Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет9/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

байланыстырушы тілдік құралдар:
• Ойымды/сөзімді қорытындылай келе, ...
• Ойымызды/сөзімізді қорытындыласақ, ...
• Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - ...
• Сонымен, тоқ етерін айтқанда....


ОҚЫЛЫМ-CӨЙЛЕСІМ


6-тапсырма. Жағдаяттарды оқыңыз. Келісесіз бе? Жоғарыда берілген сөз орамдарын қолдана отырып, ойыңызды ортаға салыңыз.


1-жағдаят. Гүлзада ЕСЕНБЕКОВА, мұғалім:
– Жасымыз жетсе де мен тұрмысқа шыққаным жоқ, інім үйленуге асығар емес. Барлық жағдайымызды анамыз жасап отыр. Ініме үлгі болады деген әкем жасы алпысқа келгеніне қарамастан өзінен он жас кіші келіншекке үйленіп бөлектеніп кетті. Бұл жағдай біздерге өте ауыр соқты. Інімнің қарашаңыраққа ие болуы үшін күнде ақыл-кеңесімді айтудамын. Жар таңдауда қателеспегенін тілеймін. Ата-анаммен отыз жыл тұрған үй маған өте ыстық. Бізге жасаған опасыздығынақарамастан әкемнің кітапқа толы жұмыс бөлмесін мұнтаздай етіп жинап, тазалығын сақтап отырмыз.
2-жағдаят. Балташ ОМАРБЕКОВА, кәсіпкер:
– Жезқазған өңірінің тумасымын. Отбасындағы жалғыз ағам Мәскеуде оқып, ақыры Ресей жерінде жұмыс істеп жатыр.Қазіргі күні зейнеткер болғандықтан ел жаққа келгісі келмейді. Ағамнан кіші екі қыз екі шалғай облыста, өз арбамызды өзіміз сүйреп жүрген жайымыз бар. Таяуда анамды қолыма көшіріп алдым. Ал Ақтоғайдағы алты бөлмелі үй қаңырап бос қалды.Әкем кезінде түрлі-түсті металл шығаратын зауыттың белді қызметкері болған-ды. Аудандық, облыстықмәслихаттарға депутат болып бірнеше мәрте сайланған-ды. Тұрмысымыз айтарлықтай еді. Өкінішке орай, ердің жасы 50-ге келер кезде жұмбақ жағдайда өмірден өтіп кетті. Енді елде қалған қарашаңырақты күнде-күнде түсімде көріп, жүрегім сыздап ауырып жатқанын сезіп, оянып кетемін.
3-жағдаят. Еркін ҚАЛДАРБЕКОВ, құрылысшы:
– Отбасындағы он баланың кенжесімін. Әпкелерім тұрмыста. Ағаларым үйлі-жайлы. Әке-шешем төртінші ағатайымныңқолында тұрады. Мен болсам жұмыс іздеп Алматы мен Астана арасында жүріп жатырмын. Әке-шешем там соғып, меніңауылға қайтуымды талап етуде. Бірақ маған қала өмірі ұнайды. Кенже бала әке-шешесін қарасын дегенді кім шығарған? Біздің оңтүстік өңірде тұрмысқа қолайлы жағдайдың бәрі бар. Алайда мен көп ақша тауып, келіншегімді қасыма ертіп, әлемді аралауды мақсат етіп қойдым.
Ақпарат дереккөзі: https://www.elana.kz/kenzhe Салтанат Қажыкен “Ана тілі” газеті
ТЫҢДАЛЫМ


7-тапсырма. «Қара шаңырақтың қасиеті» бейнесюжетін https://youtu.be/Ugv8oMDngl4 сілтемесі бойынша қарап, кестені толтырыңыз.



Бейнесю-жет атауы

Бейнесю-жеттің идеясы

Бейнесю
жеттің мазмұны

Бейнесю-жетте көтерілген мәселе

Бейнесюжет-тен сөздік қорыңызға қосқан лексикаңыз

Түйін (бейнесюжет сізге қандай ой салды?)



















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет