Қазақтың ұлттық ойындары Пәні: Дене шынықтыру


КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның, Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы, 1978, 1979 жылдарғы әлем жеңімпазы, XXI және XXII Олимпиадаларының жеңімпазы



бет10/11
Дата01.12.2022
өлшемі124.16 Kb.
#466190
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Авторлық бағдарлама Қазақтың ұлттық ойындары

КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның, Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы, 1978, 1979 жылдарғы әлем жеңімпазы, XXI және XXII Олимпиадаларының жеңімпазы.

Еп тілік пен қимыл арқылы әсемдікті көрсететін спорт түрі бар. Ол-гимнастика.

Нелли Шымкент өңірінде дүниеге келген. Үшінші сыныптан бастап гимнастикамен айналысқан. Ол бойындағы табиғи дарынымен ерекшеленді. Екі жылдан соң Нелли спорт шебері бағдарламасы бойынша жарысқа түсті. КСРО халықтары Спартакиадасында алтын алқа тақты. Монреалда үш алтын алқаға ие болды: командалық біріншілік, еркін жаттығулар мен секіру. Көпсайыстан күміс алқа алды. Мәскеуде топтық біріншілікте және еркін жаттығуда екі алтын иемденді. Нелли Ким әлем спортының жарық жұлдызы.


Владимир Вохмянин

КС РО халықаралық дәрежедегә спорт шебері, 1982 жылғы Еуропа жеңімпазы, 1982 және 1986 жылдарғы әлем жеңімпазы, әлем кубогының иегері, XXV және XXVI Олимпиадаларының қола жүлдегері.

Теміртаулық Владимир Вохмянин Қазақстаннан бірінші болып, тапаншамен тез атудан Барселонада өткен XXV Олимпиадада қола жүлдеге ие болды.

Бәрі де кәдімгідей басталған еді. 1974 жылы тапаншамен ату бөлімінде қабылдау жарияланды. Оны жас бапкер Анатолий Бабушкин жүргізді. Володя-алғашқы жазылған оқушылардың бірі. 1980 жылы КСРО кубогінде үшінші орынды алып, кейін Еуропа біріншілігіне қатысып, жастар арасында алтын алқаның иесі болды, Олимпиадалық топқа кірді.


Жанды дене үнемі қозғалыста болмаса тіршілік қабілетін жояды. Өзіне өзі тәжірибе жасаған Аристотель де мұны дәлелдеген. Бір жыл бойына күніне белгілі бір уақыт аралығында бір қолына батпан (гирь) іліп ұстап тұрған. Жылдың соңында батпан көтерген қолы жуандап, бұлшық еттері толысып, қолының күші бірнеше есе көбейген. Ал жұмыс істемеген қолы семіп қалған. Міне, адам баласы осылай ықылым заманнан бері ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Терек ағашы 300-400 жыл өмір сүреді, қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл өмір сүреді, сағатына бір адым жер қозғалатын тасбақа 200 жыл өмір сүреді. Ал адам баласының орта жасы 50 жыл. Мұның себебі неде? Кімнің кінәсі ? Әрине, қанша өмір сүрем десе де әркімнің өз қолында. Себебі, адамдардың бәрі бірдей мөлшерде өмір сүріп жатқан жоқ. Қазіргі уақытта ұзақ өмір сүретіндер де кездеседі, Тек қана ол үшін өз-өзіңе көмсектесу керек. Ұзақ өмір сүрудің бірден бір кепілі – денсаулықты шыңдау, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын сақтау. Бұл бүгінгі таңда ҚР Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халық алдына қойып отырған бірден бір тапсырмасы. Қазір Қазақстан халқының орташа жасы 70-тен асуы керек деген қағида бар. Оған мысал ретінде Елбасының өзін алуға болады. Бүгінгі күні сол жастан асып отырса да, уақытының тапшылығына қарамай, спортпен айналысып, өз халқына үлгі бола білді. 

Денсаулықты сақтау – ұзақ өмір сүру үшін күрес. XVIII ғасырда дүние жүзіне әйгілі француз дәрігер Тиссо - «қандай да болмасын ауруға қарсы қолданатын дәріні дене қозғалысы-ақ алмастыра алады, ал дүниедегі емдеудің барлық құралы адамның саналы қозғалысын алмастыра аллмайды»- депті. Осындай ғылыми қағидаға сүйенсек, ұзақ өмір сүру үшін бізге қозғалыс керек екен. Ол үшін әр адам өзінің шама шарқынша дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуы тиіс. Жоғарыдағы айтылған ұлттық ойындарды ойнату адамның еркінен тыс спорттық жаттығулармен айналысу болып табылады. Ал спортпен шұғылдану деген – міндетті түрде бір спорттық жеңіске жету деген мақсат емес, денсаулықты сақтау, ағзаны дұрыс қалыптастыру, ұзақ өмір сүру денені шыынықтыру мақсаты болса керек. Сондықтан спортпен шұғылданған кезде ағзаны шегіне жеткізіп, тоздырмай, артық жүктеме бермей, дәрігерлік-биологиялық бақылау жасай отырып, жүктемені уақытында түсіріп, уақытында дем алып, уақытында тамақтанып отыру денсаулықты нығайтудың басты шарты. Егер әр адам денсаулығын нығайтып, мүсін сұлулығын сақтаса, спорттағы жетістік деген осы болар еді.

Ал енді айтпағым мынау: халық айтса, қалып айтпайды. «Ауру адам - тырысқақ» деген мақалға тоқталғым келіп отыр. Себебі адамның жеке басының қасиеттері, көңіл күйі, еңбектегі жетістіктері , өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы – ағзаның, жалпы дененің дамуымен байланысты. Денені жүйелеп шынықтыру, денсаулықты қалыптастыру –адамның ой-санасының жетілуі, шығармашылық күштерінің дамуының негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет