Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЛАҚА АУЫЗ Күлегеш, не болса соған ыржиып күле беретін. Езуінде жиек болмаған  соң Әбдіжапар ел ішінде лақа ауыз атанып кетті (Қ.Ы.Қараорман)



Pdf көрінісі
бет297/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   348
18.08.2023 dis

ЛАҚА АУЫЗ Күлегеш, не болса соған ыржиып күле беретін. Езуінде жиек болмаған 
соң Әбдіжапар ел ішінде лақа ауыз атанып кетті (Қ.Ы.Қараорман). 
672. 
ЛАҚҚЫ сын. жерг. Күлдіргіш, масқарампаз. Біздің елде лаққы деп аталатын күлдіргіш 
адамдарымыз бар (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). 
673. 
ЛАҚПА сын. Лағып бетімен кететін; бос сөйлейтін. Ол алды-артын аңдамайтын 
лақпа мінезден де құр емес (Б.Майлин, Шығ.). Білгіш ірі көңіл, лақпа жігіттер аз ба? 
(3.Шашкин, Сенім). // Бос әңгіме, өсек. Қалың мал Лақпаға күйіп ұзатылған еді 
(І.Жансүгіров, Күннің өлімі.). 
674. 
ЛАҚУА сын. Сөзшең, әзілкеш. Жәнібек мұның соңы тегін кетпес деп түйген. Бүгін, 
міне, Тынышбек лақуа сол күдігін растап, жанын мұздай етіп кетті (Б.Алдамжаров, Ұлы 
сел). 
675. 
ЛАҚЫЛДАҚ сын. 1. Лақ ете қалғыш, лепірме. – Жілігінің майы жоқ, құр жеммен 
жүрген, қабырғасын жауып, жалтырап жүрген лақылдақтар емес пе! (А.Нұрманов, Құлан.).  
676. 
ЛАҢШЫЛ сын. Жанжалқұмар, бүлікшіл. Бақтияр шал жігітке: Сен пәлекеттің дәурені 
он жерден дүрбіп тұрса да, қызымды аламын деп аузың қисаймай-ақ қойсын! Қызымнан 
алты көш аулақ жүрсін! Сенің еліңнің, көрдің бе, итіне шейін лаңшыл келетінін 
(Ө.Қанахин, Жас дәурен). 
677. 
ЛАС КЕУДЕ Арамза кісі, көркеуде. Прагматиктерге еңіреп ерді, Конформистердің бәрі 
лас кеуде. Биіктей берді, семіре берді, «Ләббай, тақсыр, ол рас!» деумен (Ж.Жақыпбаев, 
Ләйлә.). 
678. 
ЛЕПІРМЕ сын. Босқа есіп кететін, көпірмелі.  
679. 
МАҒҰР [ар.] сын. Менменшіл, мақтаншақ, тәкаппар. Келгелі бұл көп жыл өткен 
елінен, Байлығының саны да асқан шегінен, Өз жұртына қайтып көшіп кете алмай Мағұ р 
болған дүниесінің көбінен (Көрұғылы).  
680. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет