Б. Мағзұмов МӘтін лингвистикасы



бет17/44
Дата20.05.2022
өлшемі0.51 Mb.
#458327
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
1159 jarmakin o. kh. magzumov kh.b matin lingvistikasi filologiya mamandikhtarinin studentterine arnalgan okhu khurali

Мәтін модальділігі

Автордың ойы мәтіннің модальділігімен, яғни айтушының (жазушының) ақиқатқа грамматикалық, лексикалық, фразеологиялық, интонациялық, композициялық, стилистикалық құралдармен өткерілетін көзқарасымен жеткізіледі.


Объективті және субъективті модальділік болады. Объективті-модальдік мән – хабардың ақиқатқа қатынасының сипаты, субъективті модальдік мән – айтушының хабарға қатысы. Модальділік арқылы бір жағынан автордың тұлғасы, оның дүниетанымы, эмоциялық көңіл-күйі, көркемдік кредосы, екінші жағынан көркем шығарманың жанры танылады.
Модальділікті сөйлемде және мәтінде айыру қабылданған. Сөйлемде субективті модальділікті өткеретін барынша қарапайым құрал – эпитет, ол бірнеше рет қайталанғанда стилистикалық амалға айналып, одағай мен одағай сөздер, т.б. мәтіндік модальділікті (мысалы, әдеби портретте) аша бастайды.
Мәтіндік модальділікті анықтауда лингвистикалық және әдебиеттану талдауларының әдістері мен амалдары тығыз байланысып жатады. Мәтінде модальділіктің бөлімдерді интеграциялау және оларды кіріктіру тәсілдерінде, бейнелеу құралдарын пайдалану сипатында, автосемантикалық сөйлемдерді әңгіменің бойына сіңіруде және мәтіннің басқа семантикалық категорияларын белгілі бір дәрежеде өткеретін бірқатар амалдарда байқалуы мүмкін.
И. Р. Гальпериннің есептеуінше, көркем әдебиетте мәтіндік модальділік категориясының кристаллизациясы ерекше қиындық тудырады, мәтіндік модальділік мәтіннің жеке элементтерінде шашырап, фразалық модальділік белгілі бір дәрежеде мәтіндік модальділікті көлеңкелейді. Қиялындағы әлемді жасағанда сөйлеу суретшісі сол әлемге бейтарап қарай алмайды. Оны шындық ретінде түсініп, оған көзқарасын ашық не тұспалдап жеткізеді.
Г. А. Золотованың пікірінше, айтылымды диктум мен модусқа (ғылыми айналымға Ш.Балли енгізген) бөлу предикатты екі класқа бөлуді тудырады: объективті ақпаратты білдіретін диктум предикаты және сөйлеу субъектісінің позициясын «танытатын» модус предикаты [2, 75–76 б.].
Автордың ақпаратты қабылдауына қарай үш модустық рамка шығады: «Мен қалай ... көрдім (көрінді)», «Менің ойлауымша...», «Ол маған ... айтты».
Үш модустық рамканың бәрі ақпаратты қабылдау тәсілін білдіреді. «Сенімді-сенімсіз», «күмәндімін-күмәнсізбін» типті рамалық предикаттар айтушының диктум мазмұнына қатысын білдіреді, бірінші жақтағы есімдікпен қосылса, айтушының қатысын көрсетеді, ал үшінші жақпен қосылса, басқаның сөйлеуін жеткізгені, оның айтқанын түсіндіргені.
Сөйлеу, ой, пікір етістіктері модустік бөлімде авторландырылған роль атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет