«Қазпочта» АҚ 2014 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есеп Мазмұны


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Ұйымдық құрылым мен қызметі



бет2/21
Дата23.02.2016
өлшемі1.22 Mb.
#5919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Ұйымдық құрылым мен қызметі


«Қазпочта» АҚ (бұдан былай «Компания») Қазақстан Республикасы заңына сәйкес акционерлік қоғам түрінде құрылды. Компанияның тіркелген кеңсесінің мекен-жайы: 010000, Астана қ., Әуезов к., 13.

2013 және 2014 жылдардың 31 желтоқсанында Компания акциялары 100% « «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына»» АҚ (бұдан былай «Самрұқ-Қазына» немесе «Акционер») меншігінде болған.

Компанияның негізгі қызметі жіберілген сәлемдеме мен жедел және жай поштаны қабылдау, жеткізу және банктік операциялардың барлық түрлерін жасау. Бұдан басқа, Компания ақпар мен журналдарды жеткізуші, мерзімдік басылымдарға - ақпар және журналдар - жазылу жөніндегі агент болып саналады. Сонымен қатар, Компания бірнеше қазақстандық банктер үшін несиелерді беретін және өтейтін агент ретінде қызмет көрсетеді.

Компанияның жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу мен жүргізу, салымдарын қабылдау, ұлттық және шетел валюталарымен банктік операциялар жасау қызметтеріне 2006 жылдың 24 ақпанынан №14 Қазақстан Республикасы қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау және реттеу жөніндегі Агенттіктің (бұдан былай АФН (ҚҚА)) лицензиясы бар. Сонымен қатар, Компанияның құнды қағаздар нарығындаклиент шоттарының шартты иесі ретінде жүргізу құқығымен делдал-дилерлік қызметімен айналысуға 2004 жылдың 3 ақпанынан АФН №0401200704 және тағы 2006 жылдың 12 мамырынан АФН №001 трансфер-агенттік қызметімен айналысуға лицензиясы бар.

Компанияның қызметі пошта байланысы жөнінде жалпыға бірдей қызмет көрсететін табиғи монополия саласына жатады және осыған сәйкес Компания тарифтерді есептеу әдістемесін, сонымен қатар, көрсетілген қызмет түрлеріне тарифті бекітетін Қазақстан Республикасы көлік және қатынас Министрлігінің реттеу нысаны болып табылады.

31 желтоқсанда Компанияның төмендегідей еншілес ұйымдары болды:



Атауы

Тіркелген орны

Негізгі қызметі

Меншіктік үлесі

2014 ж.

2013 ж.

«Electronpost.kz» ЖШС

Қазақстан Республикасы

Полиграфиялық және баспа қызметі

100%

100%

«Kazpost GmbH» ЖШС

Германия Федеративтік Республикасы

Пошта-логистикалық қызметі

50%

50%

Компания және еншілес ұйымдары бірге Топ деп аталады.

2014 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған осы жылдық шоғырландырылған қаржылық есепті Топ Басшылығы 2015 жылдың 10 наурызында шығаруға бекіткен.



(б) Қазақстан Республикасында шаруашылық қызметін іске асыру шарттары

Топ өз қызметін көбіне Қазақстан аумағында іске асырады. Сондықтан, дамып келе жатқан нарыққа тән, Қазақстан нарығындағы өзіндік ерекшелігі бар қаржылық және экономикалық қауіпке тап болады, Нормативтік құқықтық база мен салық заңдары жетілдірілуде, бірақ әртүрлі түсіндірілулер мүмкіндігіне байланысты жиі енгізілетін өзгерістер болғандықтан, өз қызметін Қазақстан аумағында іске асыратын кәсіпорын үшін құқықтық және фискалдық жүйелерден басқа қосымша қиындықтар жиынтығын тудырады. Басшылық тіркестірілген шоғырландырылған қаржылық есепте Топтың қаржылық жағдайы мен қызметтерінің нәтижесіне, қаржылық-шаруашылық қызметін іске асыруға әсер етуі мүмкін шарттардың бар екенін көрсетеді. Кейінгі қаржылық-шаруашылық қызметін іске асыруды дамыту шарттары басшылық бағасынан басқаша болуы мүмкін.



  1. Қаржылық есепті дайындаудың негізгі қағидалары

  1. Қолданылатын стандарттар


Тіркестірілген шоғырландырылған қаржылық есеп Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес дайындалған (бұдан былай «ХҚЕС»), халықаралық қаржылық есеп стандарттары жөніндегі Комитет шығарған («ХҚЕСК»).

(б) Қаржылық көрсеткіштерді бағалау қағидалары


Шоғырландырылған қаржылық есеп әділ бағамы көрсетілген сатуға арналған инвестициялық құнды қағаздарды есепке алмағанда, нақты шығындарды есептеу қағидасына сәйкес дайындалған.

(в) Шоғырландырылған қаржылық есептің мәліметтерін көрсететін валюта және функционалдық валюта


Компанияның және оның еншілес мекемелерінің көпшілігінің функционалдық валютасы болып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы болғандықтан Топ жүргізетін операцияларының экономикалық маңыздылығын және қызметіне әсер ететін онымен байланысты жағдайларды көрсететін қазақстандық теңге болып табылады.

Сонымен қатар қазақстандық теңге осы шоғырландырылған қаржылық есептің мәліметтерін көрсететін валюта болып табылады.

Шоғырландырылған қаржылық есептің барлық мәліметтері бүтін мың теңгеге дейін нақтылықпен жинақталған.

(г) Бағалауды және пікірді қолдану

Шоғырландырылған қаржылық есепті ХҚЕС талаптарына сай дайындау басшылықты шоғырландырылған қаржылық есептегі активтер мен міндеттемелердің, кіріс пен шығыс көлемін көрсететін және есептік саясатты қолдануға ықпал ететін пайым, есептік бағалау және болжам жасауға міндеттейді. Нақтыланған қорытындылардың көрсетілген бағалаудан айырмашылығы болуы мүмкін.

Бағалау және оған негізделген болжамдар жүйелі түрде қарастырылады. Бағалаудағы түзетулер тиесілі бағалар қарастырылған есептік кезеңде ғана және соған қатысты кез келген басқа кезеңдерде құпталады.

Бұдан әрі келтірілген Ескертулер бағалауға қатысты елеулі айқынсыздықты және есептік саясат ережелерін қолданғанда сынға негізделген пікірлер көрсететін ақпарат береді:



  • саудалық және басқа қарыздар мен басқа қысқа мерзімді активтер қорын құнсыздандыру бөлімінде – 9 ескерту;

  • сатуға арналған қаржылық жабдықтарды құнсыздандыру бөлімінде – 10 ескерту ;

  • негізгі құралдарды пайдалану мерзімі бөлімінде – 3 (з) ескерту;

  • қызметкерлерге сыйақы жөнінде міндеттемелер бөлімінде – 16 ескерту;

  • қаржылық активтер мен міндеттемелер әділ бағамын бағалау бөлімінде – 27 ескерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет