Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Н.К.Крупская,  А.С.  Макаренко,  В.А.Сухомлинский  еңбектері



Pdf көрінісі
бет17/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Н.К.Крупская,  А.С.  Макаренко,  В.А.Сухомлинский  еңбектері. 
Надежда  Константиновна  Крупскаяның (1869-1939) теориялық 
ізденістері  жаңа  кеңес  мектебін  қалыптастыру,  сыныптан  тыс 
тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер 
қозғалысы  проблемаларының  төңірегінде  шоғырланды.  Антон 
Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық 
басшылық,  еңбек  тəрбиесі,  саналы  тəртіп  қалыптастыру  жəне 
балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды 
қорытындылап,  оларды  практикада  іске  асыру  принциптерін  ұсынды, 
əрі  өзі  оларды  тəжірибе  тексеруінен  өткізді.  Василий  Александрович 
Сухомлинский (1918-1970) өз  зерттеулерін  жастарды  тəрбиелеудің 
моральдық  проблемаларымен  байланыстырды.  Оның  дидактикалық 
кеңестері  мен  нақты  да  дəл  бақылаулары  қазіргі  педагогикалық  ой 
дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі 
ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын 
жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр. 
Халыққа  білім  беру  аймағында  өткен  ғасырдың 40-60 жылдары 
белсенді  еңбек  еткен  педагог-ғалымдардың  бірі  Михаил  Алексеевич 
Данилов (1899-1973). Ол  бастауыш  мектеп  тұжырымдамасын  жасап 
шықты (“Бастауыш  білім  беру  міндеттері  мен  ерекшеліктері”,1943), 
(1947  жылы  “Адамның  ақыл-парасат  жəне  моральдық  дамуында 
бастауыш  мектептің  рөлі”)  кітабын  жазып,  мұғалімдерге  арналған 
көптеген  жетекші  əдістемелік  еңбектер  жариялады.  Олар  осы  күнге 
дейін мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып отыр. 
70-80  жылдары  жалпыбілімдік  мектеп  проблемаларымен  академик 
Л.В.Занковтың  ғылыми  лабораториясы  белсенді  айналысты.  Бұл 
мекеменің  зерттеулері  нəтижесінде  кіші,  орта  жастағы  балаларды 
оқытудың  жаңа,  оқушылардың  танымдық  мүмкіндіктерін  арқау  еткен 
оқу жүйесі пайда болды. 


80-жылдардың  ақырында  бұрынғы  Кеңес  республикаларында 
мектепті  жаңалау  мен  қайта  құру  қозғалысы  өріс  алды.  Бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет