Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЖҮРЕГІ ҚАРА Қаражүрек, мейірімсіз. Жанға жақсылық ойламайтын, жүрегі қара  наданнан сақта (Ш.Смаханұлы, Шығ.)



Pdf көрінісі
бет255/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   348
18.08.2023 dis

ЖҮРЕГІ ҚАРА Қаражүрек, мейірімсіз. Жанға жақсылық ойламайтын, жүрегі қара 
наданнан сақта (Ш.Смаханұлы, Шығ.) 
404. 
ЖЫБЫРЛАУЫҚ ауыс. Өсекқұмар. Екі көзі жерде, қайқы кеудесі бүгілген әлдекім 
көршісін түрткілеп жыбырлауық ауызым, енді жым болатын шығарсың деп жатты 
(С.Алдабергенов, Қанат.).  
405. 
ЖЫЛАУҚОР сын. сөйл. Жылауық; арызқой, шағымшыл. Мына елден келген 
«жылауқор» ағайынды көріп тұрасың ба? – деді Ыбырай көзін қысып (Д.Әбілев, Арман.). 
Ешкімге әкімшілік жүргізіп, ел арызын тексермек емес еді. Амал жоқ, жылауқор елдің 
тілегіне құлақ аспауға тағы болмайды (С.Бегалин, Шоқан асу.). Бұл үкімет байлардікі, 
күштілердікі болғандықтан, жылауқордың көз жасы көрілмей, тілегі берілмеді 
(Ж.Аймауытов, Шығ.).  
406. 
ЖЫЛАУЫҚ сын. 1. Жылай беретін, жылағыш. Оспан әкесі ұрғанда жыламаса да, 
шешесі ұрған уақытта тіпті жылауық (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Жалғыз түйе бақырауық, 
жалғыз бала жылауық (Мақал). Мен ойланып тұрып қалдым бір ауық, Батыс жаққа бара 
жатты күн ауып. Сол ойымды быт-шыт қылды бірақ та, Көрші апайдың тентек ұлы 
жылауық (М.Шаханов, Ғасыр.). Болма енді жылауық, Жүрші ылғи тіл алып. Қонақ 
келсесен үшін Қалмайық біз ұялып (Қ.Мүсірепов, Алау.). 2. ауыс. Барды жоқ деп 
жыланып отыратын (адам). – Оның рас. Қазақ сұрамшақ, жылауық жұрт қой 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Еркектен біз жұбату күтсек, ал еркектер бізден күтсе, онда не 
болады? Жер беті өңкей жылауыққа толып, ондай өмір бола ма? (Б.Нұржекеев, Жау 
жағадан.). Бұл қазақта ұғымы бар «заржақ» деген, Бүгін барлық ақындар зарлап өлең 
Жазып кетті, қарғайды әлде кімді, Болмай қойды ашуда «алды-арт» деген. Өлең – деген 
сезім ғой, жан күйі ғой. Бәлкім, ол да дұрыс па – ойлай берем. Кіл жылауық өлеңнен өнер 
шықпас, Қанша сыйлап, ықылас қойғанменен (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 
407. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет