Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет56/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   98
    Бұл бет үшін навигация:
  • Мысал
 
10-тапсырмаСабақта алған әсеріңді, ойыңды жаз.
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
7–8-сабақ
«ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА»
ЕНГЕН ҚҰСТАР МЕН БАЛЫҚТАР 
 
1-тапсырма. Халықаралық табиғат қорғау одағының халықаралық дә-
режедегі құжаты – «Қызыл кітап» туралы білетін ақпаратыңды ортаға 
салып пікірлес. 
 Неліктен құстарды «Қызыл кітапқа» енгізеді? 
 Балықтар туралы не білесің? 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбын қой.
 
Арал теңізі соңғы отыз жылда өз жағалауынан жүз шақырым шегінді, 
тереңдігі он төрт метрге төмендеді. Осы ның салдарынан 800 мың гектар 
тоғай жойылды, 57 түрлі аң мен құстың 13 түрі ғана қалды. Жел 2600 
шаршы шақырым тақырдағы тұзды шартарапқа алып ұшты. Жыл сайын 
«сапар шеккен» тұздардың салмағы 77 млн тоннаға дейін жетеді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


75
Арал теңізіне құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің 40 пайызы 
өндіріс қалдықтарын құрайды. Қазіргі кезде бұл өзендерден су ішу, оған 
шомылу өте қауіпті. Республика бойынша балалар өлімі жөнінен Арал 
теңізінің маңайы ең алдыңғы орында.
Тарихта тұңғыш рет алып теңіз бір ұрпақтың көз алдында жойы-
лып барады. Сондықтан Арал тағдыры – ел тағдыры, әлемдік мәселе. 
Осыны түсінген Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жыл сайын 
осы мәселеге байланысты кездесу өткізеді, бірлесіп шешу жолын іздейді. 
Қазіргі таңда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мемле-
кет тері бірігіп құрған Халықаралық Арал қоры жұмыс істейді.
(Баспасөз материалдарынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет