Азақстан республикасының Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «еуразия су орталығЫ» Ғылыми-өндірістік бірлестік» акционерлік қОҒамы



бет6/16
Дата14.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#134779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Б-ҚОСЫМШАСЫ
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТЕҢІЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК КОНВЕНЦИЯҒА КАСПИЙ ТЕҢІЗІН ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНЕН ЖӘНЕ ҚҰРЛЫҚТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕСІНДЕ ЛАСТАНУДАН ҚОРҒАУ

ЖӨНІНДЕГІ ХАТТАМА
Кіріспе
Каспий маңы мемлекеттерi:
Әзербайжан Республикасы,

Иран Ислам Республикасы,

Қазақстан Республикасы,

Ресей Федерациясы,

Түрiкменстан,
бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталады,
2003 жылғы 4 қарашада Тегеранда, Иран Ислам Республикасы, жасалған Каспий теңiзiнің теңiз ортасын қорғау жөнiндегі негiздемелiк конвенциясының Тараптары бола отырып, бұдан әрі Конвенция деп аталады,
Конвенцияны және атап айтқанда, оның 7-бабы мен 11-бабын 1-тармағын орындау шешіміне бекініп,
2008 жылғы 12 қарашада Тегеранда, Иран Ислам Республикасы, қабылданған Каспий теңізі үшін конвенцияның Стратегиялық іс-қимыл бағдарламасын назарға ала отырып,
Каспий теңізінің планетадағы ірі ішкі су қоймасы ретінде экологиялық және гидрологиялық сипаттамаларының бірегейлігін мойындай отырып,

даму процесінің ажырамас бөлігі ретінде Каспий теңізінің теңіз ортасын және жағалау маңы аудандарын қорғау мен сақтауды және оның табиғи ресурстарын орнықты пайдалануды қамтамасыз етуге ниеттене отырып, бұл ретте қазіргі және келешек ұрпақтың қажеттіліктерін әділетті негізде қанағаттандыра отырып,


жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудың теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарға, биологиялық ресурстар мен адам денсаулығына елеулі қатерін түсіне отырып,
атап айтқанда, теңіз деңгейінің ауытқуынан туындайтын экологиялық проблемаларды назарға ала отырып,
1995 жылғы 3 қарашада Вашингтонда, Колумбия округі, қабылданған Теңіз ортасын құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі жаһандық іс-қимыл бағдарламасының Каспий маңы мемлекеттерi үшін маңыздылығын атап өте отырып,
төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:
1-бап. Хаттама мақсаты
Осы Хаттаманың мақсаты Каспий теңізінің экологиялық таза теңіз болуына қол жеткізу және оны сол қалпында ұстау үшін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызметтер нәтижесінде теңіз ортасының ластануын болдырмау, төмендету, бақылау және барынша мүмкін болатын дәрежеде жою болып табылады.

2-бап. Терминдерді пайдалану
Осы Хаттаманың мақсаты үшін:


  1. «Уағдаласушы Тараптардың конференциясы» Конвенцияның 22-бабында көрсетілген органды білдіреді;




  1. «Хатшылық» Конвенцияның 23-бабында көрсетілген органды білдіреді;




  1. «Қолда бар ең үздік технологиялар (ҚБЕҮТ)» термині шығарындылар мен қалдықтарды шектеу үшін нақты шаралардың тәжірибелік жарамдылығын көрсететін қазіргі замаңғы технологияларды, жабдықтарды немесе қызмет әдістерін білдіреді. «Технологиялар» жеке өзінде пайдаланылатын технологияларды, сондай-ақ, өндірістік қондырғыны жобалауға, құруға, оған қызмет көрсетуге, оның жұмыс істеуіне және оны бөлшектеуге көмегі тиетін тәсілдер мен әдістерді қамтиды;

d) «Ең үздік табиғат қорғау практикасы (ЕҮТҚП)» қоршаған ортаның жай-күйін бақылау саласындағы шаралар мен стратегиялардың неғұрлым ұтымды ұштастырылуын пайдалануды білдіреді;


e) «Жағалау маңындағы аудан» жағалау жиегімен шектесетін және теңіздің жақындығы мен теңіз деңгейінің ауытқуы әсеріне ұшырай отырған құрлық белдеуін білдіреді;
f) «Шиеленісті нүкте» адамдар денсаулығына, экожүйеге немесе табиғи ресурстарға, сондай-ақ, экономикалық маңызы бар артықшылықтарға іс жүзіндегі немесе әлеуетті қолайсыз әсерді болдырмау немесе төмендету мақсатында шектен тыс ластануға ұшыраған бірінші кезекте назарға алуды талап ететін алаңы жөнінен шектеулі және бөлшектенуге ұшырайтын құрлық учаскесін, жер беті сулары учаскесін немесе нақты сулы қабатты білдіреді;
g) «Жер үстi көздерiнен ластану» су жолымен, атмосфера арқылы немесе тікелей жағалаудан теңіз ортасына түсетін, құрлықта жатқан жекедара нүктелі және шашыраңқы көздерден теңіздің ластануын білдіреді;
h) «Жеке-дара нүктелі көздер» шығарындылары ажыратылатын, шектелген және атап айтқанда ластайтын заттарды шығаратын немесе шығаруы мүмкін су ағызып жіберу арналарын, жыраларды, тоннельдерді, құбырларды немесе ұңғымаларды қоса алғанда, оқшауланған көлік-көшіру құрылғылар арқылы қоршаған ортаға түсетін, құрлықта жатқан ластау көздерін білдіреді;
i) «Шашыраңқы көздер» жеке-дара нүктелі көздерден ерекшеленетін, сорғыту, сіңіру немесе гидрологиялық өзгерістер немесе мекендеу орындарының бұзылуы нәтижесінде заттары қоршаған ортаға жер үсті суағарларымен, жауын-шашындармен, атмосфералық булармен өтетін, құрлықта жатқан ластау көздерін білдіреді;
j) «Шығарындылар» суға, атмосфераға немесе топыраққа ластаушы заттардың төгінділерінің, ағындыларының немесе ағызып жіберулерінің кез келген түрін білдіреді;
k) «Шығарындыларды реттеу» шығарындылардың шекті мөлшерін белгілеу немесе шығарындылардың әсерлеріне, сипатына немесе басқа сипаттамаларына қатысты шектеулер мен қойылатын шарттарды не шығарындыларға әсер ететін пайдаланудың шарттарын басқа нысанда анықтау сияқты арнайы шектеуді талап ететін реттеу шараларын білдіреді;
l) «Шығарындылардың шекті шамасы» қандай да бір нақты параметрлерде көрсетілген массаны, уақыттың бір немесе бірнеше кезеңі ішінде шамадан аспайтын шығарындылардың шоғырлануын немесе деңгейін білдіреді. Заттар шығарындыларының шекті шамасы, әдетте, сұйылту есепке алынбай қондырғыдан шығарындылардың шығу нүктесі үшін қолданылады;
m) «Сапаның экологиялық стандарты (СЭС)» суда, шөгінділерде немесе биотада белгілі заттың немесе заттар тобының шоғырлану деңгейін білдіреді, ол адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында шамадан аспау керек;

n) «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіші (ҚОСНК)» қоршаған орта сапасының талапқа сай нысаналы деңгейін айқындайтын, мақсатты білдіреді.



Қоршаған ортаның нақты бір құрам бөлігіне, мысалы өзен, жағажай немесе өндірістік объектіге қатысты қол жеткізілуге тиіс.
3-бап. Қолданылу аясы
1. Конвенцияның 3-бабына және осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес осы Хаттама:
a) Каспий теңізінің теңіз ортасына және/немесе жағалау маңындағы аудандарға теріс әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін жер үсті жеке-дара нүктелі және шашыраңқы көздерден шығатын заттар шығарындыларына қолданылады. Осы шығарындыларға өзгелердің ішінде тұзды суларды, марштарды және лагуналарды қоса алғанда, өзендер сағалары, арналар немесе өзге де су тораптары, жерасты суағарлары, жағалаудағы қалдық жою орындары және суын жіберу, құрлықта төселгендерді және теңіз түбіне орналастырылғандарды қоса алғанда, солар арқылыда, жер үсті суағарлары арқылы да теңіз ортасына түсетіндер жатады;
b) Осы Хаттамаға III қосымшада айқындалған жағдайларда Каспий теңізінің теңіз ортасына атмосфера арқылы жер үсті көздерінен таралатын ластаушы заттардың түсіміне; және
c) жағалау сызығының табиғи жай-күйінің физикалық өзгеруі және ландшафттың немесе мекендеу орындарының өзгеруі мен бұзылуы нәтижесінде ластануды қоса алғанда, Каспий теңізінің теңіз ортасына және/немесе жағалау маңындағы аудандарына әсер ететін қызметтің осындай түрлері нәтижесінде ластануға қолданылады.
4-бап. Жалпы міндеттемелер
1. Уағдаласушы Тараптар жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде Каспий теңізі теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандардың ластануын және оған басқа да жағымсыз әсерледі болдырмау, бақылау, бәсеңдету және мүмкіндігінше жою үшін Конвенция ережелеріне сәйкес барлық тиісті шараларды дербес немесе бірлесіп қолданады.
2. Уағдаласушы Тараптар, атап айтқанда:
a) сақтық қағидатын қолданады, оған сәйкес теңіз ортасына немесе халық денсаулығына елеулі немесе қайтымсыз залал келу қатері болған, толық ғылыми сенімділік болмаған кезде мұндай залалды болдырмау жөніндегі экономикалық тиімді шараларды кейінге қалдыру үшін негіз ретінде пайдаланылмайды;
b) «ластаушы төлейді» қағидатын қолданады, оған сәйкес ластануды болдырмау, бақылау және бәсеңдеті жөніндегі шараларды жүзеге асыруға арналған шығыстарды ластаушы көтеруге тиіс;
c) Уағдаласушы Тараптардың Каспий теңізінің теңіз ортасына және жағалау маңындағы аудандарға елеулі түрде жағымсыз әсер етуі мүмкін қызмет түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалауға қатысты екіжақты және көпжақты ынтымақтастығына жәрдемдеседі;
d) тиісті жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу кезіндегі экологиялық факторларды, оның ішінде адамдардың денсаулығына байланысты аспектілерді жан-жақты есепке алуды қамтамасыз етеді;
e) зілзалаларға әзір болуды және ден қоюды қамтамасыз ету арқылы өнеркәсіптік авариялар мен үлкен зілзалалар нәтижесінде ластану тәуекелін барынша азайту үшін алдын алу шараларын қолданады;
f) бекіре, Каспий арқан балығы мен басқа да бағалы түрлердің табиғи уылдырық шашуы үшін ықтимал түрде зиянды болатын жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі арнайы шараларды қолданады;
g) жағалау маңындағы аудандардың дамуына кешенді түрде қарау арқылы жағалау маңындағы аудандардың орнықты дамуына жәрдемдеседі;
h) өзара келісім негізінде, аумағында Каспий теңізі гидрологиялық бассейінінің бір бөлігі орналасқан жағалау маңына жатпайтын мемлекеттермен Хаттама мақсаттарына қол жеткізуде ынтымақтастыққа ұмтылады.
5-бап. Орындау шаралары
1. Әр бір Уағдаласушы Тарап осы Хаттаманың орындалуын үйлестіруге және басқа Уағдаласушы Тараптарға Хатшылық арқылы тиісті ақпаратты ұсынуға құқығы бар ұлттық органды тағайындайды.
2. Осы Хаттаманы орындау барысында Уағдаласушы Тараптар:
a) ластану көздеріне бақылау жасау шараларына негізделген және шараларды, қажет жерлерде оларды орындау кестелерін қамтитын өңірлік немесе ұлттық іс-қимыл бағдарламаларын немесе жоспарларын қабылдайды. Осындай бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу кезінде олар Теңіз ортасының құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі жаһандық іс-қимыл бағдарламасының ұсынымдарын және Каспий теңізі бойынша стратегиялық іс-қимыл бағдарламасының тиісті ережелерін назарға алғаны жөн;
b) мыналарды біртіндеп әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру жолымен I қосымшада санамалап көрсетілген қызмет түрлері мен заттарды:
(i) тиісті заттар үшін шығарындылардың шекті шамасын, сапаның экологиялық стандарттарын және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, сондай-ақ I қосымшада айқындалатын факторларға негізделген басқару тәжірибесін қоса алғанда шығарындыларға бақылау; және
(ii) шекті шамада қол жеткізу, тиісті басқару тәжірибесін енгізу және Уағдаласушы Тараптармен келісілген шараларды орындау кестелерін қамтуды қамтамасыз етеді;
c) ҚБЕҮТ және ЕҮТҚТ-ні пайдаланады немесе пайдалануға, сондай-ақ, экологиялық негізделген технологияны қолдануға, осы Хаттамаға V-қосымшада санамалап көрсетілген әлеуметтік, экономикалық және технологиялық жағдайлар мен өлшемшарттарды ескере отырып, мейлінше экологиялық таза өндірісті қоса алғанда, оған қол жеткізуге және оны беруге жәрдемдеседі.


  1. Осы Хаттамада Уағдаласушы Тараптардың жекедара немесе бірлесіп, осы Хаттамада белгіленген шаралардан басқа мейілінше қатаң шараларды қабылдау құқығына осы Хаттамада ешнәрсе әсер етпейді.


6-бап. Жалпы басшылыққа алынатын қағидаттар және стандарттар
1. Конвенцияның 18-бабына сәйкес Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда құзыретті халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса отырып, біртіндеп жалпы басшылыққа алынатын қағидаттарды және мән-жайларға байланысты, атап айтқанда:


  1. жағалау маңында су ағызып жіберуге арналған, атап айтқанда, шығарындыларды тазарту үшін пайдаланылатын әдістерді ескере отырып, құбырлардың ұзындығына, төселу тереңдігіне және орналастыруына;

b) бөлек тазартуды талап ететін шығарындыларға қойылатын арнайы талаптарға;


c) нақты мақсаттарда пайдалану кезінде адамдар денсаулығын, биологиялық ресурстар мен экожүйелерді қорғауға қажетті теңіз суының сапасына;
d) теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандардың ластануына елеулі дәрежеде себепші болатын өнімдерді, объектілер мен өнеркәсіптік және өзге де процесстерді бақылауға және қажет болған жағдайда біртіндеп ауыстыруға;
e) тасталынатын заттардың санына, осы Хаттамаға I қосымшада санамалап көрсетілген олардың шығарындыларда шоғырлануына және оларды тастау әдістеріне қатысты нақты талаптарға орай стандарттарды немесе өлшемшарттарды әзірлейді және қабылдайды.
2. Осы Хаттаманың 5-бабы 2-тармағының a)-тармақшасында көрсетілген өңірлік бағдарламалар мен іс-қимыл жоспарлары мынадай ережелер ескеріле отырып әзірленеді және жүзеге асырылады:


  1. Уағдаласушы Тараптар шығарындылардың жалпы шекті шамасын, сапаның экологиялық стандарттарын немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, сондай-ақ, осы Хаттамаға І қосымшада санамалап көрсетілген заттар үшін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластағануды мән-жағдайларға қарап болдырмауға, бәсеңдетуге немесе жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру кестесін белгілейді және мезгіл-мезгіл қайта қарайды; және

b) Уағдаласушы Тараптар конференциясы ластануды болдырмау өлшемшарттарын айқындайды және Каспий теңізінің теңіз ортасының жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануын бәсеңдету, бақылау және жою жөніндегі тиісті шараларға ұсынымдар береді және осы Хаттаманың 13-бабында көрсетілген мониторинг бағдарламаларын жүргізу, өнеркәсіптік және басқа да антропогендік қызметтегі өзгерістер мен ғылым және ластануға қарсы күресу технологиялар саласындағы ықтимал прогресс нәтижелері бойынша ақпарат көлемінің ұлғаюын көрсете отырып, оларды мезгіл-мезгіл жаңартып отырады.


7-бап. Жеке-дара нүктелі көздерден ластану
1. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізінің теңіз ортасына немесе жағалау маңындағы аудандарға теріс әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін, осы Хаттамаға І қосымшада санамалап көрсетілген заттардың ластануының жеке-дара нүктелі көздерінен түсетін шығарындыларды реттеу қолда бар ең үздік технологияларға, ең үздік табиғат қорғау практикасына немесе шығарындылардың тиісті шекті шамаларына негізделуі үшін шара қолданады.
2. Уағдаласушы Тараптар «шиеленісті нүктелер» тізімінің негізінде жеке-дара нүктелі көздерден түсетін ластаушы заттардың айтарлықтай азаюына қол жеткізу кестесімен ұлттық іс-қимыл жоспарларын қабылдайды және жүзеге асырады, олар бекітіледі, кейін Уағдаласушы Тараптар конференциясында қайта қаралып, екі жыл сайын жаңартылып отырады.
3. Жеке-дара нүктелі көздерден шығарындыларды Уағдаласушы Тараптардың құзыретті ұлттық органдарынан рұқсат алған жағдайда жол беріледі немесе осы органдардың осы Хаттаманың ережелерін, оған IV қосымшаны және Уағдаласушы Тараптар конференциясының тиісті шешімдері мен ұсынымдарын ескере отырып реттеуіне жатады.
4. Осы мақсатпен Уағдаласушы Тараптар берілген рұқсаттар мен қоршаған ортаға шығарындыларды реттейтін, қабылданған нормативтік актілер талаптарының сақталуын бағалау үшін өздерінің құзыретті ұлттық органдары жүзеге асыратын жүйелі түрде инспекциялау және қадағалау жүйесін құруды қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен нормативтік актілер талаптары сақталмаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар тиісті санкцияларды енгізеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
8-бап. Шашыраңқы көздерден ластану
1. Уағдаласушы Тараптар осы Хаттамаға І қосымшада санамалап көрсетілген және Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарға әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін, заттардың ластануы шашыраңқы көздерінен шығарындыларды реттеу әдістері ҚБЕҮТ-ге және ЕҮҚП-на негізделуі үшін шара қолданады.
2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізінің теңіз ортасына немесе жағалау маңындағы аудандарға әсерін тигізетін ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты ластану ауыртпалығын айтарлықтай азайту үшін, оның осы Хаттамаға І қосымшада санамалап көрсетілген заттар бойынша келісілген сапаның экологиялық стандарттарына және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында, осы Хаттамаға ІІ қосымшада айқындалған өлшемшарттарға сәйкес барлық қажетті шараларды қолданады.
9-бап. Қызметтiң өзге де түрлерiнен туындайтын ластану
1. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізінің теңіз ортасына немесе жағалау маңындағы аудандарға жағымсыз әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін және осы Хаттаманың 7 және 8-баптарында қамтылмаған қызмет түрлері ҚБЕҮТ және ЕҮҚП негізінде жүзеге асырылуы үшін шараларды қолданады.
2. Уағдаласушы Тараптар теңіз деңгейінің ауытқуы нәтижесінде теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандардың ластануын болдырмау, бақылау, бәсеңдету және мүмкін болғанынша барлық тиісті шараларды қолданады. Осы мақсаттарда мұнай және химия өнеркәсібі қондырғыларын, сондай-ақ, мұнай басып кету қатері бар жерлерді мұнаймен ластанудан қорғау жөнінде шара қолданады және ескірген жағалау қондырғылары мен қоймаларын пайдаланудан шығарады.
10-бап. Жағалау маңындағы аудандарды дамытуға кешенді көзқарас
1. Уағдаласушы Тараптар өзгелердің ішінде жағалау маңындағы аудандарды жоспарлау негізінде, жеке-дара және, ұтымды болған жағдайда, бірлесіп жеке, жағалау маңындағы аудандарды кешенді дамытуды қолданады. Олар теңіздің ұзақ уақыт бойы ауытқуын, жел қума-айдау құбылыстары, дауыл, жер сілкіністері және жағалау эрозиясы сияқты қауіпті табиғи факторлардың жағалау маңындағы аудандардың халқына және инфрақұрылымына жағымсыз әсерлерін бәсеңдету үшін жеңілдету шараларын қолданады және жүзеге асырады.
2. Уағдаласушы Тараптар жағалау маңындағы аудандардағы жерлердің орманы жойылуын және жұтаңдауын азайту және тоқтата тұру үшін барлық қажетті шараларды қолданады және ормандарды қалпына келтіруге және шөлейттенуге қарсы күресуге бағытталған ұлттық іс-қимыл жоспарларын және бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады.
11-бап. Трансшекаралық әсер ету
1. Кез келген Уағдаласушы Тараптың жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызметі нәтижесінде ластану басқа немесе бірнеше басқа Уағдаласушы Тараптардың жағалау маңындағы аудандарына немесе Каспий теңізінің теңіз ортасына жағымсыз әсерін тигізетін жағдайларда тиісті Уағдаласушы Тарап ықтимал қатысы болатын Уағдаласушы Тараптарды хабардар етеді және проблеманы шешу мақсатында олар консультациялар өткізеді.
2. Егер екі немесе одан да көп Уағдаласушы Тараптардың аумағы арқылы өтетін немесе олардың арасында шекара болатын ағын судан төгінділер Каспий теңізінің теңіз ортасының ластануы қауіпін туғызса немесе туғызуы мүмкін болса, оған қатысы бар Уағдаласушы Тараптар осы Хаттаманы толық көлемде, оның ішінде орынды болатын жерлерде қолдануды ластанумен байланысты проблемаларды анықтауға және шешуге жауапты бірлескен органдарды құру жолымен қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтасады.
3. Уағдаласушы Тарап осы Хаттаманың Тарапы болып табылмайтын мемлекеттің немесе мемлекеттердің аумағында туындайтын кез келген ластану үшін жауап бермейді.
12-бап. Қоршаған ортаға әсерін бағалау
1. Уағдаласушы Тараптар Конвенцияның 17-бабын орындау мақсатында ықтимал трансшекаралық әсерлерді қоса алғанда, құрлықта жүзеге асырылатын жобалар мен қызмет түрлерінің қоршаған ортаға ықтимал әсерді бағалауға қатысты өңірлік және тиісті ұлттық басшылыққа алынатын қағидаттарды әзірлейді және қабылдайды, және бұл ұтымды болған кезде, осы басшылыққа алынатын қағидаттарды қайта қарайды және жаңартады.
2. Әр Уағдаласушы Тарап құрлықта оның аумағының шегінде жүзеге асырылатын, Каспий теңізінің теңіз ортасына немесе жағалау маңындағы аудандарына елеулі түрде жайсыз әсерін тигізуі мүмкін кез келген жоспарланған қызмет түрінің немесе жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау рәсімдерін енгізеді және қолданады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған қызмет түрлері мен жобалар Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдарының алдын ала жазбаша рұқсаты бойынша жүзеге асырылады, онда қоршаған ортаға әсерін бағалаудың тұжырымдары мен ұсынымдары толық көлемде ескеріледі.
13-бап. Ақпараттар мен деректерді жинау, олардың мониторингі және оларды бағалау
1. Конвенцияның 19-бабының ережелері және онда көзделген мониторинг бағдарламалары шеңберінде, ал қажет болған кезде құзыретті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта Уағдаласушы Тараптар, мүмкіндігінше:
a) Каспий теңізі теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандардың жай-күйі туралы, оның физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамаларына қатысты деректер мен ақпараттар жинауды жүзеге асырады, деректер базасын дайындайды және жүргізеді;
b) Каспий теңізінің теңіз ортасына және жағалау маңындағы аудандарына енгізілген заттардың көздерін бөлу және мұндай заттардың саны туралы санамалап көрсетілген ақпаратты қоса алғанда, осы Хаттамаға І қосымшада санамалап көрсетілген заттардың жер үсті көздерінен түсімдері деректер мен ақпараттар жинауды жүзеге асырады, деректер базасын дайындайды және жүргізеді;
c) жүйелі түрде (кемінде бес жылда бір рет) Каспий теңізі теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандардың жай-күйіне өңірлік бағалауды жүргізеді;
d) өзінің жағалау сызығы бойындағы, әсіресе осы Хаттамаға I қосымшада санамалап көрсетілген қызмет түрлеріне және заттарға қатысты ластану деңгейін жүйелі бағалайды, және Хатшылыққа аталған мәселе бойынша мезгіл-мезгіл ақпарат ұсынады;
2. Уағдаласушы Тараптар сапаны талдамалық бақылауды көздейтін мониторингтің өңірлік бағдарламаларының және мониторингтің бірлескен ұлттық бағдарламаларының құрамбөліктерін дайындау кезінде, сондай-ақ, деректерді сақтауға, алуға және алмасуға жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған ақпарат басқа Уағдаласушы Тараптарға Хатшылық арқылы беріледі.
14-бап. Ақпарат алмасу
Конвенцияның 21-бабына сәйкес Уағдаласушы Тараптар тікелей немесе Хатшылық арқылы теңіз ортасы және жағалау маңындағы аудандардың жай-күйі және осы Хаттаманың орындалуы жөніндегі қолжетімді деректер мен ақпараттарды жүйелі түрде алмасып отырады. Уағдаласушы Тараптар ақпарат алмасу үшін жүйелер мен желілер құрады.
15-бап. Жұртшылықтың қатысуы
1. Уағдаласушы Тараптар Конвенцияның 21-бабына және өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоса алғанда, Каспий теңізінің теңіз ортасы және жағалау маңындағы аудандарын жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғауға қажетті іс-шараларға және осы Хаттаманы орындаумен байланысты шешімдер қабылдау процестеріне жергілікті билік органдарының және жұртшылықтың қатысуына жәрдемдеседі.
2. Әр Уағдаласушы Тараптар Конвенцияның 21-бабына және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес өздері Тараптары болып табылатын, экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуі туралы қолданыстағы халықаралық келісімдердің ережелерін назарға ала отырып, Каспий теңізі теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандарының жай-күйі туралы, ластануды болдырмау, бақылау және бәсеңдету жөнінде қабылданған немесе жоспарланып отырған шаралар туралы ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуін жеңілдетеді.
16-бап. Ынтымақтастық және жәрдемдесу
1. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізі теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандарының жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануды болдырмау, бақылау, бәсеңдету және мүмкін болғанынша жою мақсатында ынтымақтастықты өңірлік негізде Хатшылық арқылы немесе, ұтымды болған кезде екіжақты негізде жүзеге асырады.
2. Конвенцияның 20-бабына сәйкес Тараптар жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластану мәселелері, атап айтқанда, түсімдердің сапалық және сандық құрамын, ластаушы заттардың таралу жолдарын, олардың қайта өзгеруін және қоршаған ортаға әсерін зерттеу бойынша, сондай-ақ, ластануды болдырмау, бәсеңдету және жоюдың жаңа әдістері мен тәсілдерін әзірлеудегі, оның ішінде осы мақсаттар үшін неғұрлым экологиялық таза өндірістік процестерді әзірлеуде және қолдануда ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ынталандырады.
3. Уағдаласушы Тараптар осы Хаттаманы орындауға жәрдемдесуді сұрайтын Уағдаласушы Тараптармен тікелей және Хатшылық арқылы атап айтқанда:
a) ғылыми, техникалық, білім беру және қоғамдық-ағартушылық бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ, ғылыми, техникалық және әкімшілік кадрларды дайындау;
b) техникалық консультациялар, ақпараттар ұсыну және өзге де жәрдем көрсету кезінде ынтымақтасуға ұмтылады.
4. Уағдаласушы Тараптар теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандардың жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануды болдырмауға, бәсеңдету және бақылауға қатысы бар халықаралық ұйымдармен, бағдарламалармен және халықаралық келісімдер органдарымен ынтымақтасады.

17-бап. Баяндамаларды ұсыну


  1. Әр бір Уағдаласушы Тарап Хатшылыққа Уағдаласушы Тараптар конференциясында қабылданған форматта осы Хаттаманы орындау жөнінде қолданылған шаралар туралы баяндамаларды ұсынады. Хатшылық алған баяндамаларды барлық Уағдаласушы Тараптар арасында таратады.

2. Аталған баяндамалар, өзгенің ішінде:


a) нормативтік-құқықтық сипаттағы шаралар, іс-қимыл жоспарлары, бағдарламалар және осы Хаттаманы орындау үшін қолданылған басқа да қадамдар туралы ақпаратты, оған Қосымшаларды және оларға байланысты қабылданған ұсынымдарды;
b) Каспий теңізіне тасталатын, І қосымшаға сәйкес бақыланатын заттардың мөлшері туралы деректерді;
c) осы Хаттаманың 7-бабына сәйкес берілген рұқсаттарға қатысты статистикалық деректерді;
d) осы Хаттаманың 13-бабында көзделген мониторинг нәтижесінде алынған деректер мен ақпаратты;
e) жағалау сызығын өзгертетін немесе жағалау маңындағы аудандар шегінде мекендеу орындарына жағымсыз әсерін тигізетін қызмет нәтижесінде ластану туралы ақпаратты;
f) шиеленісті нүктелерден ластануды жою және бақылау процесінде қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты;
g) осы Хаттаманы орындау кезінде қол жеткізілген нәтижелер және егер осы Хаттаманы орындау кезінде туындаған жағдайда, ондай қиындықтар туралы ақпаратты қоса алғанда, осы Хаттаманың шеңберінде жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандардың ластануын болдырмау, бақылау, бәсеңдету және мүмкін болғанынша жою жөнінде қабылданған және жүзеге асырылатын іс-қимыл жоспарларының, бағдарламалардың және шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты қамтиды.
3. Хатшылықтың жәрдемімен ұлттық баяндамаларда қамтылған деректер мен ақпаратты пайдалануымен осы Хаттаманың орындалуы туралы және Каспий теңізі теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандардың жай-күйі туралы өңірлік баяндалар дайындалады.
4. Осы Хаттамада ештеңе қандай да бір Уағдаласушы Тараптан ашылуы оның ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келетін ақпаратты ұсынуды талап етпейді.


18-бап. Сақтау
1. Уағдаласушы Тараптар осы Хаттаманың орындалуына жәрдемдесу үшін Уағдаласушы Тараптар конференциясында бекітілуге жататын осы Хаттаманы сақтау рәсімдерін әзірлейді.
2. Уағдаласушы Тараптардың конференциясы:
a) 17-бапта аталған баяндамалардың және Уағдаласушы Тараптар ұсынған кез келген өзге де ақпараттың негізінде Хаттаманы сақтау туралы баяндамаларды, сондай-ақ, оған байланысты қабылданған шешімдер мен ұсынымдарды қарайды және бағалайды;


  1. тиісті жағдайларда Хаттаманың және оған байланысты қабылданған шешімдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін шешімдер қабылдайды және шараларды көздейді және шығарылған ұсынымдардың, оның ішінде Уағдаласушы Тараптардың өз міндеттемелерін орындауына жәрдемдесетін шарлардың жүзеге асырылуына септігін тигізеді.


19-бап. Ұйымдастыру ережелері
1. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін және Конвенцияның 22-бабының 10-тармағына сәйкес Уағдаласушы Тараптар конференциясы, өзгенің ішінде:
a) осы Хаттаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
b) Хатшылықтың жұмысын қадағалауды жүзеге асырады және оның қызметін басқарады;
c) осы Хаттамаға шолуды жүзеге асырады;
d) осы Хаттамаға немесе оның қосымшаларына түзетулерді, сондай-ақ, кез келген үстеме қосымшаларды қарайды және қабылдайды;
e) осы Хаттаманың орындалуына байланысты мәселелер бойынша Хатшылық ұсынатын есептерді қарайды;
f) қолданылған шаралардың нәтижелерін және қосымшада баяндалған шараларды қоса алғанда, басқа шараларды қолданудың ұтымдылығын қарайды;
g) осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес тиісті өңірлік бағдарламаларды, іс-қимыл жоспарларын және шараларды қабылдайды және қажет болған кезде қайта қарайды;
h) осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес өңірлік басшылыққа алынатын қағидаттарды, стандарттарды немесе өлшемшарттарды қабылдайды және қажет болған жағдайда қайта қарайды;
i) осы Хаттаманың 14-бабына сәйкес ақпарат алмасу рәсімдерін қабылдайды және қажет болған жағдайда қайта қарайды және ақпарат алмасу үшін ақпараттық жүйелер мен желілерді құруға жәрдемдеседі;
j) осы Хаттаманың 13, 14 және 17-баптарына сәйкес Уағдаласушы Тараптар ұсынған ақпаратты қарайды және оған баға береді;
k) осы Хаттаманың 18-бабында көзделгендей Уағдаласушы Тараптардың осы Хаттаманың ережелерін және онымен байланысты қабылданған шешімдер мен ұсынымдарды сақтауын қарайды және оған баға береді;
l) «шиеленісті нүктелер» тізімін қабылдайды және қайта қарайды және осы Хаттаманың 7-бабында көзделгендей қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізеді;
m) осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болған жағдайда тиісті халықаралық ұйымдар мен ғылыми институттарға техникалық және қаржылық қызмет көрсетілуіне өтініш білдіреді;
n) Конвенцияның 22-бабы 9 (а) және (с) тармақтарына сәйкес осы Хаттаманың орындалуы үшін қажет деп танылуы мүмкін кез келген қосалқы органдарды құрады.
2. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін және Конвенцияның 23-бабы 4-тармағына сәйкес Хатшылық, өзгенің ішінде:
a) Уағдаласушы Тараптардың қарамағына осы Хаттаманың орындалуы үшін талап етілуі мүмкін немесе олар сұрататын баяндамаларды және зерттеулер нәтижелерін дайындайды және береді;
b) осы Хаттаманың 13-бабына сәйкес Хатшылықта ұсынылған ақпаратты Уағдаласушы Тараптарға жолдайды;
с) осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес Уағдаласушы Тараптар конференциясының бекіту үшін өңірлік бағдарламалардың, іс-қимыл жоспарларының немесе шаралардың жобаларын дайындайды;
d) осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес Уағдаласушы Тараптар Конференциясының бекітуі үшін өңірлік басшылыққа алынатын қағидаттар, стандарттар мен өлшемшарттар жобаларын дайындайды.
20-бап. Хаттаманы қаржыландыру
1. Осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін Уағдаласушы Тараптар мүмкіндігіне қарай:
а) тиісті ішкі, екіжақты және көпжақты бағдарламаларды, жобалар мен шараларды әзірлеуді және орындауды қаржылай қамтамасыз етуді қарайды және жүзеге асырады;
b) гранттар мен несиелерді қоса алғанда, қаржыландырудың екіжақты және көпжақты көздерінің және тетіктерінің қаржы ресурстарын тартуға жәрдемдеседі;
с) қорлардың, басқа елдердің үкіметтік мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке сектор құрылымдарының қаражатын қоса алғанда, ресурстарды тарту және бөлу үшін инновациялық әдістер мен ынталандыруды зерттейді.
2. Егер Уағдаласушы Тараптар конференциясы басқа шешімді қабылдамаса, осы Хаттамаға Конвенцияның mutatis mutandis қаржылық қағидасы қолданылады.

21-бап. Дауларды реттеу
Уағдаласушы Тараптар арасындағы осы Хаттаманың ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге қатысты кез келген дау Конвенцияның 30-бабына сәйкес реттеледі.
22-бап. Хаттаманың қабылдануы және күшіне енуі
1. Осы Хаттама Уағдаласушы Тараптар конференциясының сессиясында Уағдаласушы Тараптардың бірауыздан мақұлданған шешімімен қабылданады.
2. Осы Хаттама ........ қаласында ...... ........ дейін тек Каспий маңы мемлекеттерінің қол қою үшін ашық.
3. Осы Хаттама Каспий маңы мемлекеттерінің ратификациялауына, қабылдауына немесе бекітуіне жатады. Хаттама қол қоюға жабылған күнінен бастап, кез келген Каспий маңы мемлекетінің қосылуы үшін ашық болады.
4. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу туралы құжаттар Конвенция Депозитарийіне сақтауға тапсырылады.
5. Осы Хаттама барлық Каспий маңы мемлекеттері ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу туралы құжаттарды Депозитарийге сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
23-бап. Хаттамаға түзетулер мен қосымшаларды және оның

қосымшаларына түзетулерді қабылдау
Уағдаласушы Тараптар осы Хаттамаға түзетулер мен қосымшаларды, сондай-ақ, оның қосымшаларына түзетулерді қабылдау туралы ұсыныс енгізе алады. Уағдаласушы Тараптар осындай түзетулер мен қосымшаларды қабылдайды және олар үшін Конвенцияның 24 және 25-баптарына сәйкес күшіне енеді.
24-бап. Хаттаманың ұлттық заңнамаға әсері
Осы Хаттаманың ережелері Уағдаласушы Тараптардың осы Хаттаманы орындау жөнінде бойынша тиісті мейілінше қатаң ұлттық шаралар қолдану құқығына әсер етпейді.
25-бап. Өзге де халықаралық келісімдермен байланыс
Осы Хаттамада ешнәрсе Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын өзге де халықаралық шарттар бойынша олардың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді.
26-бап. Ескертпелер
Осы Хаттамаға ешқандай түсіндірмелерге жол берілмейді.

27-бап. Депозитарий
Осы Хаттаманың Депазитариі Конвенцияның Депозитарийі болып табылады.
28-бап. Мәтіндердің тең түпнұсқалығы
Осы Хаттаманың әзербайжан, қазақ, орыс, түрікмен, парсы және ағылшын тілдеріндегі мәтіндері тең түпнұсқалығы болып табылады. Осы Хаттаманы түсіндіру немесе қолдану туралы дау туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін пайдаланылады.

29-бап. Каспий теңiзiнің құқықтық мәртебесi жөніндегі келiссөздерге

қатынас
Осы Хаттама ережелерінің ешқайсысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі келіссөздердің нәтижесін айқындаушы ретінде түсіндірілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет