Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет28/33
Дата21.10.2022
өлшемі0.54 Mb.
#463100
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, Қ.Ғ.Аронов

15-СОӨЖ тақырыбы:
1. Түбірлердің синкретизмі
2. Көмекші морфема, түрлері.
Тапсырмалар: жаттығу және тестілік жұмыстар күйінде орындау
Есеп беру түрі: аузыша және оқытушының электронды поштасына салу.
СӨЖ тапсырмалары: 1. Тек қана түбірден құралған сөз;
2 .Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтардан құралған сөз;
3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан және де бір не бірнеше жалғаудан құралған сөз.
Есеп беру түрі: реферат жазу.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1992
2. Рясенен М. Материалы по исторической грамматике тюркских языков. М., 1955
3. Мусаев К.М. Грамматика караимского языка. Фонетика и морфология. М.,1964
4. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971
5. Батманов И.А. Грамматика киргизкого языка. Казань, 1940
6. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәнінің міндеті қандай?
2. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәнінің ерекшелігін атаңыз?
3. Түркі тілдерін басқа тілдерден ерекшелейтін белгілер қандай?
4. Түркі тілдерінің негізгі ерекшелігі?
5. Сөздің морфологиялық құрылымы неше элементтен тұрады?
6. Түркі тілдерін зерттейтін қандай ғалымдарды білесіз?
7. Түркі тілдерінің қалыптасу кезеңдерін атаңыз?
8. Алтай теориясын жақтаушылар қандай ұқсастықтарға сүйенеді?
9. Ғұн (Хұн ) дәуірінен қалған тілдік материалдарға не жатады?
10. Көне түркі дәуірінде түркі қағандары нешеге бөлінді?
11. Шығыс (түркі) ғұн бірлестігі құрамына қандай тайпалық одақтар кірді?
12. Орта түркі дәуірінен қандай ескерткіштер сақталды?
13. Түркі тілдерін алғаш классификация жасаған кім? Ол түркі тілдерін нешеге бөлді, оларды атаңыз?
14. Шетел ғалымдарынан бірінші болып түркі тілдеріне кім классификация жасады?
15. В.В.Радлов пен Ф.Е.Корштың классификациялары туралы не айта аласыз?
16. А.Н.Самайлович түркі тілдерін қанша топқа бөлді? Атаңыз?
17. С.Е.Малов түркі тілдерін қандай топтарға бөлді?
18. . Түркі тілдерінің синтаксистік құрылысын және түркі тілдерінің лексикалық қорын өз ойыңызша тұжырымдаңыз?
19. Н.А.Баскаковтың классификациясына толық сипаттама беріңіз?
20. Түркі тілдеріндегі ортақ дауыстардың жуан және жіңішке түрлерін атаңыз?
21. Ә фонемасының ерекшелігін түсіндіріңіз?
22. Түркі тілдеріндегі ортақ жіктеуге сай езулік және ереіндік дыбыстарды атаңыз?
23. Түркі тілдеріндегі қосар дауыссыздар дегеніміз не?
24. Түркі тілдеріндегі сына дауыссыздарды мысалмен түсіндіріңіз?
25. Күрделі морфологиялық тұлғалар дегеніміз не?
25. Түркі тілдерінде көптік жалғаулар қандай мағына арқылы беріледі?
26. Түркі тілдерінің саны бірдей болып келе ме?
27. Сын есімнің шырайлары қандай тәсілдер арқылы жасалады?
28. Асырмалы шырай жасайтын ең күшейткіш сөз барлық тілдерде кездесе ме?
29. Түркі тілдерінде шартты рай қандай формалар арқылы жасалады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет