Ауылдың (селоның) тұрмысын көтеруге жақсы жағдайлар жасау үшін ауыл тұрғындарын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерде әрі қарай шешуді қажет ететін проблемалардың бірқатары бар.
Облыс тұрғындарының қоныстану түрлері
2009 жылдың 1 қаңтарында Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі мынадай болды:
5 қала (1 – аудандық маңызы бар), 16 аудан, 8 кент (5 ауылдық және 3 қалалық), 252 селолық және ауылдық округ. Тұрғындардың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,5 адам. Тұрғындар тығыз орналасқан қалалар: Қостанай, Рудный және Лисаков, тығыздығы аз: облыстың оңтүстік бөлігі (0,5-0,8 адам бір шаршы километрге).
Жоспарлы шаруашылық пен кеңістік дамудың индустриялық қағидаттарының уақытында негізгі сипаты қалыптасқан халықтың қалаға шоғырлану үдерісі облыстағы өндірістік күштердің және тұрғындардың аумақтық орналасуының негізін айқындады.
Қазақстандық қалалардың қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, олар ресейлік қалаларға ұқсас және батыс еуропалық қалалардан өзгеше болып келеді. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақстандық тұрғындардың қалаға шоғырлану үдерісі өзіндік жалпы негізгі сипаттарымен және әлемдік халықтың қалаға шоғырлану үдерісіне ұқсас:
Үлкен қалалар мен кенттену құрылымдық формалардың басым дамуы;
Шоғырланулардың, кенттелген аудандардың және қоныстанудың агломерациядан жоғары түрлерінің қалыптасуы (мегаполистер немесе шоғырлануларлардың, имплозиялардың жинақталуы);
Қоныстанудың желілік-түйіндік тірегінің қалыптасуы.
Урбандалған құрылым онда әр түрлі қызмет түрлерінің бірігуімен ерекшеленеді. Облыстағы урбандалған құрылымның қалыптасуы және оның маңызды қорытындысы бірнеше қалалардың пайда болуы болып табылады. Бұл ретте Қостанай қаласы ірі көлемді қалаға жетті (тұрғындарының саны 200 мыңнан астам адам) және Солтүстік макроөңірдің көп функционалды орталығына, әлеуметтік-экономикалық кеңістіктің орталығына айналды. Қаланың алдағы қатардағы кәсіпорындары: «Баян-Сұлу» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ, «Большевичка» ӨК, «Мелькомбинат» АҚ болып табылады. Облыстың басқа қалалары ірі қалалардағы тұрғындар санына жетпеді, ал сол қалалардағы кенттелген құрылым өзіндік ерекшелікке ие болды.
Тар шеңберде мамандандырылған қалалар ереже бойынша бір қала құраушы салаға ие: Рудный қаласы темір кені кен орнын игерумен және Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты (ССККБ) құрылысымен негізделіп салынған, Лисаков қаласында «Қазақстан алюминийі» АҚ филлиалы, Краснооктябрь боксит кен басқармасы және «Өркен» ЖШС жетекші қала қалыптастырушы кәсіпорындар болып табылады, Арқалық қаласында қаланың өмір сүруін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындармен «Қазақстан аллюминийі» АҚ құрамына кіретін Торғай боксит кен басқармасын қоспағанда өнеркәсіп іс жүзінде жоқ. Осында өндірілетін боксит кені Павлодар қаласындағы және басқа өңірлердегі алюминий зауыттарына жіберіледі.
Негізгі саланың болуы және қалалық құрылыс пен тұрмыстың басым болуы орташа қалалардың ерекшелігі болып табылады.
Шағын қаланың монофункционалды құрылымына ереже бойынша бір өндірістік аймақ сияқты қарапайым жоспарлық құрылым тән. Қала сырттан қарағанда және шын мәнісінде өндірістік кәсіпорынның қосымшасы сияқты көрінеді. Елді мекеннің инфрақұрылымында әртүрлілік жетіспейді. Бұл қалалар жоспарлауда, құрылыста және тұрғындардың тұрмысында өзіндік қалалық сипатын сақтайды. Облыста тұрғындардың саны 50-ден 10 мыңға дейін адамды құрайтын 2 қала ерекшеленеді (Лисаков және Арқалық), 19-кесте.
Облыстағы кенттер аудан орталықтары (Қарабалық, Затобол, Сарыкөл кенттері), тау-кен өндіру кәсіпорындарының маңайындағы кенттер (Қашар, Горняцкий, Октябрьский кенттері) немесе теміржол түйіндері (Тобыл, Құсмұрын кенттері) болып табылады.
Қазіргі кездегі облыстағы тұрғындар санының азаюымен қатар халықтың қалаға көшу үдерісі жалғасып, қала тұрғындарының үлесі өсіп келеді.
Қалалық тұрғындардың тығыздығы Қостанай (707,9), Рудный (620,5), Лисаков (416,9) қалаларында үнемі жоғары.
Жоспарлық экономика мерзіміндегі қалыптасқан қалаға көшу, кенттену орталығынан (Қостанай қаласы) және географиялық тұрғыдан орталықа жақын орналасқан кіші қалалар мен кенттердің біркелкі желісінен тұрады. Орталықтың маңайында Қостанай, Федоров, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл, Таран аудандары кіретін агроөнеркәсіптік түйін қалыптасқан.
Қалалық кенттену тұрғындар санының төмендеу қарқынынан өтті, ал қазір халықтың шоғырлану деңгейінің өсуі байқалады. Бүгінгі күні орталықта халық санының өсіп, ал айналадағы шағын қалалар мен селолық аудандар халық санының азайып жатқанда кенттену үлгісінің белсенді өсуі байқалып отырғанын атап өткен жөн.
Әр түрлі үлгідегі қалалар аумағы бойынша әр түрлі қоныстану сипатына ие. Орталық функциялармен жақсы көрсетілген тірек қалалар, қаңқалық түйіндер өз ішінде ұмтылуға көз жеткізіп отыр.
Облыстағы 1998-2009 жылдары тұрғындар санының серпіні теріс болып, тұрғындардың саны 1076,5 мың адамнан 886,3 мың адамға азайды.
ҚР 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сай экономикалық әлеуетті тиімді кеңістік ұйымдастыруды қалыптастыру және халықты орналастыру негізгі міндет болып табылады. Қазақстанның аумағы аумақтық дамудың үш стратегиялық өстеріне бөлінген, яғни Солтүстік, Орталық, Оңтүстік.
19-кесте – Халықтың көп жиналу өлшемі бойынша кенттік шоғырлану нысандарына қарасты Қостанай облысы елді-мекендерінің сипаттамасы1
Елді мекендер
|
Сипаттама
|
Сынып-тамасы
|
Сандық көрсеткіштер
|
2010 жылғы 1 қаңтардағы тұрғындар саны, адам
|
Түр ерекшеліктері
|
Қостанай қаласы
|
Көпфункцио-
налды қала
|
Үлкен
|
250 мыңнан 100 мыңға дейін адам
|
212617
|
Экономика-лық қызметтің мүмкін түрлерінің 90%-дан астамы
|
Рудный қаласы
|
Тар шеңберде мамандандырылған қала
|
Үлкен
|
250 мыңнан 100 мыңға дейін адам
|
125179
|
Мамандандырудың базалық саласы және қалалық құрылыс пен тұрмыстың басым болуы
|
Лисаков қаласы
|
Моно
функционал-дық қалалар
|
Кішкентай
|
50-ден 10 мыңға дейін адам
|
41806
|
Арқалық қаласы
|
Кішкентай
|
50-ден 10 мыңға дейін адам
|
40813
|
Жітіқара қаласы
|
Тар шеңберде мамандандырылған қала
|
Кішкентай
|
50-ден 10 мыңға дейін адам
|
34166
|
Кенттер
8 бірлік
|
Қалалық - 3 Ауылдық - 5
|
|
Ауылдық құрылыс және тұрмыс
|
|
Ауылдық құрылыс және тұрмыс
|
Ауылдық округтер, өз бетімен күнелтетін ауылдар, 252 бірлік
|
Ауылдар
644 бірлік
|
|
50 адамнан аз
61 бірлік
|
|
Ауылдық құрылыс және тұрмыс
|
Дерек көзі: Қостанай облысының статистика департаменті., Интернет-ресурс: www.kostanai.stat.kz;
Дамудың солтүстік өзегі Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық-шаруашылық жүйесіне шыға отырып, Өскемен – Семей – Павлодар – Астана – Қостанай (Көкшетау, Петропавл) –Ақтөбе – Орал бағытында және барлық өзек периметрі бойынша Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері арқылы қалыптасқан. Осы өзекте Қостанай облысы Қостанай-Ақтөбе суб-өзегін және Каспий дәлізіне өту үшін Атырау, Ақтау қалаларымен өзара қатынастар суб-өзегін жасауда үлкен рөл атқарады. Осы бағыт дамыған «астықтық белдеу» деп аталатын, елдің солтүстігі мен батысында тұру және шаруашылық қызмет үшін қолайлы жаппай игеру аумақтарын Ресей Федерациясымен сауда-экономикалық және көліктік-коммуникациялық байланыстарымен, еуропалық, таяу шығыс пен шығыс-азиялық (Орталық өзегі арқылы) экономикалық кеңістіктерге негізгі шығулармен байланыстыратын болады.
Ақпарат көзі: «ҚР 2015 жылға дейінгі аумақтық дамудың стратегиясы», Астана 2006 ж.
5-сурет – Қостанай облысы Қазақстанның стратегиялық даму өзегінде
Қостанай облысының шекара маңындағы аумақтары. Облыс солтүстікте Ресей Федерациясының Челябі және Қорған облыстарымен (облыстың Ресей Федерациясымен шекарасының ұзындығы 1250 км), солтүстік-батыста РФ Орынбор облысымен, батыста Ақтөбе облысымен, шығыста – Солтүстік-Қазақстан және Ақмола обылысымен, оңтүстікте Қарағанды облысымен шектеледі.
Челябі, Қорған, Орынбор және Қостанай облыстарының қарым-қатынасы КСРО кезеңінен бастап жалғасуда. РФ-мен шекара маңындағы аумақтарда Қостанай облысының Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Мендіқара, Таран, Ұзынкөл және Федоров аудандары орналасқан. Қостанай облысы мен РФ облыстары арасында шекара маңындағы аумақтардың өзара қарым-қатынасын нығайту жөніндегі іс-шаралар қатары іске асырылды. Сыртқы экономикалық байланыстар, табиғи қорларды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік, тұрғындар мен аумақты төтенше жағдайлардан қорғау, мәдениет, спорт, ғылым мен жоғары білім беру салаларында ҚР Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарымен өңіраралық ынтымақтастығының құқықтық негіздері қалыптасты. Қалалық және аудандық деңгейдегі келісім шарттық қарым-қатынастар қалыптасуда. Жұмыс консультацияларын, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстел, мақсатты семинарлар жиі өткізу тәжірибеге енгізілген.
Облыс тіршілік етуге қолайлы аумаққа жатады, ауаны ластауды төмендетуде жасыл көшеттер үлкен рөл атқарады. Ормандық алқаптар мен саябақтар ауа температурасына, ауаның ылғалдылығына және жел жылдамдығына әсер етеді, ауадағы шаң тозаңды басады.
Ақпарат көзі: «ҚР 2015 жылға дейінгі аумақтық дамудың стратегиясы», Астана 2006 ж.
6-сурет – Тіршілік ету үшін шарттар бойынша аумақты аймақтандыру
Орталық Қазақстанның дамуы үшін Арқалық қаласының маңызы зор. Ұлытау тауының солтүстік бөктерінде, Торғай бастауларында орналасқан қала Торғай өзенінің бойындағы, сонымен қатар Ұлытаудың батыс тау ұшығындағы, Қарақұмға дейін созылып жатқан жалғыз ірі елді мекен. Бұл өз кезегінде Орталық Қазақстанның қуаң жазық даласында кеңінен созылып жатқан қамал.
Бұл ауданды дамыту Орталық және Батыс Қазақстан арасындағы үлкен қашықтықты болдырмау, жолдардың жалпы қазақстандық желісін, қалаларды, экономикалық аудандарды қалыптастыру көзқарасымен үлкен маңызға ие.
Қала КСРО-да бокситтік кеннің 20%-дан астамын өндірген Торғай бокситтік кен басқармасының маңындағы жазық далада 1956 жылдан 1965 жылға дейін небәрі 10 жылдың ішінде құрылды. 1980 жылдардың аяғында кеңес экономикасының құлдырауы бұл жоспарлардың барлығын құрдымға жіберді. 1997 жылдың шілде айында Торғай облысын таратқаннан кейін және өндірісті дамыту бағдарламаларын тоқтатудан кейін қала әлеуметтік-экономикалық құлдырауға ұшырады, халқының 35%-ын жоғалтты. Алайда орталық және жергілікті атқарушы органдар қолдауының арқасында қала экономикасы алға басу қарқынымен дамып келеді.
Тек қана 2004-2009 жылдары мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 3,3 млрд. теңге сомасына қалада 4 білім беру объектілері, 1 – денсаулық сақтау, 5 – сумен жабдықтау, 3 – электрмен жабдықтау, 2 – канализация және басқа да объектілер салынды және қайта жаңғыртылды.
Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандары облыс орталығынан біршама алыста жатыр. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз ету және қол жеткізу деңгейлерін арттыру және сапасын жоғарылату (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт қызметтерін, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрмыстық қызметтер және т.б.) мақсатында шалғайдағы елді мекендерге қызмет жасау үшін Арқалық қаласын ауданаралық орталық деп белгілеу қажет.
Қалада әлеуметтік инфрақұрылымның кейбір объектілерін орналастыру қажет, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін жаңа замандық жабдықтарымен жарақтандыру үшін қаражаттар қарастыру қажет.
Сондай-ақ, Арқалық қаласына және жақын аудандарға орталық, оңтүстік және батыс Қазақстан нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін көлік инфрақұрылымын дамыту қажет.
Арқалық стансасы тұйықтық тәртібімен жұмыс істейді, бірақ, сонымен бірге, Арқалықтан Жезқазғанға дейінгі арақашықтық 340 км, ал Шұбаркөл көмір разрездеріне дейін 200 км. құрайды. «Арқалық-Жезқазған» немесе «Арқалық-Шұбаркөл» темір жол құрылысы Қостанай және Ақтөбе облыстарын төмен күлді көмірлермен қамтамасыз ету үшін Арқалық стансасы арқылы өте қысқа қашықтықта транзитті тасымалдауларды жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
2009 жылы тұрғындар өмір сүріп жатқан 649 елді мекеннің 645-і:
орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 152 АЕМ немесе АЕМ жалпы санынан 23,6%-ы ауыз суды пайдаланып отыр. Осындай АЕМ төмен үлесі Қостанай (4%), Федоров және Ұзынкөл (6%), Меңдіқара (7%) және Жангелдин аудандарында (8%) орын алып отыр;
сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылмаған жүйесінен 437 АЕМ немесе 67,7%-ы ауыз суды пайдаланып отыр.
56 АЕМ-де тұрғындар мынандай аудандарда: Қарасу, Қостанай, Федоров, Сарыкөл, Науырзым, Меңдіқара, Қарабалық, Жітіқара, Амангелді, Қамысты аудандарында және Арқалық қаласында тасымалданатын суды пайдаланады.
Сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін облыста жыл сайын мемлекеттік бюджеттен су объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға қаражат бөлінеді.
Газбен жабдықтау
Табиғи газбен аудандардың 49 ауылдық елді мекені қамтамасыз етілген: Алтынсарин, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қостанай, Таран аудандары.
Денисов ауданының 10 селосы және Таран ауданының 4 селосы газбен 100% қамтамасыз етілген, ал ауылдардың көбісі газдандырылмаған және сұйытылған газ балондарын пайдаланады.
2010 жылы облыста екі магистралдық газ құбырларының құрылысы жүріп жатыр: «Перелески-Денисовка» газ құбыры-бұрылысы және «Бұқара-Орал» магистралдық газ құбыры-бұрылысына қосу, бұл бұдан әрі қарай Денисов және Қамысты аудандарының тұрғындарын газдандыруға мүмкіндік береді.
Ауыл балаларын мектептермен қамтамасыз ету
Облыстың 163 елді мекенінде жалпы білім беру мектептері жоқ, оның ішінде 4 село – тұрғыны жоқ, 78-де – мектеп жасындағы балалар жоқ, 23-і – жақын жатқан мектепке дейін 3 км қашықтықта орналасқан, оған орта және жоғары сыныптардың балалары өз беттерімен барады, жақын маңдағы мектептерге 3 км астам жерде орналасқан 44 селода – 391 оқушыны мектепке жеткізу жүзеге асырылады, 9-да – мектеп жасындағы балалар орталықта, пәтерлерде немесе мектеп интернаттарында тұрады. 17 елді мекенде тиісті үлгідегі мектептер жоқ, алайда контингент бойынша ҚРҮҚ № 1256 сәйкес бастауыш мектептердің қызмет етуі қажет. Осы ауылдық елді мекендерде бастауыш мектептер жоқтығының негізгі себептері болашағы жоқ ауылдар, тұрғындардың кетуі, оқитын контингенттердің төмендігі, жақын мектептерге апарып салудың ұйымдастырылмауы болып табылады.
Денсаулық сақтау
Ыңғайластырылған жайларда 524 медицина мекемелері орналасқан (жалпы санның 93,9%).
98 ауылдық елді мекенде, олардың ішінен тұрғындарының саны 50 адамнан аспайтын 49 селода және 4 тұрғынсыз ауылдарда денсаулық сақтау объектілері жоқ. Жақын маңдағы медициналық мекемеге дейін арақашықтық 5 км аспайтын, тұрғындарының саны 50 көп 45 АЕМ-де медициналық мекеме қажет емес.
Мәдениет және спорт
386 АЕМ-де мәдениет объектілері бар, 263-де – жоқ, олардың ішінен тұрғындары жоқ 4 село, ал 35 АЕМ-де халық саны 300 адамнан астам. АЕМ-дің клубтармен қамтылуы 42%, кітапханалармен қамтылуы – 53,8% құрайды.
Мәдениет объектілерінің толық қызмет етпеуінің жалпы проблемалары ауыл тұрғындарының аздығы, шалғайда жатқан ауылдарды мәдени-ағарту іс-шараларымен қамтамасыз ету үшін автокөліктердің, сонымен қатар мәдениет мекемелерін қалпына келтіруге, тарих және мәдениет мүсіндерін қалпына келтіруге, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге бюджеттік қаражаттар мен шаруашылық субъектілерінің қаражаттарының жетіспеушілігі.
Өңірдің аумақтық-кеңістіктік даму мониторингін жүргізу үшін орналастыру өлшемдерінің қатарын анықтау қажет. Орналастырудың белгілі өлшемдерін іріктеудің кешенділігі өңірлердің өндірістік мамандандыру, аумақтық ұйымдар, қалаға шоғырлану деңгейі бойынша және қоныстанудың қалыптасқан ұлттық дәстүрлері бойынша үлкен айырмашылықтарымен негізделеді. Тұрғындардың тығыздығы, елді мекендердің орналасқан сипаттары, тұрғындардың табиғи және механикалық қатынасы бойынша облыс тұрғындары қоныстануының 6 түрін анықтауға болады.
Бірінші түрі. Ең жоғары демографиялық әлеуетке Қостанай қаласы ие. Қостанай қаласы және оны қоршаған аудандар, Рудный және Лисаков қалалары өсіп келе жатқан демографиялық әлеуетке ие. Демографиялық әлеует өсуінің аса үлкен қарқыны Қостанай қаласында байқалып отыр, бұл Қостанай қаласына болашақта белсенді агломерацияның табысты орталығы болуға мүмкіндік береді. Бұл аудандарда тұрғындардың тығыздығы және экономикалық кеңістіктің сапасы ең жоғары. Бұл түрде Қостанай қаласы облыс үшін дамудың және өсудің тірек нүктесі болып отыр.
Екінші түрі. Ресей Федерациясымен шекаралас шекара маңындағы аумақтар түрінде көрсетілген, оларға: Қарабалық, Жітіқара, Ұзынкөл, Федоров, Денисов аудандары кіреді. Осы аудандар маңызды стратегиялық және геосаясаттық шекаралық аймақты құрайды, бұл өңірге кедендік одаққа кіре отырып, бидай нарығын кеңейтуге және ресей порттары арқылы қазақстан астығын басқа елдерге жеткізуге, сонымен қатар қазақстандық ет өнімдерін өткізуді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Үшінші түрі. Қостанай қаласында орталығы бар Солтүстік макроөңірмен көрсетілген. Солтүстік Қазақстан сауда экономикалық дәлізін дамытудың, сондай-ақ өзінің демографиялық және экономикалық әлеуетінің арқасында Қостанай қаласы көшбасшы қала бола алады.
Дерек көзі: «ҚР 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы», Астана 2006 ж.
7-сурет – ҚР Экономикалық макроөңірлері, көшбасшы қалалары және ұлттық деңгейдегі тірек қалалары
Төртінші түрі. Облыстың оңтүстік қанаты – тұрғындары тегіс орналаспаған, тығыздығы төмен Амангелді (орталықтан қашықтығы 408 км) және Жангелдин аудандарымен (орталықтан қашықтығы 562 км) және осы өңірдің орталығы болып табылатын Арқалық қаласымен көрсетілген.
Бесінші түрі. Ақтөбе – Қостанай дәліздерінің дамуы үшін буыны болатын Қамысты ауданын қамтиды, бұл Қазақстан өсуінің Солтүстік өзегі құрамына кіреді.
Алтыншы түрі. Рудный, Лисаков, Арқалық сияқты тар шеңберде мамандандырылған қалаларды және экономикалық, еңбек және демографиялық әлеуеті бар, дамыған инфрақұрылымы бар маңында жатқан аудандарды қамтиды, бұл факторлар өңір өсуінің полюсы болуға мүмкіндік береді.
20-кесте – Қостанай облысының аумақтық орналасуы
|
Геоэкономика
лық жағдайдың ерекшеліктері
|
Тұрғындар орналасуының тобы
|
Аумақ (мың шаршы км)
|
Тұрғын
дардың тығызды
ғы
|
Экономиканың негізгі саласы
|
1 түрі
|
Қостанай агломерациясы
|
Қостанай ауданы
|
7,4
|
9,2
|
|
Федоров ауданы
|
7,2
|
3,9
|
Ауыл шаруашылығы
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Сауда және құрылыс қызметтері
|
Меңдіқара ауданы
|
|
|
Таран ауданы
|
|
|
Әулиекөл ауданы
|
11,1
|
0,8
|
Алтынсарин ауданы
|
5,4
|
4,5
|
2 түрі
|
Шекара маңындағы аумақтар
|
Жітіқара ауданы
|
7,3
|
7,0
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
|
Қарабалық ауданы
|
6,9
|
5,1
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
|
Денисов ауданы
|
6,8
|
4,3
|
Ұзынкөл ауданы
|
7,2
|
3,5
|
Фёдоров ауданы
|
7,2
|
3,9
|
3 түр
|
Қостанай қаласының солтүстік макро өңірі
|
|
0,3
|
707,9
|
Өңдеу өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс
|
4 түрі
|
Оңтүстік бөлігі орталығы Арқалық қаласы
|
Амангелді ауданы
|
22,5
|
2,8
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
|
Жангелдин ауданы
|
37,6
|
0,4
|
Аркалық қаласы
|
15,6
|
2,6
|
5 түрі
|
Ақтөбе-Қостанай
|
Қамысты ауданы
|
12,1
|
1,3
|
Ауыл шаруашылығы
|
6 түрі
|
Өңірдің өсу нүктелері (Рудный, Лисаков, Арқалық)
|
Рудный қаласы
|
|
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу
|
Лисаков қаласы
|
|
|
Тау кен өндірістік өнеркәсіп
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу
|
Арқалық қаласы
|
|
|
Тау кен өндірістік өнеркәсіп
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу
Ауыл шаруашылығы
| Дерек көзі: Қостанай облысының статистика департаменті., Интернет-ресурс: www.kostanai.stat.kz;
Атмосфералық ауаны қорғау. Атмосфералық ауа қоршаған ортаның маңызды және басты құрамдауышы болып табылады, оның жағдайы айтарлықтай өңірлік климаттық жүйесге әсер етеді. Атмосфералық ауаны ластайтын 387 есеп берген кәсіпорындардан, 34,1 өздерінің қалдықтарын ұлғайтты.
Атмосфераның ең жоғары деңгейде ластануы Рудный (64 мың тонна), Қостанай (8,9 мың тонна), Лисаков (3,4 мың тонна) қалаларында және Әулиекөл ауданында (3,1 мың тонна) байқалып отыр.
Атмосфералық ауаны негізгі ластаушылар тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары, жалпы атмосфераға жіберілген қалдықтарда олардың үлес салмағы 65,9 құрайды, көлік және байланыс кәсіпорындары – 7,4, ауыл шаруашылығы, аң аулау мен орман шаруашылығы – 5,9, электр қуатын, газ және су өндіру мен бөлу – 4,4, өңдейтін өнеркәсіп кәсіпорындары – 2,5 құрайды.
Зиянды заттарды атмосфераға айтарлықтай деңгейде шығарудың үлкен көлемі ластау көздерінің ауа тазартатын жабдықтармен жеткілікті түрде жабдықталмауымен байланысты, облыс бойынша барлық жабдықталған ластау көздерінің үлес салмағы – 11,8 құрады.
Су ресурстарын қорғау. Облыс жеткіліксіз түрде ылғалданбаған аймақта орналасқан және атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық мөлшері 240-280 мм құрайды. Өзен желісі өте нашар дамыған, сондықтан жер үсті су қорлары маңызды емес. Өңірдің басты сумен жабдықтау көзі оған құятын Үй, Тоғызақ, Обаған, Аят, Желқуар өзендерінің тармағынан және онда сарқырамадан құрылған су қоймалары бар Тобыл өзені болып табылады. Гидробиологиялық талдаулар Тобыл өзені, су бөгеттері мен көлдер өздерінің ластану деңгейі бойынша екінші сыныпқа жатады, яғни таза болып табылады.
Облыста жылына 65 млн. текше метр қуаттылығы бар 37 әр түрлі тазартатын құрылыстар қызмет етеді. Олардан тазарған ағын сулар жекешеленген су жинайтын-буландырғыштарға, сүзгі алаңдарына түседі. Кейбір обьектілер су объектілерінде апатты ағын сулардың алдын алу, жер бедерін, жағалардың бұзылуын болдырмау үшін қайта жаңғыртуды, қардың еруі мен тұзданудан жерлерді қорғау үшін бөгеттерді қалпына келтіруді қажет етеді.
Облыста Тобыл, Шортанды, Қарасу өзендері мен Құсмұрын көлінде 6 су тазартатын су қашыртқы бақылауда тұр. Өндірістік ағын сулардың қалыптасу көлемі өнеркәсіп кәсіпорындары мен аграрлық сектордың жұмысын жаңартып отыруға байланысты жыл сайын ұлғаюда. Облыстың барлық су қоймаларына өндірістік кәсіпорындардан су жіберулер нормативтік жағынан таза болып табылады, жалпы массасында шегінен шықпайды және су қоймаларының сапалық құрамына теріс әсерін тигізбейді.
Қостанай қаласының жылына 18,6 млн. текше метр көлеміндегі ағын сулары механикалық тазартудан өткеннен соң қаланың солтүстік-батыс жағында 6 км қашықтықта орналасқан су жинағышқа құйылады. Ол 1969 жылы қолданысқа енгізілген және күрделі жөндеуді қажет етеді.
Облыс аумағында жер бетіндегі судың ластануын қадағалау 4 су обьектілерінде (Тобыл, Аят, Тоғызақ өзендері және Қаратомар су қоймасы) өткізілді.
Тобыл өзені облыстың негізгі сумен жабдықтау көзі болып табылады. ШРК-ның жоғарылауы мыс бойынша – 4,0 ШРК және сульфаттар бойынша – 2,1 ШРК байқалады.
Ағын суды реттеу үшін, сонымен қатар оны әрі қарай пайдалану үшін су жинау мақсатында Тобыл өзенінде көптеген су қоймалары салынды, олардың бірі Қаратомар су қоймасы болып табылады. ШРК жоғарлауын қадағалаудың нәтижелері бойынша мыс бойынша – 12,0 ШРК және сульфаттар бойынша – 1,3 ШРК байқалды.
Аят өзені Тобыл өзенінің сол жағалауындағы тармағы болып табылады. ШРК жоғарылауы мыс бойынша – 7,0 ШРК және сульфаттар бойынша – 2,5 ШРК, тұз аммониі – 1,2 ШРК байқалды.
Тогызақ өзенінде нитриттік азоттың орташа концентрациясы 40,0 ШРК, сульфат – 3,4 ПДК және БПК – 2,5 ПДК құрайды.
Жер ресурстарын қорғау. Облыстың жер қоры жер қатынастары облыстық басқармасының деректері бойынша 19600,1 мың гектарды құрайды.
Жер қорының құрылымы жер санаттары бойынша мынандай түрде көрсетіледі:
ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлер – 9197,3 мың гектар;
елді мекендердің жерлері – 1601,1 мың гектар;
өндіріс және көлік – 196,1 мың гектар;
мемлекеттік қор – 7888,8 мың гектар.
Жер құрылымында ауыл шаруашылығы жайылымдарының жалпы аумағы 18123,4 мың гектарды немесе өңірдің жалпы аумағынан 91,0 құрайды.
Тау-кен саласы кәсіпорындарының қызметтері тасталған, бұзылған жерлердің үлкен аумағына, аршынды жыныстар, үйінділер, сусымалы заттар және атмосфераны ластаушы тастанды заттар сияқты басқалар түрінде қалыптасқан қалдықтардың үлкен көлеміне байланысты.
Сонымен қатар облыс кәсіпорындарында жыл сайын 130 млн. тонна өндірістік қалдықтар пайда болады, олардың көбісі тау-кен кәсіпорындарынан қалыптасады.
Су жинайтын-буландырғыштарға, су бөгеттеріне, қоқыс үйінділеріне байланысты жерлердің құрғауының алдын алу үшін және су астындағы, жер бетіндегі суларды ластаудан сақтау үшін кәсіпорындар кәріздік суды сору жөнінде шаралар қабылдады:
«ССКӨБ» АҚ – күл үйінділері мен байыту қалдықтарының қоймалары;
«Өркен» ЖШС – негізгі және апаттық қоймасы.
Өндіріс қалдықтарын пайдалану және тұтыну. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін қалдықтарды жинау деңгейін тұрақтандыру қажет. Ол үшін шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды есепке алу қажет. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау және пайдаға асыру жүйесін жетілдіру – тұрмыстық қалдықтарды жинау жөніндегі жеке секторды толық қамту, экологиялық талаптарға сәйкес полигондарды ұстау. 2003-2004 жылдары облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) толық есепке алу жүргізілді. ҚТҚ полигон-қоқыс үйінділерінде 4647,6 мың тонна немесе 23238,0 мың текше метр қалдықтар жиналды. ҚТҚ негізгі массасы компонеттерге бөлінбей-ақ ашық қоқыс үйінділеріне шығарылады және жиналады. ҚТҚ орналастырудың алатын аумағы – 2984 гектарды, оның ішінде Қостанай қаласы бойынша 45 гектарды құрайды. Облыс орталығында және облыс қалаларында тұрмыстық қалдықтарды жинау бірыңғай орталықтандырылған жүйе бойынша контейнер алаңдарынан арнайы автокөліктер арқылы жүзеге асырылады, бұл қоршаған ортаны қорғау қызметтеріне ҚТҚ шығару және орналастыру, олардың қоршаған ортаға әсерін қадағалауға мүмкіндік береді.
Ауылдық жерлерде қалдықтарды орналастыру және жинау жөніндегі істердің жағдайы мәз емес. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қайта құрудан кейін оларды ұстауға жеткілікті қаражаттары жоқ ауыл әкімдіктерінің басқаруына берілді. Кейбір обьектілер қоршаған ортаны ластау көздеріне айнала отырып, экологиялық талаптар мен нормативтік-санитарлық ережелерді бұзып пайдаланады. Ауылдық жерлерде қоқыс үйінділері жер, су, ауа, ауаны ластау және өрт ошақтарының көздері болып табылады.
Радиациялық қауіпсіздік. Ағымдағы инструменталдық өлшемдер нәтижесінде облыста радиациялық жағдайды жайлы деп айтуға болады.
Радиациялық фон – сағатына 5-тен 14-ке дейін микрорентгенді құрайды және тау-кен кәсіпорындарында ең көп дегенде сағатына 20 микрорентгенге жетеді. Тұрғылықты жердің радиациялық фонының төмен деңгейі бастапқы қолайлы геологиялық жағдайға, уран өндіруші кәсіпорындардың, уран және тау-химия өнеркәсібінің болмауына байланысты.
Облыстың 12 кәсіпорнында 7282 ампульдық иондаушы көздері бар, олардың қосынды белсенділігі 4500 Кu. Қосынды белсенділігі шамамен 650 Кu 6404 радиоактивтік қалдықтардың (бұдан әрі – РАҚ) ампуласы жерлеуді қажет етеді.
«Темір кенін геологиялық барлау экспедициясы» ЖШС негізінде орталықтандырылған жерлеуді қамтамасыз ету үшін иесіз, бюджеттік ұйымдардың РАҚ жинау, дайындау және уақытша сақтау шаралары ұйымдастырылды.
Бағдарламамен иесіз және бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің РАҚ жинауға және жіберуге қаражат бөлу қарастырылды.
Бюджеттік ұйымдардың істен шыққан сынап құрайтын шамдарын (бұдан әрі – СҚШ) және бұйымдарын жинау, сақтау, қайта өңдеу жөнінде жұмыстар жалғастырылуда.
2010 жылдың 9 айында облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарынан 62162 қолданыстан шыққан сынап құрайтын шамдар мен бұйымдар және 9 кг металл сынаптары жиналды.
Бюджеттік ұйымдар мен мекемелерден істен шыққан сынап құрайтын шамдарды жинап, артынан залалсыздандыру көзделіп отыр.
Жергілікті жерлерде гамма сәулелену деңгейін бақылау күн сайын облыстың 6 метеорологиялық станциясында (Жітіқара, Докучаев, Қарасу, Комсомолец, Қостанай, Урицкий) жүргізіледі.
Аумақтың елді мекендері бойынша атмосфераның жерге жақын қабатының радиациялық гамма-фонының орташа мәні сағатына фонның 0,10-0,13 мкЗв шегінде болып, табиғи фоннан асқан жоқ.
Облыс аумағында атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивтік ластауын бақылау горизонталдық планшеттермен ауа сынамасын алу арқылы 2 метеорологиялық станцияда (Жітіқара, Қостанай) жүзеге асырылды.
Атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтік жауан-шашынның орта тәуліктік тығыздығы облыс аумағында 1,7 Бк/м2 құрайды, бұл шектен тыс деңгейден аспайды.
Флора мен фаунаны қорғау. Облыстың орманды жер қорының жалпы аумағы 445873 гектарды құрайды. Орманды жерлер облыс бойынша 274 149 гектарды, орман басқан алаң 206674 гектарды құрайды.
Облыс аумағында 41 өзен мен 8600 көл бар. Су-батпақ жерлердің жалпы аумағы 864,1 мың гектарға, оның ішінде сулы жер – 506,8 мың гектарға тең. Көлдердің басым бөлігі қысқы кезеңде қату құбылыстарына тап болады.
Жануарлар әлемін жануарлардың 334 түрі: оның ішінде сүтқоректілер – 44, құс – 261, амфибиялар – 3, рептилиялар – 3 және балықтар – 23 түрі қамтиды.
Облыста 354387 мың гектар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар, оларға Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы және 3: Михайлов, Тауынсор және Сарықопа шағын зоологиялық қорықтары жатады.
Өңірдің аумағында 78 аңшылық шаруашылық бар, олардың аумағы – 3,9 млн. гектар, оның ішінде облыс қоғамы – 57, орман, балық және аңшылық шаруашылығы облыстық басқармасы – 7, басқа аң аулаушылар – 10 құрайды.
Тендерлік негізде жануарлар әлемін тұтынушыларға 81 су қоймасы (су кеңістігінің 85141 гектары) бекітілген.
Ауа ластауын төмендету үшін маңызды рөлді жасыл екпелер атқарады. Орман жолақтары мен парктер ауа температурасына, ауа дымқылдығы мен жел жылдамдығына әсер етеді, ауаның шаңнан ластануынан қорғайды.
2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істердің жағдайына жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2010 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша облыс мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 7414 бірлікті, оның ішінде саясаттық – 287, әкімшілік – 7127 бірлікті құрайды. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 4430 (65%) құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 38,8 жылды құрайды. Зейнетке жақын жастағы қызметкерлер – 141, шарт бойынша істейтін зейнеткерлердің саны – 129.
5610 адамның (82%) жоғары білімі, оның ішінде 18 адамның ғылыми дәрежесі бар. 164 адамның (17%) орта кәсіптік білімі, 15 (0,82%) – орта білімі бар.
Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 4493 адам (66,4%), орыстар – 1537 (22,6%), басқа ұлттар – 759 (11%).
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 9,8 жылды, алатын лауазымы бойынша – 3,9 жылды құрайды.
2010 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша кадрлық резервте 214 адам бар.
Барлық деңгейдегі 301 депутаттан 28,9%-ын әйелдер және 71,1%-ын – ер адамдар, оның ішінде облыстық маслихатта 36%-ын әйелдер құрайды. Қалалар мен аудандар әкімдерінің 58 орынбасарынан – 10 әйел, селолық және кенттік округтердегі 253 әкімнен – 45 әйел бар. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер резервінің жалпы санынан – 60,4%-ы әйел, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің резервінен 45,5% әйел тағайындалды, әйелдердің 41%-ы шағын және орта кәсіпкерліктің жетекшісі болып табылады.
2010 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыста 790 мемлекеттік орган жұмыс істейді, оның ішінде мынандай санаттар бойынша:
аумақтық – 218 (СО – 30, СR –188),
облыстық – 22 (D – 2, DО – 20),
аудандық, қалалық және ауылдық – 550 (Е – 40, ЕR – 250, ЕG – 260).
Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттардың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңымен реттеледі және ҚР Конституциясы 86-бабының 1-тармағына және жергілікті мемлекеттік басқару заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес маслихаттар халықпен жалпы, бірауыздан, тікелей сайлау құқығының негізінде құпия түрде дауыс беру арқылы төрт жылға сайланады. Осыған байланысты маслихаттардың депутаттары іс жүзінде өзінің сайлаушыларымен қарым-қатынаста болып, оларға өзінің қызметі туралы ақпарат беріп отырады.
21-кесте
Қостанай облысының төртінші шақырылымы депутаттарының құрамы
2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
|
|
оның ішінде
|
Депутат
тар
- барлығы
|
жынысы бойынша
|
жасы бойынша, жыл
|
ерлер
|
әйелдер
|
30 дейін
|
30-39
|
40-49
|
50-59
|
60 және жоғары
|
Барлығы
|
36
|
23
|
13
|
-
|
3
|
7
|
21
|
5
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
саяси партиялардың фракциялары бойынша
|
10
|
4
|
6
|
-
|
2
|
1
|
5
|
2
|
олардың ішінен:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Нұр Отан» республикалық саяси партиясы
|
36
|
23
|
13
|
-
|
3
|
7
|
21
|
5
|
Фракция құрамына кірмейтін депутаттар
|
26
|
19
|
7
|
-
|
3
|
4
|
16
|
3
|
Дерек көзі: Қостанай облысының статистика департаменті., Интернет-ресурс: www.kostanai.stat.kz;
Облыс бюджеті
Облыс бюджеті іс жүзінде бюджеттік әкімшілдіктің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің әлдеқайда ұлғаюымен сипатталады.
2009 жылы кірістер бойынша облыс бюджетінің көлемі 94,7 млрд. теңгені құрады, яғни 2005 жылғы облыс бюджетінен 2,9 есе артық.
Республикалық бюджеттен алынған трансферттер 2005 жылғыға қарағанда 4,3 есе, оның ішінде нысаналы трансферттер – 4,7 есе, субвенциилер – 4,0 есе ұлғайтылды. Республикалық бюджеттен алынған трансферттердің үлесі 69,7% (2005 жыл – 47,1%), жеке кірістердің үлесі – 30,3% құрады.
2005-2009 жылдардағы облыс бюджетінің құрамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес тұрақты сипаттағы нысаналы трансферттер жергілікті бюджет базасына енгізілді. Осыған байланысты 2007 жылға қарағанда 2008 жылы нысаналы трансферттер көлемінің төмендеуі белгіленді.
2005-2009 жылдары өз кірістерінің түсу серпініне сәйкес 2005 жылға қарағанда 2009 жылы өз кірістерінің өсу қарқыны 165,7% құрады.
Соңғы бес жылдың ішінде облыс бюджетінің шығыстары 2,8 есе өсті және 95,3 млрд. теңгені құрады.
Талдау кезеңде шығыс бөлімінің құрылымында көрсеткіштерге қатысты біраз өзгерістер болды. Облыс бюджеті әлеуметтік бағытта бағытталды, әлеуметтік саланы қаржыландыруға бюджет қаражатының үлесі 62,3% құрайды, 2005 жылға қарағанда 2009 жылы қаржыландыру көлемі 2,5 есе ұлғайды (8-суретті қараңыз).
8-сурет
2005-2009 жылдардағы облыс бюджеті шығыстарының өзгеру серпіні
2008 жылдан бастап бюджетті қалыптастыру бюджеттік қызметтерді тұтынушылардың санына және әр өңірдегі шығыс қажеттіліктеріндегі айырмашылқты негіздеуші объективтік факторларға сүйене отырып, шығыстық қажеттіліктің бағалау негізінде жүзеге асырылды. Шығындар деңгейіндегі айырмашылықтарды (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдайлар, көлікке қол жетімділік және т.б.) негіздейтін объективтік факторларды ескере отырып, формулалық кесте бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылардың санына сүйене отырып, «Сметалық» әдістен – ағымдағы шығындарды бағалау әдісіне көшу жүзеге асырылды (22-кесте).
22-кесте
2005-2009 жылдардағы өңірлер шегіндегі бюджет шығыстары
млн. теңге
№
|
Елді мекендер
|
жылдар
|
2007 жылға қарағанда 2009 жылы өсуі, %
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
1
|
Алтынсарин ауданы
|
550,9
|
852,8
|
920,9
|
167,2
|
2
|
Амангелді ауданы
|
1053,9
|
898,7
|
1058,9
|
100,5
|
3
|
Әулиекөл ауданы
|
1398,4
|
1933,5
|
2387,9
|
170,8
|
4
|
Денисов ауданы
|
780,4
|
1044,0
|
1151,0
|
147,5
|
5
|
Жангелдин ауданы
|
1215,1
|
1282,4
|
1316,6
|
108,3
|
6
|
Жітіқара ауданы
|
1587,2
|
1044,0
|
2246,1
|
141,5
|
7
|
Қамысты ауданы
|
689,4
|
1011,7
|
1576,7
|
228,7
|
8
|
Қарабалық ауданы
|
888,7
|
1165,1
|
1275,9
|
143,6
|
9
|
Қарасу ауданы
|
916,9
|
1298,0
|
1499,7
|
163,5
|
10
|
Қостанай ауданы
|
2494,4
|
2744,9
|
3308,2
|
132,6
|
11
|
Меңдіқара ауданы
|
826,3
|
1138,5
|
1257,3
|
152,2
|
12
|
Наурызым ауданы
|
522,8
|
722,7
|
883,6
|
169
|
13
|
Сарыкөл ауданы
|
844,2
|
1569,3
|
1942,1
|
230
|
14
|
Таран ауданы
|
1021,6
|
1406,0
|
1603,9
|
157
|
15
|
Ұзынкөл ауданы
|
916,7
|
990,8
|
1047,3
|
114,2
|
16
|
Федоров ауданы
|
1470,5
|
1509,1
|
1613,7
|
109,7
|
17
|
Арқалық қаласы
|
2250,1
|
3280,9
|
3012,1
|
133,9
|
18
|
Қостанай қаласы
|
12608,1
|
14251,1
|
15570,1
|
123,5
|
19
|
Лисаков қаласы
|
1977,6
|
1861,4
|
1607,6
|
81,3
|
20
|
Рудный қаласы
|
6725,9
|
6653,7
|
7878,9
|
117,1
|
21
|
Облыстық
|
43422,3
|
61840,4
|
77895,1
|
179,4
|
|
Облыс бойынша жиыны
|
62091
|
82174
|
95320
|
153,5
|
2009 жылы шығыстарды оңтайландыру, басталған жобаларды аяқтау және жаңа жобаларды, оның ішінде әр түрлі бағыттар бойынша жобалардың үлкен қатарын қаржыландыруға қабылдағандықтан іске асыруды созуға жол бермеу жолымен инвестициялық жобаларды іске асыруды ретке келтірудің нәтижесінде бюджеттің ағымдағы шығындары жөнінде шаралар қабылданды.
Облыстың бюджеттік саясаты барлық міндеттемелерді, бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғанда облыс тұрғындарын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шараларды облыстың толық және уақытында жүзеге асыруы үшін қаржы ресурстарын жаңашаландыруға және топтауға бағытталған.
Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталған және шығыстарды жоспарлау кезінде әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ облыс экономикасының дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау негізгі басымдылық болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының төртінші бағытын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылату бойынша «2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік-маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60%-ын электрондық нысанға көшіру».
ҚР Прмьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев бекіткен салалық оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық түрге көшіру бойынша әкімдіктер:
әлеуметтік қорғау саласында – «электрондық үкімет» өңірлік шлюзінің (бұдан әрі – ЭҮӨШ) қызмет берушілерге – органдарда техникалық инфрақұрылым дайындығы (байланыс каналдарының болуы, техникалық жарақтандыру) үшін;
білім саласында (Қостанай қаласынан басқа) – ЭҮӨШ енгізгені, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінде мамандарды оқыту, жүйені пайдаланғаны үшін;
денсаулық сақтау саласында – Қостанай қаласының пилоттық аймағының медициналық мекемелерінде техникалық инфрақұрылым дайындығы (байланыс каналдарының болуы, техникалық жарақтандыру) үшін жауапты.
Осылайша, 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік-маңызы бар қызметтердің мындай түрлері электрондық нысанға көшірілді:
№ Р/с
|
Мемлекеттік қызметтің атауы
|
Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызмет беру нысаны
|
Жауапты
| -
|
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою*
|
қағаз
|
ТКМ, ЕХӘҚМ, «электрондық үкімет» өңірлік шлюзінің (бұдан әрі – ЭҮӨШ) және ведомостволық жүйелері арқылы
| -
|
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау*
|
электр.,
қағаз
|
ТКМ, ЕХӘҚМ, ЭҮӨШ және ведомостволық жүйелері арқылы
| -
|
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға тұлғаларға бағыт беру*
|
электр.,
қағаз
|
ТКМ, ЕХӘҚМ, ЭҮӨШ және ведомостволық жүйелері арқылы
| -
|
Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға бағыттау үшін кезекке қою*
|
электр.,
қағаз
|
ТКМ, әкімдік, ЭҮӨШ
| -
|
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту*
|
электр.,
қағаз
|
ТКМ, ДМ БАДЖ бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі арқылы
| -
|
Дәрігердің қабылдауына жазылу*
|
электр.,
қағаз
|
ТКМ, ДМ БАДЖ арқылы
| -
|
Дәрігерді үйге шақыру*
|
электр.,
қағаз
|
ТКМ, ДМ БАДЖ арқылы
|
2013 жылы барлық әлеуметтік-маңызы бар қызметтер (100%) электрондық нысанға көшті.
Достарыңызбен бөлісу: |