«Қазақстан республикасының ЕҢбек қҰҚЫҒЫ»



бет1/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#140647
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК

042-ххххх


«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» оқу-әдістемелік кешені, оқытушы үшін пән бағдарламасы

№1 басылым

«____»________2014 ж.




«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ»

ПӘННІН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН, ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«5В011500» –құқық және экономика негіздері мамандығына арналған

Семей

2014
Кіріспе
1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырған Сабалакова А.У. _______«____» _________ 2014 ж.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының аға оқытушысы.

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Кафедра меңгерушісі м.а._____________ Толепбергенова А.Е.
2.2. Экономика – құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Төраға ______________ ???
2.3. Экономика – құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Төраға ______________ Толымгожинова М.К.
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
ОӘК төрағасы, оқу – әдістемелік

жұмыстары бойынша проректор _________ Искакова.Г.К


БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны


1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курс жұмысы (жобасы)

5 Білімалушылардың өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

2) азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;

3) айлық жалақының ең төменгі мөлшері - біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері;

4) арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;

5) ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;

6) ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;

7) әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі;

8) бас, салалық (тарифтік), өңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) - әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт;

9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;

10) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;

11) бітімгерлік комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган;

12) бітімгерлік рәсімдері - ұжымдық еңбек дауын алғашында - бітімгерлік комиссиясында, ал онда келісімге қол жетпеген кезде еңбек төрелік сотында өз кезегімен қарау;

13) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;

14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы үзіліссіз тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;

15) еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;

16) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

17) еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің айлық жалақысының сақталуына кепілдік берілген«ең төменгі мөлшері, бұған жұмыс процесінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкердің өмірлік күші мен қуатын қалпына келтіруге қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы кіреді;

18) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

19) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;

20) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі көрсететін жәрдем;

21) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;

22) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

23) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері - еңбек жөніндегі уәкілетті органның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

24) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;

25) еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар - Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, кәсіптік даярлауға, қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге қызметкерлердің (қызметкерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;

26) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

27) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;

28) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;

29) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

30) еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келісілген міндеттемелері;

31) еңбек стажы - қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт;

32) еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;

33) еңбек тәртіптемесі - қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібі;

34) еңбек төрелік соты - бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жетпеген кезде еңбек дауын шешу үшін ұжымдық еңбек дауының тараптары уәкілетті адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс істейтін орган;

35) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

36) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;

37) еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу;

38) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары;

39) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;

40) ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату;

41) жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;

42) жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім;

43) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

44) жұмыс берушілердің өкілдері - құрылтай құжаттары немесе сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

45) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері;

46) жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;

47) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

48) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;

49) жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;

50) жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан асыруға болмайтын есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі;

51) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

52) зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

53) кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

54) кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар;

55) қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

56) қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары.


2 ДӘРІСТЕР

1 тарау. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидаттары

Тақырыптың мақсаты: студенттерге жалпы еңбек құқығының пәнімен таныстыру, негізгі ерекшеліктерімен еңбек құқығының жұйесі жөнінде жалпы мәлемет беру

Жоспары:


1.1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі

1.2.Нормативтік актілердің уақытта, кеңістікте және қызметкерлер санаттары бойынша әрекет етуі.

1.3. Еңбек құқығының қағидаттары.


1.1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі

Еңбек құқығы - бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы тараптардың еңбек қызметін іске асыруы бойынша жеке және ұжымдық шарттардың негізінде, азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қаты-настарын реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығының нормалары еңбек құқықтық қатынастарының туындауы мен тоқтату тәртібін, қызметкерлердің ортақ еңбек тәртібін анықтайды, еқбекақыныц ең төменгі көлемін және қауіпсіздік гигиена талаптарына жауап беретін еңбектің үйлесімді жағдайларын белгілейді. Осылайша, еңбек құқығының еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы қатынастардың ең маңызды реттеушісі болып табыладььд

Қызметкерлердің ортақ еңбек үрдісін реттеу арқылы, еңбек құқығы ішкі еңбектәртібін бекітеді, еңбегі үшін марапаттау мен тиісті жағдайда өздерінің еңбек міндеттерін орындамағандарға қатысты жазалау шараларьш қарастырады.

Еңбек құқығының дербес құқықтық сала ретінде айқындалуы дербес пөн болуын, яғни еңбек заңнамасымен реттелетін қоғамдық қатынастардың кешенін және осы қатынастардың құқықтық реттелуінің өзгеше өдісін білдіреді.

Еңбек құқығының пәні еңбек, ұжымдық шарт негізінде қыз-меткер мен жұмыс берушінің арасындағы туындайтын еңбек қатынастарынан, сондай - ақ олармен тығыз байланысты:

а) еңбекке түру қатынастары, азамат мемлекеттің өкілетті


ұйымдарына өз қабілетіне сәйкес жұмысқа орналасу мақсатында
барған кезде және азамат пен көсіцорын арасындағы еңбекке
орналастыру ұйымының жіберуі негізінде жеке еңбек шартының
бекітілуі;

б) ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар, олар


кесіпорын ұжымы мен әкімшіліктің өзара әрекет шеңберінде
оларды басқару мен еңбек қатынастарын ұйымдастыруға негізделіп
бейімделген;

в) қызметкердің өңдірістен қол үзуімен немесе тікелей біліктілікті жоғарылату мен кәсіптік дайындығы бойынша қатынас,


сондай - ақ кәсіптік дайындықтан кейін алынған білімдері мен
дағдыларына сәйкес жұмыссыздарды қызметке алу үшін;

г) әлеуметтік-экономикалық, яғни ұжымдық шарттар мен


келісімдердің, облыстық, салалық және бас келісімдер негізінде
қызметкерлерге еңбек жағдайлары, еңбекақы төлеу және әлеуметтік кепілділікті бекіту жөніндегі қатынастар;

д) еңбек туралы және басқа да заңдардың орындалуы жөнін-


дегі мемлекеттік бақылау қатынастары;

е) еңбек заңнамасын қолдану барысында келіспеушіліктен


туындайтын еңбек дауларын қарастыру жөніндегі қатынастар.

Құқықтың басқа салаларынан (азаматтық, әкімшілік) пәні бойынша ажыратылуының мөні, қызметкер кәсіпорынның ішкі еңбектәртібіне бағынуымен белгілі бір жұмысты орындауы үшін (еңбек қызметін) ұжымға қосылады.

Құқықтың әрбір саласы реттеудің құқықтық әдісі мен реттеу пәнінің өзгешелігімен анықталады. Бүл құқықты, немесе оның басқа салаларын жасау үшін қоғамдық қатынастар түрінің өзіндік сапалы дәрежесі ете қажет, ол құқықтық реттеудің ерекше әдісін талап етеді.

Егер ол пән немесе басқа құқықтық сала қоғамдық қатынас-тардың қандай топтарын реттейтіндігіне мағлүмат беретін болса, онда бүл әдіс қатынастардың қандай жағдайда реттелетінің көрсетеді.

Еңбек құқығының әдісі бірнеше белгілерімен өзгешеленеді;

А) еңбек құқық қатынастарының орталықтанған және жергілікті реттелуінің үйлесімі;

Б) реттеу тәсілінің шарттық, үсынымдық және императивтік болуы;

В) кәсіподақ ұйымы мен еңбек ұжымының қоғамдық қатынастарды реттеуге қатыстылығы;

Г) еңбек құқықтарын қорғау мен міндеттерді қамтамасыз ету өзгешелігі;

Осылайша, еңбек құқығының әдісі - еңбек қатынастарын реттеудегі амалдардың, қүралдардың, төсілдердің жиынтығы.

Орталықтанған реттеудің негізінде маңызды еңбек қатынастарын уәкілетті органдармен (Парламент, Үкімет) заңдар және заңғатәуелді актілерді қабылдау жолымен мемлекеттік реттеу принципі жатыр. Мысалы, мемлекет ең төмен жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ең жоғарғы үзақтығы, өндірістегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтаудың негізгі принциптерін белгілейді, яғни ұжымдағы адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіз болуының қалыпты дөрежесін қамтамасыз ететін еңбек жағдай-лары.

Жалпы бөлім еңбек құқығының пәні, әдісі және жүйесі, еңбек қатынастарын реттеудің принциптері, еңбек құқығының қайнар көздері, субъектілердің құқықтық жағдайларын қамтиды. Бұл мөселелердің барлығы еңбек құқығының нақты тарауларын (институттарын) терең зерттеудің іргелі негіздерін құрайды.

Ерекше бөлімге еңбек заңнамасының барлық басқа нормалары
жатады. Олар еңбек қатынасының немесе осы құқық саласының
пәніне жататын басқа да қоғамдық қатынастардың жекелеген түрлерін реттейтін Ерекше бөлімнің құқықтық институттарына топтастырылады. Мысалы, еңбек қатынастарының пайда болу, өзгерту мен тоқтату негіздері реттейтін нормалар еңбек шарты құқықтық институтын құрайды, ал жұмыс уақытын және демалыс уақытын реттейтін нормалар - жұмыс уақыты мен демалыс уақытының институты. Жұмысқа орналасу, кәсіптік дайындық-тың және біліктілікті көтеру, еңбектің нормалануы, еңбек тәртібі, еңбекақы, материалдық жауапкершілік, еңбекті қорғау, еңбекті қорғауды және еңбек заңнамасының орындалуын бақылау институттары да осында.

Еңбек құқығының бірлігі мен жіктелуі.

Барлық қызметкерлерге таралатын еңбек құқығы нормала-
рының жүйесі (егер басқасы арнайы айтылмаса) бірлікті сипат-
тайды. Бүл нормаларға түзетулер, жалпы нормаларды қызметкер-
лердің жеке санаттарына еңбек жағдайына байланысты бейімдеу
және жалпы нормалармен салыстырғанда олардық кепілдіктерінің жоғарылауы немесе төмендеуі жіктелу болады.

Еңбек құқығында еңбек құқық нормаларының салалық жіктелуі бар, онда өндіріс саласына байланысты еңбек қатынастарының жекелеген тұстарын реттейтін жеке нормалар белгіленеді.

Еңбек жағдайларын экономика саласына байланыссыз есепке алынатын еңбек құқығы нормаларының жіктелуі көбірек таралған болып табылады (мысалы, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерге жеңілдіктер).

Нормалардың жіктелуі, сондай-ақ еңбек құқықтық қатынасы субъектісінің еңбек байланысыньщ сипатына байланысты (үнемі, уақытша, маусымдық, үй қызметкерлері). Сонымен, жіктелу еңбек қатынасының субъектісіне байланысты жүргізіледі (әйелдер мен жасөспірімдер еңбегінің реттелуінің ерекшеліктері).

Жоғарыда көрсетілген жіктелудің негіздері белгілі бір инсти-туттың жалпы нормаларын нақты жағдайларға бейімдейді (өндіріс жағдайлары бойынша қызметкерлердің белгілі бір санаты үшін белгіленген апта сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкін емес ұйымдарда жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізу), немесе белгілі бір институттың жалпы нормалары орнатқан деңгейден кепілдіктерді жоғарылатса (18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін және ауыр дене жұмыстарында, еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін және т.б.),
немесе қолданылуы шектеулі болатын, жалпы нормалармен са-
лыстырғанда кейбір кепілдіктердің төмендетіліуі байқалады (маусымдық қызметкерлердің уақытша жарамсыздық нөтижесінде үзіліссіз жұмыс орнында 1 ай болмауы, ал басқа жұмысшыларға - 2 ай орнатылады).

Жіктеу (дифференциация) мәселесіне Еңбек кодексінің кейбір тараулары арналған. Солармен сәйкес орнатылады:

а)заңмен орнатылған нормалар шегінде жұмыс уақыты мен
демалыс уақытын реттеу ерекшеліктері;

б)заңнан жекелеген алулармен еңбектің ерекше жағдайлары


(маусымдық, вахталық және т.б.);

в)қызметкерлердің жеке санаттарымен еңбек шартын бүзу


үшін қосымша негіздемелер.

Ғылыми өдебиетте «құқықтың қайнар көздері» ұғымы 2 аспектіде түсіндіріледі.

Біріншіден, белгілі бір жалпыға міндетті тәртіп ережелерінің туындауына өкелетін өмірдің объективті жағдайлары түсініледі. Бүл қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерінен шығуы мүмкін, басқаша айтқанда материалдық мәнге ие. Екіншіден, ол мемлекеттің уәкілетті органдарының құқықшығармашы-лық қызметімен байланысты. Бұл жағдайда, ол формалды немесе заңи мағынада түсініледі.

Қазақстанның еңбек құқығына, басқа салалардағыдай ең негізгі қайнар көз заң болып табылады, өйткені біздің құқықтық жүйесі романо-германдыққа құқықтық отбасына жатады.

Заң дегеніміз өкілетті мемлекеттік органмен (Парламент) негізгі принциптер мен нормаларды орнататын нормативті-құқықтық акт.

Еңбек қатынастарын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін нормативті-құқықтық актілер еңбек заңнамасын қүрайды.

Еңбек құқығының қайнар көздері арасында ерекше орынды 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Казақстан Республикасының Конституциясы алады. Оның 4 бабына сәйкес Конституция ең жоғарғы заңдық күшке ие және Республиканың барлық аумағына тікелей әрекет етеді. Барлық қабылданатын заңдар мен басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықта­ры мен бостандықтарын абсолютті және олардан ешкім айыра алмайтынын мойындайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмүны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың жалпыға танылган қағидаттары мен нормаларын қүрметтей отырып, әрекеттегі заңнамаға Парламентпен ратификацияланған халықаралық шарттарды қосады, ал олар өз заңдары алдында басымдылыққа ие және тікелей қолданылады, егер халықаралық шарттан оның қолданылуы үшін арнайы заң шығарылуы талап етілмесе.

Қазақстан Республикасының Конституциясы еңбек ету бостандығы, еріксіз еңбекке тыйым салу, қауіпсіздіқ пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алу, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқықтарын заңды түрде бекітті. Ол ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқықтарын мойындады. Әркімге тынығуға құқық берілді. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының үзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Еңбек құқығының қайнар көздерінің күші бойынша заңи сатысында (иерархиясында) келесі орынды Қазақстан Республикасының заңдары алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес заң жобалары Мәжіліс депуттарының жалпы санынан көпшілігінің дауысымен қаралған және қолдау тапқан соң Сенатқа беріледі, онда 60 күн бойында қаралады. Сенат депутаттарының көпшілігінің дауысына ие болған жоба заңға айналады және он күн ішінде Президентке қол қоюға жіберіледі. Сенат депутаттарының ортақ санының көпшілігінің дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжілісте депуттардың ортақ санынан 2/3 дауыс көбірек болса жобаны тағы да Сенатқа қайталап талқылауға және дауысқа салуға жіберіледі. Тағы да қайтарылған заң жобасы сол сессияда қайта енгізілмейді.

Сенат депутаттарының ортақ санының көпшілік дауысымен енгізілген жоба өзгертумен толықтырумен Мәжіліске бағытталады. Егер Мәжіліс депуттардың көпшілік дауысы келіссе заң қабылданған болып есептеледі. Егер Мәжіліс сол көпшілік дауысымен Сенаттың өзгертіп толықтырған енгізулеріне қарсы болса, палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісім процедуралар жолымен шешіледі.

Сенат енгізген заңды президент он бес жұмыс күні бойында қол қояды, ол заңды халыққа жариялайды немесе заңды қайтарады, не оның жеке баптарын қайтадан талқылау мен дауысқа салуға нүсқайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 61 бабына сәйкес заңнамалық бастама құқығына Республика Президенті, Парламент депутаттары, Үкімет ие және ол бастама тек қана Мәжілісте іске асады.

Еңбек құқығы саласындағы заңдар арасындағы ең маңызды орынды 2007 ж. 15 мамырда қабылданған ҚР Еңбек Кодексі алады. Осы Кодекс еңбек, еңбек қатынастарына тікелей байланысты, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.

Онда Еңбек құқығының Ерекше бөлімі институттарының барлық тараулары қарастырылған. Еңбек Кодексін 6 бөлім, 40 тараудан, 341 бап қүрайды. Кодексті қабылдағаннан кейін жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы өзекті мәселелер, қайшылықтар біртіндеп шешіледі деген үміт бар. Кодекс жұмысқа түсер кезде еңбек шартының тараптарына берілген заңмен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын кез-келген еңбек жағдайлары туралы келісуге мүмкіндік береді (Еңбек Кодексінің 28 бабы). Бірақ еңбек шарты құқықтың қайнар көзі болып табылмайды, себебі ол нақты қызметкерге еңбек заңын жеке қолдану актісі болып табылады.

Оған қоса Еңбек Кодексі ұжымдық шарттарды өзірлеу, жасасу және орындаудың жалпы құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтады. Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістегі жаза-тайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бүл саладағы үлттық саясаттың негізгі принциитерін белгілейді және меншік түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрін қамтиды.

Бірқатар басқа заңдар осы құқық саласының көптеген институттарын реттейді. 2001 ж. 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қағидаттарды анықтап, «жұмыспен қамтылу», «лайықты жұмыс», «жұмыссыз» және т.б. үғымдарды бекітті және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің жұмыс беруші мен жұмыссыз арасындағы қатынастарды реттеді.

Осы заңға сәйкес қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру институттары қүрылып жатыр.

2000 ж. 25 желтоқсандағы «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасынық заңы және 1995 ж. 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының заңы, судьялардың және прокурорлық қызметкерлердің еңбегін құқықтық реттеудің ерекшелігін ескерді. 1999 ж. 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы мемлекеттік қызметкерлерді қабылдау, өту, ауыстыру, қызметті тоқтауын реттеді, құқықтары мен міндеттерің орнатты. Бүлар арнайы еңбек заңнамасының актілері. Оларда көп арнайы нормалар - жеңілдіктер бар (еңбек демалысы, демалыстық жәрдемақылар және т.б.), бірақ жалпы құқықтарды шектейтін немесе қосымша міндеттер орнататын кейбір нормалар бар. Заң мемлекеттік қызметкерлерге еңбек туралы заңнаманын әрекеті, осы заңмен анықталған ерекшеліктерді есепке ала түра таралатынын көрсетеді.

Ол қызметкерлерді қабылдау кезінде конкурс қабылдау және біліктілік емтихандарын, олардың іскерліктерін оқтын-оқтынды аттестациялау, тәртіптік жазалар және жұмыстан шығару негіздерін енгізді.

Еңбек құқығының қайнар көздерінің ішінде өртүрлі құқық салаларына, оның ішінде еңбек құқығына да қатысты кешенді сипаттағы нормативті актілер де бар. Мысалы, 1997 ж. 19 мамыр Қазақстан Республикасының «Денсаулықты қорғау» Заңының кейбір баптары еңбек үрдісінде қызметкерлердің денсаулығын қорғауға бағытталған.

Еңбек заңнамасының нормаларын қолдану тежірибесі және оны жетілдіру үшін еңбек істері бойынша Конституциялық Кеңес және Жоғарғы соттың нормативті қаулылары үлкен мәнге ие болуы мүмкін.

1998 ж. 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңыңа сәйкес Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы сот қаулылары нормативті құқықтық актілері заңды күші жағынан иерархиядан тыс жатыр.

Еңбек құқығының нормаларына қатысты Конституциялық Кеңестің келесі қаулыларын атауға болады: 1999 ж. 3 тамыздағы N 17/2 ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысы, 1998 ж. 4 желтоқсандағы N 12/2 ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысы, 2000 ж. 18 мамырдағы ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары еңбек заңнамасы нормаларын бірыңғай қолдануда үлкен маңызы бар, ол нақты нормаларды қалай қолданудың үлгі-сін түсіндіреді. Ол қаулылар еңбек заңнамасындағы олқылық­тардың орнын толықтыру мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 9 шілде 1999 жыл №9 «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша заңнаманы қолдану туралы кейбір сүрақтар», Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы 19.12.2003 ж. №9 "Еңбек дауларын қарастыру кезінде заңнаманы соттармен қолданудың кейбір меселелері туралы"

Еңбек құқығы қайнар көздері арасында - Қазақстан Республи-


касы Президентінің Жарлықтары жетекші рөл атқарады. Олар
Конституция негізінде қабылданады Республиканың барлық аумағына міндетті болады.

Казақстан Республикасының Президенті Конституцияға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары, оған қоса еңбек нарығын, еңбек және әлеуметтік қатынастарды құқықтық реттеуді анықтайды. Мысалы, өз өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті іске асыру кезінде 2000 ж. 10 наурызда «Мемлекеттік қызметті өту тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығын шығарды.

Президенттің барлық актілері құқықтың (соның ішінде еңбек құқығы) қайнар көздеріне жатпайтынын есте сақтау керек. Мүндай мағынаға тек құқықтық нормалары бар жарлықтар ие, яғни нормативті-құқықтық актілерде бекітіліп көп рет қолдануға және нормативті белгілеген жағдайдағы барлық адамдарға таралатын жалпыға міндетті тәртіп ережелері ғана. Нормативтік ережелері жоқ Жарлықтар, әдетте жеке түлғаға қатысты сипатта болады және құқықтың қайнар көзі болмайды. Мысалы, қызметкерлерді ордендермен марапаттау, қызметкерлерге сыныптық шендер, қүрметті атақтар беру туралы және т.с.с. жарлықтар жатады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары еңбек қүқығының қайнар көздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Президенттің нормативті қаулыларын орындау үшін шығарылады. Олар заңғатәуелді мінезі бар атқарушы биліктің актілері болып табылады. Құқық қайнар көздерінің сатысында (иерархия) заңи күші бойынша Үкімет қаулылары Қазақстан Республикасының заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары және Парламент қаулыларынан кейін түр.

Құқықтың қайнар көзі ретінде қарастырылатын, жеке түлғамен қабылданатын Президент қаулысынан Үкімет ңаулыларының айырмашылығы, олар алқалық орган актілері болып табылады, өйткені Үкімет премьер - министрден, оның орынбасарларынаң және министрлерден құрылады. Қаулылар мүшелердің жалпы Құрамының көпшілік дауыстарымен қабылданады және премьер- министр қол қояды. Президент қаулылары сияқты, үкімет қаулылары бірегей ресми баспада жарияланады - Президент және Үкімет актілерінің жинағында. Қаулылардың ұжымдық қабылдау процедурасы және онық қызметі жалпы, Қазақстан Республикасының 1995 ж. 18 желтоқсандағы «Үкімет туралы» Конституция-лық Заңымен анықталады.

Үкімет қаулыларының республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулылары және премьер - министр өкімдері Конституцияға, заң актілеріне, Президент жарлықтары мен өкімдеріне қайшы келмеу керек. Олардың қайшы болған кезінде қаулылар Президентпен немесе Үкіметпен жойылады.

Еңбек құқығының қайнар кездері жүйесінде Қазақстан Республикасының Үкімет қаулылары маңызды орынға ие. Олар, шын мәнінде, еңбек құқығының пәнін қүрайтын ңоғамдық қатынастардың кең шеңберінің көпшілігін қамтиды. Үкімет қаулылары әдетте заңдарды және Президент жарлықтарын орындау және оларды нақтылау, анықтау және өмірде жүзеге асыру мақсаттарында қабылданады.

Сондай қаулылардың ңатарына келесілер жатады, мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 29 желтоқсандағы № 1942 қаулысы «Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу реті туралы нұсқауды бекіту туралы»; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 22 қыркүйсктегі №1428 қаулысы «Мемлекеттік қаражат есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекеме-лердің қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегінде іс-сапарлар туралы ережені бекіту туралы»; Қазақстан Республи-касы Үкіметінің 2000 ж. 7 тамыздағы №1213 ңаулысы «Екі ай мезгілінен астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі орнатылатын аурулар түрлерінің тізімін бекіту туралы» және көптеген басқалар.

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары және нұсқаулықтары (Үкімет қаулысымен осы министрлік туралы 20.07.2001 ж. №983 Ереже бекітілген). Министрліктің осы актілері еңбек құқығы қайнар көздерінің өзгеше алуан түрілігіне жатады, өйткені Ңазаңстан Республикасының еңбек туралы заңдары мен Президенттің тиісті жарлықтары, Үкіметтің қаулыларын қолдану және түсіндіру бойынша актілер шығару өкілеттігі бар мемлекеттік басқару органынан шығады.

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары және нүсқаулықтары еңбек ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін еңбек туралы заңдарды және жоғары тұ рған мемлекеттік басқару органдарының актілерін дұрыс және бірыңғай түсіндіру және қолдануын қамтамасыз ету мақсаттарында қабылданады. Олар экономиканың мемлекеттік салаларында нормалау сұрақтары және жалақы төлеу, жұмысшы және қызметкерлердің біліктілік мінездемелерін бекіту, қызметкерлердің кейбір санаттарына жеңілдіктер және артықшылықтар беру, кейбір кәсіпорындар мен өндірістерде еңбек ету және демалыс режимі, жұмыс беруші және қызметкерлер арасындағы дауларды реттеу сұрақтарына қатысты. Мысалы, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2000 ж. Бұйрығы «Еңбек дауларын келісім комиссияларымен қараутәртібі туралы нұсқауды бекіту».

Салыстырмалы уақыт бұрын нарықтық экономикаға көшумен байланысты еңбек құқығының қайнар көздерінің жаңа түрлері пайда болды - бас, салалық (тарифтік), аймақтық келісімдер. Олар - республикалық, салалық және аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша міндеттемелерін анықтайтын, әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт.

Еңбек Кодексінің 276 бабына сәйкес жоғарыда көрсетілген келісімдермен келесі мөселелер қарастырылуы мүмкін:

1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау,
еңбек режимі және тынығу режимі туралы ережелер көзделуі
мүмкін.

Салалар бойынша тарифтік ставканың (айлықақының) ең төменгі мөлшерінің көлемі салалық келісімдерде айқындалады;

2) бағалар мен инфляцияның, ең төменгі күнкөріс деңгейі және
келісімде айқындалған көрсеткіштердің орындалуы негізге алына
отырып, еңбекке ақыны реттеу тетігі туралы;

3) өтемақы төлемдері туралы;

қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жәрдемдесу туралы;

жұмысқа және тынығуға қолайлы жағдайлар жасау және тиісті қоршаған ортаны қамтамасыз ету жолымен өндірісте қызметкерлердің денсаулығын сақтауды ұйымдастыру туралы;

салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы; қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін алеуметтік қорғау жөніндегі арнайы іс-шаралар туралы;

өндірістің уақытша тоқтатылуы жағдайында қызметкерлерді қорғау шаралары туралы;

9) жанжалдар мен ереуілдерді болдырмау, еңбек тәртібін
нығайту туралы;

қызметкерлер өкілдерінің қызметін жүзеге асыру үшін талаптар туралы;

заңнамаға қайшы келмейтін әлеуметтіеңбек меселелері бойынша басқа да ережелер;

әлеуметтік инфрақүрылымды дамытуға жердемдесу туралы ережелер көзделуі мүмкін.

Салалық келісімдерде:

еңбекке ақы телеу, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, еңбек және тынығу режимі туралы;

өтемақы төлемдері туралы;

қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі арнайы іс-шаралар туралы;

инфляция, ең төменгі күнкөріс деңгейі негізге алынып, еңбекке ақы төлеуді реттеу және келісімде айқындалған көрсет-кіштерді орындау тетіктері туралы;

көтеріңкі салалық коэффициенттерді белгілеу туралы ережелер көзделуге тиіс.

Қызметкерлерге біруақытта бірнеше келісімдер ерекеті таралатын жағдайда, қызметкерлерге ең қолайлы жағдайлары бар келісімдер қолданылады.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын келісімнің ережелері жарамсыз деп танылады.

Тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тәртінпен уәкілеттік берілген өз екілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер елеуметтік әріптестік тараптары болып табылады.

Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік еріптестік тараптары жүзеге асырады.

Еңбек құқығының қайнар көздерінің заңи иерархиясында келісімдер заң (орталықтандырылған) және жергілікті нормативті актілер арасында түрады.

Жергілікті (локальды) нормативті-құқықтық актілер заңға теуелді акті болып келеді және заң иерархиясының ең төмен деңгейінде түрады. Олар шектеулі салада ерекет етеді (ұйымның шеңберінде) және заңдар мен басқа заңғатәуелді актілерге қайшы болмауы керек. Оларға өз қүзырлығында қабылданған ұйымдар-дың екімшілік бұйрықтарын жатқызуға болады. Әрекеттегі еңбек туралы заңдар жергілікті нормативті-құқықтық актілерді жасау және қабылдау тәртібін толық реттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет