Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған



бет5/11
Дата28.03.2023
өлшемі58.82 Kb.
#471304
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Перспектива 2022-2023 жж

Қоршаған ортамен таныстыру

Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тануды жетілдіру.
Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тануды.
Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру.
Басқа балалармен бірге, келісіп ойнауға, бір-біріне көмектесуге және жетістіктеріне, әдемі ойыншықтарға бірге қуануға баулу.
Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. «Дұрыс», «дұрыс емес», «қауіпті» түсініктерімен таныстыру



Сурет салу

Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салуды.
Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізуді үйрету.



Мүсіндеу

Сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.
Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.



Жапсыру

Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.



Музыка

Музыка тыңдау:
Баяу және көтеріңкі дыбысты, музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер) ажырата білу.
Ән айту: Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет