Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет217/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   348
18.08.2023 dis

ӘУЛІКПЕ сын. Шыдамсыз, дарақы, желіккіш. Бай баласы әулікпе, Келіп бір күн 
тәуіпке: – Разымын күйіме! Деп едіңіз «қауіпті», Емдемей-ақ сауықтым, Жібер, – деді, – 
үйіме! (Қ.Мырзалиев, Алуан.). 
163. 
ӘУМЕСЕР сын. Есерсоқ, есалаң, әулекі. Байеке өзін аспандағы айға теңейді. 
Қожамбетті жерде жүрген дәрменсіз жанға санап, Айға шапқан әумесердің халі мүшкіл 
емес пе? – дейді (М.Әуезов, Әр жыл.). «Әумесер, ақылы жоқ, ит-доңыз!» деп, Байғұсты 
балағаттап, сөкті жаман (А.Байтұрсынұлы, Ақ жол). Қандай тосын жаңалық: Алтын тапты. 
Адам қалай сіңірген бар қымбатты?! Қызық-ау, Әумесердің қанынан да Құпия түйіршіктер 
жарқыл қақты (М.Шаханов, Ғасырлар.). 
164. 
ӘУМІШ сын. жерг. Есерсоқ, әумесер, ақымақ. Мендей есалаң, әуміш, ашық ауыз қатын 
жоқ шығар жер бетінде (Ө.Қанахин, Құдірет). Ақылсыз әуміш тап болса, Атасын таптап 
құл етер (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). 
165. 
БАЖЫЛДАҚ сын. Ұрысқақ. Қалибек бір өзі «Қыз ұзатудағы» бажылдақ кемпір мен 
балпылдақ шалды, қыз сыңсуын, бұзаудың мөңірегені мен иттің үргенін, қасқырдың 
ұлығанын – бәрін де айнытпай шебер бейнелеп, көркем шығаратын («Қаз. әдеб.»). 
166. 
БАЗЫНАШЫЛ сын. Базына айтқыш, наз айтқыш. Думаншыл ақындар, түйрегіш 
тілдер, базынашыл жігіттер, назқой қыздар еске түсті (Т.Әлімқұлов, Туған ауыл). Күнгейге 
ұшқан тырнадай, Келдім ұшып Алматым, Жүрсе де қайда жырға бай, Базынашыл жарлы 
ақын (Т.Әлімқұлов, Боз жорға). 
167. 
БАЙБАЙШЫЛ сын. Мазасыз, күйіп-пісіп байбалам салғыш. Байбашыл тартып баға 
жоқ, Жастарға жаппас жала жоқ. Жат қораны күзеткен Қартаң шалда сана жоқ (Абай, Тол. 
жин.). Сөйткенше түз тағыларын, құс атаулыны жала-жоралардан сақтандырғыш
байбашыл балшықшының үні естіледі(Ә.Көшімов, Қарт аңшы.). 
168. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет