Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#175860
1   2   3   4

Ұсынылатын әдебиеттер




  1. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 1993.

  2. Хейне П. Экономический образ мышления. М., 1993.

  3. Брайан Твисс. Управление научно-техническими нововведениями. Пер. с англ. - М.: Экономика, 1989.

  4. Глазьев С.Ю. Экономическая теория технического развития. – М.: Наука, 1992г.

  5. Доллан Э. Дж., Линдсей Д. Макроэкономика. - Спб, 1994.

  6. Доллан Э. Дж., Кэмпбелл К.Д., Кемпбелл Р. Дж. - Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. - Спб, 1994. – 494 с.

  7. Евстигнеев В.Р. Валютно-финансовая интеграция в ЕС и СНГ: Сравнительный семантический анализ. - М.: Наука, 1998.-250с.

  8. Кенжегузин М.Б., Хамитов Н.Н., Зейнельгабдин А.Б. и др. Финансово-кредитная система республики: проблемы Развития. - Алматы: Рауан, 1995.

  9. Кошанов А.К., Рамазанов А.А. и др. Формирование систем акционерных отношений в Республике Казахстан. - Алматы: Гылым, 1995.

  10. Кошанов А.К., Мухамеджанов Б.Т., Бектемисова С. Формирование частного предпринимательства в условиях перехода к рынку на примере Республики Казахстан. – Алматы, 1995.

  11. Ю.Макконнелл К. Р., Брю С.Л. Экономикс. - М.: 1991.Т.1, Т2..

  12. Исингарин Н. Транзит - магистраль экономической интеграции. Алматы: Атамура,1998.-256с.

  13. Политические проблемы рыночной трансформации. - Алматы: Евразия, 1999.

  14. Проблемные вопросы к изучению рыночной экономики. Учеб.пособие (под ред. Ф.Д.Веселкова, А.И.Тучкова). - С-П., 1992. - 64 с.

  15. Есентугелов А. Стратегия безопасного экономического развития Казахстана в условиях глобализации. // АльПари. - 2002.-№1.-С.3-8.

  16. Жоламанов Р. Конкурентоспособность национальной экономики (теория и практика).- Алматы: ИРК, 1995.-165с.

  17. Есимов А. Проблемы интеграции АПК стран СНГ // Экономист.-1999.-№6.-С.74-82

  18. Рыночная экономика. Учеб. в 3-х томах. Т.1 и 2. Макроэкономика (В.Ф.Максимова).- М., 1992.

  19. Самуэльсон П., Нордхаус В. Экономикс. - М., 1991.

  20. Самуэльсон П. Экономика (в 2-х томах). - М., 1994.

  21. Смешанное общество, мировой опыт и Казахстан. - Алматы. - МН -АНРК, 1998.

  22. Есентугелов А. Трансформация экономики Казахстана: рыночная экономика, реформы, экономическая политика. Алматы: РГП "Институт экономических исследований" Минэкономики и торговли РК.-Т.2.-438 с.

  23. Формирование рациональной структуры промышленности и проблемы инвестиционного обеспечения (на материалах РК). Канатчинова А.К. и др. - Алматы: Гылым, 1995.

  24. Хамитов Н.Н. Финансово-кредитная стратегия рыночной экономики. - Алматы: Рауан, 1995.

  25. 24.Экономика: учебник для экономических академий, вузов и факультетов (под ред. А.С.Булатова). - М.: 1995. - 604 с.

  26. Давильбекова Ж. Промышленность Казахстана: опыт, проблемы, прогноз.-Алматы: Фонд "ХХI век", 1999.-348 с.

  27. Экономика регионов Казахстана в условиях формирования рыночных отношений: проблемы и пути решения. - Исаева М.Г., Нурланова Н.К. и др. - Алматы, 1994.

  28. Экономический механизм рынка научно-технической продукции. - Алматы: Гылым, 1994.

  29. Постников А.В. и др. Стратегическое планирование и анализ эффективности инвестиций.- М., 1997 г.

  30. Антонов А.В. Системный анализ: Учебник – М.: Высшая школа, 2004. – 453 с.

  31. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. – Алматы: Гылым, 2000. – 536 с

  32. Фатхутдинов Р.А. Конкурентоспособность: экономики, стратегия и управление. II Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М. – 2000.

  33. Баймуратов У. Социальная экономика // Том 4. Избранные научных труды. – Алматы: БИС, 2005. – 320 с.

Журналы: “Вопросы экономики”, “Экономист”, “Российский экономический журнал”, “Общество и экономика”, “Известия АН РК (серия общественных наук)”, “Экономика и жизнь” и др.

Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік актілері




  1. Конституция Республики Казахстан

  2. Гражданский кодекс Республики Казахстан

  3. Закон Республики Казахстан "Об иностранных инвестициях"

  4. Указ Президента Республики Казахстан "О хозяйственных товариществах"

  5. Указ Президента Республики Казахстан "О государственном

предприятии"

6. Закон Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг"

7. Закон Республики Казахстан "Об акционерных обществах"

8. Закон РК "О товариществах с ограниченной и дополнительной

ответственностью"

9. Указ Президента РК, имеющий силу закона "О производственном

кооперативе"

10. Закон РК "О сельской потребительской кооперации в РК"

11. Закон РК "О некомерческих организациях"

12. Закон РК "О естественных монополиях"

13. Закон РК "О труде в РК"

14. Закон РК "Об образовании"

15. Закон РК "О стандартизации"

16. Закон РК " О сертификации"

17. Закон РК " О недобросовестной конкуренции"

18. Послание Президента РК Н.Назарбаева "Казахстан - 2030" Послание Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана "О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней политики: демократизация общества, экономическая и политическая реформа в новом столетии"

19. Стратегия индустриально – инновационного развития Республики Казахстан на 2003 – 2015 годы. Утверждение указом Президента РК от 17.05.2003г

20. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года. Утвержден Указом Президента РК от 04.12.2001г. II Сборник актов Президента РК и Правительства РК № 43 - 44 . Астана, 2001 .

21. Назарбаев Н.А. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана, Астана, 16 февраля 2005 года - II Казахстанская правда. – 18.2005. – 2 - 4 .

22. Назарбаев Н.А. "Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира". Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана, Астана, 31 марта 2006 года.

23. Назарбаев Н.А. К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной экономике,

конкурентоспособной нации. Послание Президента народу Казахстане, Астана, 19 марта 2004 года II Промышленность Казахстана, 2004.-с.7.



Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі

Білім және ғылым саласындағы БАҚЫЛАУ комитеті

Бекітілген

Білім және ғылым

саласындағы бақылау комитеті

«___» ____________ 2008ж.

Келісілген

Экономика ғылымдары

бойынша эксперттік кеңес

«___» ____________ 2008ж.

Жалпы курс (экономика) мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған



МИНИМУМ-БАҒДАРЛАМА

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық қорғауға арналған диссертациялық кеңес

Алматы, 2008ж.

1. Экономикалық теорияға кіріспе. Экономикалық теория пәні және әдісі. Экономикалық теорияның пайда болуы мен негізгі даму кезеңдері. Экономикалық динамиканы талдауға әртүрлі көзқарастар. Экономикалық теорияның методологиясы мен ерекшелігі.

Экономикалық теориядағы негізгі бағыттар мен мектептер. Қазіргі заманғы экономикалық ой-пікір концепциялары: неоклассикалық, кейнстік монетарлық, неоинституционалдық, неолибералдық.

Қазіргі заманғы экономикалық теорияны меңгерудегі экономикалық ілімдер тарихының мәні. Қазақстанда экономикалық ой-пікірдің дамуы: негізгі кезеңдері мен қазіргі заманғы мәселелер.

2. Экономикалық жүйелері мен олардың ауысуының жалпы теориясы. Экономикалық жүйенің жалпы теориясы. Экономикалық жүйенің мәні мен элементтері. Экономикалық жүйенің дамуының негізгі баспалдақтары. Экономикалық жүйелердің ауысуының түрлері мен әдістері.

Қазіргі күнгі қоғамдағы негізгі экономикалық жүйелер (типтері, модельдері). Өтпелі экономиканың даму заңдылықтары. Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу шарттары және объективті алғышарттары. Аралас экономика мен экономикалық теорияның методологиялық негіздері. Аралас экономиканың критерийлері.

Шаруашылық қызметтің және экономикалық ортаның өмірлік қызметінің сипаттамасы. Адам және экономика. Экономикалық жүйедегі адамның ролі мен алатын орны туралы экономикалық теория. Экономикалық теориядағы адам модельдері. «Нарықтық жағдайдағы адамның өзін рационалды ұстау» қағидасы.

Өзіндік реттелу және экономикалық жүйелердің динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы концепциялары. Экономикалық тепе-теңдік модельдері.



3. Экономикалық теорияның негізгі категорияларының генезисі. Экономикалық қажеттіліктер. Игіліктер – шаруашылықты жүзеге асырудағы жүйе жасаушы категория ретінде. Қажеттіліктер мен игіліктерді классификациялау. Экономикалық және экономикалық емес игіліктер. Тауар, оның қасиеті және функционалды формалары.

Құн, пайдалылық, бағалылық. Шекті пайдалылық теориясындағы құн категориясы. Құн заңы мен А.Смиттің көрінбейтін қолы. Маржинализм. Нарықтағы пайданы барынша ұлғайту. Пайданы барынша ұлғайту бағалық кемсітушілік.

Пайданың тегі және оның нормалары. Капитал құру және пайда нормасы. Пайда және пайыз. Пайда және өнімділік. Кемімелі қайтымдылық заңы (өнімділік). Пайыз бен пайданың неоклассикалық теориясы.

Жалақы категориясының мәні. Саяси экономика классиктерінің (А.Смит, Д.Рикардо) жалақы концепциялары. Жалақының негізгі формалары. Маркстің теориясындағы жалақы мен пайданың динамикасы.

Баға және айқындаушы факторлар. Баға және тарифтердің түрлері. Бағаның жасалу механизмі. Бағаның жасалуы және ресурстарды қолдану: рента, қарыз пайызы және пайда. Нарық жағдайындағы баға жасауды мемлекеттік реттеу. Бағалық тепе-теңдік концепциясы.

Ақша және оның функциялары. Қаржы-несие институттарындағы ақша айналысы. Ақша сұранысы мен ұсынысы. Ақша нарығы. Ақша нарығындағы қысқа мерзімдік тепе-теңдіктің болу шарты. Фишер эффектісі. Монерталық саясаттың ұлттық өнімге әсер ету механизмі.



4. Қоғамның экономикалық дамуының жалпы негіздері. Өндіріс теориясы. Қоғамдық өндіріс-экономикалық дамудың және қоғам байлығының бастапқы негізі. Функционалды экономикалық жүйедегі өндірістің алатын орны. Өндірістің негізгі формалары.

Өндіріс факторларының теориясы. Негізгі өндіріс факторлары. өндіріс факторларына сұраныс. Ресурстардың өзара ауыстырылуы. Факторларды қолдануға байланысты өндіріс көлемінің өсуі. Факторлық табыс және функционалдық бөлу. Оптималды комбинациялау және өндіріс факторларын тиімді қолдану.

Кемімелі өнімділік және қосымша шығындардың өсу заңы. Өндірістің ұйымдық құқықтық формасы. Кәсіпкерлік және кәсіпорын.

Классикалық және неоклассикалық мектептердің өндіріс және тұтыну процесі бойынша әдістемелері.

Өндіріс, бөліс, айырбас және тұтыну. Экономикадағы технологиялық таңдау және өндірістік мүмкіндіктердің қисығы. Альтернативтік құн немесе қолданылмай қалған мүмкіндіктердің шығыны.

5. Қоғамды экономикалық ұйымдастырудағы меншік қатынастары. Меншік экономикалық көрініс ретінде. Меншіктік заңдар және иемдену заңдары. Меншіктің формалары, объектілері, субъектілері. Меншіктің заңдық және экономикалық қатынастары. Р.Коуздың классикалық теориясындағы меншік концепциясы. Экономиканы реформалаудағы меншіктің алатын орны. Қазақстандағы экономикалық ойдың дамуындағы меншік категориясының динамикасы.

Дамыған елдердегі меншіктік қатынастардың эволюциясы. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі меншік түрлері және олардың дамуының негізгі тиімді жақтары. Аралас типтегі нарықтық экономикадағы шаруашылықты жүргізу мен меншік формаларының көптүрлілігі. Жеке меншік нарықтық экономиканың қызмет етуінің негізі. Мемлекеттік меншікті басқарудың әдістері, механизмі, түрлері. Меншік қатынастарын реформалау және өндіріс тиімділігі.

Қазақстан Республикасындағы меншікті қатынастар. Мемлекеттік меншіктің құрылымын өзгерту және жекешелендірудің әдістері және мақсаттары мен міндеттері. Мемлекеттік меншікті тарату мен жекешелендірудің 1, 2, 3 кезеңдерінің негізгі нәтижелері. Постсоциалистік және дамыған елдердегі жекешелендіру тәжірибесі.

Меншік қатынастарын жүзеге асыру. Шаруашылықты жүзеге асырудың ұйымдық-экономикалық формалары.

Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері. Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару. Мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметі.

Акционерлік қоғам. Акционерлік қоғамдардың түрлері. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздары. Акционерлік қоғамдарды басқару.

Серіктестік. Серіктестік түрлері. Кооператорлар: олардың құқықтары мен міндеттері. Қорлар мен кооперативтің пайдасын бөлу. Кооперативті әлеуметтік-еңбек қатынастары. Кооперативті басқару.

6. Нарықтық экономика теориясының негіздері. Нарық теориясының пайда болуы және дамуы. Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесіндегі экономикалық мақсаттар. Нарықтық пайда болу шарттары. Нарықтың түрлері және құрылымы, атқаратын қызметі. Нарықты сигментациялау. Нарықтық қатынастардың шектері. А.Смит пен Д.Рикардо теоремасы. Нарықтың инфраструктурасы: мәні және негізгі құрамдас бөліктері. Нарықтық экономиканың моделдері. Нарықтың қызмет етуінің әлемдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану.

Нарықтық экономикадағы шаруашылық механизмнің атқаратын ролі мен мәні. Нарық механизмінің негізгі элементтері. Бәсекелестік түсінігі. Жетілген бәсекелес нарығы. Нарық құрылымының типтері. Баға, сұраныс және ұсыныс. Сұраныс және ұсыныс заңы. Сұраныс пен пайдалылық. Тұтынушылардың таңдау теориясы. Жетілген бәсекелестік нарықтың механизмі.

Жетілмеген бәсеке нарығы. Жетілмеген бәсеке нарығының негізгі құрылымдық типтері. Жетілмеген бәсекеге байланысты шығындар. Олигополия және монополия. Монопсония.

Бағалық және бағалық емес бәсеке. Қоғамдық, таптық және дара (жеке) мүдделер. Экономикалық жағдарыстар және олардың даму алғышарттары. Циклдік дамудың айрықша жағдайлары. Қазіргі жағдайлардағы экономикалық циклдің модификациялары. Экономикалық дағдарыстарды кезеңдерге бөлу және оларды неоклассикалық концепцияға сәйкес реттеу.



7. Нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің атқаратын ролі. Маркстік теориядағы мемлекеттің экономикалық ролі. Мемлекеттік реттеудің кейнстік концепциясы мен неокейнстік концепциясы.

Мемлекеттік экономикалық іс-әрекетінің негізгі бағыттары. Мемлекеттік экономикаға араласуының ең төменгі қажетті және ең жоғарғы мүмкін шектері. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары мен құралдары. Мемлекеттік реттеу әдістері мен формаларына қойылатын талаптар. Мемлекеттік реттеудің кейнстік концепциясы және неокейнстік концепциялар. Экономикалық болжау және оның қазіргі заманғы нарықтық жүйелердің дамуындағы ролі.

Экономиканың мемлекеттік секторы оның көлемі мен құрылымы. Әлемдік экономикадағы мемлекеттік сектор.

Мемлекеттің аймақтық экономикалық саясаты, оның мақсаттары мен міндеттері. Мемлекеттің аймақтық саясатының негізгі бағыттары. Аймақтық саясатты жүзеге асыру әдістері мен құралдары.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі және оның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграцияланудағы ролі.

8. Микроэкономика мен тауар өндірушілердің экономикалық іс-қимылдарының теориялық мәселелері. Қазіргі заманғы микроэкономикалық талдаудың мақсаты, міндеттері мен сипаты.

Фирма нарықтық қатынастар жүйесінде. Фирма теориясы және бизнесті ұйымдастыру формалары. Фирманың жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы іс-әрекеті. Фирманы басқару теориясы. Маркетинг фирманың коммерциялық қызметінің құралы ретінде. Шағын, орта және ірі фирмалардың экономикада атқаратын ролі.

Кәсіпкерлік капиталдың құрылуы. Капиталдар нарығы, оның субъектілері мен объектілері.

Негізгі және айналым қорлары. Кәсіпорынның инвестициялық ресурстары.

Өндіріс шығындары және пайда. Өндіріс шығындары концепциясы шығындардың түрлері. Өндірістегі шығындар мен еңбекті пайдалану. Өндіріс шығындарының аймақтық жіктелуі. Пайда және кәсіпкерлік табыс. Пайданы барынша арттыру принципі және шекті шығындар қисығы.

Альтернативті фирма теориялары (фирманың дәстүрлі теориясы, фирманы басқару теориясы, мейлінше өсу теориясы, фирманың іс-әрекет теориясы). Тұтынушының іс-әрекет теориясы. Тұтынушы таңдауын талдау. Пайдалылық функциясы. Бюджеттік шектеу. Тұтынушының ұтымды талдауы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. Тұтынушы мен өндіруші тепе- теңдігі.

Үй шаруашылығының экономикасы. Үй шаруашылығы мен жанұя микроэкономиканың субъектісі ретінде. Жанұя қызметінің жүйесі және жанұялық бюджет.

9. Макроэкономиканың теориялық мәселелері. Ұлттық экономика және қоғамдық ұдайы өндіріс. Қоғамдық ұдайы қндірістің мәні мен құрылымы. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтері. Критерийлері мен көрсеткіштері, Ұлттық экономиканың тиімділігі.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен оларды есептеу. Қоғамдық өнім, мәні және құрылымы. Ұлттық өнімді өлшеу. Қосылған құн.

Жалпы ішкі өнім және ұлттық байлық. Номиналды және нақты ЖІӨ.

Ұлттық еспе жүйесі макроэкономикалық процестерді реттеу құралы ретінде.

Экономикалық тепе-теңдік және тиімді өсу. Макроэкономикалық тепе-теңдік пен экономикалық өсу теориялары (классикалық, кейнстік).

Экономикалқ өсуің мақсаттары. Экономикалық өсу типтері. Өсу қарқындары. Шектері және пайдалық сапалары.

Экономикалық өсу ресурстары. Ресурстардың түрлері, экономикалық көрсеткіштері және оларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы. Экономикалық даму циклдарының теориясы. Мемлекеттік интициклдік реттеу. Ұзын толқындар теориясы. Экономикалық өсу және құрылымдық, аймақтық диспропорциялар.

Экономикалық өсудің макромодельдері У.Ростоудың моделі. Кейнстік модельдер. Харрод моделі. Леонтьев моделі. Өсудің неоклассикалық модельдері.

Өндіріс функциясы. Кобб-Дуглас варианты. Масштаб әсері. ҚТП іштей және сырттай берілген өндіріс функциясы.

Экономикалық өсу және технологиялық жіктер. Экономикалық өсуді есептеу және оның факторлары. Экономикалық өсу көрсеткіштері: экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу.

Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу.

Қазақстан Республикасының экономикалық өсу жағдайы мен болашағы. Экономикадағы технологиялық жіктер. «Қазақстан-2030» стратегиясы және экономикалық өсудің келешегі.

Қорлардың функционалды мақсаты. Тұтыну. Іс-әрекеттің Энгельдік сапалық сызбасы. Тұтынуға шекті икемділік. Жинақ, инвестиция. Тұтынуды, жинақ пен инвестицияларды реттеу негізінде экономиканың тепе-теңдік күйіне жету. Мультипликатор акселератор теориясы. Мультипликатордың статистикалық және динамикалық модельдері.

Макроэкономикалық тұрақсыздық және инфляция. Инфляция себептері мен формалары. Инфляция экономикалық даму түрткісі және кедергісі. Инфляцияның даму көздері мен механизмдері. Филиппс қисығы және стагфляция. Антиинфляциялық саясат варианттары.

Елдің экономикалық қауіпсіздігі. Экономикалық қауіпсіздік мәні мен құрылымы. Сыртқы және ішкі қауіп-қатер және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмі.



10. Нарықтық экономикадағы табыстар және әлеуметтік саясат. Нарықтық экономикадағы табыстарды әділ бөлу мәселесі. Табыстарды әділ бөлу концепциялары.

Халықтың табысы және олардың түрлері мен құрылуының қайнар көздері. Номиналды және нақтылы табыс. Табыстарды дифференциациялау: себептері мен факторлары. Табыстардың теңсіздігін есептеу мәселесі. Кедейлік және оның деңгейін анықтау.

Өмір сүру деңгейі. Өмір сапасы. Өмір сүру дейгейін бағалау көрсеткіштерінің жүйесі. Білім беру және денсаулық сақтау саласында жүргізілетін саясат.

Мемлекеттің табыстарды қайта бөлу саясаты. Тиімділік және әділеттілік дилемасы. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі.

Адамдық капитал түсінігі және оның құрылымы. Адам капиталының қорлануы.

Адамдық капитал теориясы. Еңбек, жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Халық, жұмысшы күші, еңбек ресурстары категорияларының сандық және сапалық белгілері. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі адамның атқаратын ролі. Жұмысшы күшінің сапасы.

Жұмысбастылық (жұмыспен қамту). Өндіріс пен жұмысбастылық деңгейін анықтайтын негізгі факторлар. Халықты жұмыспен қамту концепциясы. Жұмысбастылықтың неоклассикалық теориясы. Жұмысбастылықтың кейнстік теориясы. Еңбек ресурстарын жұмыспен қамту деңгейі.

Жұмысшы күшін босату мен қайта бөлудің нарықтық механизмі. Еңбек нарығы, оның негізгі атрибуттары мен фунцкиялары. Жұмыссыздық пен оның түрлері. Жұмыссыздықты экономикалық өсу тұрғысынан бағалау. Еңбек нарығын тұрақтандыру процесі. Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктері.

Еңбек ресурстарының миграциясы, эмиграциясы және иммиграциясы.

Әлеуметтік әріптестік және еңбек нарығындағы қатынастардың келісім-шарттық сипаты.



11. Қоғамның несие-ақша жүйесі. Құнды қағаздар нарығы. Қаржы және қаржылық саясат. Ақша-несие жүйесі және ақша-несие саясаты. Ақша жүйелері ұғымы және типтері: металл ақшаларының айналысы және несиелік қағаз ақшалардың айналысы. Ақша массасы, оның құрылымы мен оның өлшемі. Ақшаның сандық саясаты. Ақша агрегаттары. Ақша нарығы. Ақша нарығының кейнстік моделі. Ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдігі. Ақша сұранысы мен ұсынысы, олардың экономикалық конъюнтураға тәуелділігі. Ақшаға сұраныстың монетаристік және неоклассикалық теориялары.

Несиенің мәні, функциялары мен формалары: коммерциялық, банктік, шаруашылықаралық, ақшалай, тұтынушылық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық. Қазіргі заманғы несие-ақша жүйесінің құрылымы. Банктер, олардың түрлері және атқаратын қызметтері. Орталық банк, коммерциялық, салықтық банктер.

Бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар, олардың түрлері. Бағалы қағаздар нарығының қызметі және ұйымдық құрылымы. Бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама нарықтары. Қор биржасы. Бағалы қағаздар нарығын реттеу.

Ақша-несие жүйесін макроэкономикалық реттеу.

Қаржы және қаржы саясаты. Қаржының қызметі мен мәні. Олардың экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі атқаратын ролі. Қаржылық қатынастардың субъектілері: шаруашылық субъектілері, халық және мемлекет. Қаржы саясатының бақылау және олардың эволюциясы.

Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Бюджеттің функциясы. Салық жүйесі. Салық салудың экономикалық теориясы және қазына толтыру саясаты. Салықтар экономикалық база және қаржы саясатының құралы ретінде. Салықтың түрлері. Салық салу қағидалары. Лаффер қисығы.

Бюджет тапшылығы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері. Мемлекеттік бюджетті теңестіру мәселесі.

Мемлекеттік борыш. Ішкі және сыртқы борыш. Мемлекеттік борышты басқару.



12. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуын теориялық мәселелері мен үрдістері. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдері мен негізгі белгілері. Әлемдік экономикадағы шаруашылық процестердің интернационалдануы мен өзектендірілуі: мәні мен даму динамикасы. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орны.

Дүниежүзілік нарық және халықаралық сауда теориясы. Әлемдік экономикадағы интеграциялық процестер. ДСҰ (ВТО) – ның әлемдік экономикада алатын орны. ДСҰ-ға мүше болу кезеңдері, механизмі мен тәртібі. Капиталдың халықаралық миграциясы. Халықаралық еңбек нарығы және оның әлемдік экономикаға интеграциясы. Трансұлттық компаниялар.

Халықаралық валюта жүйесі. Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың валюта жүйесі. Халықаралық валюта нарықтары мен валюталық реттеу. ХВҚ (МВФ).

Қазақстан Орталық Азиялық экономикалық қоғамдастықта. Еуразия экономикалық қоғамдастығының құрылуы мен қалыптасу механизмі.



Қосымша бағдарлама

  1. Экономикалық теорияның теориялық мәселелері. Халықаралық сауда және макроэкономикалық тепе-теңдік мәселелері. Сыртқы сауда бойынша жалпы мәселелер. Сыртқы сауданың мультипликаторы. Халықаралық сауда теориясы. А.Смиттің негізгі ережелері. Д.Рикардоның халықаралық сауда теориясы. Саудалық саясаттың элементтерінің түрлері. Саудалық шектеулер. Халықаралық сауданы реттеу. Протекционисттік сипат. Фискалдв төлемдер. Адвалорлық төлемдер. Ерекше кедендік төлемдер. Аралас төлемдер. Ең төменгі кедендік төлемдер. Ең жоғарғы кедендік төлемдер. Импорттық квоталар. Тарифтік емес шектеулер. Ерікті экспорттық шектеулер.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет