Балалардың жасы 2 жас Жоспардың құрылу кезеңі


Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары



бет15/59
Дата28.12.2023
өлшемі130.18 Kb.
#488273
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
Циклограмма дене шынықт кіші тобы 2022 23

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
1.Допты қақпа арқылы домалату.
2.Қос аяқтап алға секіруді бекіту.
Ойын: «Көжектің үйі» ойыны.
Қорытынды: «Допты үрлеу» тыныс алу жаттығуын жасау.


Тақырыбы:Шеңбер бойымен жүру.
Мақсаты: Балалардың жүру,жүгіру дағдыларын қалыптас-тыру. Алақан мен тізеге тіреле, тура бағытта еңбектеуді қайталап, бекіту. Берілген белгіге көңіл аударуға жаттықтыру. Қос аяқтап алға қарай секіруді үйрету. Көз мөлшерін дамыту және табан бұлшықеттерін нығайту.
ЖДЖ: Тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
1. Қос аяқтап алға қарай секіру.
2.3-4 таяқшалардан аттап өту.
Ойын: «Аю мен қояндар» ойынын ойнау.
Қорытынды: «Құстар қанат қағады» тыныс алу жаттығуы.


Тақырыбы:Шеңбер бойымен жүру.
Мақсаты: Педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру, бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, Еңбектеу кезінде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуге; көтеріңкі (зат үстінде) тіреуде тепе-теңдік сақтау. Берілген белгіге көңіл аудару, қимыл-қозғалысты белгі бойынша орындау қабілеттерін жетілдіру. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
ЖДЖ: Тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
Жүру. Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру, шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.
Ойын: «Апандағы аю» ойынын ойнау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет