Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т


Дәріс 12. Әскери байланыс бойынша сабақ өткізу әдістемесі



бет27/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

Дәріс 12. Әскери байланыс бойынша сабақ өткізу әдістемесі
Әскери бөлімдердің байланысты басқару міндеттері, мәні. Байланыс құралдары. Радио-байланыс құралдарының жалпы сипаттамасы.
Радиобайланыс құралдарының жалпы сипаттамасы. Радиокедергілерден қорғаныс. Оқыту әдістемесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:1) әр түрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау;2) почта, телефон, телеграф, радио, т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, тех. жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі — факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің көшірмесі, фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ, Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды.
Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған.3)сәйкестілік,сілтеме,байланыстарды редакциялау кезінде — символ/символ, символ/адрес немесе адрес/адрес типінің сәйкестілігі; кибернетикалық жүйе жайында — әсер, ықпал; мәліметтерді қашықтан өндеу желісіндегі мәліметтерді жеткізу құралдарының жиынтығы; объектілер арасындағы қатынас; программалық модульдердің әрекетгестік механизмі; гипермәтіннің белгіленген элементі; сол элементті тышқанмен басқару арқылы мәтіннің басқа бөлігіне ауысу; желілердегі байланыс түйіні; екі байланыс торабын жалғастыру жабдығы.
Байланыс торабы (орыс. узел связи) — операция (ұрыс). Сондай-ақ әскердің күнделікті кызмет барысында қолданылатын байланыс құралдары мен әскер басқарудын автоматтандырылған құралдарынан ұйымдасқан тактикалық бірлестігі. Байланыс торабы баскару пункттері немесе каналдарды тарату пунктерінде (коммутация) және стационарлық немесе жылжымалы медициналық емханада орналасады. Байланыс торабы жүйелері кызметіне байланысты: басқару пункттері байланыс торабы негізгі және қосымша байланыс торабы болып бөлінеді. Байланыс торабының құрамына мыналар қамтылады: радиобайланыс орталығы. Телеграф-байланыс орталығы (станция), арна құру орталығы, автоматты коммутациялык орталық; ғарыштық байланыс орталығы (станция), автоматтандырылған басқару құралдары орталығы, электр қоректендіру орталығы байланыс торабы, фельдъегер-пошта байланыс станциясы, байланыс ұшақтары мен тікұшақтарын қондыру алаңы, регламентгі-техникалық топ.
Белгі беру құралдары — қарапайым көзбен көретін, дыбысталатын және радиотехникалық байланыс құралдары. Бөлімшелердің ұрыс қимылдарының барлық түрінде жарғыда белгіленген шартты белгілердіц көмегімен қысқа командалар мен хабарламаларды жеткізу, нысананы көрсету мен хабарлау үшін, сондай-ақ өз әскерлерін өзара тану үшін колданылады.



2

13



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет