Бауыр циррозы (бауыр шемені)



бет5/7
Дата04.10.2023
өлшемі0.75 Mb.
#479800
1   2   3   4   5   6   7
JHSTTFATQUBL04102023093229

Клиникалық көрінісі

  • Бауыр циррозы синдромдармен білінеді:
  • Ауру синдромы.Ол өт жолдарының дискенизиясы мен гепатоциттердің некрозының дамуы себепті пайда болады.
  • Холестаз синдромы (сарғаю).Ол өттің өтуіне кедергінің бауырішілік өт жолдарында және бауырдың биллиарлық полюсында өттің бөлінуінің бұзылуы себепті дамиды.
  • Порталды гипертензия синдромы.Ол клиникада қақпа венасында қысымның жоғарылауы себепті дамыған коллатералдық қан тамырларынан (өңештің төменгі бөлігінің веналарының кеңеюі, екіншілік геморрайдалдық түйіндердің ) қан кетуі.Іштің бетінде кіндік маңынан шыққан коллатералды веноздық тармақтардың байқалуы (медуза басы белгісі),асцит пен спленомегалия дамиды. Спленомегалия гиперспленизм синдромымен білінеді.

Бауыр циррозының әртүрлерінің клиникалық ағымының ерекшеліктерін атап өтейік:

  • Вирустық цирроздар көп жылдар бойы жасырын ағымда өтіп созылмалы гепаттитен ажыратуда қиындық туғызады,бірақ бұл науқастарда спленомегалия күшті білініп тұрақты сақталады.Кей жағдайларда аса жедел ағымда өтіп паренхиматозды сарғаю синдромымен білінеді.Вирусты цирроздың холестатикалық варианты ферменттердің жоғары белсенділігімен білініп үдемелі ағымда өтіп,дәрілік емге көнбейді.
  • Аутоиммунды гепатиттен кейін дамыған цирроз - жас әйелдерде кездесіп, ол кезде вирусты маркерлер анықталмайды,бауырдан тыс ағзалардың аутоиммунды зақымдалуы қабаттаса келеді.Ауру ауыр ағымда белсенділігі жоғары дәрежеде өтіп бауыр жетіспеушілігіне,цитолиз синдромына,паренхиматозды сарғаюға әкеледі.Бұл цирроздар реммиссияны бермейді.
  • Алкогольді цирроз-науқастың жағдайы қанағаттанарлық болып дәрігерге келмейді,астеновегетативті синром әлсіз білінеді.Аурудың ауыр клиникалық көрінісі кенеттен дамып,бауырлық синдромдармен қатар асқорыту жолы мен орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен қабаттаса жүреді.
  •  
  •  

Бауыр циррозының кеш клиникалық белгілеріне мыналар жатады:

  • Телеангиоэктазиялар,алақындық эритемалар,тырнақтардың ағаруы мен барабан таяқшаларының пайда болады.Көбіне биллиарлық циррозда кездеседі.Сонымен қатар, геморрагиялық диатездер кездеседі,лас,сұрғылт түсті терінің пайда болуы байқалады.Кеш белгілерге эндокринді бұзылыстар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет