Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет17/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   348
18.08.2023 dis

 
 


25
1.3 Мінез және оның психологиялық, әлеуметтік сипаты 
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет 
сипаттап жазған – ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV – IІІ ғғ). Бірақ ол 
мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Алғашқы кезде мінез 
адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген.
XIX ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, 
дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп 
санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог 
П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді. И.Кант (XVIII ғ.) мінезді темпераментпен 
салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. 
Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер 
мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда 
туа пайда болатын икемделу десе, ал П.Малапер, А.Фулье т. б. мінездің туа пайда 
болумен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Ф.Полан мінездің 
барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір 
айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара 
талас-тартыс туғызып келеді. Рубинштейннің пікірінше, «адамның мінез-құлқы 
оның нақты өмірлік жағдаяттардағы іс-әрекетінің алғышарты әрі нәтижесі, яғни, 
адамның тәлім-тәрбиесінен оның мінезі танылады» [18, б. 365]. Л.С.Выготский 
мінез категориясын оның бастапқы мағынасымен байланыстыра отырып 
(«мінез» грекше «жауынгерлік қалқан» дегенді білдіреді), «мінез – жеке 
тұлғаның әлеуметтік қорғаны. Ол адамның әлеуметтік ұстанымы мен өзіндік 
көзқарасы үшін сан түрлі күрестерде шыңдалған, қатайған типтік болмысы» деп 
түсіндіреді [26, б. 18]. Р.С.Немов «Мінез – адамның басқа адамдармен қарым-
қатынасы мен өзара әрекеттесуінде көрінетін тұлғаның ең тұрақты өзіндік 
психологиялық ерекшеліктерінің жүйесін білдіреді» деп айқындай түседі [27, 
б.85]. 
«Мінез сипаты – бұл адамның өзіне ғана тән тұрақты әлеуметтік мәнді 
болып табылатын ішкі сапасы, болмысы. Әр адам сыртқы дүниенің сансыз 
тітіркендіргіштерше өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап 
реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен 
қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының 
мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның 
сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. 
Адамның 
сыртқы 
ортамен 
байланысуы 
үшін 
жасайтын 
осындай 
қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды», – дейді психология 
саласының 
мамандары 
Ә.Алдамұратов, 
Қ.Рақымбеков, 
М.Бапаева, 
Г.Нығыметова, Ж.Түрікпенов [28]. Мәселен, біреу қарым-қатынаста ұстамды, 
екіншісі ашық, біреу өз ойымен, біреу басқаның ойымен айналысады. 
Рубинштейн жазғандай, «Мінездің өзіндік ерекшелігі дегеніміз – белгілі бір 
логика мен ішкі дәйектілікпен сәйкесетін және олармен үйлеспейтін, оларға 
қайшы келетін адамның маңызды қасиеттері» [18, б. 363-364]. Сонымен бірге, 
мінез-құлық қасиеттерін әдеттегі өмірлік жағдайлардан ажыратуға болмайды. 
Мысалы, егер адам күйзеліс жағдайында өзін өте сыпайы ұстамаса, онда бұл 


26
оның мінезі дөрекі, шыдамсыз, ашушаң дегенді білдірмейді. Ю.М.Орловтың 
айтуынша, «ең бұйығы, тұйық мінезді адам белгілі бір жағдайларда көпшіл 
болады». Сондықтан «әрбір тұрақты мінез-құлық түрінің мәні жүзеге 
асырылатын жағдаймен байланысты болуы керек» [23, б. 16]. Тиісінше, кез 
келген мінез-құлықтың тұрақты түрі орын алған нақты жағдайларға байланысты 
танылады.
Әрбір мінез-құлық адамның шындыққа деген қатынасының белгілі бір 
деңгейін көрсетсе де, бұл кез-келген көзқарас мінез-құлық қасиеті болады 
дегенді білдірмейді. Б.Г.Ананьев жазғандай, «өмірдің мән-жайларына және 
өзінің іс-әрекетіне деген маңызды қатынас қана мінездің қасиеті болып табылады 
немесе мінезге айналады» [17, б. 172]. Осылайша, адамның қоршаған шындыққа 
деген қарым-қатынасынан өмірлік жағдаяттарға байланысты оның мінез-
құлқына айналатын сипаттамалық формаларын бөліп көрсетуге болады. 
Олардың ең басты айырым белгісі – адамға қатысты объектілердің шешуші, 
бірінші кезектегі және жалпы өмірлік маңыздылығы. Ананьевтің пікірінше, 
мұндай объектілерге мыналар жатады: 
1) табиғат, қоғам және әлеуметтік идеялар (идеология); 
2) еңбек – адамның өмір сүру тәсілі ретінде; 
3) әлеуметтік байланысы осы индивидке тән басқа адамдар; 
4) адамның жеке тұлғасы мен іс-әрекеті. 
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға 
қатысуынан аңғарылады. Жоғарыда айтып кеткендей, адамның іс-әрекет сапасы 
сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-
ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық 
процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл- 
күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің 
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі 
өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін 
қасиет. Мінез бітістері көп.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының 
өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының 
тарихы бейнеленеді. Мінез – кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып 
жатады. Халық қай ғасырда болсын, инабаттылық, гуманизм, адамдарға 
қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өз 
міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық құндылық болып саналған. 
И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума 
типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке 
байланыстарының өзіндік “құйындысы” деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай 
деп жазды: “...адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен 
қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге, организмнің 
жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең 
мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да 
байланысты болады” [29, б. 118]. 


27
Біз өмірде мінезі жақсы адам немесе мінезі жаман адам деген сөзді жиі 
қолданамыз. Адамның мінез бітімінің көбі біреуде ұнамды, жарасымды, 
екіншісінде ұнамсыз, сорақы болып көрінуі мүмкін. Мысалы, адам бойындағы – 
әдепті, кішіпейіл, ибалы мінезді “жақсы мінез”, ал әдепсіз, дөрекі, мылжың 
мінезді “жаман мінез” дейміз.
Адам бойындағы мінез-құлықтың жақсы не жаман болуы ол адамның 
күнделікті өмір салтына, яғни оның істейтін ісіне, әлеуметтік ортасына, әдет-
ғұрпына байланысты қалыптаспақ. Ол туралы осыдан мың жыл бұрын Әл-
Фараби: “Адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын 
жуысудың арқасында бір мінез-құлықтан басқа бір мінез құлыққа ауысуына 
себепші болатын нәрсе – әдет деп, белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт 
қайталануын айтамыз. Жақсы мінез-құлықтың өзі де әдет арқылы келетін 
болғандықтан, біз әдеттене келе біздің жақсы мінез-құлқымызды тудыратын 
және сондай-ақ онбаған мінез-құлқымызды тудыратын нәрселерді де әңгіме 
етуіміз керек” деген болатын [30, б. 19-20].
Адам қоғамда қауымдасып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасау 
арқылы өмір сүре алады. Сол себепті адамдармен қатынаста, отбасында, ұжымда 
тіл табысып, тату-тәтті өмір сүрулері үшін, оларға бір-бірін түсінісіп ұғыса 
білулері керек. Егер адамды танитын, білетін болсаңыз, ол өмірдің әр түрлі 
жағдайында қандай мінез-құлық көрсететінін болжауға болады. Мінез-құлықтың 
басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сиымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға 
болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-
құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Ол бірінеше 
көрсеткіштерімен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде 
оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып, қарама-қарсы 
көрсеткіштермен сипаттайды: кең пейілді – іші тар, жеңілтек – байсалды, адал – 
арам, сыйысымды – сыйысымсыз, қорқақ – батыл, сезімтал – қатыгез, т.с.с.
Адамды бағалағанда мінез көрсеткіштерінің ішінде жетекші, доминантасы 
бойынша мінездеме беруге болады. 
«Доминантасының ерекшелігі мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі 
жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы 
болып, негізгінің көрінісінің тереңдетіп, құлпыртып тұрады. Оны келесі 
мысалдармен дәлелдеуге болады:
а) кеңпейілділік доминанта, жетекші көрініс берген адамның басқа мінез 
сипаттарының барлығы жалпы, ол адамды жақсы адам деп қабылдайды. Ол 
тірлікті асығыс, шала, үстіртін істейтін, кейде сөзінде тұрмайтын болса, кең 
пейілділігі бұл осалдылығын жұмсартып көрсетеді; 
б) сыйымсыздық, қатыгездік доминанта болса, ол адамның барлық басқа 
қасиеттеріне теріс белгі беріледі. Доминантасы қатыгез болса ол адам іскер, 
білімі терең, барлық мәселені шешу жолдарын тез анықтайтын болғанымен 
қоршағандар жалпы оның мінезі теріс деп қабылдайды.
в) доминантасы сыйысымдылық, кешірімді, ұрысқақ емес, басқалардың 
жағдайын түсінетін болса, ол адам шалағай, сөзінде тұрмайтын болса да оны 


28
басқалар оң қабылдайды, жақсы адам деп санайды» – деп Ж.Бейсембаева 
тұжырымдайды [22, б. 106].
Ғалым Т.Мұхтаровтың пайымдауынша: «Мінез-құлық – жүктелген іске, 
адамдарға қарым-қатынасынан тұрады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте, 
менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, 
табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Қасиеттердің бәрі өзара 
үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе, 
қайшылықты мінез орнығады» [31, б. 7]. 
Мінез-құлық ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан 
гөрі тәрбиенің рөлі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов жақсы айқындай 
түседі: «Адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке (нерв) жүйесінің туа біткен 
қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің 
жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да қатысты, демек, кең 
мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да 
байланысты болады» [29, б. 120]. Демек мінез – адамның тәртібінен байқалатын 
психикалық және рухани қасиеттерінің жиынтығы. Темпераментке қарағанда, ол 
өзгеріп отыра алады.
Ә.Алдамұратов: «Мінез – әрбір адамның жеке басына тән өзіндік 
психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері 
мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол 
жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық 
өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі 
бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың 
шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды» [28] деп 
жақсы айқындаған. 
Қазіргі қазақ тілінде кәміл адам деген тіркес және ұғым бар. Жүрегінде 
иманы бар, жеңіл жолда жүріп табыс іздемейтін, дене мүшелерін өтiрік айтудан, 
арамды көруден, қиянат жасаудан қиын да болса, корғауға тырысатын, тілінен 
бұрын ақылын қолданатын, рухын (жанын) және денесін таза ұстай білетін, 
шындықты жақтайтын, өз ақысын ала алатын, біреудің ақысын жемейтін, 
шүкіршілік ететін, уақытын үнемдейтін, әр минутын бағалайтын, адал достарын 
көзінің қарашығындай қорғайтын, жүрегін таза ұстайтын адамды кәміл адам деп 
анықтаған М.Хопач [32, б. 27-31]. 
Ал қазақ әдеби тілінің сөздігінде: «Кемел адам. [ар. «инсан-и камил» – 
толық адам] діни. Кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет