Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет7/17
Дата30.06.2016
өлшемі3.81 Mb.
#168567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар поселкелерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды;

2) Жіктеуіште көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар поселкелерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды.»;

124) 252-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер

Қосылған құн салығынан:

1) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде қызмет көрсетулермен;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің жоралар мен рәсімдерді жүзеге асыруы бойынша қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар босатылады.»;

125) 253-бапта:

5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдары, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдары жүзеге асыратын кітапхана қызметін көрсету жөніндегі;»;

126) мынадай мазмұнда 253-1-баппен толықтырылсын:

«253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарының білім беру саласындағы қызмет көрсетулер

Осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларда көрсетілген шарттарға сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары іске асыратын 135-1-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларда көрсетілген білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.»;

127) 254-баптың 1-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) тиісті медициналық (ветеринариялық) қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бойынша медициналық (ветеринариялық) қызмет көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.»;

128) 255-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 13)-тармақшасымен толықтырылсын:

«13) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған діни бірлестіктер әкелетін діни керек-жарақтар қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшаның ережелері егер діни керек-жарақтар:

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге кірсе;

одан әрі сатуға арналмаған болса, қолданылады.»;

129) 256-бапта:

1- тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:»;

1)-тармақша алып тасталсын;

2) және 3)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) шот-фактура жазылған күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжатты жазып берген болса;

3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:

Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілгенболса;

қосылған құн салығы төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;»;

мынадай мазмұнда 3-1)-тармақшасымен толықтырылсын:

«3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:

жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;

қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;»;

2-тармақтың 8)-тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«отырғызу талонының немесе тасымалдаушы берген әуе көлігінде жол жүру фактісін растайтын құжаттың болуы;»;

130) 258-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) осы баптың 4-1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, тауар-материалдық қорлар бойынша - түзету сомасы осы күні тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына түзетуді жүзеге асыру күні қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығы мөлшерінде;

2) сатып алынған негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша – аталған активтерді сатып алу күніне қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай түзету күніне баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде.»;

мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтарымен толықтырылсын:

«4-1. Осы баптың 1-тармағы 1) – 7) тармақшаларында белгіленген жағдайлар басталған жекелеген активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын түзету осы тармақта белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Бұл ретте осы тармақтың мақсаты үшін жекелеген активтерге қосылған құн салығын төлеуші салған (құрған) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар жатады.

Егер тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер тек қосылған құн салығымен бағалар бойынша және бір мөлшердегі қосылған құн салығы ставкасы бойынша сатып алынған жағдайда, есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген актив құрылысына (құруға) пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу күніне қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасын түзету күніне жекелеген активтің баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.

Қалған жағдайларда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген актив құрылысына (құруға) пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу күніне қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір тобының есептік құнына қолдану жолымен есептелген қосылған құн салығының сомасын қосу жолымен айқындалады.

Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір тобының есептік құны мынадай формула бойынша айқындалады:

С т.. 1, 2,… n = (С б х У т.1, 2,… n)

мұндай:

С т. 1, 2,… n – әртүрлі қосылған құн ставкалары бойынша сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір тобының есептік құны;

С б – түзету күніне жекелеген активтің баланстық құны;

У т.1, 2,…n – жекелеген активтің бастапқы құнындағы тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір тобының үлес салмағы.

Тауарлардың әрбір тобы қолданылған қосылған құн салығы ставкасына байланысты тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны бойынша бөлек қалыптасады.

4-2. Осы баптың 1-тармағы 8) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізуші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.»;

131) 263-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтарымен толықтырылсын:

«1-1. Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардан басқа, шот-фактуралар нысанын салық төлеуші осы баптың ережесін ескере отырып өзі дербес айқындайды.

1-2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде жазып беріледі.

Электронды түрде жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі электронды түрде жазып беретін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда мыналар көрсетіледі:

шот-фактуралар нысаны;

шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;

шот-фактураларды куәландыру тәртібі;

түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшелігі;

шот-фактураларды сақтау тәртібі;

қазынашылық қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі.

Қазынашылық қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес :

электронды түрде жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануына, тіркелуіне, өңделуіне және берілуіне, сондай-ақ олардың сақталуына;

электронды түрде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген берілетін мәліметтердің дұрыстығына;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің жарияланбауына жауапты.»;

3-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша «ҚҚС-сыз» белгісін көрсетеді.»;

5-тармақта:

2) және 2-1)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) шот-фактураның жазып берiлген күні. Шот-фактуралар электронды түрде жазып берілген кезде электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды тіркеген күн жазып берілген күн болып табылады;

2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының тұрған жері көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының мекенжайы. Бұл ретте:



почталық индексін көрсетпей орналасқан орнының мекенжайын көрсетуге;

әкімшілік-аумақтық бірлікті көрсету бөлігінде дәстүрлерге, оның ішінде іскерлік айналым дәстүрлеріне сәйкес қысқартуға жол беріледі;»;

5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) өнім беруші-қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі;»;

10)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс.

Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші немесе алушы болып табылатын заңды тұлға болып табылған жағдайда, осы тармақтың 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғалардың деректемелері көрсетілуге тиіс.

Егер заңды тұлға атынан тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі шығатын болса және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген жағдайда, сондай-ақ егер заңды тұлға атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші болып шыққан жағдайда:

осы тармақтың 2-1), 3), 3-1), 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында шот-фактурада құрылымдық бөлімшенің дерекетемелерін көрсетуге жол беріледі;

осы тармақтың 5) тармақшасының талаптарын орындау мақсатында құрылымдық бөлімшесі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның - қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірін көрсетуге тиіс.»;

7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және:

қағаз жеткізгіште жазып берген жағдайда өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi бес күннен кешiктiрiлмей;

электронды түрде жазып берген жағдайда өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi жеті күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.



Қосылған құн салығын төлеушi:

электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн көрсетудi, коммуналдық қызмет көрсетудi, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, вагондар (контейнерлер) операторларының қызмет көрсетуін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;

есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;

осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кезінде - оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.

Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірмей жазып беріледі.

Қазынашылық қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган растаған электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйедегі техникалық қателіктері туындауынан осы тармақта белгіленген мерзімдер бұзыла отырып, электронды түрде шот-фактуралар жазып беру осы тармақтың ережелерін бұзу болып табылмайды»;

8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:

заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен;

дара кәсіпкерлер үшін - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ дара кәсіпкердің қол таңбасымен куәландырылады.

Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен оған уәкілеттік берілген қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушылардың танысуы үшін қол жетімді болуға тиіс.

Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізушіге шот-фактураға қол қоюға уәкілетті тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесін беру талабымен жүгінуге құқылы, ал жеткізуші бұл талапты Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті.

Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ол жазып берген шот-фактураны заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген, осындай құрылымдық бөлімшесінің мөрімен салық төлеушінің шешімі бойынша куәландыруға құқылы.

Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жазып берген шот-фактура осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті өкілдің атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен, сондай-ақ осындай уәкілетті өкіл басшысының және бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен куәландырылады

Егер Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және есептік саясатына сәйкес басшы немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізген жағдайда, бас бухгалтердің орнына «көзделмеген» деп көрсетіледі.

Осы тармақтың ережелері электронды түрде жазып берілген шот-фактураларға қолданылмайды.»;

9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6) - 10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы болуға тиіс.»;

10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері, қаржы лизингі бойынша сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде көрсетіледі.»;

12 және 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасында қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.

13. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі дана етіп жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға беріледі.»;

14-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының қағаз жеткізгіште жазып берілген түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірiнiң болуына:»;

15-тармақта:



  1. және 2)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) есеп айырысу бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, коммуналдық қызмет көрсетулер, байланыстық қызмет көрсетулер үшін банктер арқылы жүзеге асырылған;

2) әуе көлігінде берілетін электрондық билеттерді қоспағанда, жолаушы тасымалдау жол билетімен ресімделген;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«2-1) жолаушы тасымалдау әуе көлігінде берілетін электрондық билеттермен ресімделген»;

3) және 3-1)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында аталған адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;

3-1) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге шот-фактура жазып беру туралы талаппен өтiнiш бiлдiруге құқылы, ал оларды берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы туралы мәліметтерде сенімді тұлғасы арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алушы дара тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.

Осы баптың 15-тармағы 2-1) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы:

шот-фактура жазып беру туралы талаппен тасымалдаушыға жүгінуге құқылы, ал оларды берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы туралы мәліметтерде сенімді тұлғасы арқылы әуе көлігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе әуе көлігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді сатып алушы дара тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi;

әуе көлігімен жол жүру фактісін растайтын құжатты беру туралы талаппен жүгінуге құқылы, ал тасымалдаушы бұл талапты орындауға міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 16-1-тармағымен толықтырылсын:

«16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактуралар жазып беру:

1) осы баптың 15-тармағының 1), 2), 2-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні және одан кейiн жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактураларды жазып беру күнімен қатар қызмет көрсетуді жеткізуші айналым жасалған күнге қолданыстағы ставка бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;

2) осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзген жерi бойынша жүзеге асырылады;»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмаушылық болған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:



мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактура жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы қосылмаған босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс;

мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша қаржы лизингі бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс.»;

132) 264-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Көліктік экспедиция шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жүк тасымалдауға шот-фактураны жазып беруді экспедитор жүзеге асырады. Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар және басқа да жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушылар жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді. Егер тасымалдаушы (ұсынушы) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.»;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет