Бағдарламасы Өскемен қ, 2010 жыл Мазмұны 1


Аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрекеттегі мемлекеттік басқару саясатының талдауы



бет7/25
Дата25.02.2016
өлшемі3.7 Mb.
#24156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

2.3 Аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрекеттегі мемлекеттік басқару саясатының талдауы.


Мемлекеттік басқарудағы әрекеттегі саясаты ұлттық мақсаттарға жетуге бағытталған: тұрғындарды толық жұмыспен қамту, өмір сапасын жақсарту, кірістерді әділетті түрде бөлу, трақты экономикалық даму. Дамудың негізгі приоритеттері бойынша қалада іс-шаралар нақты сектордың, агроөнеркәсіптік кешеннің, ауыл аймақтарының, тұрғын үй құрылысының, білім беру саласына, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғауға, туризмнің, шағын кәісіпкерлікті қолдаудың, жол қатынастарының қауіпсіздігінің, нашақорлықпен, наркобизнес және жемқорлықпен күрестің дамуына бағытталған, сонымен қатар құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, құқықтық оқыту және азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған.

Қалада келесідей бағдарламалар әрекет етеді:

- «2010 жылға дейін Өскемен қаласынң даму бағдарламасы»;

- «2006-2010 жылдарға Өскемен қаласының агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты даму бағдарламасы»;

«2005-2010 жылдарға Өскемен қаласының жолдарын дамыту бағдарламасы»;

«2009-2011 жылдарға Өскемен қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін қайта құру, құрылыс және техникалық қайта жабдықтау бағдарламасы»;

«2006-2010 жылдарға Өскемен қаласындағы жемқорлықпен күрес бағдарламасы»;

«2008-2010 жылдарға Өскемен қаласының жастар және жастар саясаты бағдарламасы»;

«2009-2011 жылдарға Өскемен қаласында нашақорлық және наркобизнеспен күрес бағдарламасы»;

«2008-2010 жылдарға Өскемен қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес бойынша бағдарламасы».



2.3.1 Бәсекелестікті дамыту


Қазіргі күні шағын кәсіпкерлік саласында келесі мәселелер негізгі болып қалуда:

- салық салуда оның даму деңгейіне, қызмет түріне және қалыптасу түріне байланысты дифференциялық келуінің болмауы;

- кепілдік қамтамасыз етудің болмауы жағдайында нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы;

- бизнестің айтарлықтай жоғары операциондық шығындары;

- бизнес қызметінің жоспарлық және жоспарлық емес тексерулердің үлкен саны;

- екінші деңгейдегі банктердегі несие және оларды қайтарып алу механизмінің толықсыздығы бойыша сыйақының айтарлықтай жоғары қойылымдары;

- сауда қызметін басқару саласында әлсіз заңнамалық қамтамасыз ету;

- делдалдық құрылымның болуы.

Бәсекелестік ортаны жақсарту бойынша келесі шаралар қарастырылуда:

- азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлар, қызмет салаларының негізгі топтарына бағаның тұрақты мониторингін қамтамасыз ету;

- бағаны тұрақтандыру бойынша қалалық штабтың жұмысын жалғастыру.

Агроөнеркәсіптік секторды дамыту үшін бәсеелестікті дамыту бойынша шаралар ұсынылды:

- тұрғындарға ауыл шаруашлық тауарларды тікелей сату тәжірибесін жалғастыру, оның ішінде базар және «демалыс күні» жәрмеңкесі арқылы;

- ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қала базарларында сауда орындарымен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.



2.4 Мәселелер, тәуекелдер, бәсекелі артықшылықтар мен мүмкіншіліктердің кешендік сипаты

Ағымдық жағдай талдауының нәтижелері (25 кесте).



25 кесте

Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

  • Меншік материалдық-шикізаттық база.

  • Өнім импортшыларымен аймақытқ жақындық (Қытай, Ресей).

  • Түсті металлургия және металл өңдеу саласында айтарлықтай технологиялық потенциал.

  • Жеңіл автомобильдер құру бойынша зауыттың орналасуы (Қазақстанның басқа аймақтарында жоқ).

  • Сауда көлемі дамуының оң динамикасы және тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

  • Жеке сауда нарығында жетілген қатысушылардың болуы.

  • Нақты сектор үшін жоғары мамандандырылған кадрлардың, заманауи кәсіптік білім беру үшін ресурс кешенінің болуы.

  • Балаларды мемтепке дейінгі білім беру қызметімен қамту көрсеткішінің деңгейі.

  • Денсаулық сақтаудың тұрақты потенциалы.

  • Медициналық мекемелердің дамыған желісі.

  • Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша өндрістің дамуы үшін едәуір потенциал және жағымды табиғи-климаттық жағдайлар.

  • Ауыл шаруашылық жағулардың жоғары табиғи топырақ құнарлылығымен, табиғи шөп шабу және жайылым жерлердің болуы.

  • Жұмыссыздықтың салыстырмалы төменгі деңгейі.

  • Жеке адрестік көмекткің күшеюі.

  • Тұрғын басына ет, бидай, картошкамен қамтамасыз етудің жеткілікті деңгейі.

  • Жер асты тұщы сулары қорының жеткілікті деңгейі.

  • Нақты сектордың, шағын және орта бизнестің дамуы үшін инновационды инфрақұрылым потенциалының болуы (технопарктер, индустриалды аймақтар).

  • Жеткілікті тарамадалған көліктік инфрақұрылым.

  • Облыстық орталыққа ауылдық елді мекендердің жақындығы және әкімшілік бағыныштылығы.

  • Аумақты салықтық база.

  • Инвестицияны қолдау үшін ішкі қорда пайдалану.

  • Этникалық татулық, ұлттық мәдени орталықтардың дамуы.

  • Қайта жасау деңгейінің айтарлықтай үлкен емес деңгейі және металл өнімдерінің аз номенклатурасы.

  • Ішкі нарықтың жеткіліксіз көлемі.

  • Өндірісті жаңғырту үшін кәсіпорындардың айналым қаражатының жетіспеуі.

  • Ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістердің болауы.

  • Нақты секторда негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейі.

  • Өсіп келе жатқан энергия жетіспеушілігі және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындардың ауқатын төмендетуге мүмкінідік туғызатын желідегі шығындардың айтарлықтай жоғары деңгейі.

  • Нақты кәсіпорын аясында шығарылатын өнімнің айтарлықтай шектелген түр жинағы.

  • Шығарылатын өнімнің айтрлықтай жоғарғы энергосиымдылығы.

  • Ауыл шаруашылық жағулардың айтарлықтай аз ауданы.

  • Шемшөптік дақылдардың жетіспейтін базасы.

  • Асыл тұқымды малдардың төменгі үлесі.

  • салық салуда оның даму деңгейіне, қызмет түріне және қалыптасу түріне байланысты дифференциялық келуінің болмауы.

  • Су жүргізетін және канализациялық желілерінің айтарлықтай жоғары тозуы.

  • Көліктік инфрақұрылымның қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы.

  • Азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізудің жеткіліксіз деңгейі.

  • Қошаған ортаны көптеген тарихи және ағымдық ластаудың болуы.

  • Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен толық емес қамту.

  • Демографиялық және миграциондық процестер салдарынан мектеп оқушылары контингентінің азаюы.

  • Жоғары сәбилер өлімі; тұрғындар ауыруының жоғары деңгейі.

  • Медициналық мекемелердің жабдықталуының жеткіліксіз деңгейі.

  • Электр желілері тозуының жоғарғы деңгейі.



Мүмкіндіктер

Қауіптер

  • Кедендік одаққа кірумен байланысты нарықтың кеңеюі.

  • Шикізат жеткізушілерге аймақтық жақындықты және төмені шекті кешендік базаны қолдану (Қытай, Ресей).

  • Ет және сүт кластерін құруға барлық алғышарттар бар. Өскемен қаласы маңайында азық-түліктік шеңбер құру бойынша жобаларды іске асыру.

  • Қала аумағында ауыл несиелік серіктестіктерін құру.

  • Шағын және орта кәсіпкерлікті ширақ дамудағы мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдау.

  • Кәсіпкерлік сала бастамасын іске асыру үшін жағымды жағдайлар жасау үшін «сервистік орталық» құру.

  • Рұқсат беру құжаттарын (рәсімдер) алуда әкімшілік шығындарды қысқартуда резервтердің болуы.

  • Кедендік одаққа кірумен байланысты тауар нарығының даму келешегі.

  • Қалдықтарды екінші рет өңдеу және жою энерго қоры ресурстары саясатын іске асыруға мүмкіндік береді.

  • Қоршаған ортаның сапасын бақылауда автоматтандырылған жүйені енгізу.

  • Аймақта суарылатын жер аудандарын қайта калпына келтіру.

  • Дәстүрлі емес жылумен жабдықтау көздерінің даму болашағы.

  • Нысандар құрылысында мемлекеттік-жеке серіктестіктің дамуы.

  • Тұрғын үй құрылысы және жалдамалы тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша шараларды іске асыру.




  • Шикізаттық қорларға бағаның төмендеуі.

  • Шығарылатын өнімнің төменгі бәсекеге қабілеттілігінен экономиканың даму қарқынының бәсеңдеуі.

  • Әлемдік нарықта металлға бағаның тұрақсыздығы.

  • Экономиканың сәйкес салалары мен кіші салаларында дамудың болмауы немесе жетіспеушілігі нәтижесінде ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің артуы.

  • Шығарылатын өнімге сұраныстың төмендеуіне байланысты өндірістік өнеркәсіп көлемінің төмендеуі.

  • Несиелік қорларға олрдың жоғары құнына ауырлаған қол жетушілік.

  • Кәсіптік білім беру жүйесінде үйлеспеушліктің сақталуы.

  • Жол және көлік саласының ағымдық даму деңгейі сақталғанда экономиканың бәсекелестік даму артықшылығының төмендеуі.

  • Экономикалық жағдайдың оны сауықтыру бойынша шаралардың жетіспеушілігі жағдайында төмендеуі.

  • Тұтынушы тауарлар және қызметтерге қазіргі баға деңгейінің қарқыны сақталған жағдайда және оларға мемлекеттік бақылау болмағанда тұрғындардың өмір сапасының нашарлауы.

  • Саланың дамуына кері әсерін тигізетін, жаңа технология енгізуге кедергі жасайтын және өнімнің бәсекелік артықшылығын төмендететін ауыл шаруашылығында қосалқы көмекші шаруашылықтың болуы

  • Әлсіз кепілдік базасымен байланысты ауыл тұрғындары үшін несие алудағы қиыншылықтар, ауылдық кооперация және несиелендіру механизмі мәселелерінде тұрғындардың төмен ақпараттық деңгейі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет