiлер мен тұтынушылар мүддесiнiң теңгерiмiн қамтамасыз ету. Осы шараларды қолдану өндiрiстiң тұрақты мониторингi мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң және азық-түлiк тағамдарының маңызды түрлерiн сату негiзiнде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясат шараларын ескеру қажет;
      4) шикiзатты қайта өңдеу және одан жасалған дайын өнiмдердi өндiру бойынша, сондай-ақ фискалдық мақсаттарда әкетiлген кедендiк баждарды белгiлеу және әкiмшiлiк ету тетiктерiн жетiлдiру. Бұл ретте өткiзу нарықтарын шығынға әкелмес үшiн әлемдiк нарықтардағы қазақстандық тауарлардың бағалық бәсекеге қабiлеттiлiгiн ескерген жөн;
      5) Кеден одағы шеңберiнде Қазақстан ұсынған шешiмдердiң негiздемелiк базасын күшейту, олардың әлеуметтiк-экономикалық және сауда-саяси салдарларын болжау, сондай-ақ кейiннен кедендiк-тарифтiк реттеудiң алдын ала шараларының жоспарын әзiрлеу үшiн сыртқы ортада өсiп келе жатқан қатерлермен және халықаралық сауда үдерiсiнде Қазақстанның жылдам тартылумен байланысты сыртқы экономикалық салада мониторинг жүйесiн көру.
      6) Сауда саясаты мәселелерi бойынша ақпараттық ресурстардың бiрыңғай базасын құру арқылы Кеден одағы шеңберiнде әзiрленетiн және қабылданатын шешiмдердi талқылауға iскер топтарын тарту.
      Тарифтiк емес реттеу шаралары. Тарифтiк емес реттеу шаралары қаржылық, техникалық, кредиттiк және сауда саясаты шараларын, сондай-ақ экологиялық саясат iс-шаралары, адам денсаулығын, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғауға бағытталған шаралардың ауқымды бiртектi тобын қамтиды. Осы шараларды бiршама түрде пайдалану тауарлар мен қызметтердiң сыртқы нарығы үшiн кедергi жасайды.
      Осыған байланысты 2011 - 2014 жылдарда мыналар:
      1) нарықта бәсекеге қабiлеттi жағдайдың бұзылуы, тауарларды орналастыруды шектеу кезiнде жекелеген түрлердiң экспортына және/немесе импортына айрықша құқық беру тәжiрибесiн қысқарту. Әлемдiк тәжiрибеде импортқа және (немесе) экспортқа айрықша құқық берудi монополистiк шаралар деп те атайды - бұл шаралар мемлекеттiк өнiмдердiң экспортына (импортына) жекелеген шаруашылық субъектiлерiне айрықша құқық берудi болжайтын, оның iшiнде монополистiк жағдайды құру, бiр немесе шектелген тұлғалар тобына экономикалық, әлеуметтiк не қаржылық себептерi бойынша айрықша құқық беру салдарының шаралары. Осылайша, бүкiл импорты немесе жекелеген тауарлардың импорты мемлекеттiк органдар не мемлекет бақылайтын кәсiпорындар арқылы өтуi тиiс. Жекелеген жағдайда жеке салаға айрықша құқық берiледi, бұл нарықтың басқа қатысушыларын ығыстырады.
      2) сыртқы сауда саласында лицензиялауға жататын тауарлар тiзбесiн кезең-кезеңi бойынша Кеден одағы отырысына ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ лицензия алу процесiне байланысты рәсiмдер мен құжаттамаларды оңайлату;
      3) Кеден одағы келiсiмдерiнiң нормаларын ДСҰ нормаларына сәйкес келтiру мақсатында тарифтiк емес реттеу шараларының жүйесiн жетiлдiру;
      4) Қазақстандық тауарлардың Кеден одағына мүше елдерiнiң нарығына қол жеткiзуiне қатысты кедергiлерге жол бермеу мақсатында тарифтiк емес реттеу шараларының мониторингiн жүргiзу.
      Тауарлардың импорты кезiнде iшкi нарықты қорғау.
      Кеден одағы құрылғанға дейiн Қазақстанда әлемнiң барлық елдерiнен, оның iшiнде Кеден одағы елдерiнiң импортына қатысты демпингке қарсы және өтемдiк шараларын қабылдау мүмкiндiгi болды, ал арнайы қорғау шаралары шығу елiне қарамастан барлық импортқа қатысты болды. 2010 жылғы шiлдеден бастап сауда шаралары тек Кеден одағына кiрмейтiн елдерде өндiрiлетiн тауарларға қатысты қабылдануы мүмкiн.
      Халықаралық құқық жүйесiнде сауда шараларын қолдану 1947 жылғы ГАТТ-тың VI және XIX баптарымен және ДСҰ-ның ГАТТ-тың VI бабын қолдану туралы, субсидиялар мен өтемдiк шаралары туралы және арнайы қорғау шараларын қолдану туралы Келiсiмдерiмен реттелетiнiн атап өткен жөн. Әлемдiк саудада барынша таратылған демпингке қарсы шаралар болып табылады — ДСҰ статистикасына сәйкес 1995 жылдан бастап 2008 жыл аралағында ДСҰ-ға мүше елдер 6000-ға жуық тексерулер жүргiзген.
      Жалпы алғанда, Сауда шаралары бойынша ДСҰ-ның құқықтық базасы мүше елдерге, егер тауарлар импортының өсуi қатерлер немесе отандық өндiрiстерге шығын келтiрген жағдайда iшкi нарықты қорғауға; сауда әрiптестерi тарапынан әдiлетсiз сауда жағдайында отандық өндiрушiлердiң мүддесiн қорғау үшiн шаралар қабылдауға; ДСҰ-ның басқа мүшелерi тарапынан сауда шараларын негiзсiз пайдаланған жағдайда отандық экспорттаушыларды кемсiтушiлiктен қорғауға мүмкiндiк бередi.
      Сауда шараларын пайдалануда көшбасшы елдер мыналар болып табылады: Үндiстан, Бразилия, Аргентина, Түркия, ЕС, АҚШ, Австралия, Канада, Қытай, ОАР. Ұлттық өндiрiстердi қорғау үшiн ДСҰ мүмкiндiгiн табысты пайдаланатын дамыған елдердiң сауда шараларын белсендi қолдану үрдiстерi байқалуда. Оларға қарсы сауда шаралары жиi қолданылатын елдер: Қытай (50%-дан астам), Таиланд, Тайвань, Индонезия, Корея, АҚШ, Үндiстан және Ресей.
      Осыған байланысты 2010-2014 жылдарда мыналарды:
      1) Кеден одағы шеңберiнде ауысу кезеңiнде тексеру жүргiзудiң уақытша тетiгiн әзiрлеу. 2010 жылғы шiлдеден бастап Үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану туралы келiсiм күшiне ендi, бұл ретте Кеден одағы шеңберiнде бiлiктi мамандармен толыққанды жұмыс iстейтiн құзыреттi органды құруға қосымша уақыт қажет болады. Осыған байланысты, осы уақытта Кеден одағының өндiрушiлерi жосықсыз немесе тез өсетiн импорттан қорғау мүмкiндiгiнен айырылып қалмас үшiн тиiстi тетiктер әзiрлеу қажет;
      2) өндiрiске қауiп төндiретiн немесе өз бастамасы бойынша тексеруге бастамашылық жасау мәселесiн құзыреттi органның қарауына кейiннен ұсыныстар әзiрлеу үшiн инвестициялық жобаларды iске асыруға кедергi келтiретiн импорттың айтарлықтай көлемiн анықтау мақсатында Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде басым салаларға жататын салаларға мониторинг жүргiзу;
      3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану туралы өтiнiмдi дайындау мен беру кезiнде қазақстандық өндiрушiлерге жәрдемдесу, сондай-ақ оларға қатысты тексеруге бастамашылық жасалған және үшiншi елдерде сауда шараларын қолданатын қазақстандық экспорттаушылардың мүддесiн қорғауға мамандандырылған талдау тұғырнамасын құру қажет.
      Көпжақты және екiжақты ынтымақтастықты дамыту.
      Қазiргi уақытта Қазақстан күш-жiгерi экономиканың мынадай басым салаларын дамытуға шоғырландырған:
      дәстүрлi (мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешенi, шикiзат өндiрiстерiн кейiннен барынша жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсiбi);
      жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негiзделген (машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика);
      шикiзаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндiрiстер (агроөнеркәсiптiк кешен, жеңiл өнеркәсiп, туризм);
      кейiнгi 15 — 20 жылда әлемдiк экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметi).
      Осыған байланысты, әрiптестiктi дамыту жаһандық экономикада республиканы дамыту және ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi, атап айтқанда 2010-2014 жылдары:
      1) дәстүрлi нарықтарды қазақстандық экспорттаушылар мен инвесторлардың ұстанымдарын ұлғайтуды және мынадай жолдармен жаңа нарықтарды игерудi қамтамасыз ететiн сауда байланыстарын географиялық әртараптандыру:
      Қазақстанның экономикалық мүдделерiн есепке ала отырып, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына қосылу;
      iрi сауда және экономикалық әрiптестер - Еуропа одағы, АҚШ, Қытай, Үндiстанмен келiссөздi, сондай-ақ стратегиялық әрiптестiк шеңберiнде (Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқалар), оның iшiнде Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағы арасында жаңа Негiздемелiк келiсiмдi әзiрлеу және жасау, сауда және инвестициялар саласындағы қатынастарды дамыту жөнiндегi Келiсiм шеңберiнде (ТИФА) өзара қарым-қатынастарды жандандыру арқылы дамыту.
      Кеден одағы бойынша әрiптестермен бiрлесiп алыс шет елдермен өзара қарым-қатынастарды еркiн сауда аймағы туралы келiсiмдi, атап айтқанда Еркiн сауданың Еуропалық қауымдастығына мүше мемлекеттермен (Швейцария, Лихтенштейн, Норвегия, Исландия), Сербиямен және Черногориямен еркiн сауда туралы, Египетпен, Иорданиямен, Израильмен, Ауғанстанмен, Парсы шығанағы елдерiмен (Сауд Арабиясы Корольдiгi, Кувейт, Бахрейн, Оман, Катар, БАӘ) және басқа да елдермен преференциялық сауда туралы келiсiмдер жасасу арқылы дамыту.
      Кеден одағы бойынша әрiптестермен бiрлесiп ТМД елдерiмен өзара қарым-қатынастар үшiн бiрыңғай сыртқы саясатты бiрыңғай сауда режимiн қалыптастыру, оның iшiнде Түркiменстанмен еркiн сауда туралы келiсiмдi жасасу арқылы жүргiзу.
      2) әлемдiк нарықта ауыл шаруашылығы өнiмдерiн перспективалы экспорттаушы ретiнде өңiрдiң инвестициялары үшiн тартымды республиканың ұстанымдарын күшейту, сондай-ақ азық-түлiк емес тауарлар импортына тәуелдiлiктi азайту.
      3) мыналарға бағытталған құқықтық базаны әзiрлеу арқылы Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру:
      келiсiлген экономикалық саясатты, атап айтқанда бiрыңғай макроэкономикалық саясатты, бәсекелестiк саясатты, табиғи монополиялар, өнеркәсiптiк субсидиялар, мемлекеттiк сатып алу, ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы саясатты қалыптастыру;
      инвестициялық қызмет және валюталық саясатпен келiсiлген капиталдың еркiн қозғалысы үшiн жағдайлар жасау;
      қызметтiң еркiн қозғалысы үшiн жағдайлар жасау;
      жұмыс күшiнiң еркiн қозғалысы үшiн жағдайлар жасау;
      БЭК-ке қатысушы елдер инфрақұрылымына, атап айтқанда электр энергетикасы, темiр жол көлiгi, мұнай мен газды тасымалдау саласындағы кемсiтушiлiксiз қол жетiмдiлiк ұсыну.
      Ақпараттық тұғырнаманы қалыптастыру
      Сервистiк қолдау. Экономиканың кез келген саласын ұзақ мерзiмдi дамыту көбiнесе нарықтың ашықтығына, хабардар болушылыққа және болжампаздығына байланысты болады. Осыған байланысты, жалпы алғанда сала үшiн және жекелеген бағыттар бойынша проблемаларды зерделеумен, шешiмдердi қарастырумен және стратегиялар мен тәсiлдердi қалыптастырумен үнемi айналысуы қажет. Нәтижесiнде, нарықтың хабардар болуы мен ашықтығы жергiлiктi және шетелде шығарылатын салаларға қосымша инвестицияларды белсендi тартуға мүмкiндiк бередi.
      Осыған байланысты 2010-2014 жылдары мыналарды:
      «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ базасында бөлшек сауданы дамытуға мамандандырылған зерттеу және талдау тұғырнамасын, оның iшiнде мамандандырылған электрондық Интернет-ресурс құру;
      сауда саласының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сiлтеуiш әзiрлеу;
      тәжiрибе және бөлшек сауда бизнесiндегi, бөлшек сауданы мемлекеттiк реттеудегi және қолжетiмдi қолдау шараларының жаңалықтары туралы ақпарат алмасу мақсатында iрi шетелдiк бөлшек сауда желiлерi өкiлдерiнiң қатысуымен бөлшек сауда бизнесi өкiлдерi үшiн жыл сайын форумдар мен семинарлар ұйымдастыру қажет.
      Бiлiктiлiктi арттыру. Қатардағы сауда персоналын және басқарушы буынның менеджерлерiн оқыту мен кәсiбилiгiн арттыру жүйесiн енгiзу үшiн мыналар:
      1) жыл сайын тұрақты негiзде барлық республика бойынша кадрлардың қамтамасыз етiлуiнiң мониторингiн жүргiзу қажет. Әрбiр елдiң жекелеп алған өңiрiнде түрлi бейiндi мамандардың көлемi мен тапшылығын бағалау керек. Кадрлардың аса тапшылығы жалпы алғанда, республика бойынша және жекелей алған өңiрлерде сауда жүйесi тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкелуi мүмкiн. Сондықтан әрбiр кадрға мұқтаж өңiрлерде қысқа мерзiмде оқу курстарын ұйымдастырудың маңызы зор;
      2) салалық қауымдастықтармен бiрлесiп сауда компанияларының персоналы үшiн қысқа оқыту курстары бар тренингтiк орталықтарды құру мәселесiн пысықтау қажет. Семинарлар мен дәрiстер жүргiзу үшiн Батыс және Шығыс Еуропа елдерiнен тәжiрибелi мамандарды тұрақты түрде шақыру керек.
      Осылайша, қатардағы персонал деңгейiнде және сондай-ақ топ менеджер деңгейiнде кадрлық мәселелердi шешу қазақстандық сауда компанияларының тиiмдiлiк деңгейiн осы саладағы үздiк әлемдiк стандарттарға барынша жақындатуы тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет