Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет234/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   348
18.08.2023 dis

ДӘЙЕКСІЗДЕУ сын. Тұрақсыздау, берекесіздеу. Еркін дәйексіздеу демесең, өздеріне 
қарағанда Алдаберген софыдан кейінгі үлкені осы еді (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). 
266. 
ДӘЛДІР сын. Піспеген, жас, есер. Ақымақ, дәлдір, есер жындысы да, Жақпаған еш 
мінезбен құрбысына. Шаруасына пысық бұл десін деп жұрт, Мін таққан бола қалар 
жұмысыма (С.Торайғыров, Шығ.). Дәлдір менен дананың Терезесін бір қара жер теңейді... 
Оған қалай нанамын?! Ойын сөзге менің нанғым келмейді (М.Әлімбаев, Өшпес от). Дәлдір 
тілінесүйенеді, Дана білігінесүйенеді (Мақалнама). 
267. 
ДӘЛЕКІ сын. экспр. Дарақы, тыраш. – Оның дәлекі шешесі жақсылықты білуші ме 
еді. Бірақ қызын оқытып адам етем. Енді документін осындағы экономикалық институтқа 
тапсыртамын! – деп жүр (О.Сәрсенбаев, Сағым). 
268. 
ДӘҢГІЛ сын. сөйл. Бос кеуде, әупірімшіл. Назарқұл түсіндіріп өтті. Сөзін: – Дәңгіл 
неме ойыннан шығатынын білмеген екен ғой! – деп бітірді (Т.Әлімқұлов, Ел мен жер). 
269. 
ДӘРКІЛДЕК сын. Парықсыз. Тұрғанда бидай бітеу, нан болмайды, Тері де тон 
болмайды көрмеген и. «Елде де талай адам жүр ғой!» – деме, Ілімсіз іске аспайды дәркілдек 
би (О. Шораяқов, Шайыр.). 
270. 
ДЕГБІРСІЗ сын. Шыдамсыз, мазасыз, тағатсыз. – Дудар бас ақ жал толқын ғашығын 
құшқан дегбірсіз бозбаладай көк көйлекті қызды шыркөбелек айналдыра жөнелді 
(Х.Әдібаев, Таңбалы.). Біздің дегбірсіз сұрағанымызға атай саспаған күйі бір қозғалып 
қойды (Ә.Хасенов, Алтын арық.). Бұл тойдың дүбірі естілгелі бері маңғыстаулық малшы 
қауым дегбірсіз күтумен болған-ды (М.Неталиев, Үлкен жол.). 
271. 
ДОЙЫР сын. 1. Дөрекі, ұрда-жық, дөкір. Серікбайдың сөзі де, өзі де дойыр, тоңқ 
еткеннен басқа жылы сөзді бір көрмейсің (Ә.Қалмырзаев, Ар). Олардың да өздерінің дойыр 
мінезді Жұртбайы, жібектей жұмсақ Зағирасы, жапа шеккен Ералысы бар шығар (Дөңгеле, 
күн, дөңгеле). Сүйдім деген сөзімді де айта алмай, Келген ізбен көзім қиып қайта алмай, 
Тентек басты, дойыр басты қойныңа, Салып қойып, айыпты алам мойныма 
(Т.Нұрмұхамедов, Аспантау). Жапан даладағы жалғыз ол. Мұнысы дойыр күш құшағынан 
сүйікті Ақтотысын тартып әкетіп, тірі жетім қалдырған өксік күйін есіне түсіреді 
(Ж.Мусин, Үміт). 2. Қолында билігі бар, азулы. Заманында талай дойырлардың тепкісіне 
ұшырап, Ақтоқтыдай жарынан, Көкжендеттей қыран қаршығасынан, Құлагердей 
тақымына басқан қанатты тұлпарынан айрылып, осы қауырт келген ауыртпалықтың біріне 
де мойымай домбырасын шертіп, ән салып Көкшені тебірентіп Ақан сері отыр 
(С.Талжанов, Ұлдай.). Төренің болса айыпты құр қойыны, Адамның не істемейді шын 
дойыры (Д.Еркімбеков, Айдай). 
272. 
ДОЛАНКЕСЕР сын. сөйл. Алаңғасар, әулекі, әумесер. Егделердің бірі ме әлде есер, 
Қартайғанын білмеймін доланкесер. Олар болса, ойлайды оны-дағы, Бұл елде жазған сөзін 
кім бар шешер (Ш.Әбенов, Кейпін.). 
273. 
ДОЛАҢ сын. сөйл. Оралымсыз, қолапайсыз, топас. Азамат сөзге, әзілге долаң, құлық 
білмейтін олақ көрінді (Б.Майлин, Шығ.). Сенің айтып отырғаның – бір долаң адам ғой 
деймін (“Жас Алаш”). Долаң үрей құшағында қолын жайып балаға. Бір топ адам есі шығып 
жүгіріп жүр жағада (М.Шаханов, Ғасырлар.) 
274. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет