Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы


Бағдарламаны іске асыру кезеңдері



бет4/8
Дата28.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#163666
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаның шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалар.


      Пысықталған:
      1. Васильков алтын кен орнын одан әрі игеру және алтын шығаратын фабрика салу, 2010 жыл, 8 млн. тонна кен өңдеу және 15 тонна алтын өндіру, «Алтын-Тау» акционерлік қоғамы.
      2. Өскемен металлургия кешенінің мыс балқыту және электролиз зауыттарын салу, 2010 жыл, жылына 70 мың тонна катодты мыс, «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      3. Титан кесектері мен қорытпаларын өндіретін зауыт, 2010 жыл, жылына 16 мың тонна, «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлік қоғамы.
      4. Тараз металлургия зауытының ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жаңғырту, 2010 жыл, жылына 64,8 мың тонна ферросиликомарганец, «Тараз металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      5. Металпрокат зауытын салу, 2010 жыл, жылына 75 мың тонна, «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы.
      6. Павлодар облысында алғашқы алюминий шығаратын электролиз зауытының екінші кезегін салу, 2010 жыл, жылына 125 мың тонна алғашқы алюминий, «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамы.
      7. Инновациялық технологияларды пайдаланып жоғары көміртекті феррохром өндіруді арттыру, 2012 жыл, жылына 440 мың тоннаға дейін феррохром, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      8. Ақтоғай кен байыту комбинатын салу, 2014 жыл, 500 мың тонна концентрат, 25 мың тонна катодты мыс, «Казахмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      9. Металданған өнім өндіретін зауыт салу, 2014 жыл, жылына 1,4 млн.тонна ыстық брикеттелген темір, «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы.
      10. Қостанай қаласында ұсақ сұрыпты прокат станын салу, 2012 жыл, 450 мың тонна металлопрокат, «Сaspian Group» акционерлік қоғамы (Қазақстан) және «ЕвразХолдинг» компаниясы (Ресей).
      11. Бозшакөл кен байыту комбинатын салу, 2014 жыл, 500 мың тонна концентрат, «Казахмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      12. 2 миллион тонна мыс-мырыш кендерін өңдеу, 2010 жыл, жылына 108 мың тонна мырыш және 78 мың тонна мыс қонцентраттарын шығару, «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      13. Жылына 5 млн, тонна кен өңдеу, 2013 жыл, 650 кг концентраттағы алтын, «Юбилейное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      14. 1,7 млн. тонна темір рудасын өңдеу, 2010 жыл, «Bapy Mining»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      Перспективті
      Қара металлургия.
      «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамы (2010-2014 жылдар)
      сұрыптық станды қамтамасыз ету үшін сұрыптық ҮДҚМ (Үздіксіз дайындама құю машинасы) іске қосу;
      болат құюдың біркелкі сапасы мен жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету үшін ҮБҚҚ (Үздіксіз болат құю қондырғысы) сатып алу және монтаждау;
      алдын ала кремнисіздендіру арқылы қайта бөлінетін шойынды фосфорсыздану және сульфосыздану бойынша домна цехында учаске салу;
      жылына қуаты 4-6 млн. тонна жаңа металлургия комбинаты құрылысының жобасының инфрақұрылымдық қамтамасыз етілгендігін бағалау.
      «Кастинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010-2014 жылдар)
      сапа санатын Ат-4 дейін және одан жоғары арттыру үшін арматураны термоөңдеу учаскесін ұйымдастыра отырып 1-ші электр болат балқыту цехы Павлодар филиалы ортасұрыпты станды жаңғырту;
      қуаты 270 мың тонна құбыр станын толық жүктеуді қамтамасыз ету үшін болат маркасынан жалған ванадий мен нирбийден тұтас созылған (жіксіз) құбыр өнімінің қорыту және илеу технологиясын меңгеру;
      жылына қуаты 200 мың тонна рельс шығаратын рельсқабықшасын ұйымдастыру.
      «Silicium Kazahstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010-2014 жылдар)
      жылына қуаты 25 мың тонна кристалл кремний зауыты.
      «Ақтөбе Темир ВС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010 -2014 жылдар)
      байыту фабрикасын сала отырып Велихов темір кен орнын игеру.
      «Vertex Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010-2014 жылдар)
      байыту фабрикасын сала отырып Бенкалин темір кен орнын игеру.
      «SBS STEEL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010-
2014 жылдар)
      қуаты жылына 500 мың тонна түйіршіктелген шойын өндіретін зауыт
салу.
      «Темір мен Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010-2014 жылдар)
      қуаты жылына 200 мың тонна электрмен дәнекерленген болат құбырлар зауыты (Қарағанды қаласы)
      «Қазхром трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (2010 жыл)
      қуаты, жылына 350 мың тонна агломератты құрайтын аглоцехты жобалау және құру, Ақсу ферроқоспалар зауыты.
      «Format Mach Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010 жыл)
      қуаты жылына 480 тонна марганцовистік құйма өндірісін ұйымдастыру.
      «Шығыс-Ферррхром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010-
2014 жылдар)
      Хромтау өңірінде жоғары көмірсутекті феррохром шығаратын зауыт салу.
      Түсті металлургия
      «Батамшы никель зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010-2014 жылдар)
      никель штейн шығаратын зауыт салу.
      «Шалқия мырыш ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010-
2014 жылдар);
      Шалқия кен байыту комбинаты салу;
      Шалқия кен байыту кешенінде шикізатты қайта өңдеу бойынша металлургиялық зауыт салу (Шалқия, Қызылорда облысы).
      «Сырымбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010-2014 жылдар)
      қуаты жылына 1 млн. тонна құрамында қалайы бар кендерді қайта өңдейтін «Сырымбет» кен байыту кешенін салу.
      «Сарықазына» (2010-2012 жылдар)
      Конрад үйінділерінен жасалған мыс катодтары өндірісін ұйымдастыру, тарату.
      «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2010 - 2014 жылдар)
      Өскемен металлургия кешенінің мырыш зауытын дұрыс бөлуді технологиялық жаңарту-жаңғырту;
      іс-шаралар кешенін іске асыру есебінен мырыш өндірісін кеңейту.
      мырыш өндірісін кеңейту және вельцтеу цехын қайта жаңғырту.
      «Түсті металдарды өңдеу зауыты» жабық акционерлік қоғамы (2010 - 2014 жылдар).
      қуаты жылына 600 мың тонна бериллий қоласы өндірісін салу (Балқаш қаласы).
      «Жезқазғансирекмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорын (2010 - 2014 жылдар)
      қуаты айына 500 кг ұнтақтар, штабиктер мен таблеткалар түріндегі металл ренийін шығаратын учаске салу.
      «Тауаша» жобалар
      Қара металлургия
      Болат құю (2010-2014 жылдар)
      сапалы тотығуға төзімді, шарикті-подшипникті, метизді, трансформаторлы өндірісі және машина жасау, энергетикалық машина жасау және қорғаныстық мақсаттарға арналған жылына 0,350 млн. тоннаға дейін болат маркалары өндірісі үшін қазіргі заманға электр болат балқытушы зауыт салу;
      қуаты жылына 0,5 млн. тоннаға дейін түйіршіктелген шойын шихтасын пайдалана отырып, хромды, кеме, конструкциялық теңіз және мұнай-газ мақсатындағы табақты арнайы болатты шығару бойынша болат балқытатын және табақты илектеу цехын салу;
      металлургиялық өндірісті ұйымдастыру (жылына 2,6 млн. тонна болат ала отырып, жылына 2,4 млн. тонна ыстық брикетті темірлер);
      Р65 және Р75 маркалы термикалық беріктетілген рельстерді, рельс өндірісін ұйымдастыру - 0,2 млн. тонна;
      жылына 350-450 тонна электр металлургиялық болат зауыты;
      Қарағанды қаласында жылына 200 мың тоннаға дейін және Қостанай қаласында жылына 200 мың тоннаға дейін арнайы болат шығаратын аз тоннажды зауыт салу;
      Қарағанды қаласында жылына 50 мың тонна Метиз өндірісін ұйымдастыру.
      Ферроқорытпа (2010-2014 жылдар)
      (ФСА) және сілтілі топырақты элементтерді (барий, кальций) пайдалана отырып, оның қорытпаларын, жылына 50 мың тоннаға дейін ФСА шығаратын Екібастұз зауыты;
      көміртекті феррохромды балқыту бойынша зауытты іске қоса отырып, хромды балқыту өндірісін ФХ800, ФХ 900 маркалы көміртекті феррохромды 300 мың тоннаға дейін ұлғайту;
      жылына ферромарганецті өндірісті ұйымдастыру, 25 мың тоннаға
дейін;
      Қарағанды облысындағы кен орындары базасында ферросиликомарганец, ферросилиция, шығаратын ферроқорытпа өндірісін ұйымдастыру;
      Қазақстанның 2 аймағында Ромелт инновациялық технологиясы
базасында қуаттылығы 300 мың. тоннадан болатын темір кені шикізатынан
сұйық шойын құю бойынша 2 зауыт құру;
      түрлі маркалы болат және олардан бұйымдар шығару бойынша өндіріс ұйымдастыру.
      Түсті металлургия (2010-2020 жылдар)
      Қарағанды облысындағы Жоғарғы - Қайрақты кен орны базасында вольфрам және молибден өнімдерін шығару бойынша металлургиялық кешен құру;
      Қостанай, Ақмола облыстарында жер балшық және бастапқы алюминийді ала отырып, бокситтік-нефелиндік шикізатты өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен металлургия кешені;
      инновациялық технологиялар базасында техногендік қалдықтарды қайта өңдеу;
      геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөніндегі сервистік операторды құру;
      тау-кен байыту комбинаттарының мыс қорлары бойынша кен орындарының орташа базасында Ванюков пешінде инновациялық технологиялар бойынша кейіннен тазартылған мыс өндірісін құру;
      инновациялық технологиялар бойынша тазартылған қорғасын өндіре отырып, Алайғыр кен орнында қорғасынды игеру.
      жыл сайын 15 мың тонна алюминий илемі, 20 мың тонна илек, 10 мың тонна бейін және 50 мың тонна құймалар өндіретін аз тоннажды бастапқы алюминийді қайта өңдеу бойынша өндірістерді ұйымдастыру;
      жылына 50 мың тонна тазартылған мырыштан жасалған металл өнімдерін (табақтар, жолақтар, ұнтақтар және т.б.) шығаратын зауыт салу;
      жылына 100 мың тонна қосылған құны жоғары және тазартылған мыспен металл өнімдерін шығару бойынша зауыт салу;
      Ақсу, Бестөбе, Жолымбет алтын өндіруші кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайту. Алтын шығаруды 3 тоннаға арттыру.
      қуаты жылына 25 тонна алтын аффинаж зауытын салу;
      никель-кобальт кен орындарының базасында никель-кобальт өнімдерін шығаратын зауыт салу.
      Аталған бағдарлама шеңберінде іске асырылуы жоспарланып отырған пысықталған, перспективті және «тауаша» жобалардың тізімі осы бағдарламаға 1-қосымшада келтірілген.
      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалау шаралары.
      Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету (2010-2014 жылдар)
      2-ші Мемлекеттік таратушы электростанциясын (Екібастұз қаласы) жаңғырту және қуаттарын арттыру.
      Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету (2010-2014 жылдар).
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету (2010-2014 жылдар).
      Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарындағы металлургия саласының 15 мамандық бойынша кадр мұқтаждығы жоғары оқу орындары мен ТжКБ-ның 10 оқу орнында мамандарды даярлау есебінен өтелетін болады.
      Металлургия мен металл өңдеудің орташа техникалық буын мамандарын шығаратын кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі қалпына келтіріледі және жұмыс орнында жеке жетекшілерді бекітіп, өндірістік кәсіпорындарда 3 ай мерзімге өндірістік тәжірибеден өту жүйесі, металлургия саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеуді ұйымдастыру қарастырылады.
      Әкімшілік кедергілерді алып тастау және заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар (2010-2014 жылдар).
      «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы мұнай-газ секторында және атом өнеркәсібінде іске асырылатын ұқсас тетіктерге, қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу саласындағы жалғыз ұлттық операторы ретінде айқындау.
      Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерден ұлттық компанияларды босату мәселесін қарастыру.
      Жобалық құжаттамаларға арналған өндірістік қауіпсіздік бойынша сараптама жүргізу тәртібін анықтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелден әкелетін жабдықтар мен технологияларға Қазақстан Республикасының нормалары мен ережелеріне сәйкестік сертификаттарын алу рәсімін оңайлату.
      Рұқсат етілетін құжаттарды, оның ішінде жер бөлу, құрылысқа арналған рұқсаттарды алу рәсімін оңайлату.
      Мемлекеттік сараптамадағы жобалау-сметалық құжаттарды бекіту рәсімін оңайлату.
      Техногендік минералды түзілімдер (бұдан әрі мәтін бойынша - ТМТ), сондай-ақ олардан шығарылатын өнімді тасымалдауға арналған темір жол тарифтерін төмендету жөніндегі мәселені пысықтау.
      Электр энергиясына және энергия сыйымды кәсіпорындарға арналған энергия ресурстарына арнайы тарифтерді әзірлеу.
      Жер қойнауын пайдалану бойынша ұлттық компанияларды қоса алғанда, әлеуетті инвессторларға жер қойнауы туралы ақпараттың қол жетімділігін арттыру мәселесін қарастыру.
      Техникалық регламенттерді енгізу (2010-2014 жылдар).
      Техникалық реттеу саласын жетілдіру мақсатында металлургия саласында: металлургия мен металл өңдеу бойынша 4 техникалық регламент, халықаралық талаптармен үйлестірілген Қазақстан Республикасының 311 мемлекеттік стандарты, оның ішінде сынақ әдістеріне 162, өнімге 148, сондай-ақ менеджмент жүйесіне 1 стандарт әзірлеу мен енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Қабылдауға ұсынылатын: металдарға - 156; металл материалдарына - 85; менеджмент жүйесіне - 1; металл материалдарын өлшеу және сынау әдістеріне - 58 стандарт бағытталатын болады. Бұдан басқа, металдар мен металдан жасалған бұйымдардың сапасын өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету үшін қаттылықтың жоғары дәлдікті шараларын өндіру мақсатында қаттылық шәкілдері бойынша мемлекеттік эталондарға жаңғырту жүргізу қажет.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу (2010-2014 жылдар).
      Саланың ғылыми-техникалық бағытының артықшылықтары ретінде мыналарды атауға болады:
      күрделі шығындарды шығындардың күрт төмендеуін және қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайтуды, шикізатты пайдаланудың кешенділігін арттыру және шикізат қорын кеңейту үшін ұжымдық концентраттарды, сапасы төмен бастапқы шикізат пен қатты қалдықтарды өндіріске тартуды қамтамасыз ететін жаңа технологияларды әзірлеу;
      ерекше таза металдарды, қорытпаларды және композициялық материалдарды алу бойынша тиімді технологиялар мен модульдерді енгізу: титан, марганец, вольфрам, молибден, циркония, ниобия және т.б. негізінде кең спектр қорытпаларын балқыту технологиясын зерттеу, әзірлеу және өнеркәсіптік игеру;
      металл өніміне ішкі сұранысты қанағаттандыру, оның ішінде, түрлі-түсті жабындарды, алюминий өнімін алу үшін модульдік технологиялардың негізінде кіші өндірістер құру. Болаттың төмен лигерленген, тотықпайтын маркаларының икемді автоматтандырылған өндірісін ұйымдастыру;
      техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және легирленетін қоспалары бар қорытпаларды және олардан жасалатын бұйымдарды өндіру зауытын салу;
      қазіргі заманға технологиялар, дайын тауар өнімі - Доре қорытпасын немесе катодты алтын ала отырып, құрамында алтын және күшала бар флотациялық және гравитациялық концентраттарды орталықтандырылған қайта өңдеу үшін металлургиялық бөліністің құрылысы. Алтын шығарушы фабрикаларды байытумен түгел жоғалып бара жатқан алтынды шығару бойынша технологияны әзірлеу; ірі алтын кен орындары - «Бақыршық» пен «Васильковскийді» үдемелі игеру;
      сирек металдардың негізінде жартылай өткізгіш материалдарды алу технологиясы;
      қосылған құны жоғары материалдарды игеру үшін бытыраңқы
металдар өндіру;
      «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамы үшін жоғары фосфоритті қоңыр темір кенін байытудың қағидатты жаңа технологиялары;
      стратегиялық маңызы бар хром, марганец, және темір марганец кендерін өндіру мен байытудың технологиялық схемасын зерттеу және әзірлеу.
      Соңғы он жылдықта Қазақстанда өңдеуге қиын байытылатын кеннің ең көп мөлшері тартылды және бүгінде түсті, сирек кездесетін, бытыраңқы және бағалы металдардың байыту циклында тау-кен жұмыстарына 15-20 %, байыту циклына - 60-70 %, металлургиялық бөлініске - 5-20% шығын келетін ахуал қалыптасты.
      Байыту саласындағы басым ғылыми-технологиялық бағыттар мыналар болып табылады:
      микродисперстік мөлшердің және күрделі минералдық шикізаттың бөліктерін байытуды қамтамасыз ететін жаңа технологиялар мен аппараттарды құру;
      антропогенді шикізаттан жаңа флотореагенттер мен сорбенттер құру есебінен түсті, сирек және бағалы металдарды байыту технологиясын жетілдіру;
      оларды экономикалық тиімді өңдеу мүмкіндігін бағалау және ғылыми-технологиялық зерттеулердің перспективалық бағыттарын анықтау үшін желдену қабығы кен орнын, тау-кен кешеніндегі кәсіпорындарының қалдықтарын технологиялық-минералогиялық кадастрлеуді жүргізу.
      Тізбеленген іс-шараларды іске асыру байыту кезеңінде Қазақстанның кендерін өңдеу көрсеткіштерін күрт көтеруге, алу бойынша аралық көрсеткіштерді және Қазақстанның барлық тау-кен байыту кешені ауқымында кешенділікті көтеруге мүмкіндік береді. Оларды табысты іске асыру бірнеше жаңа кен орындарын пайдалануға қосумен тең.
      Жинақтаған техногендік шикізатты қайталама пайдаланудағы негізгі басымдықтар мыналар болып табылады:
      тауарлы өнімге бағалы компоненттер шығаруға мүмкіндік беретін техногендік қайталама шикізатты өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу;
      басқа салалардың кәсіпорындарында өңдеу үшін кейінгі кезең өнімін өңдеу және дайындау мақсатында техногендік қалдықтардың әр түрлі типтеріне арналған жабдықты әзірлеу және таңдау;
      физика-химиялық-минералогиялық зерттеулердің нәтижелерін есепке ала отырып, нақты техногендік қалдықтардың шарттары үшін инновациялық өңдеу технологиясын бейімдеу мақсатымен техногендік қалдықтарды бағалау және паспорттау;
      зерттеулер жүргізу, қалайы, никель, вольфрам, молибден кен орындарының минералдық шикізатын кешенді өңдеу бойынша және кейіннен осы металдарды өңдеуді ұйымдастыра отырып жаңа технологиялар әзірлеу;
      зерттеулер жүргізу, ұнтақты металдар алу және меншікті машина жасау саласын дамытуға мүмкіндік беретін түсті металдарды өңдеу бойынша басым технологияларды әзірлеу;
      автомобиль өнеркәсібін дамыту, жерде сирек қездесетін өнімді өндіруді және оның шикізат қорын дамыту үшін қорғасын-кальций, қорғасын-никель және қорытпалардың басқа да түрлерін алудың жаңа технологияларын әзірлеу;
      тотықпайтын болат өндіру және одан сорттық прокат алу.
      Іс жүзінде барлық шетелдік компаниялардың өздерінің жаңа инновациялық өнімдер мен технологиялар нарығына шығару үшін өнімнің және өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін компания қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу орталықтары бар екенін атап өту қажет.
      «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамының, «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанында да ғылыми-зерттеу институттары мен бөлімдер бар. Бұл компаниялар өздерінің бірқатар зерттеулерін өз күштерімен және Қазақстан мен шетелдердің, негізінен Ресейдің ғылыми ұйымдарымен шаруашылық шарттарын жасасу жолымен жүргізіп отыр. Алайда кешеннің кәсіпорындарында ҒЗТКЖ-ға арналған шығындар өндіріске арналған сомалық шығындардың 1 %-нан аспайды, бұл шетелдік металлургиялық компаниялардағыдан әлдеқайда төмен.
      Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындар 2009 жылы жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 39,5 млрд. теңгені, жалпы ішкі өнімде ҒЗТКЖ-ны орындауға арналған шығындардың үлесі - 0,2 %-ды құрады. Швецияда бұл көрсеткіш 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда - 5 %-ды, АҚШ-та шамамен 4 %-ды құрайды, яғни қазақстандық көрсеткіштен 15-25 есеге асып, 3-тен 5 %-ға дейін ауытқиды. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТҚЖ) дамытуды ынталандыру корпоративті табыс салығы бойынша салық салу базасын ҒЗТКЖ бойынша нәтижелерді енгізуге арналған шығыстардан 150 %-ға қысқарту жолымен болжанып отыр.
      Саланың ғылыми-техникалық дамуы мақсатында 2012 жылға қарай Шығыс Қазақстан облысында Металлургия және жоғары технологиялар орталығының жанында тұрақты магниттер, көмірсутекті шикізатты өндіруге арналған катализаторлар, турбиналар күрекшісі, автокатализаторларды, кварц шикізаты, тантал, ниобий, бериллий, молибден, вольфрам негізінде дайын өнімді зерттеуге маманданған зертхана құру мәселесі пысықталады.
      Кәсіпорындарға жүйелі мониторинг, металлургия мен металл өңдеу өнімдерінің қосылған құнын қалыптастыру процестерін талдау және бақылау жүргізіледі.
      Бизнестің инновациялық белсенділігін арттыруға инновациялық гранттар: еңбек өнімділігін қазіргі деңгейден 20 %-ға және одан да жоғары арттыруды қамтамасыз ететін металлургия мен металл өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту үшін; өндірістердің энергияны және ресурсты қажетсінуді азайту.
      Тікелей инвестицияларға тартымды жағдай жасау (2010-2014 жылдар).
      Мемлекет қатысатын жобаларды іске асыру кезінде жергілікті қамтуды дамыту мақсатында осы жобаларды іске асыру үшін металл өнімін жеткізудің басын құқығын отандық өндіруші қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, металлургия мен металл өңдеудегі отандық өңдеушілердің шикізатты Қазақстан Республикасының тауар биржасы арқылы сатып алуға, ал ірі шикізат өндірушілердің шикізатты тауар биржасына квотамен жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндігі болады.
      Осы саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін басымдықпен сатып алуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Жоғары бөліністі өнім алу мақсатында ішкі нарықта металдар сатуды ынталандыру үшін шаралар қабылданады.
      Шикізатты ел ішінде өңдеу мақсатында да кен және концентраттар экспортын ынталандырмау шаралары қабылданады.
      Трансұлттық компания үшін бірегей жағдайлар жасалады, жаңа арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мен индустриялық аймақтар (ИА) құрылады және жұмыс істеп тұрғандары дамитын болады.
      Техникалық-экономикалық негіздер әзірлеу үшін қаржыландыруды, зерттеулер жүргізуді және перспективалық жобалар бойынша құжаттама әзірлеуді ұйымдастыру.
      Ресурстық қамтамасыз ету (2010-2014 жылдар).
      Жұмыс істеп тұрған кен өндіру кәсіпорындарының шикізат базасы кеңейту, Түсті металлургия үшін кен орындарын іздестіру мен барлауға ерекше көңіл бөлінеді. Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы пайдалы қазбалардың стратегиялық түрлеріне барлау жасалады.
      Ресурстық базасы шектеулі отандық компанияларға шетелде кен активтерін сатып алу үшін жәрдем көрсетіледі.
      Теңгерімделген, қиын байытылатын кендер мен концентраттарды және үйінділерді өндірудің тиімді технологияларын әзірлеуді және енгізуді, сондай-ақ қайталама шикізатты - қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын пайдалануды жүргізу.
      «Тау-Кен Самұрық» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жанында кен орындарын (жер қойнау учаскелерін) игеруге дайындық шеңберінде геологиялық барлау жұмыстарының толық кешенін қамтамасыз ететін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша сервистік оператор құрылатын болады. «Тау-Кен Самұрық» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы кен металлургиясы кешенінде жер қойнауын пайдалануға иеліктен шығарылатын құқықтарды сатып алу бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді және пайдалы қазбалардың кен орындарын (жер қойнауы учаскелері) игеруге және дайындауға қатысатын болады.
      Қойылған мақсатқа жету құралдары мен тетіктерінің тізбесі.
      Мемлекет басшысының 2015 жылға қарай жоғары технологиялық өнім өндірісі мен экспортының көлемін екі есе арттыру, өңдеуді тереңдету және мемлекеттік қолдаудың сапасындағы барынша жоғары шектерді қалыптастыру бойынша қойған тапсырмаларын орындау мақсатында:
      Тау-кен металлургиялық өнеркәсіптік отандық және шетелдік инвестициялар үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру қажет:
      1. Жер қойнауын пайдалану бойынша ұлттық компанияларды қоса алғанда, әлеуетті инвесторларға үшін геологиялық ақпараттың қол жетімділігін арттыру.
      2. Ірі тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуындағы қазақстандық қамтуды арттыру бойынша жұмыстың шеңберінде отандық тауарлардың өндірістік технологиялық стандарттарға және өндіріс талаптарына сәйкестігін айқындайтын сапа мәні.
      Дайын металл өнімдерін өндіретін шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шаралары:
      Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында ірі кәсіпорындардың жанынан жаңа арнайы экономикалық аймақтар құру;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
желісі бойынша өндірістік және инновациялық бейіннің шағын және орта
кәсіпорындарына жеңілдікті кредит беру;
      Экономиканың басқа салаларында мемлекеттің қатысуымен жобаларды іске асыру кезінде шағын және орта бизнес өніміне кепілдендірілген тапсырыстар;
      өнімді табиғи монополиялар субъектілерінің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың мемлекеттің қатысуымен өнімді кепілдендірілген сатып алуы.
      Басқару сапасын, тау-кен металлургиялық активтерінің, шоғырлануын, инвестициялар тартуды көтеруге бағытталған шаралар:
      ENRC PLC-дің, Kazakhmys PLC-дің және «Теміртау электр металлургиялық комбинаты» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакеттерін «Тау-Кен Самұрық» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқаруына беру;
      «Тау-Кен Самұрық» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының негізінде қосылған құны жоғары өнімді өндіретін сатылас ықпалдасқан холдинг құру;
      Қоршаған ортаны қорғау және энергия үнемдеу шараларын енгізу.
      Қазақстан Республикасында зиянды заттардың шығарындыларын азайту үшін табиғат қорғау шараларының кешені жүргізіледі. Негізгі табиғат қорғау іс-шаралары жоспарланған және орындалды.
      Атмосфералық ауаны қорғау бойынша.
      Металлургия кәсіпорындарында атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында газтазартқыш қазандарға, құрамында кремний бар тозаңның атмосфераға шығарындысын азайту мақсатында газтазарту пештеріне күрделі жөндеу жүргізіледі, шығарындыларды азайту брикеттер мен күйдірілген шекемтастарды пайдалану есебінен жүргізіледі. Санитарлық-қорғау аймақтарын жайғастыру: учаскелерді жоспарлау, аймаққа тозаң мөлшерін азайту мақсатында ағаштар мен бұталар отырғызу жүргізіледі.
      Су ресурстарын қорғау бойынша.
      Зауыттардың өнеркәсіптік алаңдарында жерасты суын төмендету жөнінде іс-шаралар және судың ысырабын және жерасты сулары мен топырақтың ластануын болдырмау және олардың жай-күйіне мониторингін жүргізе отырып жерасты суларын қорғау іс-шараларын азайту мақсатында әртүрлі мақсаттағы су құбырларына күрделі жөндеу жүргізіледі.
      Қалдықтар.
      Қалдықтармен жұмыс істеу нормативтерінің жобалары әзірленді. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының паспорттары әзірленді және тіркелді. Пайдалы әсер коэфициентін арттыру мақсатында аспирация жүйесіне арналған газтазартқыш қондырғыларды таңдау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
      Кәсіпорындардың көпшілігінде ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық менеджмент жүйесі әзірленді және енгізілді. Осы жүйе қоршаған ортаға әсерді тұрақты талдауды болжайды, бұл күшті неғұрлым маңызды проблемаларға бағыттауға мүмкіндік береді. Экологиялық менеджмент жүйесін енгізу кезеңінде өнім бірлігіне үлестік шығарындылар 14 %-ға төмендеді.
      Кейбір жұмыстар энергия ресурстарының ысырабын азайту щеңберінде жүргізіледі. Бірнеше кәсіпорында өндірісті қайта құру мен жаңғырту жүзеге асырылды, жабдық ауыстырылды. Ірі кәсіпорындарда энергия ресурстары шығынының үлестік нормаларын азайту жағына жыл сайын қайта қаралады.
      Пайдаланылатын тәсілдерден басқа, ғылымды қажет ететін өндірістерді құру жөнінде белсенді жұмыс жүргізу қажет, бұл энергетикалық және материалдық ресурстарды тұтынудың едәуір артуынсыз жалпы ішкі өнімді арттыруға мүмкіндік береді.
      Осыған байланысты, өндірістің энергия сыйымдылығын азайту және Қазақстанда еңбек өнімділігін, әсіресе тау-кен-металлургия саласында арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар ретінде мынадай іс-шараларды:
      Қазақстанда энергияның барлық түрлерін өндіру мен тұтынудың тиімділігін зерттеу;
      жаңартылатын және балама энергия көздерін кеңінен пайдалану;
      энергия тиімді жабдықтар мен материалдарды өндіруді ынталандыру;
      өнім бірлігіне қуат көздерінің шығынын азайтуға қол жеткізген кәсіпорындарды экономикалық ынталандыру жүргізу орынды.
      Қазіргі уақытта өнеркәсіптік кәсіпорындар парник газдардың
шығарындыларын азайту, энергия және ресурсты сақтау, жерді қалпына
келтіру және ағаш отырғызу арқылы жаңа технологияларды қолдануға,
саланың экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге
бағытталған жобаларды іске асыру және инвестиция тарту жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр.
      «Қазмырыш» акционерлік қоғамы «Хальдор Топсе» фирмасының технологиясымен шоғырландырылатын және күйдірілетін газдарды кәдеге жарату бойынша іс-шаралар өткізуде, құрамында күкірті бар газдарды зиянсыздандыру бойынша осы заманғы кешен салып жатыр. Өндіріс көлемі өскен кезде газ шығарындыларын азайту 2015 жылға қарай 10 мың тоннадан астамды құрайды. Энергия және ресурсты сақтау іс-шараларына 2015 жылға дейін 15 млрд. астам теңге инвестициялау жоспарланып отыр.
      «Соколов-Сарыбай тау-кен-өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы 2015 жылға дейін концентраттағы күкірттің деңгейін түсіру және күйдіру машиналарын кезең-кезеңімен қайта жаңғырту есебінен күкіртті ангидридтің шығарындыларының жиынтық көлемін жылына 10 мың тоннаға қысқартуды жоспарлап отыр. 2015 жылға дейін энергия және ресурсты сақтау жобаларын іске асыруға 2,4 млрд. астам теңге инвестицияланатын болады. Өндірістік объектілерді салуға жаңа алаңдарды пайдаланған кезде топырақтың құнарлы қабаты қалыптасады. Жыл сайын өнеркәсіптік алаңдарда кегалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
      «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ізбесті тәсілімен күкірт диоксидін кәдеге жарату жөніндегі өнеркәсіптік кешенді іске қосты. 2015 жылға дейін жылу энергетикасы кәсіпорындарының ластаушы шығарындыларының жалпы көлемін 65 мың тоннаға, оның ішінде газдың 25 мың тоннаға азайту болжанып отыр.
      «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы пештердегі пісіру және
күйдіру сүзгілерін ауыстыру, БКЗ қазанындағы форсункаларды қайта
жаңғырту, басқару жүйелерін автоматтандыруды енгізу жөніндегі жобаларды іске асыру есебінен парник газдардың жыл сайынғы тастандыларын 400 тоннаға қысқартады. 30 мың данаға дейін ағаш-бұта көшеттерін отырғызуды және 3 мың гектардан астам бүлінген жерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
      Сонымен бірге, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтары қоршаған орта үшін ұдайы өсіп отыратын қауіп-қатерді білдіретінін назарға ала отырып, проблеманың негізгі алғышарттары өнім өндіру процесінде туындайды деген қорытынды жасауға болады. Осыған байланысты өндіруші өзінің қызметінің нәтижесінде пайда болатын қалдықтардың әсер етуіне жауапты болуға міндетті. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында өңдеуге жатпайтын өндіріс қалдықтарын екінші рет қолдану және кәдеге жарату көлемін бірдей ұлғайту орынды.
      Әртүрлі дереккөздердің мәліметтері елде тау-кен-металлургия саласының 14 тен 25 миллиард тоннаға дейін техногендік қалдықтар жиналғанын дәлелдейді. Оның ішінде 1992 жылғы мамырға дейін жинақталғаны мемлекетке тиесілі. Яғни техногендік минералдық түзілімдер туралы нақты мәлімет жоқ. Бұл тау-кен-металлургия өндірісінің қалдықтарын оларды тиімді өңдеу және қоршаған ортаға әсерін төмендету жөнінде ұсынымдар бере отырып кадастрлеу және бағалау (паспорттау) жүргізу қажеттігі пісіп жетілгенін білдіреді.
      Осыдан кейін оларды Қазақстан металлургиясының дербес шикізат базасы ретінде қарау қажет. Қазіргі уақытта барлық жиналған қатты қалдықтардың 2 %-дайы қайта өңделеді.
      Бизнес өкілдерімен кері байланыс жүйесі.
      Елдің тау-кен металлургиялық саласын индустриялық-инновациялық дамытуды қолдау жөніндегі ұсынылатын мемлекеттік шаралардың сапасы мен тиімділігі айтарлықтай дәрежеде осы бағдарламаны іске асырудағы бизнес өкілдерінің қызығушылығы мен белсенділігіне байланысты.
      Осыған байланысты Министрлік қабылданатын мемлекеттік шаралар, тау-кен металлургия саласы өкілдерінің қажеттілігіне олардың тиімділігі, теңдігі бойынша кәсіпкерлер пікірлерін есепке алу үшін, сондай-ақ бағдарламаны іске асыру барысында туындайтын проблемалар бойынша қазіргі заманғы түзетуші іс-қимылдар қабылдау үшін бизнес өкілдерімен кері байланысты қамтамасыз ету бойынша шараларды қолданатын болады.
      Бизнес өкілдерімен кері байланысты қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
      Министрліктің сайтында барлық мүдделі тараптардың өтініштері үшін тұрақты түрде пысықталыл тұратын онлайн-портал ашылады;
      тұрақты негізде саланы дамыту және ол бойынша шешімдер әзірлеу
жөніндегі проблемалар мен перспективаларды зерделеуге байланысты
салалық жұмыс топтарының конференциялары, кездесулері және отырыстары өткізіледі;
      Министрлік қызметкерлері бағдарламаның әлеуетті және әрекеттегі қатысушылармен тікелей, телефон және электрондық пошта арқылы байланыстарға қолдау көрсетеді;
      тұрақты негізде бизнес және билік өкілдерінің қатысуымен саланы дамытудың проблемалары мен перспективаларына арналған телевизиялық бағдарламалар өткізіледі:
      бизнес өкілдері Министрліктің әдеттегі поштасына саланы дамыту перспективаларының проблемаларын, ұсыныстарын және пайымдауларын, сондай-ақ ұсынылатын жаңа өндірістерді ұйымдастыру жобалары, жаңа технологиялар енгізу бойынша ақпаратты қамтитын хаттар жібере алады;
      басым негізде саланың ірі кәсіпорындарының қажеттіліктері және қазақстандық қамтуды және іскерлік инновациялық белсенділікті көтеру үшін отандық тауар өндірушілердің ұсынысы туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында өнеркәсіптік өңірлерде (Павлодар, Қарағанды облыстары және т.б.) жыл сайынғы отандық тауар өндірушілер форумын өткізу болжанып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет