БАҒдарламасы ақтау, 2016 жыл мазмұны 1 Бағыт. Экономика 11



бет4/16
Дата03.07.2016
өлшемі8.42 Mb.
#175593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

6 кесте. 2012-2016 жылдардағы өнімдердің шығарылу көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Өндіріс өнімінің көлемі, барлығы

млн.

теңге

44 720,2

54 085,8

60 716,5

138,0

оның ішінде:

- электр энергиясын бөлу мен тарату өндірісі



млн. теңге

38 268,7


45 298,8

52 384,3

136,9


- газ тәрізді отынды бөлу мен тарату

млн. теңге

925

3 004,8

1 654,0

178,8

- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және әуе салқындатқыш жүйесі

млн. теңге

5 526,5

5 782,2

6 678,2

120,8

Бағалау бойынша, қазіргі таңда кәсіпорын өңірдің электр энергиясына қажеттілігін толықтай қамтамасыз етеді. Алайда, өңірдің динамикалық дамуына байланысты электр энергиясын пайдалану күн санап өсуде және 2017-2018 жылдарға Маңғыстау облысында электр қуатына дефицит болу қаупі бар.

Осыларды ескере, қазіргі таңда «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС алаңында қуаттылығы 250 МВт бу-газ орнату құрылысы жөнінде мәселелер талқыланып жатыр.

Бүгінгі күнге дейін аталған инвестициялық жобаның ТЭН жасақтау жұмыстары аяқталып жатыр (құжаттар сараптамадан өтуде).

Қала аумағында электр энергияларын жеткізумен, таратумен қамтамасыз ететін («АУЭС» МКК), жылу энергиясын, шаруашылық пен ауыз су жеткізетін және пайдаланушыларға дейін су тарту қызметімен қамтамасыз ететін («КЖСА» МКК, «Ақтау тұрғын үй» МКК) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жұмыс жасайды.

Өнеркәсіпте қызмет ететін қызметшілердің еңбекақысын жоспарлау барысында 37%-ға өсті. Тұтастай алғанда, осы салалардағы жұмысшылардың орташа айлық мөлшері басқа салалардағы жұмысшылардың жалпы орташа айлық мөлшерінен жоғары және де 2014 жылы 297942 теңгені құрады.


Сумен жабдықтау, су өндірісі, кәріз жүйесі, қалдықтарды бөлу мен жинаудағы бақылау

2014 жылы табиғи су өндірісі 130,2 млн.куб.м. құрады, бұл 2013 жылға қарағанда 1,2%-ға төмен (131,8 млн.куб.м.). (7 кесте)


7 кесте. 2012-2016 жылдардағы өнімдердің шығарылу көрсеткіштері


Көрсеткіштер


Өлш. бірл.

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Өнімдерді шығару көлемі, барлығы

млн.

теңге

10121,2

11946,3

8875,4

87,7

Оның ішінде:

-суды бөлу мен өңдеу, жинау



млн. теңге

2556,1

6582,8

5624,9

в 2,2 раза

-кәріз жүйесі

млн. теңге

545,6

484,5

488,2

98,5

-қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу, жинау

млн. теңге

4581,6

4545

2469,4

53,9

-облыстық қалдықтарды кетірудің өзге қызметтері және қалпына келтіру

млн.

теңге

2437,9

334

292,9

12,0


Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- қалада өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2012-2014 жылдарда айтарлықтай артуы (1,3 есеге);

- ИИДМБ, Өнімділік-2020, Экспорттаушы 2020 бағдарламаларының аясында мемлекеттік қолдау шараларының іске асуы;

- өнеркәсіпті дамыту институттары: «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ны, «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның бар болуы;

- жұмысшы мамандықтар бойынша кадрларды сапалы даярлау үшін ТжКБ ұйымдары желісінің бар болуы.




- көмірсутегі шикізаты мен металлға арналған бағалардың әлемдік конъюктурасына өңір экономикасы дамуының аса тәуелділігі;

- өңдеу өнеркісібінің шикізаттық тәуелділігі;

- облыс пен қаланың ішкі саудасын қолданудың шектеулі көлемі;

- өңдей өнеркәсібі салаларының өнімдерін көптеп экспортталуы;

- сыртқы саудаға өнімдерді жеткізу логистикасының жеткіліксіз дамуы;

- қалада ауыл шаруашылығының жеткіліксіз ресурстарынан азық-түлік қауіпсіздігінің қатерлігі және тағамдық өнеркәсіптің әлсіз дамуы.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- геоэкономикалық жағдай, өндіру және мұнай химиясын дамыту үшін көмірсутегі шикізатының бай қорларының болуы;

- металлургияны, құрылыс материалдарының өндірісін дамыту үшін бай минералдық-шикізат негізінің болуы;

- отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);

- «Ақтау Теңіз порты» АЭА өнеркәсіптің дамуына әрекет етуі.



- әлемдік экономикаға кірігу байланысты өңірлік экономиканың бәсекеге қабілеттігінің төмендеуі;

- облыстың мұнай-газ ресурстарының түгесілуі;

- дамыту үшін шикізат базасының жеткіліксіздігі.



Өнеркәсіп бойынша негізгі проблемалар:

Мұнай-газ саласы: жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындары қорларының табиғи түгесілуі, мұнайға арналған бағалардың, тиісінше мұнай компаниялары кірістерінің төмендеуі;

Машина жасау: мұнай-газ компанияларынан түсетін тапсырыстарға жоғары тәуелділік, бұл өз кезегінде мұнайға арналған әлемдік бағалардың конъюнктурасына; Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы (КТҚС) Қашаған кен орнын игерудің 2-кезеңін бастауға байланысты; «Өнімділік – 2020» бағдарламасының аясында лизингтің қаржыландырумен байланысты проблемалар;

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі: Қашаған кен орнын игерудің 2-кезеңін іске асыру мерзімдерінің шегерілуіне байланысты компаниялардың төмен жүктелуі.

Металлургия өнеркәсібі: ұлттық мұнай-газ тасымалдаушы компаниялардың, сондай-ақ жылу транзиттік ұйымдардың тарапынан сұраныстың болмауына байланысты, «Аrcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ-ның қуаттылықтары тек 25%-ға жүктелген; «АҚЗ» ЖШС-нің айналым қаражатының жоқтығы.

Мұнай-химия (мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру): «Caspi Bitum» БК» ЖШС – Ресейлік рубльдің құнсыздануына байланысты ресейлік битумның тарапынан бәсекелестік; «ҚазГӨЗ» ЖШС-дегін жабдықтың жоғары тозуы (газ өңдеу зауыты 1973 жылы іске қосылды).

Химия өнеркәсібі: ҚР ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің тарапынан тиеліп қойған аммиак селитрасына уақытылы ақы төлемеуі; энергия ресурстарына, табиғи газға және темір жол тасымалдарына арналған тарифтердің өсуі; амииак селитрасы импортының жыл сайынғы өсуі; амииак селитрасын Өзбекстан аумағынан өткізу кезінде, ол қолданатын бөгеу шаралары Тәжікстан мен Қырғызстандағы өткізу рыногын шектейді; салада білікті кадарлардың жетіспеушілігі.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру: жоғары бағалық бәсекелестік және сертификатталмаған құрылыс материалдарының, оның ішінде арзан ирандық цементтің жеткізілуі.

Жеңіл өнеркәсіп: шикізатты импорттауға жоғары тәуелділік, салықтардың жоғары деңгейі, жосықсыз бәсеклестік.

Фармацевтика өнеркәсібі: зауытты жинақтауды аяқтау үшін қытайлық мамандар мен жұмысшыларға жаңа визалар ресімдеу қажеттілігіне байланысты, «ФармЧакур» ЖШС-нің фармацевтикалық кешенін пайдалануға беру кейінге шегерілді.

Жергілікті қамтым: кейбір отандық тауарларды жеткізушілерде тауардың қазақстандық шығу тегін растайтын сертификаттар жоқ; қазақстандық кәсіпорындардың көпшілігінің өндірістің әлемдік стандартатрына сай болмауы, ірі жобалардың қажеттіліктері үшін қажет етілетін өндірістердің жоқтығы.
2.1.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен

Облыстың барлық аумақтарындағы сияқты қаланың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға тұщы су көздерінің және жайлаулардың болмауының әсері, табиғи жайылымдар шығымдылығының ауа райы жағдайларына тікелей тәуелділігі, жерасты су көздерінің жоғары минералдануы аграрлық сектордың кешенін дамытуын шектейді.

Ақтау қаласының ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 51,8%-ға төмендеді және 302,0 млн. теңгені құрады (2012 жылы – 627,4 млн. теңге), 2013 жылы – 380,7 млн. теңге). Жалпы өнімнің НАИ 100,4%-ды құрады (2013 жылы – 48,7%).

2014 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің жалпы облыстық масштабтағы үлесі 3,6%-ды құрады (1 кесте).


1-кесте. 2012-2014 жылдардағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің динамикасы

Атаулары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

547,8

380,7

302,0

48,1


Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НАИ

244,8

76,2

99,1

х


Жалпы облыстық ауқымдағы үлесі, %

7,6

5,3

3,6

х

Ақтау қаласының жалпы ауданы 29,85 мың гектарды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 1,49 мың гектарды (жалпы көлемнен 5,0%). Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қолданудың негізгі бағыты – бағбаншылықты, сонымен қатар шаруа қожалығын жаңғырту (2 кесте).
2 кесте. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің санаттары

Жер санаттары

Өлш.бірл.

Жер пайдаланушылардың саны

көлемі

Бағбаншылық пен саяжайлар құрылысын

жүргізуге арналған азаматтар жерлері



га

1545

103

Шаруа қожалығын жүргізуге арналған азаматтардың жерлері


га

50

1330

Мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жерлері

га

4

59

Барлығы




1599

1492

Шаруа қожалығы негізінен көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге бағдарланған. Суландыру жүйесі тапшы. Бірақ, соңғы жылдары 651 гектар шаруа қожалығы ылғал сақтау сақтау технологиясына өтуде (тамшылап суару) немесе 2012 жылдық деңгейден 2,3 есеге жоғары.

Бұл, ауа райының табиғи жайсыздығы себепті егін шаруашылығы өнімдерінің көлемі азайғанына байланысты. Бұдан өзге, жайылымдық жерлердің тапшылығы мал басы санының азаюына акеліп соқты.

Мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы құрылымында 80%-нан астамын мал шаруашылығы алады. Мал шаруашылығы секторы негізінен қой мен ешкі, жылқы, түйе мен шошқаларды дамытуға негізделген.

2014 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылуы 248,4 млн. теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 57,1%-ға (579,6 млн. теңге), 2013 жылмен 26,2%-ға (336,5 млн. теңге) төмендеді.

2014 жылға барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 3,7%-ға (572 тонна) және жүн қырқымы 2,7 есе (4,3 тонна) өсті. Сонымен қатар, 2013 жылмен салыстырғанда сауып алынған сиыр сүті 18,6%-ға (33,3 тонна) және тауық жұмыртқалары 4,4 есе аз алынды (2,5 мың дана) (3 кесте).
3 кесте. 2012-2014 жылдардағы барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі


Көрсеткіштер атауы


2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі, тонна

929,4


551,4


572,0


61,5


Сүт өндірісі, тонна

56,6

40,9

33,3

58,8

Алынған тауық жұмыртқалары, мың дана

5,1

10,9

2,5

49,0

Жүн қырқымы, тонна

2,3

1,6

4,3

в 1,8 раз

2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ірі қара мал басының саны (бұдан әрі ІҚМ) – 26,6% (97 бас), ешкі – 16,5% (163 бас), қой – 8,5% (1050 бас), доңыз 86,9% (22 бас), жылқы – 19,6% (136 бас), түйе – 73% (65 бас) және құстар – 80,3% (47 бас) төмендеді. Сонымен қатар, құстардың бас саны – 4,7 есе (47 бас) көбейді.

Мал шаруашылығының тұрақсыз дамуы қаланың меншіктік жемшөп базаларының жоқтығы және оны сатып алуға бағаның қол жетімсіздігі, сонымен қатар ІҚМ қорада ұстау жағдайлары негізгі себеп болып табылады.


бас саны
1 сурет. 2012-2014 жылдардағы мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері, бас саны

Ет өнімдерінде қаланың қажеттілігі Қазақстанның басқа облыстарынан (Қостанай, Ақтөбе) әкелінген ет өнімдері арқылы жүзеге асады (көбіне сиыр еті). Статистикалық мәліметтерге сәйкес қалада 4 мал соятын пункт тіркелген, оның ішінде 3 пункт жұмыс жасайды: «Нұр», «Елнар» және «Берекет».


Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы негізінен көкөністер мен бақша дақылдарын өсіруден тұрады. Қазіргі таңда, қаланың ауыл шаруашылығы пайдаланатын жердің жалпы көлемі 40,9 гектарды құрайды, оның ішінде ашық топырақтағы көкөністерге арналған егіндік алқабы 26,8 га және бақша дақылдарына арналған – 14,1 га.

Сонымен бірге, 2012 жылмен салыстырғанда көкөністерге арналған егістік алқап көлемі 46,1%-ға төмендегені айқындалды (49,7 га), 2013 жылмен салыстырғанда – 7,9%-ға (29,1 га). Бұдан әрі, 2012 жылмен салыстырғанда бақша дақылдарына арналған егістік алқабы 22,6%-ға өсті (11,4 га), 2013 жылмен салыстырғанда – 11,9%-ға (12,6 га).
Егістік алқап құрылымында көлемнің негізгі бөлігіне бұрынғысынша азық-түлік бақшасы, қызанақтар, қиярлар ие. Соңғы жылдары суармалы учаскелерінде: орамжапырақ, баклажан, бұрыш, жуа, жасыл, қызылша сияқты өнімдерді қала базарларының барлық соңғы жылдардың жоғарғы сұранысына сәйкес егіп, өсіретін болды. Сонымен бірге, өсімдік шаруашылығы толықтай орнықты, яғни құбыр желісі мен жер асты арқылы суармалы судың жеткілікті мөлшері бар аумақтарда (4 кесте).
4 кесте. 2012-2014 жылдардағы өсімдік шаруашылығы бойынша көрсеткіштер

Көрсеткіштер атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014жыл/2012 жыл, %

Жалпы көкөніс-бақша дақылдарын жинау, тонн

1321,8

175,9

410,5

31,1

Шығымдылық, ц/га:













Көкөністер

121,8

58,8

49,4

40,6

Бақша дақылдары

113,9

72,3

40,2

35,3

2014 жылы шығымдылықтың төмендеуі, Статистика департаментінің 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары мен үй шаруашылықтарының (бақшалардың) аудандарын есепке алуымен түсіндіріледі. Бірақ, осы деректер жалпы жинауда көрсетілмеген. 2014 жылы егін шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 41,3 млн. теңгені құрады және 2013 жылмен салыстырғанда 24,4%-ға (33,2 млн. теңге), 2012 жылмен 13,7%-ға (36,3 млн. теңге) өсті.

Қала аумағындағы 6 гектар көлемінде фермерлік нысанда 3 жылыжай қызмет етеді. Бұлар, қияр, қызанақ, жасыл өсіреді.

2015 жылдың басында статистикалық органдардың мәліметінше 110 шаруа (фермерлік) қожалығы тіркелген, оның ішінде қызмет етушілер – 69. Бұлардың арасынан көкөніс бақшаларын өсіретін белсенді қызмет ететін шаруа қожалықтары - «Алтын топырақ» алаңы - 20 га, «Ринго» - 1,7 га, «Азамат» - 10 га және «Айсберг» - 7 га.


Балық шаруашылығы

Балық шаруашылығы нашар дамыған. Жыл сайын балық аулайтын бригадалармен балық аулауға бөлінген квота игерілмейді. Нақты ауланған балық рұқсат етілген көлемнен 60%-ға жуығын құрайды. Негізгі себеп балық пен оны қалпына келтіретін ұзақ мерзімді сақтау жағдайындағы балық аулау бригадаларының болмауы болып табылады.

Балықты өндіру алдын ала өңдеу мен салқындатусыз жүзеге асады. Қазіргі таңда қала аумағында балық өнімдерін сататын 16 сауда орталықтары жұмыс жасап тұр, оның ішінде 8 мамандандырылған дүкендер. Барлық өнімдер ішкі тұтынуға қолданылады.

Балықтардың кәсіпшілік түрлері – балықтардың майшабақ, тікенді және ұсақ түрлері. Жыл мерзіміне қарай Каспий теңізінің оңтүстігінен солтүстігіне және кері көшіп жүретін өрістегіш және жартылай өрістегіш балықтардың маусымдылығына және экономикалық тиімсіздігіне байланысты, теңізде балық аулау дамымаған.

2012 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы аралықта балық аулаудың және лимитті игеру көлемінің 316-дан 595 тоннаға дейін немесе 2012 жылдық деңгейден 88,2%-ға өсу беталысы байқалады (5 кесте).
5 кесте. 2012-2014 жылдардағы балық аулау көрсеткіштері


Көрсеткіштер атауы


2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Балықтың барлық түрлері, тонна

316

445

595

188,2

Балық шаруашылығының дамуы – өңірдің экономикасында стратегиялық экспорттық тармақ ретінде АӨК бағытының келешегі болуы тиіс.


Өнімді қайта өңдеу. Облыста өндірілетін өнімді қайта өңдеу болмашы көлемде жүзеге асырылуда. Негізгі көлем үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарында өндіріліп, өнім негізінен өз мұқтаждықтарына жұмсалады.

Қалада нан-тоқаш өнімдерін меншікті кіші наубайханалар өндіреді. Ақтау қаласында «Ақ-нан Манғыстау» ЖШС, «Maga-Bred» ЖШС, «Ақсай-Нан Ақтау» ЖШС, «Молторг Актау» ЖШС, «Гурман» ЖШС, «Ақтау Сүт» ЖШС, «Сулар» ЖШС және басқа осы сияқты ірі азық-түлік кәсіпорындары жұмыс жасайды (6 кесте).


6 кесте. 2012-2014 жылдардағы шығарылғын азық-түлік өнімдерінің көрсеткіштері


Көрсеткіштер атауы


2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Азық-түлік өнімдерінің көлемі, млн. теңге

3035,6

4326,6

3174,8

104,5

Алдыңғы жылға НАИ,%

91,5

131,7

102,0

х

Өнімдерді шығару, тонна

Шұжық өнімдері

25

16

9

36,0

Өңделген сұйық сүт пен қаймақ

365

1819

803

в 2,2 раза

Ірімшік пен сүзбе

213

432

206

96,7

Нан-тоқаш өнімдері

6105

6877

6516

106,7

Торт пен кондитерлік өнімдер

1141

1228

775

67,9

Минералды және газдалған сусындар, мың литр

16346,8

9339,7

8659,1

52,9

2014 жылы азық-түлік өнімдері 3174,8 млн. теңгені құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 22,6%-ға қысқарды (4326,6 млн. теңге), сәйкесінше 2012 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға өскен (3035,6 млн. теңге). 2012 жылмен салыстырғанда шұжық өнімдерін шығару 64,0%-ға, ірімшік пен сүзбе – 3,3%-ға, торт – 32,1%-ға, минералды су – 47,1%-ға және сыра 43,5%-ға төмендегені анықталды.


АӨК саласын дамыту бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

  • «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуге бюджеттен жыл сайын қажетті қаражаттардың бөлінуі;

- жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне деген үлкен сұраныс және салыстырмалы түрдегі төмен өткізу бағасы;

- шағын және орта бизнесті дамытуды, жаңа техникалар мен технологияны енгізуді демейтін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тауарлық кредиттеу және лизингтеу АӨК қаржылық институтының болуы.




- өндірістің ұсақ тауарлығы;

- мал шаруашылығының жем-шөп базаларының әлсіздігі;

- өңірдің төменгі жағдайдағы сумен қатылуы;

- білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

- АӨК қайта өңдеу аясын дамытуға меншікті шикізаттардың жоқтығы ;

- саланың инвестициялық тартымдылығының және мұнай-газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты жастарда ауыл шаруашылығы өндірісіне бастамашылықтың болмауы.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама осы секторды дамыту және одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайды туғызуы мүмкін;

- көкөніс пен өзге де дақылдарын ұдайы өндіретін заманауи технологияларды қолдану арқылы облыстық қала айналасына азық-түлік шоғырын құру;

- сүт зауытын дамыту мүмкіндігі.


- саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

- ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалануға жарамды табиғи су көздерінің жоқтығы;

- шығарылатын ауыл шаруашылығы өніміне арналған бағалардың өсуі;

- шекара маңындағы елдерден аса жұқпалы аурулардың әкелінуінің жоғары ықтималдығы;

- ауыл шаруашылығы өнімі импортының өсуі.



АӨК саласы бойынша негізгі проблемалар:

- өңірде дәстүрлі отарлы мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бермейтін, жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;

- өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасының жоқтығы;

- түйе шаруашылығын дамытудың арнайы мемлекеттік бағдарламасының жоқтығы;

- балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қаржылай қолдаудың тартымсыз шарттары;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы;

- айналымдағы қаражатты толтыру үшін қаржының жетіспеушілігі;

- материалды-техникалық базаның әлсіздігі;

- білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда

Кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту (бұдан әрі – ШОК), кәсіпкерлерді қолдау сияқты мемлекеттік саясатын жүзеге асыру қаланың экономикалық дамуын жоғарылату болып табылады (1 кесте).


1-кесте. 2012-2014 жылдардағы өңірдегі ШОК дамуының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер атауы


2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік

29265

31819

33988

116,1

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы белсенді субъектілердің үлесі, %

48,1

52,2

55,9

х


ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың сагы

60026

62245

65207

108,6

ШОК субъектілерінің өнім шығаруы, млн. теңге

250054

420856

530436

2,1 есе

Ақтау қаласы бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2014 жылы 33,9 мың бірлікті құрады, бұл – 2012 жылдың деңгейінен 16,1%-ға жоғары (2013 жылы – 6,8%-ға).

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан қимасындағы ШОК субьектілерімен шығарылған өнімдердің негізгі үлесі заңды тұлғаларға тиесілі, жыл сайын орташа 95% дейін. Шаруа (фермерлік) қожалығы (бұдан әрі – ФШҚ) орташа есеппен ШОК субъектілерімен шығарылғын өнімдердің 0,6% өнімін шығарады және ЖК – 4,4%

ШОК белсенді субъектілердің саны 2014 жылы 19002 бірлікті құрады және олардың жалпы тіркелгендер санынан үлесі 55,9% (2012 жылы – 48,1%, 2013 жылы – 52,2%).

ШОК саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 2012 жылғы 60 мың адамнан 2014 жылы 65,2 мың адамға дейін немесе 8,6%-ға өсіп, ШОК субъектілерінің өнім шығаруы тиісінше 250,1 млрд. теңгеден 530,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (2,1 есеге өсім).

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан қимасындағы ШОК аясындағы қызмет ететін адамдардың негізгі үлесі заңды тұлғаларға тиесілі (53%). ЖК орташа есеппен 46%-н құрайды, шаруа (фермерлік) қожалығы – 1%.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы шеңберінде (бұдан әрі – БЖК-2020» жыл сайын қала әкімі мен «Даму «КДҚ» АҚ арасында ағымдағы жылға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс шаралар жоспары жасақталады және ынтымақтастығы туралы Келісім-шартқа қол қойылады.

Нәтижесінде, БЖК-2020 бойынша мемлекеттік бағдарламасын қолдай шараларының себебінен 2012-2014 жылдары қосымша 830 астам жұмыс орны құрылды

«БЖК-2020» бағдарламасының қала бойынша төртінші бағыты жүргізіліп жатыр: «кәсіпкерлік әлеуетті жылдамдату» (2 кесте).


2 кесте. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде оқытудан өткен қатысушылардың саны, компоненттік қимада:


Қолдау құралдары


2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Бизнес-кеңесші

94

247

538

3,8 есе

Топ-менеджментке оқыту

4

7

14

3,5 есе

Іскерлік байланыстар

10

9

17

1,7 есе

Аға сеньорлар

-

-

1

-

Жас кәсіпкерлер мектебі

-

-

61

-

2014 жылы кәсіпкерлік әлеуетпен 1760 адамға Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) кеңес берді, 538 кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» оқуынан өтіп, сертификат алды, «Іскерлік байланыстар» оқуы бойынша – 17 адам, «Топ-менеджмент» - 14 сертификат, тренингтер өткізілді, мемлекеттік қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру Институтында кәсіпкерлерге қолдау көрсету мемлекеттік бағдарламасын түсіріндірмелер өткізілді және басқалар.

2014 жылдың қыркүйек айында қоғамдық тамақтандыру, тамақ өнімдері саудасы, полиграфиялық және тұрмыстық қызметтер аясында «Үздік кәсіпорындар» номинациясына қаланың 16 кәсіпкерлері қабылданып, 2-ші Ақтау бизнес-форумы өткізілді. Жеңімпаздар болып – «Palazzo» мейрамханасы (қоғамдық тамақтандыру аясында), «Ижальго Ақтау» ЖШС (тұрмыстық қызмет көрсету аясында), «ҚазФрутКомпания» ЖШС «азық-түлік тауарлары саудасы аясында) және «Полиграф-Сервис» ЖШС (полиграфиялық қызметтер аясында) анықталды.

2014 жылдың желтоқсанында «Меценат-2014» дәстүрлі жыл сайынғы қайырылымдық қызметті қолдау конкурсының жеңімпазын марапаттау ұйымдастырылды.



Сауда

2012-2014 жылдары бөлшек саудасының көлемі 145,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 12,3%-ға жоғары (129,3 млрд. теңге) және 2012 жылға 43,8%-ға 43,8%-ға (101 млрд. теңге).

Маңғыстау облысының жалпы бөлшек тауар айналымы қимасында Ақтау қаласының үлесі 80%-дан астам. 2014 жылы бөлшек тауар айналымының жалпы сомасынан сатушы ұйымдар 74,4%-н құрайды, қалғандары – базарлар (2012 жылы – 79,9%, 2013 жылы – 68,3%) (1 кесте).
1 кесте. 2012-2014 жылдардағы бөлшек тауар айналымының көрсеткіштері


Көрсеткіштер


2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Бөлшек тауар айналымының көлемі, млрд. теңге

61,9

83,1

108,8

1,7 есе

Алдыңғы жылға НАИ,%

108,2

128,5

122,2

х

Оның ішінде: сатушы ұйымдарының бөлшек тауар айналымы

49,5

56,8

81,0

1,6 есе

Базарлар мен жеке кәсіпкерлердің бөлшек тауар айналымы

12,4

26,3

27,8

2,2 есе

2014 жылы көтерме және бөлшек саудалары аясында қызметшілер саны 2012 жылмен салыстырғанда 47,1%-ға өсті және 4806 адамды құрады, 2013 жылмен салыстырғанда – 39,4%-ға.

Өңірде әмбебап базарлардың санын және аудандарын азайту бағытында сауда базарларын оңтайландыру үрдісі басталды. 2015 жылдың басында облыста ауданы 248,1 мың шаршы метр болатын 5447 сауда орны бар 16 базар тіркелген.

Заманауи сауда форматына өтуге, бөлшек тауар айналымында ірі сауда желілерінің үлесін жоғарылатуға бағытталу мақсатында 2011 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы аралықта саланы дамыту Қазақстан Республикасының сауданы дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Сондай-ақ сауда-саттық базарларының инфрақұрылымына талапты күшейту бағыты.

Динамиканың оң әсеріне қарамастан процесс үдерісі әлсіз. Негізгі себеп – заманауи сауда-саттық желілерінің төмен дәрежедегі үлесі, электронды сауда-саттықтың дамымауы, меншікті ауыл шаруашылығы өндірісінің жоқтығы және 85%-нан астамын құрайтын тасымалданатын азық-түлік өнімдері үлесінің көптігі.

Қала тұрғындарын тиімді бағада азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз ету мемлекет саясатының бірден-бір маңызды бағыты болып табылады. Осыған байланысты, Ақтау қаласында азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету Іс-шаралар жоспары қалыптастырылды.

Жоба шеңберінде қаланың 16 супермаркетінде және 3 базарында тағам өнімдерінің бағасына күн сайын мониторингі жүргізілді. Қаланың 20 сауда-саттық кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызды тағамдарға өнім шығару бағасынан 15-20% жоғары болуға жол бермеуі жөнінде Меморандумдарға қол қойылды.

Ішкі нарықты толықтыру мақсатында, жеміс-көкөніс өнімдері мен жергілікті тауар өндіруші жәрмеңкелерін жүргізу үшін арнайы тағайындалған орындарда уақытша сауда ұйымдары бойынша кешенді іс-шаралар өткізілді

Өңірде қазіргі замандағы форматтағы (А классты) көкөніс қоймасының жоқтығы, маусымдық азық-түлік тауарларының жыл сайынғы тапшылығына алып келеді, бұл – өз кезегінде бөлшек сауда бағаларының негізсіз өсуіне ықпал етеді. Осыған байланысты, өңірде инвесторларды тартумен қалада 400 және 500 тонналық көкөкөніс қоймаларын салу жоспарланған.

МИИДБ аясында Маңғыстау облысының Идустрияландыру картасына: Әзербайжан компаниясы – «Азерсун Өндіріс және Логистика Орталығы» ЖШС-нің «Ақтау теңіз порты» АЭА-да кейіннен өткізу арқылы азық-түлік тауарларын сақтау үшін ауданы 178,7 мың шаршы метр болатын қоймалық орынжайлар құру жобасы қосылған. Жоба аяқталу сатысында.
Шағын және орта бизнесті, сауданы дамытуды SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сандық тұрғыда артуы;

- шағын кәсіпкерлікті дамытатын нарықтық инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, МКҰ, кәсіпкерлер ассоциациялары, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;

- Ақтау қаласында Кәсіпкерлер қызмет көрсету орталықтарының ашылуы;

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуы;

- кәсіпкерлерді қолдау арналған бюджет шығыстарының жыл сайынғы ұлғаюы.



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- банк кредиттері сыйақыларының жоғары пайыздық ставкалары;

салық салу саласында облыста жеңілдіктердің жоқтығы;

- кадрлар біліктілігінің дефициті;

- шағын және орташа бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандырылуының төмен деңгейі;

- қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы;

- электронды сауданың әлсіз дамуы;

- қосымша азық-түлік қорын сату үшін көкөністердің жетіспеушілігі;

- азық-түлік тауарларын басқа өңірлерден және елдерден 85%-ға дейін импорттауға тәуелділік.


МҮМКІНДІКТЕР:

- ірі және орта кәсіпорындармен франчайзинг және аутсорсинг қағидаттарымен өзара пайдалы кооперативтік байланыстарды жолға қоюы;

- шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;

- нарықтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат берушілер, дайын өнімді сату мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін қалыптастыру.

- шағын кәсіпорындарды тиімді жұмыс жасауымен қамтитын, базарлар инфрақұрылымдарын дамыту.


ҚАТЕРЛЕР:

- бірқатар шағын және орташа кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты жұмыссыздықтың артуы, криминогенді жағдайдың жоғарылауы;

- әлемдік нарықтағы мұнайға арналған бағаның құлдырауы себебінен мердігерлік жұмыстарды орындау көлемінің төмендеуі;

- ішкі нарықтың импортқа тәуелділігінің артуы;

- теңгенің құнсыздануына байланысты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағалардың өсуі;

- мұнай өнімдеріне арналған бөлшек бағаның ұлғаюы.




Шағын және орта бизнестегі, саудадағы негізгі проблемалар:

- рұқсат беру рәсімдері мен одан әрі жеңілдету және әкімшілік кедергілерді қысқарту қажеттілігі;

- сыртқы экономикалық жағдайға байланысты жалға алу ақысы мен жабдық құнының өсуі;

- кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлердің төмен біліктілігі;

- ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік нысаналы бағдарламалар бойынша іске асырылып жатқан жобалардың төмен деңгейі;

- ШОБ үшін нысаналы топ болып табылатын өңір халқының жергілікті өнімге деген сұранысының төмендігі;

- қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы;

- электронды сауда-саттықт дамуының әлсіздігі;

- қосымша азық-түлік қорларын сатып алу үшін көкөніс қоймаларының жоқтығы;

- азық-түлік тауарларын басқа өңірлерден және елдерден 85%-ға дейін импорттауға тәуелділік.


2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық

Маңғыстау облысында ел өңірлерімен арадағы республикаішілік кооперация тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіптерінде, машина жасауда, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде, металлургияда, мұнай-газ кешенінде жолға қойылған (1-кесте).


1-кесте. Республикаішілік өнеркәсіптік кооперация

Өңірге жеткізу

Өнім

Өнім

Өнім

Ұн

Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары

«Корпорация «Цесна» АҚ – Астана қаласы; «Ардагер» ЖШС – Семей қаласы

Сары май

«Маслодел» фирмасы – Алматы қаласы

Қағаз бума

Алматы қаласы

Тот баспайтын қамыттар

«Маңғыстау шыны-пластик құбырлар зауыты» ЖШС

«KSPSteel» ЖШС – Павлодар қаласы

Резеңке сақиналар

«Восход» зауыты – Қарағанды қаласы

Пластикалық және резеңке бұйымдар

«Проминвесткомплект» ЖШС – Алматы қаласы

Табиғи газ

«ҚазАзот» ЖШС

Атырау облысы

Буып-түю ыдыстары 

Ақмола, Алматы облыстары

Мұнай-газ машинасын жасауға арналған құрағыш өнімдер

«ГММОС» ЖШС

Алматы, Атырау облыстары,

Алматы, Ақтөбе қалалары



Цемент

Құрылыс индустриясының кәсіпорындары

ВШҚОО

Сыйымдылық жабдығы, пештер, машиналар

Мұнай-газ өндіруші және мұнай-сервистік компаниялар

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ – БҚО

Өңірден жеткізу

Өнім

Өнім

Өнім

Аммиак селитрасы

Аммиак селитрасы

Тыңайтқыштар



Аммиак селитрасы

Тыңайтқыштар

Тыңайтқыштар

Арнайы киім

Арнайы киім

Арнайы киім

Шыны-талшықты құбырлар

Шыны-талшықты құбырлар

Шыны-талшықты құбырлар

Болат құбырлар

Болат құбырлар

Болат құбырлар

Өңіраралық кооперацияның рыногтық әлеуеті өңірде монополист кәсіпорындардың (азоттық тыңайтқыштар), не тауашалық өнімдер (диаметрі үлкен құбырлар) өндіретін кәсіпорындардың бар болуымен байланысты. Тиісінше, өңірге облыста шығаруға пайдасыз өнім әкелінеді (ұн, сары май, көкөністер, машина жасауға арналған құрағыш өнімдер).

Батыс макроөңірінің аясында мұнай-газ секторы кәсіпорындарының арасында сервистік қызметтер көрсету және мұнай-химия өнімін жеткізу бөлігінде өңіраралық ынтымақтастық әлеуеті бар.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында, өңірде ақпараттық-таныстырылымдық жұмыс (көрмелер, бизнес-конференциялар, семинарлар, кездесулер) тұрақты негізде жүргізіліп тұрады.

Сонымен қатар, ынтымақтастықты тиімді дамытудың мынадай түрлері бар, бұлар:

- өңірде ұлттық мұнай-газ кластерін, мұнай қызметі кластерін және кәсіпшілік мұнай химиясын құру аясында мұнай-газ секторлары кәсіпорындарымен қоғамдасу;

- өңірге ауыл-шаруашылығы өнімдерін жиі-жиі жеткізуге Қазақстанның басқа да өңірлерімен қоғамдасу;

- «Ақтау Теңіз порты» АЭА аумағында, ҚР басқа өңірлері мен ЕАЭК елдеріне бағытталған тауарларды өндіру процессингтік орталығын құру.


Өңіраралық ынтымақтастық бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

- 2012-2014 жылдардағы облыстағы өнеркәсіп өнімдері көлемінің үлесінің өсуі (1,3 есеге) іргелес салалардың дамуына, кадрларға, технологияларға сұранысты ынталандырады;

- МИИДБ (Индустрияландыру картасы, Өндірімділік Бағдарламасы – 2020, Экспорттаушы – 2020» шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары;

- өнеркәсіпті дамыту институттарының барлығы: «Каспий» ӘКК» ҰҚ» АҚ, «Ақтау Теңіз порты» АҚ ;

- жұмыстық мамандар бойынша кадрларды сапалы дайындауға ТжКО ұйымдары желісінің барлығы;

- МИИДБ шеңберінде мұнай-газ өнеркәсібін кластеризациялау үшін іргелес салалардың өсуі (металлургия, машина жасау, мұнай-химия).



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- өңірдің экономикасы әлемдік көмірсутек шикізаттары мен металлдарына әлемдік баға жағдаяттарына жоғары тәуелділігі;

- өңірдің өнеркәсіптік құрамында кен өнеркәсібінің үлкен үлесі (93%) (экономиканың әлсіздігі, инвестицияның төменгі бағытталуы - басқа секторлар мен ҮҚО дамытуға, жұмыспен қамтуға аз әсер етуі) ;

- теңіздік мұнай-газ орындарының игерілуі мерзімінен, машина мен жабдықтаудан өзге дайын металлдық бұйымдары өндірісі бойынша кәсіпорындардың тәуелділігі.




МҮМКІНДІКТЕР:

- мұнай-химиясын дамыту, өндіру үшін көмірсутек шикізаттарының бай қорлары, геоэкономикалық жағдайы;

- металлургия, құрылыс материалдары өндірісін дамыту үшін бай минералды-шикізат базаларының барлығы;

- отандық тауарлар өндірісіне сыртқы экономикалық қолдау (кедендік жеңілдіктер);

- экономика дамуының кластерлік үлгісі (соның ішінде, МИИБД аясында 2015-2019 жылдары мұнай мен газды қайта өңдеу және шикізаттар, мұнай-газ машиналарын жасау мен Маңғыстау облысын қоса есептегенде үш облыстың аумағында сервисі бойынша кластер құру жоспарлануда.


ҚАТЕРЛЕР:

- әлемдік экономикаға интеграцияландыруға байланысты, өңірлік экономиканың бәсекелесу қабілетінің төмендеуі;

- облыстың мұнай-газ ресурстарының таусылуы;

- өңдеу өнеркәсіптері салаларының ретін дамыту үшін шикізат базаларының жетіспеушілігі.





Өңіраралық ынтымақтастықтың негізгі проблемалары:

- ҚР Батыс макроөңірінің аясында, Өңірдің ел ішінде және БЭК елдерімен өңіраралық кооперацияны дамыту жөніндегі жол картасы әзірленбеген;

- Қазақстанның басқа өңірлерінде өндірілуі мүмкін, салынып жатқан құрағыш өнімдер өндірісінің қажеттілігін талдау жүйелі негізгі қойылмаған;

- өңірдегі тауарлар, құрағыш өнімдер және шикізат өндірісі туралы ақпараттық база әзірленбеген.


2.1.1.6. Инновациялар мен инвестициялар

Инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2012 жылы 81,5 млрд. теңгеден 2014 жылы 93,8 млрд. теңгеге дейін артты немесе 15,1%-ға өсті (2013 жылы – 84,2 млрд. теңге). 2014 жылы НАИ 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі облыстық инвестицияның жалпы көлемінен 17,7%-н құрайды. Адам басына шаққандағы инвестицияның көлемі қала бойынша 2014 жылы 506,8 мың теңгені құрады (облыс бойынша – 874,9 мың теңге).



1 сурет. 2012-2014 жылдар кезеңіне негізгі капиталға салынған инвестиция динамикасы

Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсуі 2013 жылмен салыстырғанда қаржыландырудың келесі бағыттары бойынша: бюджеттік қаржылары есебінен 3,3 есе (15,8 млрд. теңге), меншікті қаржылары есебінен 44,3% (64,2 млрд. теңге). Сонымен бірге, қарыздық қаражаттар көлемі – 63,6% төмендеді және 9,6 млрд. теңгені құрады, 2013 жылға қарсы – 26,5 млрд. теңге(2012 жылы – 24,3 млрд. теңге).



2 сурет. 2012-2014 жылдар кезеңіне негізгі капиталға салынған инвестицияның қаржыландыру көздері бойынша динамикасы
Шетелдік негізгі капиталға салынған инвестицияның 2014 жылы жоқтығы айқындалды, бірақ 2012 жылы қаланың экономикасына – 1,6 млрд. теңге салынды, 2013 жылы – 7,1 млрд. теңге.

2014 жылы негізгі капиталға инвестиция салудың техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 52,7 млрд. теңге (жалпы көлемінен 56,2%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 29,5 млрд. теңге. (31,5%) және өзгелер – 11,5 млрд. теңге (12,3%).

2014 жылы негізгі капиталға салынған айтарлықтай инвестиция 33,4 млрд. теңге өнеркәсіпке бағытталған немесе жалпы көлемінен 35,6%), оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 2,5 млрд.теңге (2012 жылы – 23,5 млрд. теңге, 2013 жылы – 21,0 млрд. теңге).

Инвестиция тарту мәселесінде негізгі рөлді Республика бойынша Астана қаласының АЭА екінші кезекте жоғары дамып келе жатқан «Ақтау Теңіз порты» арнайы экономикалық алаңы ойнайды. «Ақтау Теңіз порты» аумағы құрылғаннан бастап 29 млрд. теңгеге жуық инвестиция жұмылдырылды, 222,9 млрд. теңге өнім шығарылды, бюджетке 19 млрд. теңгеден астам мөлшерде салық төленді. 1000-нан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.


Инновациялар

Өңірлік инновациялық саясатты дамыту мамандандандырылған технологиялық ресурстарға негізделген өңірлік бәсекеге қабілеттіліктің өсуін ынталандыруға бағытталған.

2014 жылы қаланың 685 кәсіпорындарынан 26-сы 1545,1 млн. теңге мөлшерде инновациялық өнімдер өндірді және өткізді, бұл 2013 жылдық деңгейден 10,7% көп, бірақ 2012 жылдық деңгейден 56,8% төмен. Облыста инновация кәсіпорындардың белсенділік деңгейі 2012 жылы 2,0%-н 2014 жылы 3,8%-ға дейін өсті (2013 жылы – 3,1%) (1 кесте).
1 кесте. 2012-2014 жылдардағы ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі бойынша негізгі


Көрсеткіштер


2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға, %

Кәсіпорындар саны, барлығы (бірлік)

773

611

685

88,6

Оның ішінде: инновациясы бар

16

19

26

162,5

Инновациялар саласындағы белсенділік деңгейі,%

2,0

3,1

3,8

х

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлер саны

513

555

549

107,0


Инновациялық өнімдер өндірілді, млн. теңге

3573,3

1395,4

1545,1

43,2

Өңірдің өңдеу секторындағы инновациялық жүйесін дамытудың жалғыз арнасы тікелей шетелдік инвестициялар қатысатын жобалар болып табылады (Индустрияландыру картасы). 2010-2013 жылдар кезеңінде Индустриализация картасы аясында 15 жоба өткізілді, негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы сомасы 73,9 млрд. теңгені құрады. 2790 тұрақты жаңа жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы тағы 4 жоба жүргізілді («ДИС» ЖШС, «КИС-Ақтау» ЖШС», «Каспий Тас Жол» ЖШС, «Каспио-Пласт» ЖШС, сметалық құны 2,1 млрд. теңге және құрылатын тұрақты жаңа жұмыс орындары - 167.

Жол битумдарын өндіретін зауттың іске қосылуы («Caspi Bitum» БК) өңірде тиісті технологиялық инновациялар енгізілген мұнай-химияны құруға ықпал етті. «ҚазАзот» зауытын жаңғырту аммиак селитрасын грануляциялаудың бірегей технологиясын енгізуге ықпал етті. Бұл технология «ҚазАзот» ЖШС-де ғана пайдаланылады және оның аналогы жоқ. 2016 жылы сметалық құны 1,8 млрд. теңге және 61 жаңа жұмыс орындарын құрайтын 2 жобаның пайдалануға берілуі қарастырылуда. 2013-2014 жылдардағы өңірді Индустрияландыру картасына - медицинаға тағайындалған бұйымдар мен сұйық тәріздес дәрілер шығаратын фармацевтикалық кешен («Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС) және полимерлік орауыш өндірісі бойынша зауыт («Достық полимер» ЖШС).

Мұнай-газ секторының басым рөлі өңірдің инновациялық инфрақұрылымының дамуын алдын ала белгілеп берді. Облыстың ғылыми-зерттеу институттарының («ҚазҒЗЖИмұнайгаз», «Мұнай-газ ҒЗЖИ» АҚ, Ксапий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті) барлық әзірлемелері дәл осы салада іске асырылуда. Сонымен бірге, мұнда әлемдік және отандық жетекші компаниялардың озық инновациялық технологиялар енгізілуде. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлер саны 2014 жылы 549 адамды құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті (513 адам).

Қаланың шикізат емес сектор кәсіпорындарының ешқайсысында конструкторлық бюро немесе ҚазҒЗЖИ болмаған еді. Сондықтан, университеттер, өнеркәсіп секторлары мен мемлекеттік органдар арасында нашар байланыс орын алған.

Инвестициялар мен инновациялар бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- Қазақстанның барлық теңіз операцияларына сервистік қызмет көрсету үшін базалық инфрақұрылымы құрылды, бұл

– инвестициялық салымдар үшін тартымды болып табылады;

«Ақтау теңіз порты» АЭА-ын қарқынды дамыту халықаралық маңызы бар транзиттік, көлік-логистикалық әлеуетті іске асыру үшін инвестициялар тарту факторы болып табылады


- дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төменігі;

- облыс ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы;

- агроөнеркәсіптік жобалардың төмен өтелімділігі және су ресурстарының жетіспеушілігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, АӨК-тің әлсіз экономикалық жағдайы АӨК инфрақұрылымын және тұтастай алғанда өңірдің агробизнесін дамытуға инвестициялар тартуға негізгі кедергі болып табылады


МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- трансұлттық компаниялардың инвестицияларын теңіз операцияларына тарту; инфрақұрылымдық жобаларға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту


- «Қошқар ата» қалдықтар қоймасының экологиялық жағдайының Ақтау қалалық инфрақұрылмын және инвестициялық жобаларды солтүстік бағытта дамытуға әсері;

- Каспий бассейнінің қазақстандық бөлігін зерттеу және игеру жөніндегі ғылыми экологиялық орталықтың жоқтығы;

- Каспий теңізіне мұнай төгілу жағдайларына арналған халықаралық келісімнің жоқтығы, теңіз және теңізбен байланысты инвестициялық жобаларды дамытуда тежеуші фактор болып табылады;

- өмір сурудің жоғары деңгейінің және баға саясатының экспортқа бағдарланған жобаларға әсері





Инвестициялар мен инновациялар саласындағы негізгі проблемалар:

- мұнай-газ секторының шегінен тыс өңірлік инновациялық жүйе құру үшін стимулдардың жоқтығы;

- теңіз мұнай жобаларының технологтялық қиындығы және үлкен экологиялық тәуекелдер инвестициялар тартуды тежеуші фактор болып табылады;

- дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төмендігі;

- облыс пен қала ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы;

- АӨК-тің әлсіз экономикалық жағдайы АӨК инфрақұрылымын және тұтастай алғанда өңірдің агробизнесін дамытуға инвестициялар тартуға негізгі кедергі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет