Пәні бойынша оқыту Нысан
бағдарламасының (Syllabus) ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
титулдық парағы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
IDTS 5302 – Вагонды жобалау және есептеу негізі
Павлодар, 2013
Пән бойынша оқыту Нысан
бағдарламасын (Syllabus) ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
бекіту парағы
БЕКІТЕМІН
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің
деканы________Т.Т. Тоқтағанов
«___»_____________2013г
Құрастырушы: __________ т.ғ.к., доцент Қ.Қ. Әбішев
Пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)
IDTS 5302 – Вагонды жобалау және есептеу негізі
«5B071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандығының студенттеріне арналған.
Бағдарлама 20__ ж. «___»_________ бекітілген жұмыстық оқу бағдарлама негізінде құрастырылған.
2013 ж. «___»_______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған. Хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі _____________ Қ.Қ. Әбішев «___»__________ 2013 ж.
2013 ж. «___»_______ факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталған. Хаттама № ___
ОӘК төрағасы _____________ Н.С.Сембаев «___»__________ 2013 ж.
Оқытушылар туралы мәлімет және байланыс ақпараты
Әбішев Қайратолла Қайроллаұлы
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы Б-1 корпусында (Павлодар қ., Ак. Шөкин көш. 139) орналасқан, 220 аудиториясы, байланыс телефон 67-36-23 қос. 1216.
Пән туралы мәлімет
Пәнді игеруге бөлінген уақыт
Семестр
|
Кредиттер саны
|
Дәрісханада оқытуға
бөлінген уақыт, сағ.
|
Өздік жұмысына бөлінген уақыт, сағ.
|
Тексеру тәсілі
|
барлығы
|
дәріс
|
тәж.
|
зерт.
|
студ.
|
жеке
|
барлығы
|
ОСӨЖ
|
6
|
3
|
45
|
30
|
15
|
–
|
–
|
–
|
90
|
45
|
емтихан
|
Пәннің мақсатты
«Вагонды жобалау және есептеу негіздері» пәнінің мақсаты – cтуденттердің вагондардың тораптары мен тетіктерін жобалаудың негізгі принциптерін, жүктеу режимдерін анықтау және беріктікке есептеу әдістемелерінің ерекшеліктерін игеру (меңгеру). Осы пәнді оқып білу барысында алынған білім әр түрлі тағайындамалы вагондар жасаған кезде құрылымдық шешімдер талдауын жүргізуге, жобаланып жасалатын вагондардың, оның тораптары мен тетіктерінің ықшамсызбасын анықтауға, сонымен бірге құрылымдық шешімдердің сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Пәннің міндеттері
Пәнді оқып білу нәтижесінде студенттің келесі түсініктері болу керек:
– вагондарды магистралды темір жолдар, өнеркәсіптік және басқа көлік үшін жобалап жасаудың отандық және шетелдік тәжірибелер тарихы туралы, вагон паркінің дамуындағы тенденциялары мен жолдары, вагондардың темір жолдың басқа техникалық құралдарымен өзара байланысы туралы.
білу керек:
– вагондарды, олардың тораптары мен тетіктерін жобалау және есептеу әдістемесі мен принциптері;
– жаңа құрылыстарды өндіріске даярлау және жобалап жасау тәртібі;
– әр түрлі вагондарды, олардың тораптары мен тетіктерін жасаған кездегі құрылымдық шешімдердің дамуының негізгі бағыттары.
істей білу керек:
– алған білімдерін пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін вагон тораптары мен тетіктерінің құрастыру және есептеу үшін қолдануды;
– құрылымдық шешімдер сапасын бағалауды.
дағдылануы қажет:
– вагондардың тораптары мен тетіктері құрылыстарының беріктік және динамикалық сипаттамаларын есептеуден.
Пререквизиттер
Пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып білу барысында алынған білім мен дағды керек: «Математика», «Теориялық механика», «Механизмдер мен машиналар теориясы», «Материалдар кедергісі», «Машина тетіктері және құрастыру негіздері», «Бірыңғай көлік жүйесі».
Постреквизиттер
Пәнді оқып білу барысында алынған білім мен дағды келесі пәндерді меңгеру үшін керек: «Вагондарды жөндеу технологиясы», «Автотежеуіштер және қозғалыс қауіпсіздігі», «Вагон шаруашылығы», «Вагон ішінде ауаны салқындату».
Пәннің тақырыптық жоспары
№ р/р
|
Тақырыптардың атауы
|
Сабақ түрі бойынша байланыс сағаттар саны
|
дәріс
|
тәж.
|
зерт.
|
жеке
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
|
|
|
3
|
2
|
Вагон құрылысына қойылатын талаптар
|
2
|
2
|
|
|
6
|
3
|
Заманауи вагондардың негізгі тораптары, олардың атқаратын міндеттері және жұмыс жағдайлары
|
3
|
2
|
|
|
9
|
4
|
Заманауи вагондардың шанақтары, олардың архитектуралық құрастырмасы. Вагондар шанақтарының сызықты өлшемдерін таңдау
|
6
|
3
|
|
|
18
|
5
|
Вагондардың жүріс бөлігі. Олардың негізгі тораптарының өзара қатынастары мен сипаттамалары
|
10
|
6
|
|
|
30
|
6
|
Вагондардың тарту-соққы құралдары, олардың негізгі элементтерінің сипаттамалары
|
5
|
2
|
|
|
15
|
7
|
Вагондарды сынау әдістемелері мен түрлері. Вагондарды сериялық өндіріске қабылдау тәртібі
|
3
|
|
|
|
9
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
15
|
|
|
90
|
Пәннің қысқаша сипаттамасы.
«Вагонды жобалау және есептеу негіздері» пәні арнайы пән болып табылады. Ол негізгі пәндердің қолданбалы аспектілеріне негізделген және құрамына басқа профильді пәндердің түсініктері мен әдістері кіреді.
Әдебиет тізімі
Негізгі:
1. Вагондарды жобалау және есептеу: оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған В.Г. Солоненко. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 731 б.
2. Ибраев Ж.С. Жер бетіндегі көлік құралдары: оқу құралы. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 180 б.
3. Вагондар шаруашылығы: М.Д. Габдуллин, Р.П. Айдарбаев, Г.Д. Естемесова, Н.З. Сүлеева. – Алматы: ҚазККА, 2008. – 80 б.
Қосымша:
4. Қаспақбаев Қ.С. Локомотивтерді жобалау және есептеу негіздері: оқу құралы / Қ.С. Қаспақбаев, Н.А. Тоқмұрзина. – Алматы: ҚазККА, 2007. – 160 б.
5. Мусаев Ж.С. Көлік техникасының динамикасы: оқу құралы / Ж.С. Мусаев, А.Б. Шимбулатова. – Алматы: ҚазККА, 2009. – 134 б.
6. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Көлік / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 474 б.
Курстың құрамы
Дәріс сабақтарының тақырыптары
1-ші тақырып. Кіріспе
Пәннің мазмұны, мақсаттары мен міндеттері. Осы пәннің басқа пәндермен байланысы. Вагондарды магистралды темір жол, өнеркәсіптік көлік үшін жобалап жасаудың отандық және шетелдік тәжірибесіне қысқаша тарихи шолу. Өнімділігі жоғары және меншікті материал сыйымдылығы төмен вагондардың сенімді құрылыстарын жобалап жасау бойынша вагон жасау кәсіпорындары мен конструкторлық-технологиялық ұйымдар алдында тұрған міндеттер.
2-ші тақырып. Вагон құрылысына қойылатын талаптар
Вагондардың топтастырмасы және негізгі түрлері. Вагондардың техникалық-экономикалық сипаттамалары. Қозғалыс қауіпсіздігін ескере отырып вагон құрылысына қойылатын жалпы және арнайы талаптар.
Вагондарды жобалау және даярлау кезеңдері. Вагон құрылысының технологиялық тиімділігі.
3-ші тақырып. Заманауи вагондардың негізгі тораптары, олардың атқаратын міндеттері және жұмыс жағдайлары
Заманауи вагондардың негізгі тораптары, олардың функционалдық тағайындамасы және жұмыс жағдайлары. Вагондардың тұрпаттары. Вагондардың тораптары мен тетіктері сапасының көрсеткіштерін регламенттейтін нормативті актілер. Вагон құрылысында қолданылатын материалдар.
4-ші тақырып. Заманауи вагондардың шанақтары, олардың архитектуралық құрастырмасы
Әртүрлі жүк және жолаушы вагондары шанақтарының құрылымдық ықшамсызбалары. Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды және жүктің сақталуын ескере отырып жасалған құрылыс элементтерінің ерекшеліктері. Шанақ элементтерінің материалдары, оларға қойылатын талаптар. Шанақ есебінің теориялық негіздері. Бастапқы ақпарат және тексеру мен жобалау есептеулеріне қойылатын нормативті талаптар. Әртүрлі вагондардың шанақтарын есептеу әдістемелері және оларды жетілдіру жолдары.
5-ші тақырып. Вагондардың жүріс бөлігі. Олардың негізгі тораптарының өзара қатынастары мен сипаттамалары
Арбашықтардың құрылымдық ықшамсызбаларының талдауы. Арбашықтардың рессорлы аспа құрылғысының талдауы. Отандық және шетелдік әртүрлі арбашықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Арбашықтар және қозғалыс қауіпсіздігі. Арбашық тораптарының есебінің теориялық негіздері. Вагондардың жүру сапасына арбашық тораптарының әсерін бағалау бойынша есептер, нормативтік талаптар, бастапқы ақпарат. Арбашықтардың негізгі элементтерін беріктікке есептеу әдістері және бастапқы ақпарат. Арбашық тораптарының беріктігін анықтау.
Қос доңғалақтың құрылымдық ықшамсызбаларына қойылатын жалпы талаптар. Жұмыс жағдайларымен, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарымен, даярлау технологиясымен, материалдарға қойылатын талаптармен байланысты өстер мен доңғалақтар құрылысының ерекшеліктері. Қос доңғалақ элементтерінің сенімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлар. Қос доңғалақ элементтеріне түсетін жүктемелер. Өстер мен доңғалақтарды есептеудің теориялық негіздері. Тексеру және жобалау есептерінің әдістемелері. Жүктеменің, керілістің, жылу ағындарының әсерлерінің ескерілуі.
Букса тораптарына қойылатын негізгі талаптар және олардың құрылысының ерекшеліктері. Букса тораптарында әртүрлі подшипниктерді қолданудың талдауы. Букса торабы және қозғалыс қауіпсіздігі. Әртүрлі подшипниктердің және олардың құрастыру ықшамсызбаларының артықшылықтары мен кемшіліктері. Букса тұлғасын құрылымдық орындау нұсқалары. Тұлға материалына қойылатын талаптар. Тұлғалардың подшипниктермен және подшипниктердің өспен өзара байланысу ықшамсызбалары. Майлау. Букса тораптарының элементтері есебінің теориялық негіздері. Жүктемелер, олардың букса торабының жеке элементтеріне берілу ықшамсызбалары. Букса тораптарын тексеру және жобалау есептеріне арналған нормативтік талаптар және бастапқы ақпарат. Букса тұлғаларын, подшипниктерді есептеу әдістемесі.
Қолайлы жағдай жасауды, жүктің сақталуын, қозғалыс қауіпсіздігін, жүріс жатықтығын қамтамасыз етудегі рессорлы аспаның ролі. Рессорлы аспаның элементтері, олардың серпімді және диссипативті сипаттамалары. Вагон тораптарының жүктелуінің рессорлы аспаның сапасымен байланысы. Рессорлы аспаны жетілдірудің заманауи тенденциялары. Рессорлы аспа элементтерін есептеудің теориялық негіздері. Тербелістерді сөндіргіштердің серпімді элементтерін тексеру және жобалау есептеріне арналған нормативті талаптар және бастапқы ақпарат.
6-шы тақырып. Вагондардың тарту-соққы құралдары, олардың негізгі элементтерінің сипаттамалары
Тарту-соққы құралдарының элементтері мен әртүрлі ықшамсызбаларының жұмыс тәртібін және құрастырмасын талдау. Негізгі элементтерінің сипаттамалары мен көрсеткіштері. Тарту-соққы құралдарының отандық және шетелдік тіркеуіштерінің әртүрлі құрылымдарының жұмыс тәртібін салыстыру және талдау.
7-ші тақырып. Вагондарды сынау әдістемелері мен түрлері. Вагондарды сериялық өндіріске қабылдау тәртібі
Сынау әдістемелері мен түрлері, олардың ерекшеліктері және міндеттері. Нормативті талаптар. Қолданылатын жабдықтар, аппаратура және эксперимент нәтижелерін талдауға арналған автоматтандырылған жүйелер. Вагондарды сериялық өндіріске қабылдау және қабылдау құжаттарын әзірлеу тәртібі. Вагондарды өндіріске қабылдау мәселелерін шешу кезіндегі әртүрлі кәсіпорындардың ролі. Вагондардың жаңа құрылыстарының техникалық деңгейін бағалау.
Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары
2-ші тақырып. Вагондардың сызықтық өлшемдерінің және техникалық-экономикалық сипаттамаларының есептері (тәжірибелік сабақ № 1)
3-ші тақырып. Вагондардың тұрпатқа ену есебі (тәжірибелік сабақ № 2)
4-ші тақырып. Вагондардың қаңкасы мен шанақтарының есептері (тәжірибелік сабақ № 3)
5-ші тақырып. Қос доңғалақтарға әсер етуші жүктемелердің есебі (тәжірибелік сабақ № 4)
5-ші тақырып. Вагонның арбашықтарының элементтеріне әсер етуші жүктемелерді анықтау (тәжірибелік сабақ № 5)
5-ші тақырып. Букса торабының элементтерінің тексеру есептері (тәжірибелік сабақ № 6)
5-ші тақырып. Рессорлы аспа элементтерінің жобалау және тексеру есептері (тәжірибелік сабақ № 7)
6-шы тақырып. Вагондардың автотіркеулерінің өшіруші аппараттарының есебі (тәжірибелік сабақ № 8)
Студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағаттық көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындалу
|
Конспект
|
Сабақтарға қатысу, сұрақтарға жауап беру
|
20
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу
|
Тақырыптар бойынша есептерді әзірлеу
|
Тапсырмаларды есептеу және қорғау
|
35
|
3
|
Аудиториялық сабақтарына және үй тапсырмаларына кірмей қалған материалдарды оқып қарастыру
|
Реферат
|
Рефераттың тақырыбы бойынша баяндама жасау
|
30
|
4
|
Бақылау іс-шараларына дайындық
|
|
МБ1, МБ2
|
5
|
БАРЛЫҒЫ:
|
90
|
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
1) Жүк вагон арбашығының бүірлік қаңкасының есебі.
2) Қаңка элементтерін тік және бойылық күштерге есептеу.
3) Цистерна қазандығын ішкі қысымға есептеу.
4) Цистерна қазандығын қаңкаға бекіту элементтерін қатаңдыққа есептеу.
5) Серппелі-фрикционды өшіруші аппараттың қажетті және нақты энергиясиымдылығын есептеу.
6) Резеңкеметалдық өшіруші аппараттың энергиясиымдылығын есептеу.
7) 8-өсті вагонның жалғаушы балканың есебі.
8) Ықтимал әдісін қолданып қос доңғалақтың өсінің есебі.
9) Жүріс бөлігінің тетіктерін тозу қатаңдыққа есептеу.
10) Жүріс бөлігі элементтерінің беріктік көрсеткіштерінің есебі.
11) Цистерна қазандығының цилиндрлік бөлігін тік жүктемелерге есептеу.
12) Жабық вагонның қаңкасы мен шанағын қатаңдыққа есептеу.
Қорытынды рейтингті есептеу әдістемесі
Қорытынды баға салмақтық үлестері (ВДРД және ВДИК) ескерілген Жіберу Рейтинг (РД) және Қорытынды Бақылау (ИК) бағаларынан тұрады
Университеттің ғылыми кеңесі ағымды үлгерім және бақылау түрлері бойынша келесі салмақтық үлестер белгілеген:
Қорытынды бақылау түрі
|
Бақылау түрі
|
Салмақтық үлестер
|
Емтихан
|
Емтихан (ВДИК)
|
0,5
|
Ағымды үлгерімді бақылау (ВДРД)
|
0,5
|
Студенттің семестр бойы пән бойынша жинаған жібері рейтинг бағасы:
.
Студенттің (Р1 және Р2) рейтингі келесі формуламен анықталады:
Ағымды үлгерім (ТУ) 100-балдық бағама бойынша анықталады.
Межелік бақылау бағасы (РК) 100-балдық бағама бойынша анықталады.
Қорытынды бақылау бағасы (ИК) 100-балдық бағама бойынша анықталады.
Пән бойынша балмен (И) қойылатын қорытынды рейтинг төмендегі кестеге сәйкес әріптік және дәстүрлі бағаға, сандық эквивалентке аударылады және «Оқушылардың оқу жетістіктерінің журналына» және «Рейтингтік тізімдемеге» енгізіледі.
Балмен қойылатын қорытынды баға (И)
|
Балдардың сандық эквиваленті (Ц)
|
Әріптер жүйесі мен қойылатын баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға
|
Емтихан, диф. сынақ
| Емтихан |
95-100
|
4
|
A
|
Өте жақсы
|
Сынақ
|
90-94
|
3,67
|
A-
|
85-89
|
3,33
|
B+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
B
|
75-79
|
2,67
|
B-
|
70-74
|
2,33
|
C+
|
Қанағат
|
65-69
|
2,0
|
C
|
60-64
|
1,67
|
C
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағатсыз
|
Сынақ есептелмеді
|
Бақылау іс-шараларының күнтізбелік графигі.
1 меже
|
Барлығы
|
Апталар
|
Аптадағы максималды балл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Максималды балл
|
18
|
24
|
30
|
28
|
100
|
Дәріске дайындалу, қатысу
|
СӨЖ түрі
|
Есеп түрі
|
|
ДҮТ 1,2
|
ДҮТ 3,4
|
ДҮТ 5,6
|
ДҮТ 7,8
|
|
Бақылау түрі
|
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
|
Макс.балл
|
8
|
8
|
8
|
8
|
8
|
32
|
Тәжірибе жұмысына дайындалу, қатысу, топта жұмыс істеу
|
СӨЖ
түрі
|
Есеп түрі
|
|
ТҮТ 1
|
ТҮТ 2
|
ТҮТ 3
|
ТҮТ 4
|
|
Бақылау түрі
|
|
|
|
|
|
|
Макс.балл
|
12
|
10
|
12
|
12
|
10
|
44
|
Өздігінен материалдарды оқып игеру
|
СӨЖ
түрі
|
Есеп түрі
|
|
|
ӨМҮТ 1
|
ӨМҮТ 2
|
ӨМҮТ 3
|
|
Бақылау түрі
|
|
|
К
|
К
|
К
|
|
Макс.балл
|
10
|
|
4
|
10
|
10
|
24
|
2 меже
|
Барлығы
|
Апталар
|
Аптадағы максималды балл
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Максималды балл
|
22
|
22
|
32
|
24
|
100
|
Дәріске дайындалу, қатысу
|
СӨЖ
түрі
|
Есеп түрі
|
|
ДҮТ 9
|
ДҮТ 10, 11
|
ДҮТ 12,13
|
ДҮТ 14, 15
|
|
Бақылау түрі
|
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
|
Макс.балл
|
8
|
8
|
8
|
8
|
8
|
32
|
Тәжірибе жұмысына дайындалу, қатысу, топта жұмыс істеу
|
СӨЖ
түрі
|
Есеп түрі
|
|
ТҮТ 5
|
ТҮТ 6
|
ТҮТ 7
|
ТҮТ 8
|
|
Бақылау түрі
|
|
|
|
|
|
|
Макс.балл
|
14
|
10
|
10
|
14
|
10
|
44
|
Өздігінен материалдарды оқып игеру
|
СӨЖ
түрі
|
Есеп түрі
|
|
ӨМҮТ 4
|
ӨМҮТ 5
|
ӨМҮТ 6,7
|
ӨМҮТ 8
|
|
Бақылау түрі
|
|
К
|
К
|
К
|
К
|
|
Макс.балл
|
10
|
4
|
4
|
10
|
6
|
24
|
Шарты белгілеулер: ДҮТ 1 – дәріске дайындалуға берілетін үй тапсырмасы №1; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ТҮТ 1 – тәжірибелік сабаққа дайындалуға берілетін үй тапсырмасы № 1; ӨМҮТ 1 – өздігінен материалды меңгеруге берілетін үй тапсырмасы № 1; К- коллоквиум.
2012 ж. «___»______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған. Хаттама №___
Кафедра меңгерушісі ___________ Қ.Қ. Әбішев «___»______2012 ж.
Курс политикасы
Біздің бірлескен жұмысымыз үрдісінде келесі ережелерді ұстану керек.
1. Оқытушы және студент бір-бірімен сыйластықпен қатынасу керек.
2. Сабақтарға белсенді қатысып, оқытушыға тақырып бойынша сұрақтарды қою керек. Бірақ тек қана сабаққа қатысу жеткіліксіз болып табылады. Қарастырылып отырған тақырып бойынша сұрақтар қою, өз көзқарасын білдіру материалды мењгеру үшін мањызды болып табылады.
3. Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Егер де Сіз үш немесе одан да көп сабақты себепсіз (себеп құжатпен дәлелдену керек) босатсањыз, онда оқытушыныњ Сізді сабаққа қатыстыру үшін деканаттан рұқсат алуыњызды талап ету құқығы бар. Сабаққа қатысу нәтижелік бағалауға кіретіні есіњізде болсын.
4. Сабаққа студенттер дайындалып келу керек. Кезекті дәрістіњ алдында өтілген дәрістік материалды қарастыру керек. Кезекті тәжірибелік сабақтыњ алдында осы тақырыпқа қатысты дәрістік материалды және әдістемелік нұсқауларды, ұсынылған әдебиет көздерін қарастыру керек және сондай-ақ университеттіњ кітапханасында бар қажетті анықтамалық әдебиетті, әдістемелік нұсқауларды, қажетті жабдықтарды (есептеу құралдарын), жазу дәптерлерін әкелу керек.
5. Жазба жұмыстарын уақытында тапсыру керек (бақылау іс-шараларыныњ календарлық графигін қара). Тәжірибелік жұмыстарды уақытында тапсырмаса, онда әрбір кешіккен жұма үшін баға 2 балға төмендейді.
6. Аудиториялық сабақтарға кешуге болмайды.
7. Оқытушы сөйлеген кезде студенттің дауыстап сөйлеуіне рұқсат берілмейді. Екінші ескертуден кейін оқытушы студентті аудиториядан шығаруға құқығы бар.
8. Сабақтыњ уақытында ұялы телефонмен сөйлесуге болмайды, оны сөндіру керек.
9. Емтихан 100 балдық жүйе бойынша бағаланады.
10. Емтихан кезінде анықтамалық әдебиетпен қолдануға рұқсат беріледі, бірақ көшіруге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |