Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы


-тапсырма. Мына қолданыстарға назар аударыңыз. Тірек сөз: Жастар



бет33/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

4-тапсырма. Мына қолданыстарға назар аударыңыз.

Тірек сөз:




Жастар



Жастар – елдің болашағы. Жастар – қоғам болашағы.
Жастар – мемлекет тірегі. Жастар – ертеңгі басшы.
Жастар – ертеңгі үмітіміз. Жастар – тіл жанашыры.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

ОҚЫЛЫМ


Грамматика. Ашық рай+дейді моделі, барыс септігіндегі есімше



Есімше

Барыс септігі жалғауы

Ашық рай

+дейді

Айт+қан

+ға

сендім І жақ

+дейді

Оқы+майтын

+ға

бардың ІІ жақ

+дейді

Келме+с

+ке

кеттіңіз ІІ жақ (сыпайы)

+дейді

көр+мек

+ке

келді ІІІ жақ

+дейді

ЖАЗЫЛЫМ


5-тапсырма. Кестені үлгіге сәйкес толтырыңыз.



Жасалуы

Мысалы:

Есте сақтаңыз!

Етістік + -атын\-етін\-итін + барыс септігі + ашық рай +дейді

Үлгі: Алдыңғы аға буынның кейінгі буынға осындай мұраларды қалдыратынына күмәніміз жоқ дейді.
Сіздің мысалыңыз:

Ашық рай іс-қимылдың қай шақта орындалғанын білдіреді. Үш жақтын жасалу жолдары арқылы жасалады: Мен келдім. Мен келемін. Ол жейтін.



Етістік+-мақ\-мек;-бақ\-бек; -пақ\-пек + барыс септігі + ашық рай +дейді

Үлгі: Жастар өз тілін, салт-дәстүрін дамытпаққа келді дейді.


Сіздің мысалыңыз:

Етістік+-ар\-ер;-р\-с; + барыс септігі + ашық рай +дейді

Сіздің мысалыңыз:



Етістік+-ған\-ген;-қан\-кен; + барыс септігі + ашық рай +дейді

Сіздің мысалыңыз:





ОҚЫЛЫМ


6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сызба бойынша негізгі ақпараттарды кестеге орналастырыңыз.
Тілге жауапкершілікпен қарау – әрбір қазақтың міндеті. Қазір бұрынғыдай емес, тіліміздің қанаттанып, дамып келе жатқаны байқалады. Алайда, оның болашағын терең ойлайтын болсақ, өз тілімізде барынша таза сөйлеуге дағдылануымыз керек. Әрине, адам өзінің кәсіби саласында бәсекеге қабілетті болу үшін бір емес, бірнеше тілді білсе де артықтық етпейді. Бірақ солардың ішінде өзіңнің ана тіліңе деген құрметің ерекше болу керек. Қазіргі таңда жастарымыздың көпшілігі оқыған, барлығы бір-бір мамандық иесі. Олардың арасында шетелге шығып, білім алып келгендері де аз емес. Жастар, әдетте, өмірге сергек қарайды ғой. Өз болашағының жарық болуы үшін тырысып, талпынады. Бірнеше тілді меңгереді. Бірақ сол жастардың кейбіреулері өз тілдерін білмей, сөйлей алмай тұрғанда қынжыласың. Сондықтан қалалық жерде туып-өскен жастарымыз өзінің ана тіліне құрметпен қарап, тілін ұмытпаса екен дейсің. Олар ана тілін түсінбей, өз тілінде сөйлей алмай тұрған соң көзі ашық, көкірегі ояу болса да ұлтының ұланы екені байқалмай тұрғандай әсер қалдырады. Өйткені ана тілін меңгермеген, үйренбеген. Бұл отбасындағы тәрбиенің әсерінен болып отырған жағдай ма деп те ойлаймын. Бірақ адам ержеткен соң саналы түрде өз болашағына мән беріп: «Осы мен кіммін, қай ұлттың өкілімін?» деген мәселеге ой көзімен қарауы керек. Сонда өз тіліңді үйренуге деген ықыласың артады.
Тіл арқылы ұлттық болмысыңды қалыптастырып, санаңды оятып, өз бойыңдағы ұлттық ерекшелігіңді жоғалтпау баянды істердің бірі деп ойлаймын. Әрине, мемлекеттік тіліміздің өз деңгейіне жете алмай жатқанының бір себебі әрбір қазақ баласы осы ұлы мақсатқа барынша ден қойып, ықыласты танытып, атсалысуы керек. Сонда ғана болашағымыз баянды, ұлтымыздың ғұмыры ұзақ әрі мәңгі болады.
17-шілде, 2014 ж., «Ана тілі» газеті. Өмірбек Қуанышұлы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет