Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы


қағидалары және инвестициялық декларациялары



бет4/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#149436
1   2   3   4   5   6   7   8   9

             қағидалары және инвестициялық декларациялары

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:


      1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
      2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен талаптарын;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
      4) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн;
      5) зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аудару талаптарын;
      6) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және кастодиан банк туралы мәлiметтер ұсынуды;
      7) жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельдер туралы мәлiметтердi;
      8) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақылық қағидаларды белгiлейдi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбiр қалыптастырылатын инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялар қабылдайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрбiр инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялары, сондай-ақ оларға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар мерзiмдi баспа басылымдарында олар бекiтiлген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде жариялануға тиiс.
      Инвестициялық декларациялар жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметiне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс.
      3. Зейнетақылық қағидаларды және инвестициялық декларацияларды, сондай-ақ оларға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiтедi.
      4. Зейнетақылық қағидалар мен инвестициялық декларациялар жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерiне қысым жасамауға және оларды нашарлатпауға тиiс.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      30-бап. Салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы


              қорларымен жасасатын зейнетақы шарты

      1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы (алушы) арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.


      Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көрсетiлген, уәкiлеттi органмен келiсiлген және жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурстарында жарияланған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның филиалдары және (немесе) өзге де бөлiмшелерi (өкiлдiктерiн қоспағанда) орналасқан жерден тыс жерде жасасқан жағдайда салымшының (алушының) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы қолтаңбасының түпнұсқалығын нотариус немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттiк берiлген өзге де адамдар куәландыруға тиiс.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың есебiн олар жасалған жердi, салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қол қойған кезде қатысқан нотариустың немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттiк берiлген өзге де тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) көрсете отырып жүргiзедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
      1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу үшiн адамдарды тарту процесiнде осы адамдарға:
      1) ақша;
      2) бiр сыйлық үшiн құны айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнен асатын, жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жазылмаған сыйлықтар ұсынуға (беруге) тыйым салынады.
      Осы тармақтың талабы жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың барлық қызметкерлерiне қолданылады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары,  ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шартты уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер мен талаптар қамтылады:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2) тармақша 2012.01.12 бастап қолданысқа енгiзiледi және 2013.01.01 бастап күшiн жояды.
      2) алушының және (немесе) салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), әлеуметтiк жеке коды, мекен жайы (егер салымшы жеке тұлға болса), сондай-ақ атауы орналасқан жерi және заңды тұлға болып табылатын салымшының банктiк реквизиттерi;
      3) шарттың мәнi;
      4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
      5) зейнетақы жарналарын енгiзудiң тәртiбi мен шарттары;
      6) жеке зейнетақы шотының нөмiрi;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi жөнiнде есеп беру тәртiбi;
      8) тараптардың мiндеттемелердi орындамаған жағдайлардағы жауапкершiлiгi;
      9) шарттың қолданылу мерзiмi;
      10) шартты өзгертудiң және бұзудың тәртiбi мен ережесi;
      11) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәлiметтер болады.
      3. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жылда екi реттен артық аудармау туралы талаптарды орындағаны туралы Орталықтың растаған кезiнен бастап күшiне енедi.
      4. Салымшы (алушы) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқан кезде жiберушi қорлар жинақталған зейнетақы қаражатын Орталықтың электрондық хабарламасы негiзiнде он бес жұмыс күнi iшiнде алушы қорға жiберуге тиiс. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезеңде салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт жасасуына не жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуына жол берiлмейдi.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақталған зейнетақы қаражатын аудару рәсiмi аяқталғаннан кейiн бұзылады.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт


               тараптарының және өзге де адамдардың
               жауапкершiлiгi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң салымшы мен алушының алдындағы мiндеттемелерi бойынша өз мүлкiмен ғана жауапты болады.


      2. Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершiлiгiнiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және шарттармен белгiленедi.
      4. Егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша күнтiзбелiк жылдың соңына консервативтiк және (немесе) қалыпты инвестициялық портфель бойынша есептелген номиналдық кiрiстiлiгiнiң көрсеткiшi портфельдiң тиiстi түрi бойынша кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiнен кем шаманы құрайтын болса, онда жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен номиналдық кiрiстiлiктiң көрсеткiшi мен кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнi арасындағы айырманы өз капиталының есебiнен қалпына келтiредi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының консервативтiк немесе қалыпты инвестициялық портфелiнiң номиналдық кiрiстiлiгiн және әрбiр инвестициялық портфель түрi кiрiстiлiгiнiң ең төменгi мәнiн есептеудiң тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
      Өзiнiң басқаруындағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қорының консервативтiк және (немесе) қалыпты портфелiнiң активтерiне қатысты зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiнен төмен емес кiрiстiлiк алуды қамтамасыз етедi.
      Егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша күнтiзбелiк жылдың соңына консервативтiк немесе қалыпты инвестициялық портфель бойынша есептелген номиналдық кiрiстiлiгiнiң көрсеткiшi кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiнен кем шаманы құраса, бұл жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға номиналдық кiрiстiлiктiң көрсеткiшi мен кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнi арасындағы айырманы өтеу туралы талап қояды.
      РҚАО-ның ескертуi!
      4-1-тармақпен 2015.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Орталықтың зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламасын орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшiн құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтары сомасына әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн (аудару күнiн қоса алғанда) уәкiлеттi органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң 2,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн уақтылы жүзеге асырмағаны үшiн құқықтары бұзылған адамның пайдасына әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) уәкiлеттi органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң 1,5 еселенген мөлшерiндегi төлем сомасында өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
      Орталық жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жинақтарын уақтылы аудармағаны үшiн құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтары сомасына әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн (аудару күнiн қоса алғанда) уәкiлеттi органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң 1,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру

      Ескерту. 7-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетiн сақтандыру
                 төлемдерi

      1. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында және 23-бабының 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл орайда сақтандыру ұйымынан төленетiн ай сайынғы сақтандыру төлемдерi зейнетақы аннуитетi шарты жасасылған күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.


      2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
      Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы төлейдi. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты ай сайынғы сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi зейнетақы аннуитетi шарты жасасылған күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмаған жағдайда жасалады.
      3. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатының елу процентiнен аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатының қалған бөлiгi салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа келгенде белгiленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi түрiнде төленедi.
      4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бap.
      5. Осы баптың 2, 4-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы аннуитетi шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа келгенде белгiленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi түрiнде төленедi.
      Ескерту. 31-1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      31-2-бап. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу

      1. Зейнетақы аннуитетiнiң үлгi шартын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
      2. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында осы Заң талаптарымен белгiленген мерзiмге жасалады.
      3. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерiктi.
      4. Зейнетақы аннуитетi шарты алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
      5. Зейнетақы аннуитетi шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      6. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екi жыл iшiнде бұзуға құқығы жоқ.
      Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстары шегерiлiп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиiс.
      Ескерту. 31-2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      31-3-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының


                 құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтанушының:


      1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
      2) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
      3) зейнетақы аннуитетi шарты жоғалған жағдайда оның көшiрмесiн алуға құқығы бар.
      2. Сақтанушы:
      1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
      2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға мiндеттi.
      3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бiр рет және толық көлемде алуға құқығы бар.
      4. Сақтандыру ұйымы:
      1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есеп-қисабымен таныстыруға;
      2) зейнетақы аннуитетi шартын үш дана етiп ресiмдеуге мiндеттi, оның екеуi сақтанушыға берiледi;
      3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
      4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру төлемдерi уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешiктiрiлген әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;
      5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеген адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрiнде зейнетақы аннуитетi шартында белгiленген мөлшерде, бiрақ кемiнде он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi.
       Ескерту. 31-3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру


                 ұйымына аударудың тәртiбi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген талаптарға сәйкес келетiн құжаттарды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.


      2. Осы баптың 1-тармағында аталған мiндеттемелердiң орындалуын кешiктiрген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 31-4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      31-5-бап. Зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша


                 есеп-қисапты жүзеге асыру

      1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру төлемдерiнiң есеп-қисабын уәкiлеттi орган белгiлеген әдiстемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы жүзеге асырады.


      2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша iс жүргiзуге арналған шығыстарының рұқсат етiлетiн деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру

      32-бап. Алынып тасталды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      33-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi

      Ескерту. 33-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      34-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық жағдайы

     1. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары қор биржасы ресми тiзiмiнiң уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген санаттарына енгiзiлуге тиiс.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оның қызметi кезеңiнде мына талаптардың бiрi орындалуға тиiс:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары акционерлер арасында орналастырылуға тиiс, олардың үшеуi және одан көбi бiр-бiрiне қатысты үлестес болмайтын iрi акционерлер болып табылады. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорының бiр акционерiнiң не бiр-бiрiне қатысты үлестес болатын акционерлер тобының үлесi жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жетпiс бес пайызынан аз болуға тиiс;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының миноритарлық акционерлерге тиесiлi акцияларының үлесi жиынтығында жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болуға тиiс.
      Бұл ретте миноритарлық акционердiң үлесi оның үлестес тұлғаларымен бiрге жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының он пайызынан аз болуға тиiс.
      Осы тармақтың талаптары мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптардан басқа жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысы:
      1) корпоративтiк басқару кодексiнiң
      2) корпоративтiк хатшы лауазымының
      3) корпоративтiк веб-сайттың
      4) «алтын акцияға» тыйым салудың болуын көздеуге тиiс.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      34-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы инвестициялық 


                 портфельдер 

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерi есебiнен инвестициялық портфельдердiң мынадай түрлерiн:


      1) акцияларды қоспағанда, активтерi қаржы құралдарына инвестицияланатын консервативтiк түрiн;
      2) активтерi қаржы құралдарына, оның iшiнде отыз проценттен аспайтын мөлшерде акцияларға инвестицияланатын қалыпты түрiн қалыптастыруға мiндеттi.
      РҚАО-ның ескертуi!
      2-тармақ 2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры агрессивтi инвестициялық портфельдi қосымша қалыптастыруға құқылы, оның активтерi қаржы құралдарына, оның iшiнде сексен проценттен аспайтын мөлшерде акцияларға инвестицияланады.
      3. Зейнетақы активтерiн қаржы құралдарына инвестициялаудың тәртiбi мен шарттары, оның iшiнде инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесi, қаржы құралдарының түрлерi бойынша инвестициялардың мөлшерi және инвестициялық портфельдiң әр түрi үшiн инвестициялардың жиынтық мөлшерi, хеджирлеу жөнiндегi талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық декларацияны инвестициялық портфельдiң әрбiр түрi үшiн әзiрлейдi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық декларацияға өзгерiстердi жылына көп дегенде екi рет енгiзуге құқылы.
      5. Зейнеткерлiк жасына дейiн жетi жыл және одан да аз уақыт қалған не зейнеткерлiк жасына жеткен тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры осы немесе басқа кез келген жинақтаушы зейнетақы қорының агрессивтi инвестициялық портфелiне кейiннен аудармайтындай етiп қалыпты немесе консервативтiк инвестициялық портфельге аударады.
      РҚАО-ның ескертуi!
      6-тармақ 2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      6. Инвестициялық портфельдi таңдағаны туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтiнiш жасамаған салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қоры қалыпты инвестициялық портфельге аударады.
      Ескертуi. Заң 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын,


               өкiлдiктерiн құру, жабу

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қордың басқару органының шешiмi негiзiнде уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз Қазақстан Республикасының аумағында өзiнiң оқшауланған бөлiмшелерiн - филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.


      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң филиалының және өкiлдiгiнiң әдiлет органдарында есептiк тiркелген күнiнен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде:
      1) жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының және өкiлдiгiнiң есептiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      2) тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi қойылған филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      3) филиалдың немесе өкiлдiктiң бiрiншi басшысына берiлген сенiмхаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса тiркей отырып, олардың ашылғаны жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалы - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан қызметiн жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қоры берген өкiлеттiктер шегiнде әрекет ететiн оқшауланған бөлiмшесi. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының жинақтаушы зейнетақы қорымен бiрыңғай балансы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының атауымен толық сәйкес келетiн атауы болады.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының өкiлдiгi - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететiн және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлiмшесi.
      5. Қазақстан Республикасының резидентi емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарын ашудың мiндеттi шарттары:
      1) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының залал шекпеген қызметi;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының филиалды ашу туралы шешiм қабылдау алдындағы үш ай iшiнде меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi мен зейнетақы активтерiнiң табыстылығы бойынша пруденциялық нормативтердi сақтауы;
      3) филиалды әдiлет органдарында есептiк тiркеген күннiң алдындағы үш ай iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi органның  санкцияларды қолданбауы болып табылады.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметi жағдайында жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының аумағында өкiлдiктер ашуға құқылы.
      8. Филиал, өкiлдiк туралы ережеге әдiлет органдарында есептiк қайта тiркеудi талап ететiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры әдiлет органдарында есептiк қайта тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға:
      1) филиал, өкiлдiк туралы ережеге өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      2) филиалдың, өкiлдiктiң есептiк қайта тiркелгенi туралы нотариат куәландырған куәлiктiң көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
      Филиал, өкiлдiк туралы ережеге әдiлет органдарында есептiк қайта тiркеудi талап етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры әдiлет органының жинақтаушы зейнетақы қорының хатын қабылдап алғандығы туралы белгiсi соғылған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға жинақтаушы зейнетақы қорының көрсетiлген хатының көшiрмесiн, филиал, өкiлдiк туралы ережеге өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
      9. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң филиалын немесе өкiлдiгiн әдiлет органдарында есептiк тiркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының немесе өкiлдiгiнiң есептiк тiркеуден шығарылғанын растайтын әдiлет органы құжатының нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса тiркей отырып, олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге тиiс.
      10. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 2, 6-8-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган филиалды және өкiлдiктi жабуды талап етедi.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      36-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен


               акционерлерi

      1. Қазақстан Республикасының резиденттерi-жеке тұлғалар, заңды тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлерi бола алады.


      Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе уәкiлеттi орган арқылы ғана құрылтайшы және (немесе) акционер бола алады.
      Ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде ғана жинақтаушы зейнетақы қорының акционерi бола алады.
      1-1. Рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төменгi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және (немесе) акционерi бола алады. Рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесiн және талап етiлетiн ең төменгi рейтинг уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
      РҚАО-ның ескертуi!
      Осы абзац 2010.01.01 қолданысқа енгiзiледi.
      Тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленетiн, оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттерi - жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билiк етуге құқылы емес.
      1-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резидентi еместерге (сенiмгерлiк басқаруға берiлген), сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының резидентi еместерге тиесiлi (сенiмгерлiк басқаруға берiлген) ұйымдарға тиесiлi дауыс беретiн акцияларының жиынтық саны осы жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиiс.
      1-3. Дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бiрлесiп, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызын сатып алу ниетi бар тұлға бұл туралы хабарламаны акцияларды болжамды сатып алудың басталу күнiнен күнтiзбелiк он күн бұрын жинақтаушы зейнетақы қорына жiберуге мiндеттi.
      Хабарламада:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының сатып алынатын акцияларының саны;
      2) болжамды сатып алу бағасы;
      3) дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен бiрлесiп, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу ниетi бар тұлғамен жинақтаушы зейнетақы қоры байланыса алатын осы тұлғаның байланыс деректерi (электрондық пошта мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмiрi);
      4) жеке тұлға үшiн:
      тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
      жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi;
      тұрғылықты жерi;
      5) заңды тұлға үшiн:
      атауы;
      заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген (қайта тiркелген) нөмiрi мен күнi;
      тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      1-4. алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      1-5. Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкi болып табылатын акционердi қоспағанда), егер оның өз акционерлерiнiң (қатысушыларының) тiркелген елi туралы ақпарат жинақтаушы зейнетақы қорында жоқ болса, өтiнiштi табыс етедi, онда осындай акционерлердiң (қатысушылардың) осы баптың 1-1-тармағы екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындағаны туралы көрсетедi.
      Аталған өтiнiштi табыс етпеген акционер акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға жiберiлмейдi.
      Өтiнiште көрсетiлген ақпараттың дәйексiздiгi анықталған не осы баптың 1-1-тармағы екiншi бөлiгi талаптарының бұзылғаны анықталған кезде:
      1) егер шешiм үшiн дауыс беретiн акциялардың көпшiлiгi (өтiнiштi табыс еткен акционердiң дауыс беретiн акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, онда акционерлердiң жалпы отырысының шешiмi осы акционердiң дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледi;
      2) егер өтiнiштi табыс еткен акционердiң дауысы шешушi болса, аталған мән-жай уәкiлеттi органның не өзге де мүдделi тұлғалардың талабы бойынша акционерлердiң жалпы отырысының шешiмiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп тану үшiн негiз болады.
      РҚАО-ның ескертуi!
      2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524 (2014.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңiнде бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес. 
      Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауысы құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
      Аталған шектеулер корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.
      3. Мемлекеттiк кәсiпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды.
      4. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      36-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет