33.19 Өзге де жабдықтарды жөндеу
33.19.0 Өзге де жабдықтарды жөндеу
Бұл ішкі класқа басқа топтамаларға енгізілмеген жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кіреді.
Бұл ішкі класқа:
- торлауды қоса алғанда, балық аулау торларын жөндеу
- арқандар, құрал-саймандар, желкендер, брезенттер жөндеу
- тыңайтқыштар және химиялық құрамдарға арналған қаптарды жөндеу
- ағаш тегендер, ыдысқа арналған жәшіктер, бөшкелер және ұқсас бұйымдарды жөндеу немесе қалпына келтіру
- пинбол ойындарына арналған автоматтарды және тиынды түсіргеннен кейін жұмыс істейтін өзге де ойын автоматтарын жөндеу
- органдарды және өзге де көне музыкалық аспаптарды қалпына келтіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- үй және офис үшін жиһазды жөндеу, жиһазды қалпына келтіру, (95.24.0 қараңыз)
- велосипедтерді жөндеу, (95.29.6 қараңыз)
- киімді жөндеу және қайта түзеу кірмейді, (95.29.1-95.29.3 қараңыз)
33.2 Өнеркәсіптік машиналарды және жабдық монтажы, орнату
33.20 Өнеркәсіптік машиналарды және жабдық монтажы, орнату
33.20.0 Өнеркәсіптік машиналарды және жабдық монтажы, орнату
Осы ішкі класқа іске қосуды реттеу жұмыстарын қосқанда, машиналар мен жабдықтардың арнайы орнатуы кіреді. Бірақ эскалаторларды, электр өткізгіштерді, сигнализация жүйелерін немесе ауаны кондициялау жүйелерін орнату сияқты ғимараттарда жабдықты орнату құрылыс болып жіктеледі.
Бұл ішкі класқа:
- өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнеркәсіптік жабдықты орнату
- өндірістік процестерді басқару бойынша жабдықты жинау
- өзге де өнеркәсіптік жабдықтарды, соның ішінде: коммуникациялық жабдық; көпфункционалды және ұқсас компьютерлерді; рентгендік және электр медициналық жабдықтарды, энергиялық тиімді жабдықтарды, сондай-ақ жиілікті-реттемелі жетектерді және т.б. орнату
- өндірістік машиналарды және жабдықты бөлшектеу
- жалпы қолданыстағы жабдықтарды орнату
- өндірістік машиналар мен жабдықтарды арнайы тасымалдау
- боулингіге арналған жабдықтарды орнату кіреді
Бұл ішкі класқа:
- лифтілерді, эскалаторларды, автоматтық есіктерді, ауа тазалау жүйелерін және т.б. орнату, (43.29.8 қараңыз)
- есіктерді, баспалдақтарды, дүкендерге арналған жабдықтарды және жићазды және т.б. орнату, (43.32.0 қараңыз)
- дербес компьютерлерді орнату (баптау) кірмейді, (62.09.9 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |